Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2002.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
610.3 Кб
Скачать

География

1. Поляр жұлдызына қарап ... бағытты анықтайды

A) Батыс

B) Шығыс

C) Оңтүстік

D) Солтүстік

E) Солтүстік-Шығыс

2. Мантия ортасында орналасқан жердің ішкі бөлігі.

A) Эпицентр.

B) Кратер.

C) Ядро.

D) Жер қыртысы.

E) Магма.

3. Атмосфераның төменгі қабаты ... аталады.

A) Магнитосфера.

B) Стратосфера.

C) Тропосфера.

D) Озоносфера.

E) Ионосфера.

4. Бұл елдің халық саны 1990 ж.санақ бойынша 1 млрд. 134 млн. адам.

A) Қытай.

B) Бангладеш.

C) Үндістан.

D) АҚШ

E) Ресей.

5. Жер бетіндегі ең үлкен ойпат:

A) Шығыс-Еуропа.

B) Мексика.

C) Батыс-Сібір.

D) Каспий.

E) Амазонка.

6. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл.

A) 1990

B) 1994

C) 1991

D) 1993

E) 1992

7. Каспий теңізінің порттары.

A) Қапшағай, Ақтау.

B) Атырау, Ақтау.

C) Семей, Павлодар.

D) Павлодар, Өскемен.

E) Орал, Ақтөбе.

8. Қоршаған орта туралы ғылым.

A) Зоология.

B) Биология.

C) Геология.

D) Метеорология.

E) Экология.

9. Қазақстанның маңызды рекреациялық аудандары:

A) Алтай, Қостанай, Арқалық.

B) Қарағанды, Іле, Жоңғар Алатауы.

C) Атырау, Көкшетау, Ақтау.

D) Көкшетау, Ұлытау, Семей.

E) Көкшетау, Іле, Жоңғар Алатауы, Алтай.

10. Мұхит түбінің үштен бір көлемін құрайтын Үлкен қайраң (шельф) ... орналасқан.

A) Солтүстік Мұзды мұхитында

B) Аравия теңізінде

C) Тынық мұхитында

D) Үнді мұхитында

E) Атлант мұхитында

11. Жан-жағы тік жартастармен қоршалған үстірт:

A) Үстірт.

B) Қаратау.

C) Орал алды үстірті.

D) Торғай үстірті.

E) Маңғыстау.

12. Астық тұқымдас өсімдіктер басым табиғат зонасы:

A) Шөлейт.

B) Дала.

C) Орманды дала.

D) Жартылай шөл.

E) Орман.

13. Республикамыздағы ең ірі агломерация:

A) Қарағанды маңында.

B) Қостанай маңында.

C) Өскемен маңында.

D) Жезқазған маңында.

E) Атырау маңында.

14. Негізгі жыртуға жарамды жерлер орналасқан зона:

A) Дала, шөлейт.

B) Субтропик, шөл.

C) Орманды дала, дала.

D) Шөл, шөлейт.

E) Орман, орманды дала.

15. Жүкті «Қақпадан – қақпаға» жеткізе алатын көліктің түрі:

A) Құбыр жолы.

B) Автомобиль көлігі.

C) Темір жолы.

D) Әуе жолы.

E) Мұндай көлік түрі жоқ.

16. Қазақстандағы мыс қорыту комбинаты.

A) Жәйремде.

B) Қоңыратта.

C) Балқашта.

D) Рудныйда.

E) Текеліде.

17. Халқының саны 100млн. адамнан артық мемлекетті ата.

A) Қазақстан

B) Пәкістан

C) Украина

D) Армения

E) Түркия

18. Атом электр станциясында энергия өндірісінің абсолюттік көлемі жөнінен ... елдері алда келеді.

A) Үндістан, Қытай, Мексика, Ресей, Дания.

B) Германия, Ұлыбритания, Дания.

C) АҚШ, Ресей, Италия ,Канада.

D) Франция, Жапония, АҚШ, Германия, Ресей.

E) Оңтүстік Корея, Тайвань.

19. Шетелдік Азияда 70-80-ші жылдарда «микроэлектрондық революция» қай елдерде жедел өркендеді:

A) Корея, Монғолия, Тайланд, Мьянма.

