- •Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме
- •«Батыр Баян» поэмасында
- •1) Жаңа тақырыпқа мақсат қою
- •2) Жаңа тақырыпқа өту кезеңі
- •3) Теориялық білім беру
- •Жай сөйлемнің түрлері
- •4) Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
- •5) Бекіту кезеңі
- •6) Қорытындылау кезеңі
- •В. Спорттағы жетістіктері: қалалық жарыстарға қатысады.
- •1.Ойлау қабілеті жоғары.
6) Қорытындылау кезеңі
А) Деңгейлік тапсырма
1-деңгей Берілген сөздермен жай сөйлем құрастырыңыз.
Айтқызбай біледі , тыңдағалы, сылқылдап
күліп жіберді.
2-деңгей Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, жай сөйлемнің түріне ажырат.
Етпетінен жатқан бала дүрбіні көз алдына әкелді.
3-деңгей Берілген сөйлемді сөз табына талдап, сөйлем мүшесіне талдаңыз.
Тәуелсіздігіміздің қарқындап дамуына баршамыз
еселеп үлес қосып келеміз.
7) Бағалау
А)Оқушыларға баға қою
В) Сабақты бағалау
Бас бармақ : жаңалық
Балаң үйрек : маған көмектесті.
Ортан терек: білдім.
Шылдыр шүмек: қайталадым.
Кішкене бөбек: менің тілегім
8) Үй тапсырмасын беру
Ереже:жай сөйлем түрлері, жақты сөйлемнің жасалу жолы;
Пысықтауға арналған сұрақтар.
72-жаттығу
Педагогикалық-психологиялық мінездеме
Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясының оқушысы
Тегі: Қалятов
Аты: Ертай
Жөні: Сымбатұлы
Туылған күні,айы,жылы 11 қазан 1998 жыл___сыныбы____8г____
Әкесінің аты –жөні: Алкенбаев Сымбат Қалятұлы әскерм бөлімде офицер;
Анасының аты –жөні: Алкенбаева Салия Наймантайқызы әскери бөлімде қызметкер.
Мектепте ____1 сыныптан______2005___________ жылдан бастап оқиды
1.Білімі мен үлгерімінің жалпы деңгейі: үздік( жоғары)
Үлгерімінің орта балы_______100_____________ %
Сүйіп оқитын пәндері: гуманитарлық бағыттағы пәндер.
2.Сыныптан тыс белсенділігі:
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қалалық олимпиаданың жүлдегері, қалалық ақындар мектебінің мүшесі, қалалық және облыстық ақындар мүшәйрасының жүлдегері
3. Моральдық жағы.А. Жағымды жақтары:
а)_еңбекқор, әр ісіне өте жауапкершілікпен_қарайды,қайырымды, адамгершілігі зор.
Б. Жағымсыз жақтары: байқалған емес.
В.Сыныптастарымен қарым-қатынасы өте жақсы, сыныптастарымен тығыз қарым-қатыныста болады,сыныптастарының әрбір әрекетіне түсінісушілікпен қарайды.
4.Спортқа қатысуы : А. үнемі қатысады,
Б. волейбол,таэквондоға қатысады,
В. Спорттағы жетістіктері: қалалық жарыстарға қатысады.
5.Қоғамдық белсенділігі:
А.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары;
Б. Қоғамдық жұмыстарға қатысуы: сыныпта старостаның, мектепте «Жас ұлан» ұйымының төрағасы.
6. Жеке психологиялық қабілеттері:
1.Ойлау қабілеті жоғары.
2.Характері-экстраверт,интроверт.Бұл дегеніміз басқа адамдармен әрекеттесу ұнайды, бірлесіп жұмыс істеу, өз ойын ашық жеткізе алады, қарым-қатынасқа жеңіл түседі.
3.Жан дүниесінің тұрақтылығы қалыпты (нейтротизм) ;
-эмоционалды тұрақты – жағдайға тез бейімделгіш.
4.Психикалық темперамент :сангвинник
Ол көңілді адамдардың қатарына жатады. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш, тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады.
Ұсыныс: Қалятов Ертай физиологиялық, психологиялық жағынан жас ерекшелігіне сай дамып келе жатқан оқушы. Алдағы уақытта жасөспірім өзінің эмоциясын басқару үшін жұмыс жасау ы ұсынылады.
Сынып жетекші Нурсолтанова Г.С.
Студент
Іс- тәжірибенің есебі
3- желтоқсаннан 12- қаңтар аралығында Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша өндірістік- педагогикалық іс- тәжірибеден өттім.
Мекеменің директоры- Ж.А. Шаянбаева, оқу ісінің меңгерушісі- А.Қ.Нұрсадықова, тәрбие ісінің меңгерушісі- Ғ.Қ.Қамзина, пән мұғалімі Г.С.Нурсолтановамен таныстым.
6-10 сыныптар аралығында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақтарын өткізетін болып келістім. 8 «Г» сыныбында тәрбие ісі бойынша сынып жетекшісінің қызметін атқарамын. Пән мұғалімі Гулжан Сиырбайқызының күнтізбелік жоспарымен, сабақ кестесімен таныстым.
Іс- тәжірибенің алғашқы аптасында 11 «Г», 11 «М» сыныптарының қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына, 10 «Г» сыныбының әдебиет сабағына қатысып, оқушы мен ұстаз арасындағы психологиялық қарым- қатынасқа зер салдым. Пән мұғалімдері- А.А.Алмабаева, С.У.Боккутова, Г.С.Нурсолтанова.
Іс- тәжірибенің әр күнін жоспарлап, атқарылған жұмыстарды жазып отыратын күнделікті жүргізіп отырдым.
