- •2.Гис корсеткиштери бойынша онимди кабат сипаттамасы
- •2.Сейсмикалык барлау. Мунай издеу жумыстарындагы олардын адистери мен миндеттери
- •3.Мунай бергиштикти аныктайтын геологиялык факторлар
- •3.Игерудин негізгі талаптары мен тапсырмалары
- •2.Ондиристик менгеруге кенорыннын дайындылыгы
- •3.Мунайгаздылы корлары мен ресурстары
- •3.Мунай бергиштик коэффициенти
- •3.Қор есептеудин колемдик адиси
- •2.Мунай корын есептеудин колемдик адиси
- •3.Шогырдын сулану себептери
- •3.Қарашығанақ кенорынының геологиялық құрылысы мен газдылығы
- •2.Қабаттыққысымды ұстаудың ең таралған адистери
- •3.Газ корын колемдик адиспен есептеу
- •3.Мұнайбергиштикти аныктайтын геологиялық-касиптик факторлар
- •1.Мұнай корны есептеудин колемдик адиси
- •2.Газ корын есептеудин колемдик адиси
- •1.Конденсат корын есептеу
- •3.Мұнай мен газ корларынын категориясын белгилеу принциптери
- •2.Мунай және газ коры бойынша кенорындардың жіктемесі
- •3.Мунай корын есептеудің көлемдік әдісі
3.Қор есептеудин колемдик адиси
27– БИЛЕТ
1.А,В,С1,С2 корларынын категориясына койылатын талаптар - А категориясы бойынша шоғырдың (немесе оның бөлігінің) қоры игеру жобасына сәйкеc бұрғылау ұңғымалар бойынша есептеледі және мұнай, газ бен конденсат қорларын үйлестіру жүйесі мен өңдеу процесінің негізгі ретінде қызмет етуі керек.В категориясы – шоғырдың (немесе оның бөлігінің) қорлары мұнай кенорындарын игерудің технологиялық сұлбасына немес газ кенорындарының тәжірибелік-кәсіптік пайдалану жобасына сәйкес бұрғыланған ұңғымалар бойынша есептеліп, игеру жобасын жасауға негіз ретінде қызмет етуі керек.С1 категориясы – шоғырдың (немесе оның бөлігінің) мұнайгаздылығы ұңғымаларда алынған мұнай, газ бен конденсат ағыны және сынамаланбаған ұңғымаларда зерттеулерден оң нәтиже негізінде анықталған қоры.С1 категориясы қорлары геологиялық барлау жұмыстары мен пайдаланудың бұрғылау бойынша есептеледі, және мұнай кенорнының игерудің технологиялық сұлбасын немесе газ кенорнын тәжірибелік-кәсіптік пайдалану жобасын жасауға бастапқы мәліметтер жеткілікті дәрежеде болуы керек.С2 категориясы қорлары шоғырдың жоғарырақ категориясына кіретін барланбаған бөлігінде; аралық, жоғары және төмен орналасқан сыналмаған қабаттарға кәсіптік геофизикалық сипаттамасы жақсы барланған кенорындарда есептеледі.С2 категориясы қорлары перспективті кенорындарды анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау және ұңғыманы жоғары қабатқа ауыстырудағы геологиялық кәсіптік зерттеулер мен шоғырды игеруді жобалау үшін қолданылады.
2.Мунай корын есептеудин колемдик адиси
3.Шогырдын сулану себептери
28– БИЛЕТ
1.Қор категориялары - Қалыпты жағдайға келтірілген, анықталған, барланаған мен игеріліп жатқан шоғырлардағы есептеу уақытындағы мұнай мен конденсат массасы мен газ көлемі қорлар деп аталады. Қалыпты жағдайға келтірілген, өнімді, бірақ бұрғылаумен ашылмаған анық кенорындардың қабаттарында немесе бұрғылауға дайындалған аудандардағы, және геоқұрылымды элементтердің аумағында литологиялық-стратиграфиялық кешендерде дәлелденген және болжамды мұнайгаздылығы бағалау уақытындағы мұнай мен конденсат массасы мен газ көлемі ресурстар деп аталады. Бағаланған ресурстар қорлардан тек зерттелу деңгейімен емес, сонымен бірге негізделуімен де ерекшеленеді.Зерттелу дәрежесі мен кәсіптік меңгеруге дайындығына байланысты мұнай мен газ қорлары категорияларға бөлінеді. Қор категориясы – шоғырдың немесе оның бөлігінің зерттелу дәріжесі мен игеруге дайындығын көрсететін жалпы жиынтық көрсеткіш.Соған байланысты қорларды бір және басқа категорияларға жатқызу зерттелу дәрежесін, мөлшері мен сапасы жағынан алынған мәліметтерді объективті бағалауды талап етеді.Горизонттардың мен шоғырлардың өнімді екендігі ұңғыма бұрғылаумен анықталуы – қор мен ресурс арасын бөлетін шекара болып табылады.Мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттердің қорлары зерттелі дережесі бойынша дәлелденген А, В, С1 категорияларына және алдына ала бағаланған (барланбаған) – С2 категориясына бөлінеді. Дәлелденгендер өз ішінде игеріліп жатқан(А және В категориясы) және барланған(С1 категориясы) қорларға бөлінеді. Мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттердің ресурстары негізделу дәрежесіне қарай перспективті – С3 категориясы, және болжамды D1, D2 мен D3 категорияларына бөлінеді.
2.Мунай жане газдың химиялық құрамы - Химиялық қасиеттері бойынша мұнай күрделі жүйе, ол көптеген құрамы әр түрлі қоспалардан тұрады, мұнайдың ең құнды бөлігі көмірсутектер (КС). Көмірсутектерден басқа жоғары молекулярлы қоспалар - шайыр және асфальтендер кездеседі, оларда көміртегі, сутегі атомдарымен қоса оттегі, азот, күкірт және шамалы мөлшерде металдар атомы болады. Көмірсутектердің арасында негізгілері: метанды, нафтенді, парафинды ол өзі:жоғары(60%<), парафинді(1,5-60%), аз парафинді(1,5>) және хошиісті.