B) Корея, Тайвань, Гонконг,Тайланд.

C) Үндістан, Корея, Мьянма, Пәкістан.

D) Қытай, Корея, Үндістан, Монғолия.

E) Тайланд, Сингапур, Қытай, Афганистан.

20. Жерге ультракүлгін сәулені жібермей ұстап тұратын атмосфераның қабаты

A) Атмосфераның жоғарғы қабаттары.

B) Озон қабаты.

C) Тропосфера.

D) Стратосфера.

E) Мезосфера.

21. Биіктік белдеулер деп атайды:

A) Таудағы табиғат зоналарын.

B) Мұхиттағы табиғат зоналарын.

C) Материктің табиғат зоналарын.

D) Аралдың табиғат зоналарын.

E) Жазықтағы табиғат зоналарын.

22. Қазақстанның қай табиғат зонасында тәуліктік жоғарғы амплитуда байқалады:

A) Орманды Дала.

B) Дала.

C) Табиғат зонасында тәуліктік амплитуда.

D) Шөл.

E) Шөлейт.

23. Дамушы елдердің көшбасында тұрғандар.

A) Сингапур, Тайвань, Корея.

B) Жапония, Индонезия, Қытай.

C) Үндістан, Бразилия, Мексика.

D) Аргентина, Чили, Парагвай.

E) Үндістан, Пәкістан, Мьянма.

24. Канададағы Квебек провинциясы тұрғындарының тілі:

A) Ағылшын.

B) Португал.

C) Итальян.

D) Француз.

E) Испан.

25. Миллионнан астам тұрғыны бар қала:

A) Ташкент.

B) Бішкек.

C) Ферғана.

D) Душанбе.

E) Самарқанд.

ГЕОГРАФИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

1. Криттің ќұдіретті єміршісінің аты:

A) Эгей

B) Тесей

C) Одиссей

D) Кентавр

E) Минос

2. Рим империясының ең соңғы жаулап алу жорығын жүргізген император:

A) Антоний.

B) Цезарь.

C) Помпей.

D) Траян.

E) Октавиан.

3. Жерорта теңізінен Қара теңізге баратын теңіз жолының қиылысында орналасқан ортағасырлық Византия қаласы.

A) Измир.

B) Александрия.

C) Константинополь.

D) Антиохия.

E) Адрианополь.

4. Роджер Бэкон білім үшін қажет деп санады:

A) Шіркеудің көмегімен

B) Көшіру арқылы

C) Бақылау мен тәжірибе көмегі арқылы

D) Қолжазбалар арқылы

E) Өкіметтің көмегі арқылы

5. “Армада”...

A) Үлкен әскер деген сөз

B) Үлкен флот деген сөз

C) Үлкен бұғаз деген сөз

D) Үлкен канал деген сөз

E) Үлкен қамал деген сөз

6. XIX ғасырдың І жартысында «әлем шеберханасы» аталған мемлекет:

A) АҚШ.

B) Англия.

C) Италия.

D) Франция.

E) Германия.

7. Қытайдағы 1850-1864 жылдардағы Тайпиндер көтерілісінің басшысы:

A) Юань Шикай.

B) Лу Синь.

C) Чан Кайши.

D) Ли Сючен.

E) Хун Сюцюань.

8. ХVІІІ ғ. І жартысындағы аса ірі неміс cазгері:

A) И.Бах.

B) В.Моцарт.

C) И.Штраус.

D) Ф.Шопен.

E) Ф.Шуберт.

9. Бірінші орыс революциясы болған жыл:

A) 1906 – 1908 ж.ж.

B) 1905 – 1907 ж.ж.

C) 1903 – 1905 ж.ж.

D) 1901 – 1903 ж.ж.

E) 1907 – 1909 ж.ж.

10. Тарихшы Тациттің “құдайлар оларға алтын мен күміс бермеген” деп айтқан ел.

A) Славяндар.

B) Гректер.

C) Германдықтар.

D) Скандинавиялықтар.

E) Латтар.

