Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.87 Кб
Скачать

Скругленный прямоугольник 1

1.100 пайыз жауапкершілік заңы Табысқа жетудің ең бастапқы,негізгі заңы Жүз пайыз жауапкершілік заңы.Әрбіріміз бала кезімізден болашағымызды болжап қиялдап оны жақсы болады деп армандап сенетінбіз,өкінішке орай барлығы ойлағанымыздай бола бермейді,біреулердің қызметтегі мансабы тез жоғарлап,біреулер теңіз жағасында зәулім сарайға ие болып,енді біреулер еліне елеулі жаңалықтар жасайды ал солардай болуына басқаларға не кедергі келтіреді? Нағыз табысқа қалай жетемін деген сұрақтың жауабын бәрімізде білгіміз келеді,бірақ көбіміз жауабын табалмай жатамыз.Иә,сіз бір мекемеде ерінбей қажырлы еңбек етесіз,кейде түнімен қалып жұмыс істеуге әзірсіз,себебі аз дегенде ақшалай сыйақы алуға одан ары мансабыңызды жоғарлатуға үміттенесіз.Расында мансап жоғарлауға ұсыныс түседі,тек сізге емес,Әріптесіңізге!!! Басқа бір мысал; Сіз жыл бойы ойын сауықтан

бас тартып,дүкен сөресіндегі әдемі туфлиді «көрмей» өтіп, мейрам-ханаға бармай жүріп қомақты ақша жинап шет елге теңіз жағасына

енді бармақшы болған кезде автокөлігіңізбен басқаның көлігімен қақтығысып қалдыңыз!Қате сіздікі,ал жиған тергеніңіз соның төл-

еміне кетті делік.Сосын сіз өкініп,қайғырып,көздің жасын ыршытып «Осы менің жолым неге болмайды» деген сұрақ қоясыз,иә,осындай сұрақты жиі қоятын адамдар өте көп,олардың беретін жауабында

жақсы білемін; «Әріптесім жағымпаз болған соң мансабы жоғарлады», «Ана көліктің иесі ескі машинасымен әдейі қақтығысты» деген сияқты жауаптар. Ақталу,басқаны кінәлау,өзін ғана қорғаштау, шағымдану,орынсыз ұялу сияқты мінез құлықтар. Табысқа жету жолындағы ең үлкен тас бөгеттер!!! Көптеген адамдар 100 пайыз жауапкершілік заңын білмегендіктен түпкілікті теріс жол таңдап алады.Сіз өзіңіз үшін және де үлкен табысқа жету үшін орындайтын

ең бастапқы қағидаңыз. Жауапкершіліктен қалай қашып құтылмауды анықтау,білу және түсіну. « Өз қателігім үшін кімді кінәлаймын,

өзімді ме? өзгені ме?» деген сұраққа адал жауап беріңіз.Мүмкін сіз өз қателіктеріңізді түсінудің орнына ақталып,әлі де басқаларды кінәлап жүрген боларсыз! Жауапкершіліктен тек өзіңіз қашып құтылуға дағдыланып басқаша айтқанда өз жетістігіңізге өзіңіз қасақана бөгет жасап жүргеніңізді түсінген кезде сіз үшін, сіздің өміріңізде болып жатқан барлық уақиғалар үшін жауап беретін біреу болса ол тек ғана

сіз екеніңізді оңай түсінесіз, мансабыңыздың өсу өспеуіне,ақша қаражатыңызға,жеке қарым қатынасыыңызға,денсаулығыңызға Тек өзіңіз ғана жауап беретін боласыз. ЕСІҢІЗДЕ болсын! Біздің табысқа жетер жолымыз өз өмірімізде,қоршаған ортада басқаны кінәлау,орын-сыз ұялу,ақталу,шағымдану сияқты жаман әдеттерден құтылып жауапкершілікті 100 пайыз өз мойныңа алған сәттен басталады!!!

50.СОҢҒЫ СӨЗ

Николай Латанскийдің «Табысқа жетудің 50 құпиясы » атты аудиокітабындағы сіздермен бөлісейін деген ойларым осымен тәмам. Осында айтылған құпиялар мен табыстылықтың ұстанымдарын жете түсініп,өз өміріңізге қолданып көріп,пайдаға асырып табыстарға жету үшін мына аудио жазбаларды қайта қайта тыңдаңыз! ( қайта қайта оқыңыз! Баян ұлы Темірбек. ) Бұларды қайталап жаңадан тыңдаған сайын сіз өткен жолғы байқамаған қандай да бір жаңа нәрсені табасыз! Мұның себебі: сіз жазбаны жаңадан тыңдаған сайын рухани жетіліп дамыйсыз, өзіңізді бұрынғыдан өзгеше сезініп,ақылыңызға ақыл қосылғандай күйде боласыз.

