Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

21.Сұрақтар торы

Мен сіздерге өз сұрақтарыңыздың өздеріңізге қандай тор құратыны

туралы айтайын. «Мен неге артық салмақтан арыла алмаймын,мен неге күйеуге шығалмаймын,мен неге көп ақша табалмаймын» деген сұрақтарға ішкі

дүниеңіз қандай жауап береді деп ойлайсыз? Жауабы мыналар;

«Сен тым көп жейсің,сенің түрің жаман сүйкімсізсің,сенің таныстарың

жоқ»!Сіз нені сұрасаңыз соған дәлме дәл жауап берілді! Осындай сұрақтарыңыздың жауабы сізді жағымсыз күйге түсірумен қатар өміріңізді құрдымға да жіберуі де мүмкін.Мұндағы проблема берілген

жауапта емес,сіздің өзіңізге қойған сұрақта болып тұрғанын байқаңыз.

Сіз мына «Мен неге арый алмаймын» және «Мен қалайшы сымбатты

болып рахаттанамын» деген екі сұрақты салыстырып көрсеңіз,екеуінің мағанасы бір болғанымен түйіндеулері бөлек бөлек,ал соңғы сұрақ сіздің өміріңізге қажетсіз жаман нәрсені емес керісінше өміріңізге қажетті

жақсы нәрсені болжап шақырып тұр! Жекетұлғалық дамуды дәріптеу саласындағы әйгілі нұсқаушы Энтони

Робенс «Сіздің өміріңіздің сапасы өзіңізге қойған сұрақтардың сапасына

тікелей байланысты» деген екен. Өзіңізге сұрақ қойғанда абай болыңыз,

егер сіздің бірдеңеңіз болмай жатса «Неге» деген сөзбен басталатын

сұрақтан қашыңыз,себебі бұл сұрақ сізді тұйықталған шеңберге шыр айналдырып сандалтып қояды. Оның орнына «Нені,қалай» деп бастала-

тын сұрақтар,мысалы «Жақсы қарым қатынас орнату үшін нені қалай

істесем болады,жақсы денсаулықты сақтау үшін қандай жақсы әдеттерге

көшуім керек,өз өміріме қалайша үлкен кеқістік құрып көп еркіндікте боламын» деген сияқты сұрақтарды қойыңыз.Ал мынадай сұрақтар «Өз өмірімде кімге не үшін ризамын,мені не көп қызықтырады,мен кімді кім

мені жақсы көреді» сізді жағымды жақсы жаққа жетелейді. Ал сізді жақсы нәтижелерге апаруға «Менің келесі қадамым қалай болмақ

,менің осы бастамам шынымен де мақсатыма жетуіме дем бере ме,

уақытымды қалайша тиімді жұмсай алар едім» деген сияқты сұрақтар

өте үлкен әсер етуі мүмкін. Мен сіздерге жұмыс стөліңізге, үйдегі айнаңызға,тоңазытқышыңызға

«Мен өз денсаулығым,ағзам үшін дәл қазір нені қалай жақсылап істесем болады» деген сияқты сізді алға итермелейтін сұрақтарды қағазға жазып

іліп қоюларыңызға КЕҢЕС беремін! Міне,осылайша егер сіздің өміріңізде бірдеңелер болмай жатса «Неге»

деп емес «Нені,қалай» деп өзіңізден сұрауды жақсылап үйреніңіз,сонда сіз

өзіңізді Табысқа жетелейтін жауапты міндетті түрде аласыз! ЕІҢІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өз болашағыңызға жетуге мән берілген сұрақтарды жиі қойып жүрсеңіз қаламаған емес қалаған нәтижелеріңізге жетесіз!!!

