- •Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме
- •«Батыр Баян» поэмасында
- •1) Жаңа тақырыпқа мақсат қою
- •2) Жаңа тақырыпқа өту кезеңі
- •3) Теориялық білім беру
- •Жай сөйлемнің түрлері
- •4) Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
- •5) Бекіту кезеңі
- •6) Қорытындылау кезеңі
- •В. Спорттағы жетістіктері: қалалық жарыстарға қатысады.
- •1.Ойлау қабілеті жоғары.
Іс- тәжірибенің күнделігі
№ |
Орындау уақыты |
Студент тарапынан орындалған жұмыс түрі |
Жұмыс мазмұны |
Жетекшінің қолы |
1. |
19.01.15 |
Ізденіс. Мектеп сайтымен танысу |
Іс- тәжірибеге жетекшілік ететін әдіскер мұғаліммен таныстым. 10-«Г» сыныбымен мектепішілік кезекшілік атқардым. |
|
2. |
20.01.15 |
Жетекшіммен танысу, тапсырмаларды орындау. |
Тәжірибеден өтетін сыныптарды анықтап алып, олармен таныстым. Мектепішілік кезекшілік атқардым. |
|
3. |
21.01.15 |
Сабақ беретін сынаптармен танысу |
Мұғалімнің жұмыс кестесімен, күнтізбелік және жұмыс жоспарымен танысып. 9 «А» сыныбының қазақ тілі сабағына қатыстым. Мектепішілік кезекшілік атқардым. |
|
4. |
22.01.15 |
Сабақ беретін сынаптармен танысу, кітапханаға барып, жетекшім жүктеген тапсырмаларды орындау |
8 «Г», 8«М», 9«Г» сыныптарының қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қатысып, әдіскердің әдістемесімен таныстым.Пән мұғалімі- Г.С. Нурсолтанова. Мектепішілік кезекшілік атқардым. |
|
5.
6. |
23.01.15
24.01.15 |
Мұғалімнің сабақ кестесімен танысу |
Мұғалімнің сабақ кестесімен қарадым. Алдағы өткізетін сабақтар бойынша көмек, ұсыныс алдым. Пән мұғалімінің 9 «Г» сыныбының әдебиет сабағына, 8 «Г», «Г» сыныптарының қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қатыстым. Күнделікті сабақ жоспарының жасалу жолын тереңдей меңгердім. Мектепішілік кезекшілік атқардым. |
|
7.
8. |
26.01.15
27.01.15 |
Тапсырмаларды орындау
Сабақ беру |
8 «Г» сыныбына М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне байланысты сабақ өткіздім.
СТО технологиясын теориясын оқып, таныстым. 9- «Г» сыныптарына «Кенесары-Наурызбай» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
9.
10. |
28.01.15
29.01.15 |
Сабақ өткізу. Сабаққа қатысу |
9 «А» сыныптарына «Кенесары-Наурызбай» тақырыбына, 8- «Г» сыныбына «Талғаулы салаласқа» сабақ өткіздім. 9 «Г» сыныбына сабаққа қатыстым |
|
11. |
30.01.15 |
Сабақ жоспарларын бекіту. |
Сабақ жоспарларын бекіту: 9 «Г» қазақ әдебиеті, «Шығармашылық жұмыс»; 8 «Г», 8 «М» сыныптарына «Кезектес салаласқа» сабақ өткіздім. |
|
12. |
31.01.15 |
Сабақ өткізу, дәптер тексеру |
9 «Г» қазақ әдебиеті «Ы.Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы», 10 «Г» қазақ әдебиеті «Өтеген батыр», тақырыптары бойынша сабақ өткіздім. |
|
13. |
2.02.15 |
Ашық сабақ өткізуге дайындалу, кітапханаға бару. |
11- «Г» сыныбына «Ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру» тақырыбына қазақ тілінен ашық сабақ өткіздім». |
|
14. |
3.02.15 |
Сабақ өткізу, тест құрастыру |
9 «А» қазақ әдебиеті Ыбырайдың прозалық шығармалары мен аудармалары; 10 «Г» қазақ әдебиеті «Сұраншы батыр» тақырыптары бойынша сабақ өткіздім. |
|
15. |
4.02.15 |
Сабақ жүргізу |
8 «Г» сыныбы Т.Ахтанов «Күй аңызы» 7 «Г» сыныбы «Мақсатты келер шақ» тақырыптары бойынша сабақ өткіздім. |
|
16. |
5.02.15 |
Слайд жасау, сабақ жоспарын жасау |
8 «Г», «М» сыныптарына қазақ тілі «Шартты бағыныңқылы сабақтас » тақырыбы сабақ өткіздім.
|
|
17.
