Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

31.Елестен өткізу

Табысты адамдардың тағы бір жақсы әдеттерінің бірі болашағын

елестен өткізіп көруі. Адамдардың қиялдап армандау немесе заманауи терминге сай

«елестен өткізу» қабылеті оларды жер бетіндегі тіршілік иелері

нен ерекшелендіреді.Тек адам ғана өз болашағын болжай алады. Елестен өткізу қабылеті дегеніміз сіздің әртүрлі бейнелер мен көріністерді өз қиялыңызда болып жатқандай етіп болжап көруіңіз,

сіз оларды жандандырып,толықтырып және өзгертіп видео таспа

сияқты ары бері айналдыра аласыз.Армандау қабілетінде шек болмайды,өз қиялыңызда кез келген болашағыңызды жасай аласыз. Армандау қабылеті неге соншалықты маңызды? Армандаған кезімізде біз миымызға армандаған нәрселерді мен

үшін орында деген жанама тапсырма береміз,егер сіз елестетіп

көру жаттығуымен тұрақты айналыссаңыз миыңыз сол көргендер-

іңізді орындау үшін «жан таласа» жұмыс істейтін болады. Бір кездері Эйнштейн «армандай алу білімнен де маңызды» деген екен.Өкінішке орай осы заманның адамдарының армандауы азайып келеді, 35 жасқа толған статистикалық орташа адам өзінің армандау қабілетін 95 пайызға жоғалтатынын ғалымдар зерттеп анықтапты,анығырақ айтқанда оның миының армандауға жауап

беретін нейрондар мен жасушаларының 95 пайызы өз қызметтерін орындамай тұр деген сөз. Неге дейсіз бе? Бала кезіңізден бастап үлкендер сізге «Әй,қиялдап аспанда жүрсің бе,болды жерге түс» деп ұрсатындары есіңізде шығар,міне жауабы! Армандау қабілетіңіздің азаю себебі осы бір ғажайып қабілетіңізді тұрақты қолданбағандықта! Егер сіз өз өміріңізде мінсіз денсаулықта,татулықпен сыйластықтығы жарасқан жақсы қарым қатынаста,қызметіңіз өсіп,жеке кәсібіңіз

дамыған аса табысты, бай бақуатты адам болғыңыз келсе бала кезіңіздегідей армандауды қайта бастаңыз! «Ойла және байы» атты кітабында Напалоен Хилл «Егер сенің

миыңа сиып тұрса оған жетуге қабілеттісің» деп айтқан екен. ЕСІҢІЗГЕ ТҮСІПІҢІЗШІ!

Ең соңғы рет қашан қиялдап армандадыңыз!!!

20.ЖАҚСЫ ОЙДЫҢ КҮШІ Көптеген адамдар өздерінің қалағандарын өмірден неге алалмай жүретіндері туралы айтайын. Егерде сіз қасыңыздағы адамнан «Сіз нені қалайсыз?» деп сұрасаңыз ол сөзін мынадаймен бастап жауап береді; «...болғым келмейді» деп. Мысалы, «мен өмірде жалғыз болғым келмейді,семіз болғым келмейді, аз жалақы алғым келмейді,жақындарыммен ұрсысқым келмейді, ...келмейді». Ал жалпы «...болғым келеді» деп айтатын адамдар өте аз,мысалы «Отбасылы болғым келеді,сымбатты болғым келеді,көп жалақы алғым келеді, сабырлы болғым келеді,... болғым келеді». Сонда бұл адамдар неге өздерінің қалағандары туралы емес қаламағандары туралы ойлайды,айтады?Бұл біздің миымыз үшін жағымсыз ақпараттарды қабылдап алған соң одан сақтануға әрекет етумен тең деген сөз.Осылайша көптеген адамдар өз ойларын қаламайтын нәрселерімен түйіндеуді әдетке айналдырған.Бірақта олар мына бір қызықты да маңызды жағдайды білмейді,біздің миымыз ерекше «тіл алғыш» және адамды мақсатына жетуін басқаратын өте күшті құрал,ол адамның ойлаған ойы,айтқан сөзін мұқият тыңдап сол ойлаған және айтылғандарды іздестіріп табуға автоматты түрде икемденіп бағытталады.Ал егер сіз;«Семіз болғым келмейді» деп ойласаңыз ми «семіз» бағытты қабылдап сізді семіртудің жолын іздей бастайды, «ұрсысқым келмейді» десеңіз сіз қалайсыз ба қаламайсыз ба миға бәрібір «ұрсысқым» деген бағытты қабылдап ұрсысты ұйымдастырып береді, «ауырғым келмейді» десеңіз «ауырғым» бағытын алып сізді міндетті түрде төсекке таңады.«Сымбатты болғым келеді» деп ойласаңыз ми «сымбатты» бағытты қабылдап сіздің сымбатты болуыңызға жол іздейді, «сабырлы болғым келеді» десеңіз сабырлының жағдайын ойластырады, «сап сау болғым келеді» десеңіз әрине «сап сау» болуыңызды ұйымдастырады.Есіңізде болсын, егер сіз өзіңіздің қаламайтын нәрселеріңізді ойлай берсеңіз миыңызды үнемі жағымсыз жаман ақпаратпен қанымдап оның орындалуына бағыттайсыз!Егер сіз табысты адамдарша тек қалайтын нәрселеріңізді ойлап айтып жүрсеңіз үнемі жақсы нәтижеге жетесіз!Аса табысты адамдар үнемі тек қалайтын нәрселері туралы ойлап, айтады.Бай кәсіпкер Роберт Киосуоки өзінің «Бай әке,кедей әке» атты кітабында «Адамның айтқан сөзінен,нені ойлайтынынан,ойын қалай түйіндейтінен оның табысты немесе жолыболмағыш адам екенін оңай білуге болады» деп жазыпты.Егер сіз шын мәнінде көп жалақы алып,жақсы қарым қатынаста,сымбатты денелі,зор денсаулықта,жақсы жерлерге үнемі демалып тамаша өмір сүргіңіз келсе ойларыңызды міндетті түрде жақсы жағымды сөздермен түйіндеп,ойлап және айтып жүріңіз!Адамдар өз өмірлерінде қалаған нәтижелеріне жетпей жатуларының себебі олардың ойларында болады,сондықтан да қаламаған нәрселеріңізді емес қалаған нәрселеріңзді ойлаңыз! Сонымен,жағымды жақсы ойларды ойлауды үйренейік!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]