30.АФФИРМАЦИЯ Қандай нәрсеге сеніп,оған қандай сенімде болуыңызға сай болашақта кім болатыныңыз,немен айналысатыныңыз ,нелі болатыныңыз анықталатын туралы бәрін әлдәқашан білесіз.Егер өзіңізді және қоршаған ортаңызды шектейтін пікірлеріңізді дәл уақытында анықтамасаңыз арман қиялыңыздағы жақсы өмірге сіз ешқашан жете алмайсыз.Сіздің сенген нәрселеріңіз тек ғана бұрыннан қалыптасқан әдеттеріңіз екенін ұғыңыз,олар сіздің бір кездегі қайта қайта ойлаған ойларыңыздан болып миыңызға сіңіп қалған әдеттер ғана.Егер сіз өзіңіз бен мүмкіндіктеріңізді шектейтін пікірлерді өзгертіп,нағыз табысқа жетемін деп шешсеңіз сізді алға,табысқа жетелейтін жаңа ойларды қайталаумен бұрынғы нашар пікірлерді қарсы бағытқа өзгертуіңіз қажет.Гректің ақыны Эпек Тэд айтқандай «сіз алдымен кім болатыныңызды айтыңыз сосын сол болу үшін барлығын жасаңыз».Табыстылық заңында пікірлерді өзгерту құралы аффирмация деп аталады.Бір нәрсеге сеніп оны қабылдау нені білдіреді;сіздің жаңадан қабылдауға бекінген жағымды позитивті пікіріңіз болжаған мақсатыңызға әлде қашан жетіп қойғандай етіп көрсетіледі деген сөз.Мен қазір сіздерге өз аффирмацияңызды рет ретімен қалай жасайтынын көрсететін нұсқау ұсынардан бұрын өзімнің бірнеше аффирмациямды мысал ретінде келтірейін; «Мен айналысқан әрбір ісімде табыстымын, Мен ішкі және сыртқы әлеміммен үйлесімді бақытты да бақуатты өмір сүрудемін, Мен күн сайын барлық жағынан жақсарып келемін, Мен өз өмірімде болып жатқан барлық оқиғаға разымын, Мен басқалардың маған көрсеткен әрбір көмегіне ризамын, Мен табысты кәсіпкермін кәсібімді дамытуға көмегі тиетін адамдарды үнемі өзіме тартып тұрамын, Мен ақша қаражат тапқан сайын күш қуатым артып рақаттанамын, Мен адал адаммын айналамдағыларға да бір біріне және өзімен өзіне адал болуларына ықпал етемін» Ал енді жекебасыңыздың аффирмациясын қалай жасауға болатын туралы кеңес берейін; Бірінші ереже;Аффирмация «Мен» деген сөзбен басталуы тиіс.

Екінші ереже;Аффирмация үнемі позитіпті болуы тиіс.Сіз нені қалайсыз,кім болып немен айналысатыныңызды айтасыз Үшінші ереже;Аффирмация үнемі қазіргі уақытта болуы тиіс.Төртінші ереже; Аффирмация қысқа да нұсқа және қисынды болуы тиіс. Бесінші ереже; Аффирмация анық ,айқын болуы тиіс. Алтыншы ереже; Аффирмацияда іс әрекетті көрсеткен мағаналы сөз болуы тиіс. Жетінші ереже; Аффирмацияда позитипті сезім толғанысын көрсеткен сөз болуы тиіс. Сегізініш ереже; Аффирмация сіз туралы болуы тиіс. Сіздің өзіңізге сенгеніңіз,өз мүмкіндіктеріңіз,қоршаған ортаңыз туралы сөздер болу керек. Ережелердің барлық талабына сай келетін тағы бір мысал, «Мен үнемі жақсы көңіл күйдемін, қашанда өмірге ризамын,болған барлық оқиғадан позитіпті нәтиже табудамын» Сіз өз аффирмацияңызды оқуыңызға, дауыстап айтуыңызға,сонымен қатар дәптерге қайталап жазуыңызға және аудиожазбаны тыңдауыңызға болады. Кім болып, немен айналысып,нелі болғыңыз келетініңізді қабылдайтын аффирмацияны тұрақты қолданатын әдетті өзіңізге қалыптастырыңыз,білесіз әдеттер сізді қалыптастырады!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]