Менің семинарларым,тренинглерім,мастер класстарым мен онлайн бағдарламаларымда жүздесіп видео курстерім мен кітабтарымның бетінде кездесемін деген мол үмітпен сіздермен қоштасамын! Менімен бетпе бет жақын арада қайда қашан кездесуге болатыны туралы ақпараттарды интернеттегі менің www.latansky.com сайтымнан табасыздар. Сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт және молшылық тілеймін! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өзіңіздің арман қиялыңыздағы тамаша өмірді сіз,тек сіз ғана жасай аласыз!!!

Сіздерге деген мол сүйіспеншілік және аса ризашылықпен сіздердің Николай Латанский!

Бұл жинақ сіздергеде көмек болса , менің де көпшіліктің

табысқа жетуге қосқан үлесім болар .

Іске сәт тілеймін!!!

Николай Латанский « Табысқа жетудің 50 құпиясын »

тәжірибеде қолданғаным туралы қысқаша ойым.

Өңдеуші : Баян ұлы Темірбек

49.ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУ Табысты адамдар деп үнемі өзін дамытып білімін жетілдіріп отыра-

тын адамдарды айту керек, жапон тілінде «кайзен» деген бір сөз бар,

ол үнемі өсіп өрлеу,жетілу деген мағананы білдіреді, осы сөз ұлы

идеяға айналды. Бұл идея ерте заманның жауынгерлері мен заманауи кәсіпкерлердің философиялық ұстанымы болып ғана қоймай жер бетіндегі миллиондаған табысты адамдардың өмір сүру салтының

бір стиліне айналды. Шын мәнінде адам өмірінің екі бағыты бар,

даму енді бірі құлдилау,ал екеуінің ортасы деген вариант жоқ.

Бүгінгі қарбалас заманда бір рет білім алып оны өмірдің соңына

дейін жеткілікті деу орынсыз болды. Жаңа ақпараттар күн сайын

қаулап шығуда,егер сіз өзіңізбен саналы түрде айналыспасаңыз көп кешікпей қоғамның дамысынан артта қаласыз. Өкінішке орай көптеген адамдар мұны түсінбейді,олар бәрін білеміз, қолымыздан бәрі келеді деп масаттанумен құлдилау жолына түске-

нін сезбей қалады, кімде кім мен бәрін білемін деп айтқан сәттен құлдырай бастайды. Атақты киноактер Брюс Ли «Мен бала кезімнен ішкі түйсігіме сүйеніп даму мен жетілу жолына түсуге ұмтылдым,

әрбір адам өз әлеуетін тыңғылықты дамытуға міндетті деп сенемін» деген екен. Табысты адамдар жаңашыл,жаңаны білуге әуес, білім

құмар келеді және олар білім алу мен өзін жетілдіруден ешуақыт

артта қалмайды, олар өз мақсаттарына жеткізетін жаңа жол жаңа

әдіс тәсіл іздестіреді.Соңғы он жылдықтарда жаңа ақпараттардың

саны екі есеге өсті,әліде өсу қарқыны басылар емес. Сондықтанда табысты адамдардың күнделікті білім алуы олардың тұрмыс салтының бір бөлшегіне айналды, сіз сондай адамдарды тренинг,семинарларда тұрақты кездестіресіз. Тұрақты білім алғаны-

ңыз арқылы кәсіпкерлігіңізді ұлғайтып,қызметте өсесіз,жаңа білім

өз жұмысыңызды сапалы тез орындауға көмектеседі,сонымен қатар өзіңізді тұрақты түрде жетілдіруіңіз сіздің өз бағамыңызды жүз пайыз кепілдікпен жоғарыға көтереді. Сіз өзіңізді алға дамытып тұрақты жетілдірген кезде сізге жаңа қызықты адамдар қосылып, жаңа қызық-

ты мүмкіндіктер ашылады. Адам не өсіп дамыйды не құлдырайды осыны жақсы еске сақтаңыз! Сіздің жағдайыңыз жақсарған кезде қолайлылық пен жайлылықтың ұзарғанын сезсеңіз сіздің дамуыныз тоқтатылды мүмкін құлдырау басталды деген сөз! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Сіздің үздіксіз даму мен жетілу үшін жасаған әрекеттеріңіз сізді армандаған өміріңізге міндетті түрде жеткізеді!!!

