Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«аржылы жне салыты есеп беру.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.17 Кб
Скачать

2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар консолидациялық есеп беруі.

Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін еншілес занды тұлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы құны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.

Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады (2 кесте), ал ол келесі кезендерден тұрады:

—бірінші кезекте еншілес занды тұлғаны алысымен, алдымен, негізгі заңды тұлғаның өзіне қатысты таза активінің үлесі аныкталады кәсіпорынның активінен оның міндетгемесі алынып тасталынады);

—содан соң түзетулер жасалынады:

«Жол-Өткен» ААҚ инвестициясына байланысты инвестициясының баланстық құны жойылады және меншік капиталындағы сомасы, яғни 1750 мың тенге сомасы («Инвестиция», «Жарлық капиталы», «Таратылмаған», «Табыс» баптары бойынша түзетулер жасалады).

«Шу» инвестициясына байланысты алынған құны таза актив құнынан асып түскендіктен, консолидацияланған кезде «оң іскерлік фирмасы (гудвилл)» деген түсінік пайда болады.

Түзетілген: негізгі занды тұлғаның инвестициясының құны 810 мың теңге сомасына («Инвестиция» бабы) бағаланған, ал негізгі занды тұлғаның еншілес кәсіпорындағы үлесі 520 мың теңгеге бағаланған (500 мың тенге - «Жарлық капиталы» + 20 мың теңге «Таратылмаған табыс»), алынған құны оның таза табысынан 290 мың тенгеге асып түскен. [290 мың тенге (810-520) - «Гудвилл» бабы].

Төретоған» инвестициясына байланысты алынған құны таза актив құнынан аз болғандықтан, консолидацияланған кезде «теріс іскерлік фирмасы (бэдвилл)» деген түсінік пайда болған.

Түзетілген: негізгі занды тұлғанын инвестициясының құны 635 мың теңге сомасына («Инвестиция» бабы) бағаланған, ал негізгі заңды тұлғаның еншілес кәсіпорындағы үлесі 750 мын теңгеге бағаланған (600 мың тенге - «Жарлық капиталы» +150 мың теңге «Таратылмаған табыс»), ал таза активтің құны 115 мың теңгеге алынған құннан асып түскен [115 мың тенге (750-635) - «Теріс гудвилл (бэдвилл)»бабы].

Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың үлесі есепті кезеңдегі еншілес тұлғаның алған таза табысынан анықталады және онын деңгейі есеп беруде көрсетілгенімен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды, сондықтан ол консолидацияланған кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес заңды тұлғаның сомасынан анықталады. Азшылыктың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған баланста жеке көрсетіледі. Яғни міндеттемеден бөлек, меншік капиталының құрамында «Азшылық үлесі» деген жеке ашылған бап керсетіледі және ол негізгі занды тұлғаның меншігі болып саналмайды.

Мысал. «Шолақ-Қорған» ААҚ негізгі занды тұлға бола түра, «Теріскей-бет» ЖШС 70% қатыстық үлесін сатып алған. Сатып алынған таза активтің құны 2450 мың теңге құраған. Есепті жылдың соңында еншілес заңды тұлғаның таратылмаған табысы 650 мың теңге құраған. Консолидацияланған бухгалтерлік балансты дайындау кезінде бірінші кезекте еншілес заңды тұлғаның таза активіндегі азшылықтың үлесін анықтау керек.

Әзірлеу кестесін жасаған кезде келесі түзетулер жасалады:

- негізгі заңды тұлғалар жұмсаған инвестиция деңгейін 2450 мың теңге сомасына және еншілес заңды тұлғаның жарлық капиталын 3500 мың теңге сомасына азайту керек, ал оған керісінше, азшылыктың үлесін 1050 мың теңгеге көбейту керек (3500 х 30%);

- негізгі компанияға жатпайтын таратылмаған табыс денгейін 195 мың теңгеге азайту керек (650x30%) және азшылықтың үлесін 195 мың теңгеге көбейту керек.

Консолидацияланған есеп беруді жасаған кезде дебиторлык және кредиторлық шотгары бойынша қарыздың негізгі және еншілес занды тұлғаларға қатысты тек сыртқы қарыздары ғана керсетіледі, ал олардын ішкі карызы бір-біріне жатқызылады.

Алынғандардың және сатып алынғандардың көлемін шынайы көресту мақсатында қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы консолидацияланған есеп беруде, негізгі және еншілес тұлғалардың арасында жүзеге асатын операциялар шегеріліп тасталынады. Мұндай ішкі топталған операцияларға мыналар жатады: тауар мен қызметті сату және сатып алу; материалдық емес активтер мен негізгі құралдарды сату және сатып алу; карыз беру және қарызды алу және т.б.

Қаржылык-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру консолидациясы келесі түрде жүргізіледі: негізгі және еншілес занды тұлғалардың арасындағы өнімнің (тауардың, қызметтің, жұмыстың) өзара айналымы, дивидендті, пайызы шегеріліп тасталынады.

Мысал. «Қаратау» ААҚ негізгі занды тұлғасы мен оның еншілес занды тұлғалар «Энгельс» ЖШС («Қаратау» ААҚ қатысу үлесі 70%) және «Ынтымақ» ЖШС («Қаратау» ААҚ қатысу үлесі 80%) арасында ағымдағы барасында мынадай операциялар болған:

Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын болса, ал оның айырмасы үш ай құраса, оңда олардың мәліметін консолидациялауға болмайды. Егер де топ мүшелерінің пайдаланатын есеп саясаты әрқилы болса, онда қаржылық есеп беруді консолидациялауға кабылдаған есеп саясаты негізге алынады, соған сәйкес түзетулер жасалынады. Еншілес занды тұлғаның шаруашылык қызметінің нәтижесі консолидацияланған есеп беруге олардың сатып алынған күнінен бастап енгізіледі. Егер де сатып алу процесі жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған занды тұлғаның каржылық-шаруашылык кызметінің нәтижесі есептік кезенде сатып алынғанға дейін және сатып алынғаннан кейін болып, екіге жарып көрсетілуі мүмкін.