- •2.Әрекет етсең-ұтыласың:
- •3.Болжам
- •7.Сәтсіздік қорқынышы
- •43.Айқындық заңы
- •9.Ойлау деңгейі
- •42.Кері байланыс
- •10.Қоршаған орта
- •11.Табыс командасы
- •39.Сәтсіздікке апаратын з сөз
- •38.Күн тәртібін жоспарлау
- •15.Байлық жасау формуласы
- •36.Әрекет ету
- •18.Мен дұрыс жолдамын ба?
- •19.Тартылыс заңы
- •31.Елестен өткізу
- •21.Сұрақтар торы
- •29.Қалыптасқан пікір
- •22.Өз бейнең
- •28.Оптимизм себебтері
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Команда туралы бір тарих
- •Өмірден алынған бір мысал
- •Николай Латанский «Табысқа жетудің 50 құпиясы» сіз кім боласыз
29.Қалыптасқан пікір
Өзің және айналаңдағы әлем туралы қалыптасқан пікірлеріңізді
өзгерту арқылы қалайша жаңа сапалы өмір сүруге болатын туралы айтатын кезекте жетті. Біздің әрбірімізде қалыптасқан өзіндік пікір жүйеміз бар,ал пікірді
біздің мына әлемді қабылдайтын және оның ішіндегі өз орныңды анықтайтын сүзгімен теңеп түсінуге болады.Егер сіз өз айналаңызда жаударыңыз бен қызғаншақтар толып жүргеніне,сізді пайданалатын адамдардыңда жеткілікті екеніне сенімді болсаңыз әрине,ондай адамдарды жолықтырасыз,тек сізге қайырымды адал адамдар
кездесетін мүмкіндікті жоғалтасыз! Мысалы,егер әйел адам жер бетіндегі еркектер туралы жаман ойда
болса оған өзінің ақ атты ханзадасы ешқашан келмейді,себебі оның қалыптасқан пікір жүйесі бойынша еркек адамдар жаман болып есептеледі.Егер сізге бай адамдар әділ және адал емес болып көрінсе
сіз ешуақытта бай бақуатты адам болалмайсыз,себебі сіз ғана адалсыз,тек бай бақуатты адамдарда әділ,адал адамдар екеніне сенген кезіңізде ғана сіз қаржылық еркіндіктегі адам боласыз.
Мынаны ойлап көріңізші,сәби бала өмірге келген кезінде қарым қатынастың қандай болатынын, ақша деген не,оған қалай қарау керек,моральдық ұстаным деген не,қоғамда өзін қалай алып жүруі керек,денсаулығын қалай
сақтау керек екенін біліп пе еді?Жаңа туған сәби ол таза ақ парақ,ол өмірге келіп әке шеше,ата әже,аға бауырларының қасында болып,
бала бақша,мектепте өз сынаптас достарының арасына кірген соң
өмір деген не,ол қандай болуы керек,өмірдегі оның орны қандай және қайда болуы керек екені туралы түсініктер алады.Енді өзіңізден сұрап көріңіз,өзіңіз және басқа адамдар туралы алған түсініктеріңіз сіздің ойлап тапқан пікіріңіз бе жоқ жасыңыздан басқалардан ұққаныңыз ба?Сіздің сенген нәрселеріңіз нағыз шындық па?
Сіздің осы пікірлеріңіз сізді мақсатыңызға жақындата ма жоқ әлде алыстата ма? Генри Форд айтқандай «сіз бұлай істей аламын ба жоқ істей алмаймын ба деп ойлағаныңыздың екеуі де дұрыс,тек нағыз табысқа жету үшін өз пікірлеріңізді қайта қарауыңыз керек,сізге
бөгет болғандарын тауып оларды сізді алға сүйрейтін жаңаларымен ауыстыруыңыз қажет»!
Ал оны қалай істеу керектігін келесі құпиядан білесіз!!