2.Әрекет етсең-ұтыласың:

Енді сіздерге Табысқа жеткен адамдардың сәтсіз жағдайларға ұшыраған кездерінде нені қалай ойлайтыны туралы айтып берейін.Әлемдегі барлық адамдардан солардың 2 ғана пайызын құрайтын табысты адамдардың өзгешелігі олардың ерекше ойлау қабілетінде. Табысты адамдардың осы ерекше шеберлігі өмірде кездесетін кезкелген оқиғаға автоматты түрде қатыспай,алдын ала ойланып,ақыл парасатымен баға беріп қатысуымен анықталады. Олардың осы шеберлігінің құпиясын атақты психолог Роберт Березник мына бір қарапайым формуламен түсіндірген еді; «Оқиға+Баға беру = Нәтиже ».Өмірде болып жатқан оқиғалар сізге байланысты емес,мысалы; дағдарыс,инфиляция,мемлектік жаңа заңдар,табиғи апаттар тіпті сіздің өсекші, қызғаншақ көршілеріңізде! Ал Баға беру дегеніміз Оқиғаға қалайша қатысу деген сөз. Табысты адамдар Оқиғаға қатысудан бұрын сол оқиғадан қандай нәтиже шығара алатыны туралы ойланып толғанады.Ал жолы болмаушы адамдар кез келген оқиғаға ойланбастан көзді жұмып кірісіп кетеді де соңынан жағымсыз нәтижелеріне ренжіп өзін өзі ақтап, басқаларды кінәлап,өз істегенін дұрысқа шығарып , шағымданып қателігін мойындауға ұялып намыстанады. Табысты адамдар кез келген оқиғаға алдын ала баға берудің ерекше құндылығын жақсы біледі,сондықтан да оған қатыспас бұрын бір сәт тоқтап,ойланып,есептеп,бағасын беріп сол жағдайдан қандай пайдалы нәтиже шығатынын түсінеді. Сәтсіз болған оқиғаларды ойлаған кездеріңізде осыдан 70 жыл бұрын Наполеон Хиллдің айтқан мына сөзін еске алыңыз; « Әрбір сәтсіздікте соған сай,кейде оданда көп сәттіліктің дәні жүреді ». Өмір сізге лимон сыйласа оны сығып Лимонад жасаңыз,егер сізге тірлігіңіздің қайсы бір нәтижесіне көңіліңіз толмаса өткен оқиғаларға қатыспас бұрын қандай ой сезіммен әрекет еткеніңізді ой елегенінен өткізіңіз. Егер сізге қолайсыз жағдайлар туындаса сабырлы болып,ақылға салып Роберт Березниктің «Оқиға +Баға беру=Нәтиже» деген формуласын еске алыңыз, «осы жағдайдан қандай нәтиже шығарамын» деп өзіңізден сұраңыз,сосын әрекет етіңіз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Адам қаншалықты табысты болса оқиғаға соншалықты аз автоматты түрде қатысып,ойланып баға беріп барып қатысады!!!

3.Болжам

Көптеген адамдардың өз мақсаттарына жете алмауының негізгі себебін білу өте оңай-олар не қалап жүргендерін өздері де толық білмейді!

Мақсатыңа жету үшін болашағыңды болжай білуің керек.Кім болғың немен айналасқың келетінің, өзіңе жалпы не қажет екені туралы тізім жаса,бұл үшін менің беретін кеңесім; Өзіңізге ыңғайлы орынға отырып,жеңіл әуен қойыңызда шамамен бес жыл ішінде болар болашақ өміріңізді аздап қиялдаңыз,сосын қайда,қандай мекемеде нендей қызметтесің,қанша жалақы аласың,тұрған үйің қандай,денсаулығың мен отбасың жағдайы қалай,достарың кім деген сияқтыларды елестетіңіз,ең бастысы өміріңіңізде осылай болама жоқ па дегенді ойламаныз.

Мақсатыңызға жете алмауларыңыңыздың көптеген қателіктерінің бірегейі тек шынайлыққа итермелейтін осындай армандарды дереу жүзеге асыруға тырысу! Болашақтағы болжамыңыз,арман қиялыңыз туралы жақын адамдарыңызбен бөлісе біліңіз,әрине сол адамдар сіздің бұларыңызды орындалмайтын бос қиял деп келеке етеді деп сескенуңіз орынды,бірақта әрбір адамның көкейінде зәулім сарай, элитный патер,мол ақша қаражат, лауазымды қызмет, дос жаран отбасында сыйлы қарым қатынаста болу, өзгелерге өнегелі болу сияқты армандар жататыны шындық.Ал сондай армандарын басқаларға айта беруге батылдары жетпейді,қиялшыл деп мазақ етеді деп қорқады. Осылайша арман болжамыңызды басқаларға айта жүргеніңізде осы ниетіңізге жетуіңізге көмектесетін,жол сілтейтін біреулер міндетті түрде кездеседі,сонымен қатар қайта- қайта айта бергендіктен оныңызға өзіңізде сеніп қаласыз,ал бұл аса пайдалы және болжамыңыз анықтала береді,жету жолының мүмкіндіктері айқындалады. Мен біраз жыл бұрын Тележобаларға қатысып Табысқа жету туралы бағдарлама жүргізгім келетін туралы түсіндім,алғашында мұндай ойларым қорқынышты сезінді,мақсатым алыста болды, оған қалай жетуді білмедім,бірақта арманыңа сеніп басқаларға айта жүрсең,

бөліссең саған көмектесетін біреу міндетті түрде кездесетініне сенімді болдым, расында да солай болып шықты, арманым орындалды,көптеген тележобаларға жиі шақырылып тұрамын. Менің ұстазым Джек Кемфилд былай деуші еді; «Әрқашанда алдыңа үлкен мақса қоя біл үлкен мақсат ұлы адамдарды шақырып тұрады».