18. |
6.02.15
7.02.15 |
Сабақ жүргізу
Кітапханаға бару |
Абай Құнанбайұлы. «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі 9 -«А» сыныптары қазақ әдебиеті пәні. 10- «Г» Ж.Жабаев «Жырдың бас кейіпкері» ; «Ғашықтық, құмарлықпен- ол екі жол» 9 -«Г» сыныбына сабақ өткіздім.
|
|
19. |
9.02.15 |
Сабақ өткізу |
«Ғашықтық, құмарлықпен- ол екі жол» 9 -«А» сыныбына; 10 «М» қазақ әдебиеті «Абай – аудармашы» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. |
|
20.
21. |
10.02.15
11.02.15 |
Үйірме мүшелерімен бірге сыныптан тыс жұмысқа дайындалу.
|
Үйірме мүшелерімен бірге сыныптан тыс жұмысқа дайындалдым. 9 -«А» сыныбы қазақ әдебиеті «Жазғытұры» өлеңдері «Ескендір» поэмасы тақырыбынан сабақ өткіздім. |
|
22.
23. |
12.02.15 |
Кабиненттің дидактикалық материалдарын толықтыруға атсалысу |
Кабиненттің дидактикалық материалдарын толықтыруға атсалыстым, 11 -«Г» –сыныбына тест құрастырдым.
|
|
24. |
13.02.15 |
Сабақ өткізу |
8 «Г» қазақ әдебиеті М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»тақырыбынан сабақ өткіздім. |
|
25. |
14.02.15 |
Сабақ жүргізу, кітапханаға бару |
10- «Г» сыныбы «Ш.Құдайбердіұлы» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. |
|
26. |
16.02.15 |
Сабақ жүргізу |
8 «Г» қазақ әдебиеті «Ана-бала-аққу, шығарманың негізгі ойын ашу» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
27. |
17.02.15 |
Сабақ жүргізу |
9- «Г» сыныбы «ХХІ ғ. басындағы қазақ әдебиетіне шолу» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. |
|
28. |
18.02.15 |
Сабақ жүргізу |
10-«Г» сыныбына Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға», «Дүние мен өмір» өлеңдеріне сабақ өткіздім |
|
29. |
19.02.15 |
Тест алу |
8 «Г», 8-«М» сыныптары бойынша салалас сөйлем бойынша тест алу.
|
|
30. |
20.02.15 |
Сабақ өткізу |
8 «Г» қазақ тілі «Мезгіл бағыныңқылы сабқтас» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
40.
41. |
21.02.15
23.02.15 |
Сыныптан тыс үйірме жұмысы дайындалу |
Сыныптан тыс үйірме жұмысы «Жау тылындағы бала» сахналық қойылымына дайындық өткіздік. 9 -«Г», «А» сыныптарын тестке дайындадық. |
|
42. |
24.02.15 |
Сабақ жоспарын құру |
10 «Г» сыныбы «Еңлік-Кебек» дастаны тақырыптары бойынша сабақ өткіздім. |
|
43. |
25.02.15 |
Ашық сабаққа дайындалу |
8-« Г» сыныбына Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» тақырыбына ашық сабақ өткізу. |
|
44. |
26.02.15 |
Сабақ өткізу |
8-«М» сыныбына «Себеп бағыныңқы сабақтас» сабақ өткізу. |
|
45. |
27.02.15 |
Ашық сабаққа дайындалу. |
10 –«Г» сыныбына «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша ашық сабақ өткіздім.
|
|
46. |
28.02.15 |
Сабақ жүргізу |
9-«А», 9-«Г» сыныптарына С.Торайғыров. «Таныстыру» поэмасы. «Алаш ұраны» өлеңіне сабақ өткіздім.
|
|
47. |
2.03.15 |
Сабақ жүргізу |
8-«Г» сыныбына Ш.Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы; 9-«А» сыныбына С.Торайғыров. Ақын өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбына сабақ өткіздім.
