Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

9 Сабақ. Жүкті әйелдердегі зәр шығару жүйесі және эндокрин жүйесінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

Қорытынды білім тесттері жауаптары

  1. А

  2. В

  3. В

  4. А

  5. В

  6. А

  7. Д

  8. Б

  9. Г

  10. В

Глоссарий

. 9 сабақ. Жүкті әйелдердегі зәр шығару жүйесі және эндокрин жүйесінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу

орысша

қазақша

ағылшынша

1

Сахарный диабет

қан диабеті

Diabetes

2

инсулин

инсулин

insulin

3

макросомия

макросомия

macrosomia

4

нефропатия

нефропатия

nephropathy

5

ангиопатия сетчатки

торлы қабықтың ангиопатиясы

retina angiopathy

6

энцефалопатия

энцефалопатия

encephalopathy

7

гипогликемия

гипогликемия

Hypoglycemia

8

гестационный диабет

жүктілік диабеті

gestetionae diabetes

9

щитовидная железа

қалқанша безі

Thyroid

10

тиреотоксический зоб

тиреотоксикалық жемсау

Thyrotoxic goiter

11

гипотиреоз

гипотиреоз

Hypothyroidism

12

экзофтальм

экзофтальм

exophthalmoses

13

гипертиреоз

гипертиреоз

Hyperthyroidism

14

диффузный зоб

диффузды жемсау

Basedow’s diseses

15

тиреоидит

тиреоидит

thyroiditis

16

тремор

тремор

tremor

17

полидипсия

полидипсия

polydipsia

18

олигоурия

олигурия

oliguria

19

диабетическая фетопатия

диабетикалық фетопатия

Diabetic fetopathy

20

тиреотропный гормон

тиреотропты гормон

thyroid – stimulatind hormone

4 БЛОК

Босану физиологиясы

10 сабақ.

1. Тақырыбы: Физиологиялық босану жайлы түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері.

2. Сабақтың мақсаты: Студентті организмнің босануға дайындығын анықтауға, босану кезеңін диагностикалауға үйрету.

3. Оқытудағы міндеттері:

1) Босанудың басталуының себептері жайлы жаңа түсініктермен таныстыру.

2) Босанудың I кезеңінің клиникалық ағымымен, жатыр мойнының ашылу механизмімен, бірінші және қайта босанушылардың ашылу кезеңдерімен таныстыру.

3) Босанудың II кезеңінің клиникалық ағымымен, желкемен жатудың алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанудың биомеханизмімен, бірінші және қайта босанушылардың шығару кезеңінің жалғасуымен таныстыру.

4) Босанудың III кезеңінің клиникалық ағымымен, плацентаның сылыну механизмімен, соңғы кезеңнің жалғасуымен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Босанудың басталуының себептері. «босану доминанты», ағзаның босануға дайындығы жайлы түсінік. Босану жағдайындағы инициациясындағы утеротропиндер мен утеротониктердің рөлі. Жатырдың «жетілу» сатысын анықтау. Босану ізашарлары.

2) Физиологиялық босануды анықтау. Босану кезеңдері. Бірінші және қайта босанушылардағы физиологиялық босанудың ағымы.

3) Босанудың бірінші кезеңі. Босанудың бірінші кезеңінің диагностикасы, толғақ және «үштік градиент» жайлы түсінік, бірінші және қайта босанушылырдағы жатыр мойнының ашылуы механизмі. Босанудың I кезеңінің латентті және белсенді фазалары. Жатыр мойнының ашылуындағы ұрық қуығының рөлі, қағанақ суының мерзімімен кетуіжайлы түсінік. Бірінші және қайта босанушылардағы босанудың I кезеңінің жалғасуы.

4) Босанудың екінші кезеңі. Босанудың II кезеңінің диагностикасы, потуг жайлы түсінік. Желкемен жатып орналасуының алдыңғы және артқы түрлері кезіндегі босану биомеханизмі. Бірінші және қайта босанушылардың босануының II кезеңінің жалғасуы

5) Босанудың үшінші кезеңі. Кезекті толғақтар жайлы түсінік, плацентаның сылынуы механизмі, плацентаның сылынуының белгілері. Физиологиялық қан жоғалтуды анықтау, босанудан кейінгі ерте кезеңінде қан кетуді тоқтату механизмі.

5. Оқу және оқыту әдістері:

1) Бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейінің тестілері)

2) Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау. Кестелер, қосымша материалдарды, фильмдерді пайдалана отырып теориялық материалды талдау.

3) Аз топтарда жұмыс жасау (2-3 студенттен): босану блоктарындағы туылғандарды курациялау.

4) Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау: туылғандарды курациялаудағы түсініксіз сұрақтарды талқылау.

5) Қабылданған білімді қорытынды бақылау (қорытынды білім деңгейін анықтау тестілері).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Оқулық. / М.: Медицина, 2000. – .186-219 беттер.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Дополнительная:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: медициналық ЖООдарына арналған оқулық. 4-басылым., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 119-154

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Дәрігерлерге арналған әдістеме 3-қайта өңделген, жөнделген, қосымшалар енгізілген басылым – М., «Триада-Х», 2005. – с. 158-181

7. Бақылау (бастапқы және қорытынды білім деңгейлерінің тестілері)

СОӨЖ

10 сабақ.