Жалпы аса табысты адамдар алдарына ұлы мақсат қояды. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Арман мақсатыңыз, болашақ болжамыңыз туралы басқаларға жиі айтып жүрсеңіз сізге қол ұшын беретін адам міндетті түрде кездеседі!!!

48.УАҚЫТ және АҚША

Адамдардың табысқа жетуіне үнемі кедергі келтіріп тұратын екі нәрсе туралы айтайын, олар Уақыт пен Ақша. Біздің әрбірімізге уақыт өте келе тамаша мүмкіндіктер туындайды, бірақта біз сол мүмкіндіктерді жеткілікті пайдалана аламыз ба? Қалай ойлайсыз! Адамдарға Бақ келіп үйінің есігін қағып оларға жақсы ұсыныстар айтса , мысалы «Жаңа кәсіп аш,жаңа мамандық үйрен,жаңадан қызықты жоба баста» десе олар еш ойланбастан өзіне немесе басқаларға «Ой,жоқ бұл тек мен үшін емес, басқаларға айт » деп жауап береді онымен қоймай « менің уақытым да ақшам да жоқ » азар безер болады.Уақыт пен Ақша адамдардың өміріндегі табыстылығына шек қоятын ең кең тараған факторлар! Әлемге аты шыққан « адамдардың армандарын шындыққа айналдыратын » нұсқаушы Марша Рихтер «Сіздің арманыңыздың жолында Ақша мен Уақыт ешқашан тұрмауы тиіс » деп айтады, сосын мынадай кеңес береді; «Егер ақша мен уақыттың бұған қатысы болмаса бұл мүмкіндікті пайдалана аларма едім » деп өзіңізден сұраңыз ,осыған берген жауабыңыз сол нәрсенің сізге керегі бар жоғын дереу түсіндіреді. Сіз өзіңізден « Мен осы уақытым да ақшам да жоқ деген желеумен өз межемді төмендетіп,өзіме шектеу қойып армандарыма қиянат жасап жүрген жоқпын ба? » деп сұрап көріңіз! Адамдар отбасын құрап балалы болудан қорқады,оның себебі белгілі, оған олардың « Уақыты мен Ақшалары » жетіспейтініне сенімді, ал үйленіп балалы болған соң уақыт та ақша да табылып жатады. Ақша мен Уақыт менің армандарыма еш қашан бөгет жасай алмайды деп нық сеніммен айтып үйреніңіз! Егер Уақыт пен Ақшаның бұған қатысы жоқ болса бұл ұсынысты қабылдар ма? едім деген сұрақты өзіңізге жиі қойып жауап беріп жүріңіз! Сіз өз мүмкіндіктеріңізге шынайы сеніп мақсатыңызға жетуді бар ынтаңызбен қаласаңыз, арманыңызға жету сіз үшін өте маңызды болса Уақыт пен Ақша қашанда табылады! « Менің арманыма жетер жолымда Уақыт пен Ақша ешқашан бөгет болмайды » деген осы сөздерді табысқа жеткізер қасиетті дұға ретінде үнемі айтып жүріңіз!!!

47.УӘДЕНІҢ КҮШІ Уәденің күшін түсініп оны жете меңгеру нағыз шынайы табысқа жету-дің кереметтей бір құпиясы болып келеді.Сіздің бағындыра аламын деген шыңыңызға шығу өз ауызыңыздан шыққан әрбір сөзіңізге,берген уәдеңізге қаншалықты жауапкершілікпен қарайтыныңызға тікелей байланысты. Бір қызықтысы, уәдені орындау керектігін адамдар түгелімен біледі, бірақта шын мәнінде өте аз адамдар берген сөздері

мен уәдесіне саналы түрде мән береді,ал негізгі көпшілігі уәдені үйіп

төгіп береді де сосын оны орындамайды. Берген сөзде тұрудың соншалық-ты неге маңызды екенін ойлап көрдіңіз бе? Оның мәні,берген уәдені орындау сіздің жауапкершілігіңіздің мәселесі екенінде,ал табыстылық ғылымындағы ең күрделісі 100 пайыз жауапкершілік заңы екенін сіз білесіз.Табысты адамдардың түсінігінде берген уәдесін орындамай,

сөзінде тұрмайтындар жауапсыз адамдар болып саналады,сондықтанда олармен істес болудан қашады. Сіз уәде беріп сосын оны орындамаған

кезде ішкі санасезіміңіз оны ойлауға мәжбүрлейді,бұл өз кезегінде сіздің және сіз уәде берген адамдардың күш қуатын қалау қаламауларыңызға қарамастан тартып азайтады.Сіздің ой санаңыз дұрыс бағытқа жұмыс істеудің орнына амалсыздан сіздің берген уәдеңізге қайта оралады.