|
|
48. |
3.03.15 |
Сабақ жүргізу |
9-«Г» сыныбына С.Торайғыров. Ақын өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
49. |
4.03.15 |
Сабақ жүргізу Кітапханаға бару |
8-«Г» сыныбына Ш.Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы Кейіпкерлерге мінездеме; 9-«Г» сыныбына «1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу» тақырыбына сабақ өткіздім |
|
50. |
5.03.15 |
Ашық сабақ өткізу |
9-«Г» сыныбына «Тыныс белгілер. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны» ашық сабақ өткіздім |
|
51. |
6.03.15 |
Сабақ жоспарын құру |
9-«Г» сыныбына 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу тақ-а сабақ өткіздім. |
|
52. |
7.03.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«Г» сыныбына Ш.Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы. Шығарманың тарихи мәні тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
53. |
9.03.15 |
Сабақ жоспарын құру, тарихи шығарманығ толық нұсқасымен танысу |
8-«М» сыныбына Ш.Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы. Шығарманың тарихи мәні тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
54. |
10.03.15 |
Сабақ жоспарын құру, «Ақбілек» романын қайталап оқу |
8- «Г», «М» сыныптарына «Ж.Аймауытов – прозашы, драматург, ғалым» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
55. |
11.03.15 |
Сабақ жоспарын құру. |
10-«Г» сыныбына «Гүлшат – Шеризат» дастанына сабақ өткіздім. |
|
56. |
12.03.15 |
Сабақ жүргізу |
9-«Г» сыныбына «Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
57. |
13.03.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«Г» сыныбына «Қартқожа» романы туралы Романның көтерген тақырыбы, идеясына сабақ өткіздім. |
|
58. |
14.03.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«Г» сыныбына «Қартқожа» романы туралы Романның көтерген тақырыбы, идеясына сабақ өткіздім. |
|
59. |
16.03.15 |
Слайд жасау, Сабақ жүргізу |
8-«Г» сыныбына О.Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері; 9-«М» сыныбына «Шығармашылық жұмыс» өткіздім. |
|
60. |
17.03.15 |
Диктант таңдап әкелу |
9-«Г» сыныбына «Шығармашылық жұмыс» сабақ өткіздім. |
|
61. |
18.03.15 |
Ашық сабаққа дайындалу. |
«Жетесіз өскен ұл жаман, қылықсыз өскен қыз жаман» (айтуға оңай) тәрбие сағатын өткіздім. |
|
62. |
19.03.15 |
Қосымша материалдар дайындау |
9-«Г», «М» сыныптары: Сыныптан тыс оқу |
|
63. |
|
|
20.03-1.04 оқушылар ІІІ тоқсандық демалыста. |
|
64. |
2.04.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«Г», «М» сыныптарына Төл сөз. Төлеу сөз. Төл сөз бен төлеу сөз жайында түсінік. |
|
65. |
3.04.15 |
Сабақ өткізу, Слайд жасау |
8-«Г» Т.Айбергенов. «Ана», « Аруана-бауыр дүние» өлеңдері бойынша сабақ өткіздім. |
|
66. |
4.04.15 |
|
8-«М» сыныбына Т.Айбергенов. «Ана», «Аруана-бауыр дүние» өлеңдері бойынша сабақ жүргіздім. |
|
67. |
6.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, әдеби кітаптармен танысып, оқу |
8-«М» сыныбына Т.Әбдіков. «Қонақтар» әңгімесі Шығарманың өзекті тақырыбы. Сабақ өткіздім. |
|
68. |
7.04.15 |
Сабақ өткізу |
9-«Г» сыныбына І.Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (үзінді).Күйші бейнесі тақырыбына сабақ өткіздім |
|
69. |
8.04.15 |
Тест сұрақтарын дайындау |
8-«Г» сыныбынан Төл сөзге байланысты тест алдым. |
|
70. |
9.04.15 |
Тест сұрақтарын дайындау |
8-«М» сыныбынан Төл сөзге байланысты тест алдым. |
|
71. |
10.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, роман-эпопеяны қайталап оқу |
9-«Г» сыныбына М.Әуезовтің шығармашылық жолы; «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді) сабақ өткіздім |
|
72. |
11.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, роман-эпопеяны қайталап оқу |
9-«Г» сыныбына М.Әуезовтің шығармашылық жолы; «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді) сабақ өткіздім |
|
73. |
13.04.15 |
Сабақ жүргізу |
10-«Г» сыныбына ланысты тест алу.Нарманбет Орманбетұлы өмірі мен шығармашылығы тақырыбына сабақ жүргіздім. |
|
74. |
14.04.15 |
Сабақ өткізу |
8-«Г» сыныбына «Төл сөздің тыныс белгілері» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
75. |
15.04.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«М» сыныбына «Төл сөздің тыныс белгілері» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
76. |
16.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, «Әпке» драмасын оқу |
8-«Г» сыныбына Д.Исабеков. «Әпке» драмасы» тақырыбына сабақ өткіздім.
