Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

Онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасы

2013-2014 Оқу жылы

1. Кафедра

Онкология, маммология және сәулемен емдеу

2. Пән, код

Онкология, AG-4303

3. Мамандығы

051301 «Жалпы медицина»

4. Сағат көлемі

54 сағат, оның ішінде

Дәріс - 6 сағ

Тәжірибелік(практикалық) сабақ -30 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 18 сағат

5. Курс. Оқу семестрі

4

7,8

6. Оқытушылар туралы мәліметтер

1.Қайдаров Бақыт Қасенович м.ғ.д., профессор, Еуропаның онколог-хирургтар ассоциациясының мүшесі.

2. Есенқұлова Сәуле Әскеровна м.ғ.д., профессор

3. Кайдарова Диляра Радиковна м.ғ.д.

4. Садықова Толқын Таждиновна м.ғ.к.

5. Джакипбаева Айжан Кумискалиевна м.ғ.к.

7. Байланыс ақпараты

Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, емханалық корпус 2 этаж, тел. 292-00-61 (238): Утепов көшесі-3 Алматы қалалық онкологиялық диспансер тел. 249-05-77, электронды мекен-жай:

1.8. Хабарласу жүйесі

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жангилдин көш., 28. Жұмыс телефон: 397-63-32.

1.9. Пәннің саясаты: оқу үрдісі кезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Оқытушылардың студенттерден талаптары медициналық жоғарғы оқу орындарында оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.

Кафедраның жалпы талаптары:

1. Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысу.

2. Сабақтың басталу қарсаңында студенттерде болуы керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, дәке маскасы, ауыстырып киетін аяқ киім.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу; тәжірибелік сабақтың конспектісі мен теориялық материалдар өзінде болуы керек, тесттер мен ситуациялық есептерді шешу, пальпация, перкуссия, аускультация сияқты науқастарды объективті зерттеу әдістерін меңгеру және қолдануы керек.

4. СӨЖ міндетті түрде орындауы көрсетілген тақырып бойынша.

5. СӨЖ материалдарын (ситуациялық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) және СӨЖ тақырыптарын қорғау тақырыптық жоспарға байланысты бекітілген уақытында орындалуы керек.

6. Тәжірибелік сабаққа қатыспау себебі болса, студент сабақты деканаттың рұқсатымен тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға ауызша жауап беруі қажет; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса студент 0 балл алады.

7. Студенттер науқастар мен клиникалық базаның қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы керек.

8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.