22.Өз бейнең
Сіз өзіңіз туралы ойыңызды өзгерту арқылы табысты,зор денсаулықта бақытты ғұмыр кеше аласыз.Әрбірімізде өзіміз тұралы белгілі бір дәрежедегі түсінігіміз бар,біреулер өзін өте табысты адаммын десе біреулер жолым болтайтын сорлы адаммын деп ойлайды.Біздің ішкі әлпетіміз сыртқы шынайы өмірімізге үнемі айналып тұратыны туралы білетіндер өте аз. Егер сіз өзіңізді табысты,дені сау,бақытты адаммын деп санасаңыз расында да жүз пайыз кепілдікпен ертелі кеш сондай жағдайға жетесіз,ал керісінше жолыболмағыш бір сорлымын десеңіз дәл сондай адам боласыз. Әйгілі жазушы,ынталандыру саласындағы табысты нұсқаушы Уорлд Найтенгер «Сіз өзіңізді ойыңызда қалай бейнелесеңіз өмірде сондай боласыз» деп бір кездері айтқан. Неге олай болады? десеңіз,біздің миымыз өте «тіл алғыш» құрал,ол сіздің тапсырмаңызды үнемі мүлтіксіз орындайды,тіпті ол туралы білмесеңізде сіздің елестеткен әртүрлі кескіндегі бейнелеріңізді берілген тапсырма деп қабылдайды. Сондықтанда сіздің біліпте білмей ойлап елестеткен өз бейнеңіз сіздің қалай әрекет етуіңізге ықпал етеді,ал жасалған әрекет қайтседе қандайда болсын бір нәтижеге әкеледі,мейлі жаман болсын мейлі жақсы болсын! Осыдан үш жыл бұрын мен конькимен сырғанауды жарты сағат ішінде үйренген едім, ал мұның себебі қарапайым,сырғанап үйренер алдында мен өзімді оңай,нәзіктікпен сырғанап жүрген адамдай бейнелеп елестеттім, ол олма,екі сағаттан кейін мұз үстінде билей бастадым! Бұл заңдылық үнемі жұмыс істейді және үнемі орындалады! Егер сіз өзіңізді басқа адамдармен оңай тіл табысып,олардың алдында қымсынбай әңгімелесіп,еш қиындықсыз келісімге келетін адам бейнесінде елестетсеңіз миыңыз осыларды өзіне берілген тапсырма ретінде қабылдап алып,бір бірлеп шынайлыққа жеткізеді. Мен сізге кепілдік беремін! Ой елесіңіздегі бейнеңізді өзгертіп,табысқа жеткен бақытты адамша елестетіп,кішкентайда болсын табысқа жетіп,табысыңызды біртіндеп молайтыңыз,өзіңізді табысты,дені сау,бақытты жан деп бейнелеңіз,сондай нәтижеге біртіндеп міндетті түрде жетесіз!!!
23.ЖЕҢІСІҢДІ ТОЙЛА Енді сіздерге жеткен жетістеріңізді бағалау,оларды қалай белгілеп,
атап өтіп, тойлау керектігі туралы айтайын.Адамдардың көбісі
өздерін табысқа жетпедік деп ойлап сәтсіздік пен қателіктерін жиі
еске алып тұрады.Ал шын мәнінде сіздің табыстарыңыз сәтсіздіктеріңізден анағұрлым көп,бұл проблеманың себебі адамдар табысты өте үлкен межемен есептейді,күнделікті кішкентай жеңіс,жеткен табыстарын елемей ұмытып кетеді.Тағы бір мәселе,адамдар өздерінің жеткен белгілі бір дәрежедегі жетістігін табысқа санаудың орнына өздерін аса табысты адамдармен салыс-
тырып олардың жеткеніне жете алмаса сәтсіздікке ұшарадық деп есептейді.Неге бұлай бола береді? Біздің жіберген қателік, сәтсіздіктеріміз көңіл күйімізді бұзып жағымсыз әсер етіп есімізге
терең сақталып қалады, сондықтан да жеткен бір жетістікті еске
алудан жіберген он қателікті еске түсіру оңайырақ.Біздің өзімізді бағалау жүйеміз –өзімізді қаншалықты жоғары дәрежеде бағалай,қаншалықты мойындай аламыз,өз күш қуат мүмкіндіктер-
імізге деген сеніміміз қандай деген сияқты факторлардан құралады. Егер біз тек сәтсіздіктерге назарымызды аударсақ өзін бағалау
жүйеміз құлайды,ал кішкентайда болсын табыстарымызды атап өтіп тойласақ ол жүйеміз көтеріледі.Әйгілі нұсқаушы Джек Кемфилд өзін бағалаудың маңыздысын фокер ойынының фишкаларымен салыстырып түсіндіреді,сіз екеуіміз фокер ойнап отырмыз деп ойлаңыз,менде
200 ал сізде 10 фишка бар делік,сонда бұл ойында кім көп сақтанады? Әрине сіз, екі ойында бес бестен фишка тігіп ұтылсаңыз ойыннан шығасыз,ал менде әліде 40 рет ойнайтын мүмкіндігім бар,мен әліде тәуекелге бара аламын!Міне,сіздің өзіңізді бағалауыңызда осылайша болады,сіздің өз бағаңыз қаншалықты жоғары болса соншалықты көп тәуекелге бара аласыз. Зерттеу нәтижелері қайта қайта көрсетіп тұрғандай, сіз өткен жетістіктеріңізге қаншалықты риза болсаңыз соншалықты нық сеніммен алға басып табысқа жететініңіз дәлелденген! Сіздің сәтсіздіктеріңіз сізді құлата алмасын білесіз,себебі өз бағаңыз аса жоғары,кім тәуекел етпесе ол жеңіске жетпейді,тәуекел қаншалықты үлкен болса табыста соншалықты қомақты келеді,қаншама көп оқ атсаң нысанаға тигізу мүмкіндігің соншама бар! Шотландиялық жазушы Томас Карлаил «Өз жеңісіңіз бен табысыңызды қаншама көп мойындасаңыз өз бағаңыз соншама көп өседі» деген екен. Өткен шақтың және қазіргі табысыңызды мойындауыңыз сізге өзіңізге деген және болашақ та табысыңыз жалғаса береді деген сенімділікті тудырады! Ал қанеки,сіз жуық арада жеткен бір табысыңызды бүгін,міне қазір қалайша атап өтіп тойлар едіңіз!!!