Уәделер көзге көрінбейтін жіп тәрізді сізге жан жақтан байланады да сіз-

дің күш қуатыңызды сорып алып тұрады,қаншама көп уәде берсеңіз соншама көп күш қуат сорғыш жіппен байланатын боласыз. Табысты адамдардың өз сөзіне сенімді болмаса ешқашан уәде бермейтіні міне осыған байланысты,сіз уәде беріп сосын оны орындаған кезде бойыңызға күш қуат кіріп жігерленесіз. Сондықтанда егер сіз табыстың жаңа деңгейіне көтерілемін десеңіз «Берген уәдемді орындай аламын ба?» деген сұраққа әділеттікпен жауап беріп үйренуіңіз қажет,сіз берген уәдеңізде тұралмайтын болсаңыз ешқашан табысты адамдардың ортасына кіре алмайсыз! Табысты адамдар сіздің айтқан сөзіңізді үнемі бар ықыласымен тыңдап,істеп жатқан әрекетіңізді мұқият бақылайды,осыны есіңізге жақсы сақтаңыз! Жауапсыз кәсіпкерден ертелі кеш барлық клиенттері кетіп тынады,сөзінде тұрмайтын еркекті әйелдер тастап кетеді,әлемдегі қан төккен соғыстар екі жақтың бірі сөзінде тұрмағандықтан басталып келген. Әйгілі кәсіпкер Роберт Ален уәдеге қатысты үш әдіс қолдануды ұсынады; Біріншісі- уәдеде тұру Екіншісі -дәл уақытында өзгерту  Үшіншісі-алдын ала келісіп басқа уақытқа өзгерту Міне сондықтанда сіз берген сөзіңізге қаншалықты жауапкершілікпен қарасаңыз өміріңізде дәл соншалықты көлемде табысқа жетесіз!!!

4.ТАҒАН Табысқа жету жолдарында салмақты бөгеттер көптеп кездеседі. Шын мәнінде кейбір адамдар бірнеше кітап оқып,семинарларға отырып, бір екі тренингге қатыса сала міне бүгін немесе ертең табысқа дереу жетемін деген қате түсінікте болады. Мүмкін сіз де бір кездері шет ел тілін үйренуге, спортпен шұғылдануға,диетаға отыруға бел буа кіріскен боларсыз сосын бір екі аптадан соң еш нәтижесіз немесе шала пала тастап кеткен де шығарсыз.Жалпы сізде осындай жағдайлар жиі болып тұрады ма? Көптеген адамдар бір күннің ішінде үлкен жетістікке жеткілері келеді бірақта өмірде ондай ғажайыптар бола бермейді. Табысқа жету үшін адамдардың мән бере бермейтін бір маңызды кезеңнен өтуіңіз қажет. Бұл кезең Таған деп аталады. Табыстың тағанын үйдің тағанымен салыстыруға болады; Таған орнату құрылыстың басталуының ең маңызды кезеңі, құрылысшылар үйдің қабырғасын жоғары қалаудан бұрын төмен қарай қаза бастайды.Егер сіз зәулім сарай салсаңыз төмен қарай ондаған метр терең шұңқыр қазасыз,ал егер шатыр құрсаңыз таған қажет емес тек қазықтарды жерге нық қақсаңыз болғаны.Сол себебті: болашақ үйіңіз қаншалықты биік болу үшін таған орнатуға соншалықты терең шұңқыр қазуыңыз шарт. Көптеген адамдар менің шет елдерде, әйгілі теңіз жағажайларда саяхаттап, белгілі әлемге танымал адамдармен еркін сөйлесіп, достасып, олардан үйреніп жүргеніме таң қалып жатсада менің ағылшын тілін үйрену үшін үш жыл бойы институтке барар жолда трамвайдың ішінде күн сайын жиырма ағылшын және неміс жаңа сөздерін жаттағаным туралы ойламайды да. Аз дегенде бір шет ел тілін білгіңіз келеді ме деп сұрасаң барлығы да «иә» деп жауап береді ал екі үш жыл ішінде тым болмаса күніне бір сағаттан оқып жаттаудан ерінеді. Шын мәнінде бұл да табыстың тағаны! Кездейсоқ жетістік деген болмайды, жеңіс жолдарында үнемі қажырлы еңбек,маңдай теріңіз тұрады, ерен еңбек ғана табысқа жеткізеді.Тез табыстың артында тез құлау, жедел құлдырау да тұруы мүмкін екенін еске сақтаңыз.Ал сапалы орнатылған таған болашақта ұзағынан болатын жеңіс, жетістіктеріңіздің кепілі. Таған орнату оңай іс емес,ол үшін жақсы болжам жасап,нақтылы жоспар құру қажет.Сіз өз денсаулығыңыз,ақша қаражатыңыз,жақсы қарым қатынас,рухани даму жолдарыңыздағы орнатқан тағандарыңызды саралап « Мен нені салу үшін нені орнатып жатырмын » деген сұраққа жауап беріп көріңіз, зәулім сарай ма жоқ әлде шатыр ма? ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Биікке самғаған зәулім сарай салу үшін төмен қарай терең шұңқыр қазып таған орнатады!!!