|
|
77. |
17.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, «Әпке» драмасын оқу |
8-«М» сыныбына Д.Исабеков. «Әпке» драмасы» тақырыбына сабақ өткіздім.
|
|
78. |
18.04.15 |
Слайд жасау |
8-«М» сыныбына Д.Исабеков. «Әпке» драмасы», шығарманың өзекті тақырыбы, сабақ өткіздім.
|
|
79. |
20.04.15 |
|
8-«Г» сыныпқа «Әпке» драмасындағы Қамажай бейнесі тақырыбына сабақ жүргіздім. |
|
80. |
21.04.15 |
Сабақ жоспарын құру |
8-«М» сыныпқа «Әпке» драмасындағы Қамажай бейнесі тақырыбына сабақ жүргіздім. |
|
81. |
22.04.15 |
Сабақ өткізу Слайд жасау |
8-«Г» сыныбына «Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары» тақырыбына сабақ өткіздім. |
|
82. |
23.04.15 |
Шығарманың тақырыбын таңдау. |
9-«Г» сыныбы «Шығармашылық жұмыс».Шығарма жаздырдым. |
|
83. |
24.04.15 |
Сабақ жоспарын құру. Әндерімен танысу |
10-«Г» сыныбына Балуан Шолақ «Ғалия», «Құлан кісінес», «Желіп-желіп», «Қынжыл», «Кенже қоңыр» əндеріне сабақ өткіздім. |
|
84. |
25.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, «Ұлпан» романын оқу |
8-«Г» сыныбына «Ғ.Мүсірепов – сөз зергері» . «Ұлпан» үзінді тақырыбына сабақ жүргіздім.
|
|
85. |
27.04.15 |
Сабақ өткізу |
9-«Г» сыныбына «Омар Һаям. Рубайлары» тақырыбына сабақ жүргіздім. |
|
86. |
28.04.15 |
Сабақ жоспарын құру, әндерін жүктеу |
10-«Г» сыныбына «Жаяу Мұса, Əсет ақындар» тақырыбына сабақ жүргіздім. |
|
87. |
29.04.15 |
Сабақ өткізу |
8-«Г» сыныбына Ә.Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты» өлеңі бойынша сабақ өткіздім. |
|
88. |
30.04.15 |
Сабақ өткізу Слайд жасау |
8-«М» сыныбына Ә.Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты» өлеңі бойынша сабақ өткіздім. |
|
89. |
1.05.15 |
Практика құжаттарын жазу |
Практика құжаттарын жаздым |
|
90. |
2.05.15 |
Практика құжаттарын жазу. |
Практика құжаттарын жаздым. |
|
Студент-практикант.................................. О.Ш.Оразғалиева
Іс-тәжірибе жетекшісі................................Г.С. Нурсолтанова
Іс- тәжірибенің тәрбиеге байланысты жеке жұмыс жоспары
№ |
Жұмыс мазмұны |
Орындау уақыты |
Жетекшінің қолы |
1. |
Тәрбие ісін жүргізетін сыныппен, сынып жетекшімен танысу. |
19.01.15. |
|
2. |
Сынып оқушыларының жеке бас жұмысымен, әлеуметтік жағдайларымен танысу; |
20.01.15. |
|
3. |
Сынып белсенділерімен танысып, жұмыстарын қадағалау; Тәрбие жұмысының жоспарымен таныса отырып,өзіндік толықтырулар енгізу; Мектепішілік кезекшілікті атқару |
21.01.15. |
|
4.
|
Күнделікті сабақ жоспарының жасалу жолын тереңдей меңгеру |
26.01.15. |
|
5. |
Оқушылардың психологиялық ахуалымен, тәрбие деңгейімен танысу үшін анкета жұмысын жүргізу; |
28.01.15. |
|
6. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жасау.
