Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать
  1. Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу

  1. Пән мақсаты:

  • Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).

  • Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.

  • Босанудың III кезеңін активті жүргізуді үйрету.

  • Босанудың III кезеңін консервативті жүргізуді үйрету.

  1. Пәннің міндеттері:

  1. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.

  2. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудың III кезеңін активті жүргізу

  3. Босану бөлімінде жұмыс жасау, қауіпті топта қан ағудың алдын алу

  4. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша протоколдармен жұмыс жасау.

  5. Қан тобын және резус факторды анықтау.

  6. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жаңа босанған әйелдерді бақылау.

  7. Әртүрлі әдістермен жоғалтқан қан шығынын анықтау.

  8. Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша Фантомда жұмыс жасау

  9. Жаңа босанған әйелдердің АҚҚ және пульсін өлшеу.

  10. Жатыр түбі биіктігін анықтау.

  11. Фантомда жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жатыр қуысын қолмен тексеру.

Өткізу әдісі: Босану бөлімшесінде, фантомда, құжаттармен жұмыс жасау

Тақырып бойынша талаптар:

  • Қан тобын және резус-факторды анықтау

  • Әртүрлі әдістермен қан шығынын анықтау

Берілетін мәліметтер:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтары

Әдебиет:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

Қосымша:

●Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

  1. Бақылау сұрақтары (сұрақтар, тесттер, есептер)

Сұрақтар.

1.Босану кезінде қан ағуға әкелетін себептер

2. Плацентаның шынайы жабысуы дегеніміз не, диагностикасы

3. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету себептері

4.Гипотониялық қан кетудің этиология және патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы Емі.

5.Ерте ,босанғанана кейінгі кезеңдегі қан кетудің емдік-диагностикалық шаралары.

6.Босанудың III кезеңде қан кетудің алдын алу шаралары.

7. Босанудың III кезеңін активті жүргізу

8. Босанудың III кезеңде консервативті жүргізу

БЛОК №5. Босану патологиясы

16 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.

БАСТАПҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТестТЕРІ

  1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағуға босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта кететін қан ағу жатады:

Иә

Жоқ

  1. Босанғаннан кейінгі қан ағу –табиғи жолмен босану кезінде 500 мл және одан артық мөлшерде, ал кесар тілігі кезінде 1000 мл және одан артық мөлшерде қан жоғалту:

Иә

Жоқ

  1. Төрт базалық этиологиялық үрдістің біреуінің бұзылысын білдіретін босанғаннан кейінгі қан ағудың себебі «4 Т»: тонус, тін, травма, тромбин:

Иә

Жоқ

  1. Гипотония -миометрийдің толық жиырылу қабілетін жоғалтқан жатырдың жағдайын білдіретін термин:

Иә

Жоқ

  1. Жатыр қуысында бала жолдасы қалдығының қалуы бала жодасы кезеңіндегі қан ағудың болып табылады:

Иә

Жоқ

  1. Жатырдың гипотониясы және атониясы босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағудың себебі:

Иә

Жоқ

  1. Жатыр қуысында бала жолдасы қалдықтарының қалуы жатырды қолмен тексеру және оны шығаруға көрсеткіш болып табылады:

Иә

жоқ

  1. Құрсақ қолқасын басу қан ағуды уақытша тоқтату әдісі болады:

Иә

Жоқ

  1. Рlacenta increta – бұл хорион бүрлерінің жатырдың бұлшықет қабатына түгел және сірлі қабатына өтіп өсуі

Иә

Жоқ

  1. Тығыздалған,жақсы жиырылған жатырдан қан ағу-жатырдың гипотониясын білдіреді

Иә

Жоқ

БЛОК №5. Босану патологиясы

№16 сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.

Бастапқы білім деңгейінің тест жауаптары

  1. Иә

  2. Иә

  3. Иә

  4. Жоқ

  5. Жоқ

  6. Иә

  7. Иә

  8. Иә

  9. Жоқ

  10. Жоқ

БЛОК №5. Босану патологиясы

16сабақ. Бала жолдасы және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу.

Қорытынды білім денгейінің тесттері

  1. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ, қан шығыны 900 мл, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., пульсі минутына 100 ретті, Нв-90 г/л, гематокрит - 30%, дене салмағы- 70 кг. Сіздің диагнозыңыз:

А) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, I сатысы

Б) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, II сатысы

В) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок, III сатысы

Г) Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Гипотониялық қан ағу. Геморрагиялық шок, I сатысы.

Д)Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Коагулопатиялық қан ағу. Геморрагиялық шок, II сатысы

  1. Босанушы әйелде босанғаннан 30 минуттан кейін бала жолдасының бөліну белгілері болмады. Плацентаны қолмен бөлу кезінде плацентаның толық бітісіп өсуі байқалды.