11. Англияда VІІ Генрих Тюдор король болған жыл:

A) 1485 ж.

B) 1503 ж.

C) 1482 ж.

D) 1480 ж.

E) 1511 ж.

12. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтаушылардың атауы:

A) Гездер.

B) Аболиционистер.

C) Луддиттер.

D) Жактар.

E) Гуситтер.

13. Электромагниттік толқындардың сәуле шашу және қабылдау әдісін тапқан, радионың негізін қалаған ғалым:

A) А.Попов.

B) А.Беккерель.

C) А.Резерфорд.

D) Г.Герц.

E) М.Ломоносов.

14. 1917 жылдың 25 қазанында (7 қараша) Ресейде:

A) Буржуазиялық-демократиялық революциясы болды.

B) Корнилов көтерілісі болды.

C) Бейбітшілік туралы декрет жарияланды.

D) Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды.

E) Петроград қаласында қазан төңкерісі болды.

15. 1942 жылдан бастап Қорғаныс Халық комиссарының бірінші орынбасары, Жоғарғы Бас қолбасшының орынбасары:

A) К.К.Рокоссовский.

B) Н.Ф.Ватутин.

C) А.И.Еременко.

D) А.М.Василевский.

E) Г.К.Жуков.

16. Ұлыбританияның 1952 жылдан бергі мемлекет басшысын атаңыз:

A) Премьер-министр Вильсон.

B) Премьер-министр М.Тэтчер.

C) Королева ІІ Елизавета.

D) Король Чарльз.

E) Премьер-министр Эттли.

17. 1949-53 жж. социализм жүйесін құруда КСРО-ға ұқсамауға тырысқан ел:

A) Югославия.

B) Чехословакия.

C) Польша.

D) Болгария.

E) Венгрия.

18. Ирак пен Иран арасындағы шекаралық жанжал басталған жыл:

A) 1983 жыл.

B) 1979 жыл.

C) 1981 жыл.

D) 1982 жыл.

E) 1980 жыл.

19. Ғылыми фантастика жанрындағы атақты ағылшын жазушысы:

A) Дж.Лондон.

B) Г.Уэллс.

C) Т.Манн.

D) Т.Драйзер.

E) А.Франс.

20. Ежелгі үнділердің брахмандарды өте құрметтеуінің себебі, олар:

A) Брахмандар қаһарлы, өте күшті болған.

B) Егіншілікті дамытып отырды.

C) Тамаша жауынгерлер болды.

D) Жақсы өнім алуға құдайлармен ²келісе² алады деп есептеген.

E) Кедей адамдарға көмектескен.

21. 1762 жылы II Екатерина үкіметі жариялаған манифест:

A) «Барлық Ресей дворяндарына еркіндік пен бостандық беру туралы».

B) «Шаруаларға иесіне шағым жасауға тиым салу туралы».

C) Шығыс Грузияның Ресей протекторатына өтуі жөніндегі.

D) Орыс-түрік соғысының басталуы туралы.

E) Қырымның Ресейге қосылғандығы жөнінде.

22. Парижде 1871ж. революцияға қатыспаған тап:

A) Қолөнершілер.

B) Интеллигенттер.

C) Саудагерлер.

D) Жұмысшылар.

E) Шаруалар.

23. Иран шахының конституция және мәжіліс сайлауын өткізу туралы бұйрық шығаруға мәжбүр болған жылы:

A) 1905.

B) 1909.

C) 1906.

D) 1911.

E) 1907.

24. ТЖМК-ның 1991 ж. 19 тамызда құрылу себебі:

A) Тамыздың 18-де Горбачев билікті вице-президентке берді.

B) Кездейсоқ.

C) Прибалтика мәселесін шешу үшін.

D) Тамыздың 20-да жаңа одақтық шарт жасалу керек еді.

E) Тамыздың 17-де Горбачевтің денсаулығы күрт нашарлады.

25. ’’Қырғи қабақ’’ соғыс жылдарында КСРО мен оның одақтастары қарсы болған Олимпиада:

A) Олимпиада-68.

B) Олимпиада-88.

C) Олимпиада-72.

D) Олимпиада-84.

E) Олимпиада-64.

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]