Естен тану
Естен тану — қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.
Естен танудың белгілері
• Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі);
• Салқын тер шығу: көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;
• Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
• Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу.
Естен тану жағдайын болдырмау немесе одан тез айықтырып алу үшін не істеу қажет? Естен танудың алғашқы белгілері немесе сондай жағдайдьң қаупі байқала бастағанда:
Сырқат адамды аяқ жағы басынан биігірек болатындай етіп жатқызу керек.
Ал сырқ1ат адамның басы қатты зақымданған болса, оны жартылай отырған қалыпта жатқызған жөн.
Қандай да болмасын қан кетуді тоқтатыңыз;
Егер сырқат адам тоңып жатса, оны көрпемен қымтаңыз;
Егер сырқат адам су іше алатындай халде болса, онда оған бірнеше тамшы су, әйтпесе, басқадай сусын беріңіз, ал организмде су жетіспеушілігінің белгілері байқалса, сусынды көбірек беріп және регидрат сусынын ішкізіңіз;
Жарақат болса, онда жараға ем-дом жасап, таңып тастаңыз;
Егер сырқат адамның ауруы жанына қатты батып, мазасызданса, оған аспирин немесе дерт ауыртпалығын жеңілдететін (байыз таптыратын) басқа дәрі-дәрмек беріңіз, бірақ бүлардың құрамында тыныштандыру әсерін тигізетін кодеин тәрізді қоспалар болмауы керек.
Өзіңізді сабырлы ұстап, сырқат адамды демеп, көңілін көтеріңіз.
Сырқат адам ес-түссіз жатқан жағдайда:
Басын бір қапталға қырынан салып және артқа қарай сәл кегжитіңкіреп темен қаратып жатқызыңыз (жоғарыдағы суретке қараңыз). егер сырқат адам демі жетпей түншығып бара жатса, саусағыңызбен оның тілін тартып шығарыңыз.
Егер ол құсып жіберсе, дереу аузының ішін құсықтың қалдығынан тазалаңыз. Құсық өкпесіне кетіп қалмауы үшін басы жоғарыда айтылғандай жағдайда жатқанын қадағалаңыз (төмен, артқа қарай сәл шалқайтылып және қырынан салынған);
Есін жиғанша оның аузына ештеңе апармаңыз;
Егер осы сәтте маңайындағы адамдардың біреуі болмаса біреуі күре тамыр арқылы ерітіндіні жиі тамшылатып жіберу әдісін білетін болса, соны қолданыңыздар;
Сырқат адамға тезірек дәрігерлік көмек көрсету шарасын ұйымдастырыңыз.
Естен тану
Естен танудың себептері сан алуан: үрей, қатты ауырсыну (егер адам ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатса), жатқан күйден кілт тұрған күйге ауысу, жылу немесе күн өту, ашығу, көп қан кету.
“Жедел жәрдем” келгенше естен танған адамды жастықсыз жазық жерге жатқызып, аяғының астына бірдеңе қойыңыз, тыныс алуын қиындатып тұрған киімінің түймесін ағытыңыз. Бөлмеге таза ауа кіруі үшін терезені ашыңыз, мұрнына мүсәтір спиртіне, әтірге немесе сірке суына малынған мақтаны иіскетіңіз. Самайларын сірке суымен немесе әтірмен сүртіңіз.
Егер қолданған шараларыңызға қарамастан адам есін жимаса, жасанды тыныс алдыруға кірісіп, оны “Жедел жәрдем” келгенше немесе адам есін жиғанша жасай беріңіз.