|
30.01.15. |
|
7. |
«Ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру» тақырыбына 11-«Г» сыныбына қазақ тілінен өтетін ашық сабаққа дайындалу. |
2.02.15. |
|
8. |
Сынып белсенділерінің отырысын өткізу; Тәрбие сағатына дайындалу.
|
4.02.15. |
|
9. |
Тәрбие сағатына дайындалу.; Қалятов Ертайға психологиялық мінездеме дайындау үшін жұмыстар атқару. |
5.02.15. |
|
10. |
Үйірме мүшелерімен бірге «Жау тылындағы бала» сахналық қойылымына дайындық жүргізу. |
10.02.15. |
|
11. |
Кабинеттегі дидактикалық материалдарды толықтыруға атсалысу. |
12.02.15 |
|
12. |
«Жамбыл» театрынан сахналық қойылымға арналған костюмдерді алып келу. |
17.02.15 |
|
13. |
Үйірме мүшелерімен соңғы дайындық жұмысын жүргізу; сахнаны қойылымға сай дайындау. |
18.02.15 |
|
14. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жүргізу |
20.02.15 |
|
15. |
Іс-тәжірибе жетекшімнің ұйымдастыруымен «Жау тылындағы бала» сахналық қойылымын көрсетіп, өте жақсы деген баға алдық. |
23.02.15 |
|
16. |
Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» тақырыбына 8-«Г» сыныбына қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізу. |
25.02.15 |
|
17. |
Оспанова Әйгерімге психологиялық –педагогикалық сипаттама дайындау үшін жұмыстар атқару. |
3.03.15 |
|
18. |
«Тынысбелгілер. Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданы-латын орны» тақырыбында 11-«Г» сыныбына қазақ тілінен ашық сабақ өткізу. |
5.03.15 |
|
19. |
8-наурыз мерекесіне байланысты сыныптағы ұлдармен жиналыс өткізу. |
6.03.15 |
|
20. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жүргізу |
10.03.15 |
|
21. |
Сабақ жоспарын құру үшін, кітапханаға барып қосымша журналдармен дайындалу. |
13.03.15 |
|
22. |
Ашық тәрбие сағатына дайындалу, тақырыпқа сай видеолар қарау, слайд жасау. |
14.03.15 |
|
20. |
«Жетесіз өскен ұл жаман, қылықсыз өскен қыз жаман» (айтуға оңай) тәрбие сағатын өткізу. |
18.03.15 |
|
21. |
22- Наурыз мерекесіне байланысты мерекелік шара өткізу. |
19.03.15 |
|
22. |
10-«Г» сыныбымен өтілетін ашық сабаққа дайындалу. |
3.04.15 |
|
22. |
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастанына 10-«Г» сыныбына қазақ әдебиетінен ашық сабақ өткізу. |
6.04.15 |
|
23. |
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай сынып сағатын өткізу. |
7.04.15 |
|
24. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жүргізу. |
10.04.15 |
|
25. |
Мұхтар Азаматқа психологиялық –педагогикалық сипаттама дайындау үшін жұмыстар атқару. |
13.04.15 |
|
26. |
Балаларға мінездеме жазу үшін, мектептегі психологпен кеңесу. |
15.04.15 |
|
27. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жүргізу. |
17.04.15 |
|
28. |
Сабақ жоспарын құру үшін, кітапханаға барып қосымша журналдармен дайындалу. |
21.04.15 |
|
29. |
Іс-тәжірибе жетекшімнен практика құжаттарына байланысты кеңестер алу. |
23.04.15 |
|
30. |
Сыныпқа тазалық жұмысын жүргізу. |
24.04.15 |
|
31. |
10-«Г» сыныбына мінездеме жазу үшін сынып жетістіктерін саралап, оқушылардың психологиялық жағдайларымен танысу. |
27.04.15 |
|
32. |
Практика құжаттарын дайындау. |
28.04.15 |
|
33. |
Практика құжаттарына мектеп директорына, іс-тәжірибе жетекшіме, тәрбие ісінің, оқу ісінің меңгерушілеріне қол қойдыру. |
1.05.15 |
|
Мектеп директоры:............................................ Ж.А. Шаянбаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі:............................... Ғ.Қ. Қамзина
Іс-тәжірибе жетекшісі:...................................... Г.С. Нурсолтанова
Сынып жетекшісі:.............................................. Г.С. Нурсолтанова
:
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев « Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме
Сабақтың мақсаты : білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып, поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту, кейіпкерлердің мінездерін талдау.
