
- •Журналистика кафедрасы «Әлем журналистикасының тарихы»
- •5В050400 – Журналистика мамандығы үшін
- •Қарағанды 2014
- •1. Пән бойынша оқу әдістемелік кешені – sillabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәлімет
- •1.2 Пән жайында мәлімет
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7 Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1.9 Баға туралы ақпарат
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
- •2.1 Тақырыптық жоспар
- •2.2 Дәріс тезистері:
- •Журналдар
- •№ 14 Дәріс. Қытай журналистикасы
- •№ 15 Дәріс. Ресей журналистикасы
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студеттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (сөж)
- •№ 15 Сөж. Ресей журналистикасы
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалар
- •Студенттердің білімін бағалау критерийлері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
- •1.3 Пререквизиттер ……………………………………….....3
№ 14 Дәріс. Қытай журналистикасы
Шет елдердің (радиосы, теледидары) ақпарат құралдарының бөлімдері бізде ашылып жатса, қазақ бөлімдері әлемнің бірнеше алпауыт мемлекеттерінде туларын желбіретіп отыр. Бұған әрине, себеп – қандастарымыздың сол жақта өмір сүріп, жемісті қызмет етуі.
Тұңғыш рет хабар «Пекин» орталығынан берілсе, кейін 1978 жылы Қытай орталық теледидары деп аталады. Бүгінгі таңда бұдан 138 сағат көлемінде берілетін 8 бағдарлама бар. Оларды таратып айтсам:
1-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар
2-бағдарлама – мәдени, көңіл көтеретін хабарлар
3-бағдарлама – халықаралық арна, 5 арна – спортқа, 6-киноға, маңыздысы балалар, ауыл шаруашылығы, әскери, ғылыми-техникалық хабарлар маңызды орын алады. Ең соңғы 8 бағдарлама – әдебиетке арналған.
Күн сайын жарты сағат берілетін ақпаратты бағдарлама – «Информационнан панорама». Оны солтүстіктегі Хэйлунцзяннан оңтүстіктегі Хайнань аралығына дейінгі, шығыстағы Сары Теңіз жағалауынан бастап батыстағы Тянь-Шань тауына дейінгі аралықта барлығы көреді. Дикторлары – өте жас, қарапайым киінген, мәтінді мүдірмей, аса шеберлікпен тоқиды.
Қытай халық республикасында екі аптада біррет шығатын «Баньюэ тань» («Беседы», күнділікті газет – «В эньх уэй бао» («Литература чтение») «Гуанмин жибао («Свет»), «Гунжэнь жибао» («Рабочая газета»), «Жэншэнь жибао» («Народная газета»), «Дачжун ряньин» («Массовое кино» – ай сайын шығатын киножурнал, «Пекин ревью» (Пекинскок обозрение), «Синьэвэнь чжаньсянь» («На фронте журналистики») – журналистерге арналған ай сайын шығатын журнал, «Цзефан жибао» («Освобождение»), «Чайниз литече» («Китайская литература») – әдеби журнал, ең бір атап өтетіні – «Жэньшинь хуабао» («Народная иллюстрированная газета») – ай сайын шығатын суретті журнал. Пекинда қытай, орыс, ағылшын, араб, вьетнам, индонез, испан, тиальян, корей, неміс, сухаил, урду, француз, хинд, швед, жапон, румынь (17) тілдеінде басылады. Аталған газет-журналдардың дерлігі 8, 2 млн – 70 мыңға дейінгі тиражда шығатын көрінеді.
Қытайда радиохабар Орталық және аймақтық болып бөлінсе, Орталық тәулігіне 128 сағат хабарды жеті дербес арна арқылы таратады. (21 %) – жаңалықтар, 20 % - оқу-білім, 49 % – көңіл көтеретін, қызметтік – 7 %).
Ал аймақтық радиохабардан Шыңжан – ұйғыр халықтық радиостанциясын атауға болады. Қытайда – коммерциялық радиостанция болмағанымен, 1979 жылы ақылы жарнама беруге рұқсат етілген.
«Пекин радиосы» – шетелге хабар тарататын мекеме (43 тілде). Сыртқы хабар тарату қызметі 54 шетелдік радиостанциясымен ынтымақтасып, 16 спутниктік байланыс жасалынған. Радио тілшілері Токио, Банген, Исламабад, Нью-Йорк, Москва, Бонн, Хараре, Сидней, Буэнос–Айрес, Брюссель, Найробиде бар.
Пекиндегі Қазақ радиосы бағдарламасы алғашқы кезде ақпараттық шектелді. Құрылғанан 1981 жылға дейін күніне 1 сағат эфирге шығып тұрады. Осы орайда Диктор Қызырбек Жанасұлы [2, 102]: «Мұның жарты сағаты еліміз іші-сыртындағы елеулі хабарлар, қалған жарты сағаты ән-күй, шетел музыкалары, радиотеатр, романнан үзінді, дастан, өлең, дәріс, сұқбат негіздегі бағдарламалар болды. 1984 жылы бағдарламаған реформа жүргізіп, бұрынғы 1 сағаттың бағдарламаны жарым сағаттан күніне 2 уақыт беруге өзгерттік», – дейді.
2000 жылғы 16 қыркүйектегі бекіміне сай (Төраға Жаңзымның) 2000 ж. 25 желтоқсаннан бастап ақпараттық бағдарлама 2 сағатқа толықты. Соған байланысты жаңадан тағы 5 айдар қосылған екен: алтын шаңырақ, жас дәурен, спорт әлемі, экономика аалдыны. Жалпы алғанда, бүгінде айдарлар саны 12-ге жеткен көрінеді.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1]; [7]; [10]; [27]; [32];
Қосымша: [10]; [11]; [13];