Пән және тәрбие ісі бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын жасадым. Жұмыс жоспары бойынша қазақ тілі пәнінен 15 сағат, әдебиет пәнінен 15 сағат өткізу жоспарланды. Өтілген сабақтар «Бақылау –сынақ парағында» көрсетіліп, мұғалімнің бағалауы жазылған.
Іс- тәжірибе барысында қазақ тілінен 14сағат, әдебиет пәнінен 15 сағат сабақ өткіздім. Жоспарланған сағаттардың кейбіреулерінің өтпей қалу себебі, ауа райының күрт төмендеуіне байланысты сабақтар доғарылды.
Пән мұғалімі Гулжан Сиырбайқызының пайдаланылатын СТО технологиясының теориясымен танысып, оқып үйрендім.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Әр сабағымда СТО технологиясының элементтерін тиімді пайдалануға тырыстым. Үйренгенімді қорытындылап, сынақ сабағымда көрсеттім.
Мысалы
І. Қызығушылыңын туғызу кезеңі( жаңа тақырыпқа өтер кезеңде тақырыпқа оқушының ойын бағыттау)
А) Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын ажырату.
Тірек сызбамен жұмыс
Бастауыш Не істеді? Кім? Қандай?
Баяндауыш Кімді? Неде? Кіммен? Несін?
Толықтауыш Қашан? Не үшін? Қалай?
Анықтауыш Кім? Не? Кімім? Неңіз?
Пысықтауыш Кімнің? Қанша? Қандай?
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін алдымен оқушылар өздері мақсат қоя білулері керек.
1) Жаңа тақырыпқа мақсат қою
Нені меңгеру керек?
1.Сөйлемді құрамына қарай ажырата білу.
2.Сөйлем мүшесіне талдай білу.
3.Жай сөйлемнің түрлерін,жақты сөйлемнің жасалу жолдарын ұғыну.
Мағынаны ажырату кезеңінде әр түрлі тапсырмалар қамтылады. Бекіту жұмыстары да сол кезеңде іске асырылады.
ІІІ. Шығармашылық кезең
В) Суретті жандандыр
Тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып, жай сөйлем құрастыр.
Түн. Шағын ауыл. От. Жел. Жалғыз ағаш. Қар.
С) Сергіту сәті
Қызықты грамматика
Сайыс: «Жұмбақ – әзіл»
1.Қоян жаңбыр кезінде қандай ағаштың астына тығылады?
2. Адам жерде қандай аурумен ауырмайды?
3.Адам қандай ыдыстан тамақ жеп, су ішпейді?
Таңғы сәуле
Таң сәулесі шашырай атып келеді. Тіршілік атаулы ағара атқан рауанға құмарта ұмтылады.Жер-ананың жайлап оянуына, түрленуіне мұрсат берер емес. Қызыққа тоймай қалғандар көл бетінен сағым қуады.
А) Деңгейлік тапсырма
1-деңгей Берілген сөздермен жай сөйлем құрастырыңыз.
Айтқызбай біледі , тыңдағалы, сылқылдап
күліп жіберді.
2-деңгей Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, жай сөйлемнің түріне ажырат.
Етпетінен жатқан бала дүрбіні көз алдына әкелді.
3-деңгей Берілген сөйлемді сөз табына талдап, сөйлем мүшесіне талдаңыз.
Тәуелсіздігіміздің қарқындап дамуына баршамыз
еселеп үлес қосып келеміз.
Рефлексия(Сабақты бағалау) оқушылар сабақтың мақсатына жеткенін не жетпегенін дәлелдеп айтады, нені білгенін, нені үйренгенін, жалпы сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын талдап жазады.
Бас бармақ : жаңалық
Балаң үйрек : маған көмектесті.
Ортан терек: білдім.
Шылдыр шүмек: қайталадым.
Кішкене бөбек: менің тілегім
Технологияны пайдалану барысында оның тиімді жағын көрдім. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығын да ажыраттым.
Мысалы:
1.Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.
2.Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
3.Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
4.Оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт берушінің қызметін атқарады.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.
Сабақ беру кезінде әр оқушының жұмыс істеуіне көңіл бөліп отырдым.
Деңгейлік тапсырмаларды әр сабақта пайдаландым. Мысалы, соның бірнеше түрін көрсете кетейін. Бұл тапсырмалардан түйгенім, әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай жұмыс атқарады.Және мұғалім әр оқушыны жеке- жеке бағалай алады.
Оқушылардың білімін жинақтап қорытындылау, бағалау үшін тестің бірнеше түрін үйреніп, сабақта пайдаландым.
Сабақтан тыс уақытта «Сахна сыры» әдебиет үйірмесінің мүшелерімен, жұмыс жоспарларымен танысып, басшылық жасадым. Сол үйірме мүшелерінің дайындауымен «Өз өмірің- өз қолыңда» атты мектепішілік шара өткізідік. Шараның тәрбиелік мәні зор болды. Сценарий құрау, балаларды артистікке тәрбиелеудің жолдарын ұғындым.
Сабақтан тысқары уақытта №35 қазақ тілі кабинетінің жабдықталуына, дидактикалық жағынан толықтырылуына атсалыстым.
Сынып жетекшілікті 10 «Г» сыныбында атқардым. Сыныпта 24 оқушы бар. Солардың бас жұмыстарымен, әлеуметтік жағдайларымен таныстым. Жұмыс жоспарын жасап, сол бағытта жұмыс атқардым. Жұмыстың қорытындысы «Бақылау –сынақ парағында» көрсетілген.