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,салыстыру, зерттеу
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
«Батыр Баян»-көркемдігі,кейіпкер бейнесінің ашылуы,оқиғалардың суреттелуі жағынан,қай-қай жағынан алғанда да Мағжан поэзиясының ғана емес,қазақ поэзиясындағы классик шығарма.
Махаббат пен қызғаныш билеген Баян батырдың бауыры Ноян мен қалмақ қызын өлтіруі,оған бүкіл дүние,табиғаттың қоса егілуі психологиялық егіздеумен беріліп,биік талғам мен тұтастық жымдаса өрілген.
Кітаппен жұмыс: кітаптан поэманы мәнерлеп оқиды.
Дәптермен жұмыс: Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасай отырып,оқиғаның байланысын,дамуын, шиеленісін тауып жазады.
Топтастыру стратегиясы:
Махаббат
бауырмалдық
«Батыр Баян» поэмасында
өкініш
қызғаныш
сұлулық нәзіктік
Баянға, Абылайға мінездеме беру.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Поэмада туған елге,туған жерге деген махаббат,азаматтық намыс мәселелері қалай көтерілген?
Жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шабуылдары қай ғасырда болды?
Егер Ноянды өлтірмегенде Баянның өкініші қандай болар еді?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының тілін талдау.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлеріне арналған жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен тарау жай сөйлемнің түрлері тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау;
дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту;
тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаттығумен жұмыс: 87-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай талдаңдар. Нені арман ететінімізді мәтінге сүйене отырып , кеңейтіп айтып көріңдер.
Топпен жұмыс: 88-жаттығу. 1-топ: Әңгімедегі жай сөйлемнің түрлерін талдаңдар.
2-топ: Бейнелі сөздерді, фразелогизмдерді табыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді таладау жүргізеді.
1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?
А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік
В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар
С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі
Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.
Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.
2.Жақсыз сөйлемді тап.
А) Бүгін емтиханға дайындалу керек. В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.
С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш Е) Оқу—білім бұлағы
3. Жақты сөйлемді тап.
А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды
С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?
4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем
С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем
5. Жайылма сөйлемді тап.
А) Мен барамын. В) Айдала С) Ол—сері жігіт Д) Үй жап-жарық Е) Сендер қараңдар
6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?
А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) жайылма сөйлем
7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?
А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем
8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды
9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?
А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз Д) жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас
10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».
А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Дұрыс жауап 1.Д 2.А 3.Е 4.А 5.С 6.А 7.Д 8.С 9.Д 10.В
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: қайталау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім поэмалары
Сабақтың мақсаты:
а) Шәкәрім поэмалары туралы түсінік беру, «Еңлік -Кебек» дастанын, кейіпкерлерін талдау.
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Шәкәрімнің өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Шәкәрімнің қандай поэмаларын білесіңдер?
2. Кімдердің шығармаларын аударған?
3. Қандай әндерін білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары. Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» , «Қалқаман-Мамыр» дастандары -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтереді.
Кітаппен жұмыс: Шәкәрім поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.
Топпен жұмыс: . хронологиялық таблицаны толтырады.
1858 жылы дүниеге келеді
1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.
1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады
1931 жылы қайтыс болады
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?
2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?
3. «Еңлік –Кебек» поэмасында қандай тарихи жағдайға тоқталады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Шәкәрімнің поэмаларын оқып келу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері, жақты сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру, олардың жасалу жолына тоқталу, мағыналық түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баули отырып, сөйлем мүшелері туралы білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту,түсіндіру,
зерттеу,талдау.
Сабақта қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,кеспе қағаздар, қосымша
материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
І. Қызығушылыңын туғызу кезеңі
А) Сөйлем мүшелерінің сұрақтарын ажырату.
Тірек сызбамен жұмыс
Бастауыш Не істеді? Кім? Қандай?
Баяндауыш Кімді? Неде? Кіммен? Несін?
Толықтауыш Қашан? Не үшін? Қалай?
Анықтауыш Кім? Не? Кімім? Неңіз?
Пысықтауыш Кімнің? Қанша? Қандай?
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