5.МАҚСАТТЫ ҚҰМҒА ЖАЗУ Көптеген адамдар болашақтары үшін өте жоғары деңгейдегі мақсаттар қойып оларына жете алмай жатады.Әсіресе мансапқор адамдар шама-

дан тыс үлкен мақсаттар қойғыш келеді және де « Осы мақсаттарыма жетпесемде бәрібір алға жылжый беремін » деп ойлайды.Мұның қаншалықты дұрыс бұрыс екенін талқылыап көрейік. Мақсатыңызға жеткенде сіз қандай көңіл күйде боласыз? Әрине,сіз қуанып,қанат біткендей жігерленіп,өзіңізге деген сеніміңіз артады

және де келесі жолы оданда үлкен мақсат қоюға ұмтыласыз. Ал егер мақсатыңызға жетпесеңіз қандай күйде боласыз? Өзіңіз білсеңіз де білмесеңіз де өзіңізге деген сеніміңіз жоғалып,ішіңізден тынып «Мен

бір жолы болмайтын сорлымын,менің қолымнан түк келмеді» деген ойлар мазаңызды ала бастайды. Шын мәнінде мақсатқа жетпей қалу

өте қауіпті,сізде өзіңізді кінәлау сезімі туындайды,мақсатқа жетпеу жиілей берсе өзіңізге деген сеніміңіз азая береді.Орындалған мақсаттар адамды жігерлендірсе орындалмағандары үмітсіздендіреді! Жеңіске жете алмайтыныңызды сезе бастағаннан мақсатқа жетер жолыңыз санадан тыс тұйықтала бастайды да мақсатқа жетпеудің сылтауларын іздейсіз.Осындай әрекетіңізбен өзіңізді табысқа жетер жолдан алыстатасыз.Аса үлкен мақсаттарға жету үшін өте көп күш жұмсалады ал кейде денсаулықтан да айырылады. Мақсат қою маңызды ал оған жету одан да маңызды! Өз күшіңізді қалай дұрыс есептей білуіңіз керек?  Бұл сұраққа әлемге әйгілі әдістемеші-нұсқаушы Джим Ванчның мына бір қарапайым анықтамасы жауап береді; «Мақсатыңды тасқа ойып емес құмға жаз». Мұны былай түсініңіз,Табысқа жетер жолыңызда алғашқы мақсатыңызға жете алмайтыныңызды білсеңіз жоспарыңызды қайта қараңыз да жаңа меже белгілеңіз, соған жетуге тырысыңыз. Сіздің мақсатыңыз межеге жеңіспен келу,сонда ғана сіз жеңісіңізді тойлай аласыз емес пе?Сосын; Көңіл күйіңіз көтеріліп,рухыныз жігерленіп болашаққа нық сеніммен қарайсыз! Қойған мақсатқа міндет-ті түрде жету заңы жеңістерді үнемі талап етеді.Бұл заңды әлемге даңқы шыққан үлкен корпарациялар жиі қолданады.Олар жыл соңында міндетті түрде жеңіске жету керек екенін жақсы біледі сондықтан да жыл ортасында қойған мақсатының деңгейі тым жоғары болғанын сезсе межені төмендетеді. Мақсаттар сізді алысқа шақырып тұруы міндетті шарт, ал ең бастысы олар сізге жағымсыз жағдайлар мен күйзеліс туғызбауы керек,шамадан тыс межені түсіре білу қажет! Сол межеге міндетті түрде жеңіспен келу керек.Ұлы,үлкен мақсаттар қойып армандау жақсы ал соларға жетуге туған мүмкіндікті жібермеу қажет. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Мақсатыңды тасқа ойып емес құмға жаз.

