Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.42 Кб
Скачать

Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

Қан айналымы қызметінің жетіспеушілік  синдромы деп жүрек және қан тамырлар жүйесі мүшелері мен тіндерінің олардың қалыпты қызметі үшін қажетті қан мөлшерін жеткізе алмауын айтады. Жетіспеушілік не жүрек, не жалпы қан тамырлар қызметі бұзылғанда пайда болады. Клиникада көбінесе жүрек қызметінің жетіспеушілігіне байланысты қан айналымы қызметі жетіспеушілігі кездеседі. Ал ол дамығанда бүкіл қан айналым аппаратының қызметі бұзылады

Қан тамырлары қызметі жетіспеушілігінің түрлері

Бұл қан тамыр  ішіндегі қанмен, айналымдағы қанның ара қатынасының  мөлшері бұзылғанда пайда болады. Ол қан мөлшерінің азайғанында (көп қан кеткенде, организмнің сусыздануында) немесе қан тамырларының күш-қуатының (тонус) төмендеуінде дамиды. Қан тамырлар тонусының төмендеуінің себептері: 1) тамырлардың вазомоторлы нервтерінің рефлекторлы бұзылуында(жарақат кезінде, сірлі қабықтардың тітіркенуінде, миокард инфарктінде, өкпелік артерияның эмболиясында т.б.; 2) вазомоторлы нервтерінің орталықты бұзылуы(гиперкапнияда, мидағы жедел гипоксияда); 3) көптеген инфекциялармен улану кезіндегі қан тамырларының парезі пайда болады. Тамыр тонусының төмендеуінен қанның организмде таралуы бұзылады: құрсақ қуысындағы қан тамырларында жиналған қан көлемі көбейіп, ал айналымдағы қан көлемі азаяды. Айналымдағы қан көлемінің азаюы, жүрекке веналық қан көлемін азайтып, артериялық және веналық қан қысымының төмендеуіне әкеліп соғады.

Қан тамырлар қызметінің жедел жетіспеушілігі

Қан тамырларында қан айналымы қызметінің жеткіліксіздігі  жедел түрде болады, мұны коллапс деп атайды. Айналымдағы қан көлемі азайып және артериялық қысымның төмендеуі мидың ишемиясын туғызады.                                                                           Коллапс (лат. collapsus – әлсіреген, құлаған) – 1) медицинада – артерия және вена қан тамырларында қан қысымының күрт төмендеуінен болатын тамыр ауруы. Коллапс мида орналасқан қан тамырларының қызметін бақылап, реттейтін орталық жүйке жүйесі жұмысының әлсіреуінен пайда болады. Соның нәтижесінде адам организміндегі көптеген қан тамырларындағы қан көлемінің тұрақтылығы бұзылады, яғни адамның ішкі құрылысында орналасқан қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайса, керісінше, ми, бұлшық ет, тері қан тамырларындағы қан мөлшері кенет төмендеп кетеді. Коллапс қан тамырларынан көп мөлшерде қан кеткенде (қансырау), микроб токсиндерінің және әр түрлі улы заттардың қан тамырлары қызметін реттейтін орталыққа теріс әсерінің нәтижесінде, көп жағдайда әр түрлі жұқпалы ауруларда, сондай-ақ, адам организмі уланған жағдайларда байқалады. Коллапстың клиникалық белгілері ауру адамның тері қабатының бозаруымен, көгеруімен, тамыр соғуының (пульс) әлсіреуімен, қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Сондай-ақ, бұл кезде науқас адамның басы айналады, көз қарауыту, құлақта шуылдың пайда болуы,естен танып, денесін суық тер басады, бет пішіні өзгеріп, қол-аяғы мұздайды. Коллапстың ең ауыр түрі – артериялық қан қысымының күрт төмен түсіп кетуі. Бұл жағдай кейде науқасты өлім халіне соқтыруы мүмкін. Коллапс анықталған жағдайда ауру адамға дереу дәрігер шақыруы керек. Алғашқы көмек ретінде төсекке жатқызып, сырт киімін шешіп, бөлмені желдетіп, дұрыс демалуын қадағалаған жөн. Егер ауру адам есінен танбаса, ыстық шай, кофе ішкізу қажет; Қан тамыры қызметінің жедел жеткіліксіздігігің тағы бір көрінісі – ол естен тану болып табылады. Бұл мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінен туатын қысқа мерзімді естен айырылу. Талма немесе естен тану қажығанда, толғанда, қатты қорыққанда, ауасы тар бөлмеде жатқанда пайда болады. Орталық қан тамыр соғуының реттеуінің бұзылуы, қан дұрыс бөлінбегендіктен болады. Сондықтан құрсақ қуысындағы тамырға қанның көп жиналуы, миға қанның жетіспеуінің зардабынанболады. Талма кезіндегі тері жамылғысының көгеруі, суық тер, аяқ-қол ұштарының сууы, тамырлардың соғуының әлсіреуі. Ол кейбір науқастарда, әсіресе, астеникалық конституциялы жас әйелдерде жиі кездеседі, науқас жатқан жағдайдан тік тұрғанда осы талмаға ұшырайды. Оны қажығаннан, қанның азаюынан, жұқпалы аурумен ауырғаннанболады. Мұндай талмаларды орта статикалық коллапс деп атайды. Оны қанның дененің жоғарғы бөлігінен аяқтарға және құрсаққа құйылуын тудыратын вазомоторлық жауаптың бірден жылдамдауынан деп түсіндіруге болады