Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«аржылы жне салыты есеп беру.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.17 Кб
Скачать

1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалар консолидациялық есеп беруі

2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар консолидациялық есеп беруі

3. Қаржылық есеп беруде біріккен қызмет бойынша қатысу үлесін көрсету ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Дюсембаев К. Аудит и анализ финансовой отчетности, Алматы 1998

2.Как читать финансовый отчет: пер. с англ.-Мэрилл Линг, Пиерс, Фэннер энд Смит.

3.Академия народного хозяйства при правительстве. Р.Ф.-М.:СП Дело, 1992

4.Кеулимжаев К.К. Финансовый учет на предприятии. Алматы, Экономика, 2003

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ.М.:«Финансы и статистика»

6.Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятия. Метод и оценки-М.: ДиС, 1997

9-тақырып. Біріккен қызметтегі консолидациялық қаржылық есеп беру.

1. Біріккен бақылаудағы өндіріс

2. Біріккен бақылаудағы активтер

3. Біріккен бақылаудағы заңды тұлға

4. Пропорционалды консолидация

1. Біріккен бақылаудағы өндіріс

Консолидациялық қаржылық есеп беруде біріккен қызмет бойынша үлестік қатысуды көрсету пропорционалды консолидациялау әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі және еншілес ұйымдар арасындағы консолидациялық қаржылық есеп беруді жасау әдістемесіне мазмұны мен жүйелігі бойынша ұқсас. Бірақ, біріккен қызмет кезіндегі мүліктері мен міндеттемелері, сонымен қатар қызметінің шығындары мен нәтижелері – баптары мен жолдары бойынша сомасын шығарғанда толық мөлшерде есепке алынбайды, ал әрбір қатысушыдағы топтың пропорционалды үлесі мөлшерінде есепке алынады.

Біріккен қызмет – бұл ортақ шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптардың бірігіп әрекет етуге міндеттеме алатын қызметі. Біріккен қызмет өндіріске, активтерге және заңды тұлғаға біріккен бақылау жасау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Біріккен бақылау – келісім-шартпен келісілген тең құқылы жағдайда қызметіне бақылау жүргізу.

Әрбір нысан үшін ортақ болып табылады:

а) келісіммен байланысқан екі немесе одан көп қатысушылар;

б) біріккен бақылау орнатуға мүмкіндік беретін келісім.

Келісім дегеніміз біріккен қызмет қатысушылары арасындағы келісім-шарт негізінде рәсімделген қатынастары. Олар біріккен қызмет туралы келісім-шартпен, консорциялы келісіммен құжатталады немесе құрылтай құжаттарына енгізіледі.

2. Біріккен бақылаудағы активтер.

Біріккен бақылаудағы өндіріс қызметі ортақ шаруашылық мақсатына жету үшін заңды тұлға құрмастан қатысушылардың активтерін пайдалануды ұйғарады. Бұл жерде біріккен бақылаудағы өндірістің қатысушысының әрқайсысы (егер қатысушы заңды тұлға болып табылса), біріккен бақылаудағы өндіріс қызметінде меншікті негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды және басқа активтерді пайдаланып, оларға жауапкершілікте болуын және өзінің балансында есепке алуын жалғастырады. Қатысушы сонымен қатар өзіне меншікті шығындарын алады және өзінің меншікті міндеттемелері болатын қаржыландыру көздерін табады.

Біріккен өндіріс өнімдерін сатудан түскен кірісті және бірігіп орын алған кез-келген шығындарды біріккен қызмет туралы келісімде қатысушылар арасында бөлу қарастырылады.

Біріккен бақылаудағы өндіріс қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және консолидациялық қаржылық есеп беруде тануыға тиісті:

1)      ол бақылайтын активтерді және өзіне алатын міндеттемелерді;

2)      оларда орын алған шығындар мен біріккен қызметпен байланысты тауарлар мен қызметтерді сатудан ол алатын өзінің кіріс үлесін.

Біріккен қызметтің екінші нысаны ортақ мақсаттар үшін енгізілген немесе сатып алынған бір немесе одан көп активтерді қатысушылардың біріккен иеленуін (үлестік меншік) ұйғарады. Активтерді барлық қатысушылар олардың негізгі қызметінде пайдаланады және олардың әрқайсысы орын алған шығындардың келісілген бөлігін алады.

Біріккен бақылаудағы активтердің әрбір қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және консолидациялық қаржылық есеп беруде тануыға тиісті:

1)      инвестиция ретінде емес, активтер сипатына сәйкес жіктелетін біріккен бақылаудағы активтердегі өзінің үлесін;

2)     біріккен қызмет бойынша олар қабылдаған міндеттемелер;

3)     біріккен қызметтің басқа қатысушыларымен бірге орын алған өз міндеттемелер үлесін;

4)     біріккен бақылаудағы активтерді қолданып өндірілген өнімдегі өз үлесін сатудан немесе пайдаланудан түскен кіріс, біріккен қызмет бойынша орын алған шығындардағы өзінің үлесімен бірге;

5)     біріккен қызметке оның қатысу үлесіне сәйкес орын алған шығындар.