46.КҮМӘНДАНСАҢ СҰРА Көптеген адамдар басқалардың өздері туралы не ойлайтынын біле алмай,айналасындағылар оған қалай қарайтынын түсіне алмай,өздеріне неге олай емес дәл былай істегені туралы ойлап қайран уақыттарын жоғалтып жатады.Олардың осылайша ойлауының басты себебі, өздеріне еш пайдасыз нәрселерді басқалардың орнымен ойлауында болып келеді. Өзіңіз туралы маңызды пікірлерді басқалардан сұрап біле салудың орнына күмәнданып, ойыңыздан құрастырып, олар солай ойлайтын шығар деп болжайсыз.Сосын өзіңіздің шығарған жалған қортындыңызға сүйеніп қате шешімдер қабылдайсыз. Табысты адамдар күмәндану мен күдіктенуге уақыттарын жоғалтып әуре болмайды,егер күмәнданса дереу сұрап біліп алып күмәнінан сейіледі. Бұдда «Күмәнданудан қорқынышты еш жаман әдет жоқ бұл әдет адамдардың арасын ажыратады, бұл әдет адамдардың достығы мен ынтымағын бұзатын ,ол көзге шыққан сүйелдей тітіркендіретін ауыру, қырып жоятын өткір қылышпен тең » деген екен. Адамдардың көбі жәй ғана сұрап білудің орнына неге күмәнданып жүруді жақсы көреді дейсіз?! Себебі олар сұрағына жаман жайсыз жауап алып қаламынба деп қорқады. Шындығында күмәнданып болжам жасап жүргеннен де сұрап білген артық болар еді. Сіз өзіңіз туралы басқадан сұраған кезде мынадай екі нәрсе пайда болады; Біріншіден,сіз шындықты білесіз,бұл тіптен сіз ойлағандай ең жаман варианты болсада,енді оған дайынсыз қайтіп күмәнданбайсыз,

екіншіден, шындық пен нәрселердің шынайы жағдайын білгеннен соң ғана сіз бірдеңені күрделі өзгерте аласыз. Бір жолы мен өзімнің «Табысқа жетуге ұмтылу» атты сабағымды өткізіп жатып залдың түкпірінде отырған сақалы өскен, жабырқаңқы, қолын қусырған адамды көрдім. Сосын келесі бір жарым сағат бойы оған менің айтқаным неге ұнамай отыр екен деп ойлаумен болдым, менің айтқандарым оған ұнамай отырғанына сенімді едім. Бірінші үзілісте дереу оның қасына барып неге осындай күйде екенін сұрағанымда оның « Бұл менің өмірімдегі бұрын соңды естігендерімнің ішіндегі ең жақсысы болды » деген жауабына таң қалдым, ал оның солай жабырқап отыруының себебі сырқаттанып қалғанынан екен! Сіздің күмәнданудан табатын жалғыз пайдаңыз ол өзіңізді бүлдіріп тыну! ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Қандайда болмасын бір нәрсеге күмәндансаңыз «Күмәндансаң сұра» деген заңды есіңізге алып үнемі сұрап жүріңіз!!!

45.КЕШІРІМ СҰРАУ

Басқаларға кесірі тиетін нәрселер істегеніңізді біле тұра білмегенсіп

өз қателігіңізді мойындамай сол нәрселерді жалғастыра берген оқиға-

лар сіздің өміріңізде болған шығар. Өз қателігіңізді біліп оны мойындауды бастау арқылы өміріңізді жаңа сапалы сатыға жақсарту-

ға болатыны туралы сіздерге айтайын. Басқа адамдардың ескертуіне

де құлақ аспай өз қателігіңізді мойындамастан кешірім сұрамай жүре берсеңіз не сізге болатынын білесіз бе? Украйнаның әйгілі психологы Наталья Холоденко «Егер сіз кешірім сұрамасаңыз өз қателігіңізді толық мойындауды қаламайтыныңыз » деп айтады.Демек сіз өз қателігіңізді мойындауды қаламайтын болсаңыз бұл сіздің тәкәппарлығыңызды білдіреді, ал тәкәппарлық болса сіздің рухани тұрғыда жетілмегеніңіздің белгісі. Жекетұлғалық даму жолына түскеніңіз-

де ең алдымен алып тастайтын нәрсенің бірі- ол тәкәппарлық! Сіз біреуден кешірім сұрағанда оны шынайы ниетпен жасасаңыз өз қателігіңізді мойындаумен қатар жекетұлға ретінде өскеніңіздің бірегей белгісі. Ал сіз кешірім сұрамаған жағдайда жауапкершіліктен қашып

