Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
күнтизбе, жоспар.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.02 Кб
Скачать

1) Жаңа тақырыпқа мақсат қою

      • Нені меңгеру керек?

1.Сөйлемді құрамына қарай ажырата білу.

2.Сөйлем мүшесіне талдай білу.

3.Жай сөйлемнің түрлерін,жақты сөйлемнің жасалу жолдарын ұғыну.

2) Жаңа тақырыпқа өту кезеңі

Сөйлемді құрылысына қарай талдау

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей, суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.

Әбіш Кекілбай.

3) Теориялық білім беру

Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді.

Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә.Кекіл.) деген сөйлемде тұрлаулы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ.Мұст.) деген сөйлемде бастауышы жоқ,тек баяндауыш қана (соға кеткісі келді) қатысып тұр. Үскірік.Аяз.Тұлданған күн деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек атап қана қояды.

Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.

Жақты жақсыз толымды

Жай сөйлемнің түрлері

толымсыз жалаң

жайылма атаулы

4) Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

А) Жақты сөйлемді ажырату

Айтарың болмаса өлең жазба. Қазақтың тамаша ақыны Ұлықбек Есдәулеттің өз халқына айтары да, берері де аз емес. Оның «Заман-айы» мен «Қара пимасы» жұрт жүрегінде. Мұны мен ақынның ерлігі деп бағалаймын.

Фариза Оңғарсынова.

В) Тапсырма: жаттығуды қөшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

70-жаттығу

1-топ: 1-2 сөйлем;

2-топ: 3-4сөйлем;

3-топ: 5-6 сөйлем.

5) Бекіту кезеңі

Венн диаграммасы бойынша құрмалас пен жай сөйлемнің айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату.

ІІІ. Шығармашылық кезең

А)Мәтінді сөйлем мүшесіне талдау.

Таңғы сәуле

Таң сәулесі шашырай атып келеді. Тіршілік атаулы ағара атқан рауанға құмарта ұмтылады.Жер-ананың жайлап оянуына, түрленуіне мұрсат берер емес. Қызыққа тоймай қалғандар көл бетінен сағым қуады.

В) Суретті жандандыр

Тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып, жай сөйлем құрастыр.

Түн. Шағын ауыл. От. Жел. Жалғыз ағаш. Қар.

С) Сергіту сәті

Қызықты грамматика

Сайыс: «Жұмбақ – әзіл»

1.Қоян жаңбыр кезінде қандай ағаштың астына тығылады?

2. Адам жерде қандай аурумен ауырмайды?

3.Адам қандай ыдыстан тамақ жеп, су ішпейді?