Дәрігердің тактикасы:

А) жатырдың экстирпациясы

Б) жатырдың қынапүстілік ампутациясы

В)1 сағаттың ішінде күту әдісі

Г) окситоцинді көктамырішілік енгізу

Д) метилэргометринді көктамырішілік енгізу

  1. Босанудан кейінгі кеш кезеңдегі қан ағудың негізгі себебі:

А) ТІШҚҰ-синдромы

Б) жатырдың атониясы

В) жатыр мойнының жыртылуы

Г) плацента тінінің қалдығы

Д) қынаптың жыртылуы

  1. Ірі нәресте босанған әйелде жыныс жолдарынан қою ұйындыларымен қан ағу басталды,жатыр кейде босаңсиды, кейде жиырылады. Қан шығыны 700,0 және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:

А) ТІШҚҰ синдромы

Б) жатыр гипотониясы

В) жатыр атониясы

Г) қынаптың жыртылуы

Д) аралықтың жыртылуы

  1. Ірі нәресте босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде үздіксіз қан ағу басталды. Жатыры тығыз, бала жолдасы бүтін. Болжамды диагноз:

А) ТІШҚҰ синдромы

Б) жатыр гипотониясы

В) жатыр атониясы

Г) босану жолдарының жарақаты

Д) плацентаның шынайы бітісіп өсуі

  1. Гемоглобиннің мына деңгейден төмен болуы гемотрансфузия жасау үшін көрсеткіші болады:

А) 90г/л

Б) 80 г/л

В) 70 г/л

Г) 60 г/л

Д) 50 г/л

  1. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры жұмсақ,утеротониктерді және бимануальді компрессияны жүргізгенде де жиырылмайды.Қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Болжамды диагноз:

А) ТІШҚҰ - синдром

Б) жатыр атониясы

В) жатыр мойының жыртылуы

Г) қынаптың жыртылуы

Д) аралықтың жыртылуы

  1. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатырдың атониясы диагностикаланды,қан шығыны 900 мл және жалғасып жатыр. Дәрігерлік тактика:

А) жатыр қуысын диагностикалық қыру

Б) лапаротомия, гистерэктомия

В) 1000 мг мизопростолды тік ішекке енгізу

Г) ішкі мықын артериясын байлау

Д) жатырды қолмен тексеру

  1. Плацентаның шынайы толық бітісіп өсуіне күдік туғанда дәрігердің тактикасы қандай:

А) бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару

Б) Абуладзе бойынша бөліп шығару

В) Креде-Лазаревич бойынша бөліп шығару

Г) лапаротомия, компрессионді гемостатикалық тігіс салу

Д) операциялық бөлме дайын тұрғанда бала жолдасын қолмен бөліп шығару, сәтсіз болған жағдайда - лапаротомия, жатыр ампутациясын жасау

  1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан ағудың негізгі себебі:

А) ТІШҚҰ-синдром

Б) жатыр гипотониясы

В) жатыр мойнының жыртылуы

Г) плацентарлық тіннің қалдығының қалуы

Д) қынаптың жыртылуы

БЛОК №5. Босану патологиясы

16 Сабақ. Бала жолдасы және ерте босану кезеңіндегі қан ағу

Қорытынды білім деңгейі тесттерінің жауаптары

  1. Г

  2. Б

  3. Г

  4. Б

  5. Г

  6. В

  7. Б

  8. Б

  9. Г Д

  10. Б

Глоссарий

16 Сабақ. Бала жолдасы және ерте босану кезеңіндегі қан ағу

Орысша

Қазақша

ағылшынша

1

Кровезаменители

қаналмастырғылар

blood substitutes

2

Кровить

қанау, қан ағу

to hemorrhage, to bleed

3

Кровопотеря

қансырау

hemorrhage, loss of blood

4

Кровотечение

қан кету, қанау,қан ағу

bleeding , hemorrhage

5

Кровотечение артериальное

артериялық қан кету

arterial hemorrhage

6

Кровотечение атоническое

атониялық қан кету

atonic hemorrhage

7

Кровотечение влагалищное

Қынаптан қан кету

vaginal hemorrhage

8

Кровотечение внутреннее

iшке қан кету

internal hemorrhage

9

Кровотечение во время родов

босану кезiнде қан кету

intrapartum hemorrhage

10

Кровотечение вторичное

салдарлық қан кету

secondary hemorrhage

11

Кровотечение гипотоническое

гипотониялық қан кету

hypotonic hemorrhage, hypotonic bleeding

12

Кровотечение массивное

көлемдi қан кету

massive hemorrhage

13

Маточное кровотечение

жатырдан қан кету

uterine bleeding

14

Наружное кровотечение

сыртқа қан кету

external hemorrhage

15

Обильное кровотечение

көп қан кету

voluminous bleeding

16

Первичное кровотечение

iлкi қанау

primary hemorrhage

17

Повторное кровотечение

қайталап қанау

rebleeding

18

Послеоперационное кровотечение

операциядан кейінгі қан кету

postoperative hemorrhage

19

Послеродовое кровотечение

босанғаннан кейiнгi қан кету

postpartum hemorrhage

20

Cкрытое кровотечение

жасырын қан кету

occult bleeding

21

Материнская кровь

анасының қаны

maternal blood

22

Кровь несвернувшаяся

ұйымаған қан

incoagulated blood

17Сабақ