рухани даму мүмкіндігінен айыраласыз. Қандай жолмен адамдар жауапкершіліктен қашатынын сіз білесіз,олар өздерін ақтайтын сылтау іздеп,болған оқиғаға немесе басқа адамдарға кінә тағады,ал өз кезегінде ақталу мен кінәлау адам өміріндегі сәтсіздіктерге алып келетін жауапкершіліктен қашу амалы екеніні есіңізде болар! Егер сізге кешірім сұрау,қателікті мойындау қиын болса онда сіз Жүз пайыз жауапкершілік-

тен қашқаныңыз,мұндай жағдайда табысқа толық жете алмайсыз. Біраз жыл бұрын мен жүретін қызыммен айырылыстым,алғашында мен өзімді ақтап оны кінәлағым келді,сосын мен Жүз пайыз жауапкершілікті

өз мойныма алып нағыз еркектерше әрекет ету керектігін түсініп қыздан кешірім сұрадым, бұл қателіктен сабақ алып басқа бір жаңа қарым қатынастың сапалы деңгейіне көтерілдім. Өз қателігіңді мойындау өте қиын іс,кейде бұл үшін өзіңе өте көп күш жұмсайсың,бірақ былай етпейінше нағыз табысқа жету мүмкін емес! Өз қателігіңді мойындаумен өзіңнің үйреншікті өзіңе қолайлы шеңберің-

нен шығуға тура келеді,бірақта оның нәтижесі сізді рухани дамудың жаңа сатысына көтереді.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Қателікті мойындау,кешірім сұрау әдетіңіз сіздің жекетұлғалық даму жолыңыздағы ең алдыңғы ең маңызды қадамдарыңыздың бірі!!!

6.КҮМӘНДАНУ ДАБЫЛЫ Жеткен жетістік деңгейіне қарамастан әрбір адамда үнемі қағылып тұратын күмәндану дабылы болады.Бұл дабыл сіздің бастаған әрбір іс әрекетіңізге қағылып « Өй сенің ақша қаражатың жоқ,уақытың,білімің жетпейді, жағдайың келіспейді,таныстарың жоқ қалай жүзеге асыра аласың!»деп біреулерге сыбырмен ал басқаларға айғаймен естіледі.Сіз осы дабылды естімегенсіп жүре беру немесе оның жоқ болғанын қалайсыз. Табысқа жеткен адамдардың бір құпиясы осы күмәндәну дабылына құлақ салып бар ынта ықыласымен тыңдауында болады.Бұл дабыл сізге жақсы ақыл айтып дұрыс бағыт бағдар көрсетуі мүмкін. Егер сіздің Табысқа жетер жолыңызда шыныменде бөгеттер болса осы дабыл арқылы солардан қалай құтылу амалын алдын ала ойластырып дайын-

даласыз. Әлемге әйгілі «Армандарды шындыққа айналдыратын » әдістемеші Марша Виддердің кеңесі бойынша алдымен күмәнді ойларды қағазға тізіп жазыңыз,сосын екі тарапқа бөліңіз. Бірінші тарапқа сізге шек қоятын нанымдарыңызды,мысалы «менің ақшам жоқ,танысым жоқ,уақытым жоқ,білімім жетпейді» деген сияқты-

ларды жазасыз. Бұл күмәнді кері тартпа нанымдарды аффирмациялар арқылы ілгері жылжытатын нанымға айналдыруға болады.

Екінші тарапқа міндетті түрде нақтылы жасауға тиісті стратегиялық бағыттағы күмәнді нанымдарды жазасыз,мысалы «қосымша білім алу,көкемнен көмек сұрау немесе эксперттен кеңес алу» деген сияқтыларды.Сонымен күмәндану дабылы әрқайсымызда да болады,

мақсаты бізге бөгет болу емес керісінше бізге келер қауіп қатерді біл-діріп көмектесу.Егер күмәндану дабылын елемей «мен неден қорқамын, қолымнан бәрі келеді,бастық көкем бар» деп батырсынсаңыз ол сіздің ішкі жан дүниеңізге кіріп алып күмәнді нанымдарыңызға қасақана

сендіре бастайды! Сондықтан да күмәнді ойлардан құтылудың бірден бір жолы олардың «сөйлеуіне » мүмкіндік беру. Тек сонда ғана күмәндану дабылы ақиқат дабылына айналып сізге нәрселердің шындығын ашып төніп тұрған қауіп қатерді ескертеді. Мұндай жағдайда сіздің Табысқа жетер жолыңызда тосқауыл қоятын ешбір бөгеттер,тосын оқиғалар кездеспейді.Егер сіз күмәндану дабылын бар ынта ықыласыңызбен тыңдай білсеңіз одан көп пайдалы нәрселер үйренесіз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН Күмәндану дабылынан құтылудың бірден бір жолы оған «сөйлеуге» мүмкіндік беру!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]