Біріккен қызметтің үшінші нысаны қатысушының әрқайсысы өз үлесін иеленетін заңды тұлға құруды ұйғарады. Бұл заңды тұлға қызмет басқа заңды тұлға қызметтерінен ешқандай айырмашылығы жоқ, қатысушылар арасында жасалған келісімге сәйкес осы қызметке біріккен бақылау орнатылатынын қоспағанда.

3. Біріккен бақылаудағы заңды тұлға

Біріккен бақылаудағы заңды тұлға қатысушысы бұл заңды тұлғаға жарнаны өзінің бухгалтерлік есебінде біріккен бақылаудағы заңды тұлғаға инвестициялар ретінде есебін жүргізеді.

Өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған қаржылық есеп беруде біріккен бақылаудағы заңды тұлғадағы қатысу үлесін көрсеткенде қатысушы пропорционалды консолидациялаудың екі форматының бірін қолданады.

Мыналарды көрсеткенде пропорционалды консолидациялау әдісін қолдану ұсынылмайды:

2)      жақын арадағы болашақта қайта сату мақсатында алынған біріккен бақылаудағы заңды тұлғада қатысу үлесі;

3)      қатысушыға қорларды аудару қабілетін төмендететін қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында қызметін жүргізетін біріккен бақылаудағы заңды тұлғада қатысу үлесі.

Біріккен бақылаудағы заңды тұлға қатысушысы пропорционалды консолидациялауды қолдануды оған біріккен бақылау болмаған күннен бастап тоқтатады. Бұл немесе келесі жағдайларда орын алу мүмкін:

1)      біріккен бақылаудағы заңды тұлға қатысушысы қатысу үлесінің бір бөлігін немесе барлығын сатады;

2)      біріккен бақылаудағы заңды тұлғаға сыртқы шектеулер салынады;

3)      біріккен бақылаудағы заңды тұлға еншілес болады, себебі қатысушыосы заңды тұлғаға бақылауды сатып алды.

Пропорционалды консолидация, біріккен бақылаудағы заңды тұлға қатысушысы жеке немесе консолидацияланған Бухгалтерлік баланста өзінің активтері мен міндеттемелеріне ол біріккен бақылау жасайтын активтер үлесін және біріккен жауапкершілік жасайтын міндеттемелер үлесін қосуды ұйғарады. Жеке немесе консолидацияланған Кірістер және шығыстар туралы есеп беруінде біріккен бақылаудағы заңды тұлғадағы өзінің кірістер мен шығындар үлесін қосады. Біріккен қызмет қатысушылары жалпы мүліктегі өздерінің үлестерін пайдаланып жұмсауға біріккен қызмет туралы келісім-шарттың қалған қатысушыларының келісімінсіз құқығы жоқ.

Пропорциналды консолидациялауды жузеге асыру үшін екі есеп беру форматының бірі қолданылады.

Бір форматына сәйкес біріккен қызмет қатысушысы біріккен бақылаудағы заңды тұлғадағы өзінің активтер, міндеттемелер, кірістері мен шығындары үлесін, оның жеке және консолидацияланған қаржылық есеп беруіндегі ұқсас баптарымен жолдары бойынша әдісі негізінде біріктіреді. Мысалы, қатысушының негізгі құралдары осы қатысушының біріккен бақылаудағы заңды тұлғадағы негізгі құралдары үлесімен, ал тауарлы материалдық құндылықтары тауарлы материалдық құндылықтардағы үлсімен және т.б. қосылады.

Басқа форматына сәйкес біріккен бақылаудағы заңды тұлға қатысушысы біріккен бақылаудағы заңды тұлғадағы өзінің активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығындар үлесін көрсету үшін консолидацияланған және жеке қаржылық есеп берулеріне қосымша баптар қосады.

4. Пропорционалды консолидация.

Пропорционалды консолидацияның көптеген процедуралары еншілес ұйымдарға инвестициялар бойынша консолидациялау процедураларына ұқсас. Мұндай процедураларға жататындар:

1)      біріккен бақылаудағы заңды тұлға құрылтайшысы инвестициясының баланстық құнын, сонымен қатар меншікті капиталдағы қатысушы үлесін алып тастау;

2)      қатысушының және біріккен бақылаудағы заңды тұлғаның қаржылық есеп беруі әдетте бір күнге жасалады, есеп берулер әртүрлі күнге жасалған жағдайда, осы күндер арасындағы өзгерістерге түзетулер жасалады;

3)      қатысушының және біріккен бақылаудағы заңды тұлғаның қаржылық есеп беруі ұқсас қаржы-шаруашылық қызметінің және т.б. операциялары мен оқиғаларына бірдей есептік саясатты қолданып жасалады (дайындалады).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Біріккен бақылаудағы өндіріс

2. Біріккен бақылаудағы активтер

3. Біріккен бақылаудағы заңды тұлға

4. Пропорционалды консолидация

5. Пропорционалды консолидацияның процедуралары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007ж 28- ақпандағы 234 Бухгалтерлік бюллетені -2002 ж./өзгертулер және толықтыруларымен/

2. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости фирмы и процедуры, связанные с банкротством. М.: Изд-во «Ось-89», 1996

3. Бакаев А.С. Совершенствование положение о бухгалтерском учете и отчетности и План счетов / Бух. учет-1995-№4