Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

6. Қолданылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

Қосымша;

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.

3.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

4. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

5. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.: СпецЛит, 2003. - 528 с.

6. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – 6-64.

Шабалов Н.П. Неонатология: Учебн. пособие: В 2 т. / Н.П.Шабалов. — Т. I. — 3-еизд., испр. и доп. — М.: МЕДпресс-информ, 2004. — с. 154-222

СӨОЖ

1 дәріс

1.Тақырып:Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру.Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері. Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.

Мақсаты: Акушерлік стационардың құрылысы, ұйымдастыру негізі және жұмыс істеу жүйесі тұралы басты мағлұмат алу.Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу). Нәресте бас өлшемдерін еске түсіру. Жетілген нәресте белгілерін анықтай білу

3. Оқытудың міндеттері:

1.Перзентхананың жұмыс істеу принциптерімен, құрылысымен және ұйымдастыруымен танысу.

2.Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.

3.Перзентхананың медициналық құжаттарымен және басты сапалы көрсеткіштерімен танысу.

4.Перзентхана бөлімшесінің аймақтандыру принциптерімен танысу.

5. Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы мен физиологиясын еске түсіру.

6. Үлкен және кіші жамбастың өлшемдерін еске түсіру. Кіші жамбастың жазықтықтарын талқылау

7. Нәресте бас өлшемдерін еске түсіру.

8. Жетілген нәресте белгілерін анықтай білу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары :

1Акушерлік стационардың басты қызметі мен міндеті .

2Перзентхананың құрылысы.

3Перзентхананың жеке бөлімдерінің құрылысы және санитарлық-гигиеналық,

індетке қарсы күрестің ерекшеліктері.

4Акушерлік стационардың жұмысының және медициналық құжаттарының негізгі сапа көрсеткіштері.

5Перзентхананың санитарлық – гигиеналық режимі

6. Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы мен физиологиясы

7. Үлкен және кіші жамбастың өлшемдерін еске түсіру. Кіші жамбастың жазықтықтарын талқылау

8. Нәресте бас өлшемдерін еске түсіру

5. Оқудың және сабақ оқытудың әдісі:

1) Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2) Теориялық материалды талдау:акушерлік стационардың жұмысының ұйымдастырылуы мен принципі. Акушерлік стационардың қызметі мен міндеті.Перзентхананың құрылысы,санитарлық – гигиеналық режимі.Перзентханадағы неонаталдық көмектің ұйымдастырылуының ерекшеліктері.

3)Кіші топтарда жұмыс істеу. Әйел жамбасының құрылысын фантомда талқылау, әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын көрнекті құрал жабдықтарда талқылау.

4) Қорытынды білім деңгейін бағалау (сұрақтар, тестер, ситуациялық есептер).

Көрнекті материал: Әйел жамбасы фантомының суреті, нәресте фантомы, кестелер.

Әдебиеттер:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

Қосымша;

3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.

Қосымша:

1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

Бақылау сұрақтары: тесттер

7.БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТТЕРІ

1.ҚР жүктілерге аумақтық перинатальдық көмек көрсету 5 сатыдан тұрады :

Ия

Жоқ

2.Босану үйінің негізгі міндеті жүкті және босанушы әйелдерге акушерлік көмек көрсету:

Ия

Жоқ

3.Босану үйінің талабы аумақтық медициналық көмек ережелерін сақтай отырып жүктілерге жедел және жоспарлы акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету:

Ия

Жоқ

4.Анасы мен нәрестенің бөлек болуы ауруханаішілік инфекцияның алдын алуына кіреді:

Ия

Жоқ

5.Қызметкерлерді тексеру, босанудан кейінгі палаталарды реттік толтыру, босанушы әйелді ерте шығару акушерлік стационардың санитарлық-гигиеналық ережесіне кіреді:

Ия

Жоқ

6. Экстрагенитальды патологиясы бар және акушерлік асқынулары жоқ гестацияның 30 аптасындағы жүкті әйел профильді соматикалық бөлімшеге жатқызылады:

Ия

Жоқ

7.Аналық без барлық жағынан ішастармен жабылған және байламдармен бекітілген:

Ия

Жоқ

8.Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі 9,5 см тең:

Ия

Жоқ

9. Кіші жамбас астауының тар жазықтығы алдынан қасаға доғасының төменгі қырымен, бүйірлерінен-шонданай сүйектерімен, артынан-сегізкөз-құйымшақ байламымен шектеледі.

Ия

Жоқ

10. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейінгі аймақ аралығына тең.

Ия

Жоқ

БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ

1. ЖОҚ

2. ИЯ

3. ИЯ

4. ЖОҚ

5. ИЯ

6. ИЯ

7. ЖОҚ

8. ЖОҚ

9. ИЯ

10. ИЯ

Қорытынды білім тесттері

1. Босану үйінің қызметі:

А)әйелдерге жедел гинекологиялық көмек көрсету

Б) акушерлік-гинекологиялық стационарда тек жүктілерге көмек көрсету

В)жүктілерге, босаушыларға және босанғандарға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету

Г) жүктілер мен босанушыларға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету

Д)босанушылар мен босанғандарға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету

2.Босаудан кейінгі реттік толтыру палатасы-бұл бір бөлмеде босанушыны орналастыру :

А) 1-2 тәулікте

Б) 3-ші тәулікте

В) 5-ші тәулікте

Г) 7-ші тәулікте

Д) 10-шы тәулікте

3.Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:

А) 1-2

Б) 3-4

В) 5-6

Г) 7-8

Д) 9-10

4.Босану тарихы– бұл форма №:

А) №113/У

Б) №002/У

В) №096/У

Г) №111/У

Д) №097/У

5. Босану үйінің қай бөлімшесінде жүктіліктің 12 және 22 аптасында медициналық және әлеуметтік көрсеткіш бойынша жүктілікті үзуге болады:

А) босану

Б) гинекология

В) босанудан кейінгі

Г) патологиялық жүктілік

Д) қабылдау

6. Жатыр мойнының қынаптық болігі қалыптыда қандай эпителимен жабылған:

А)бірқабатты жалпақ

Б) цилиндрирлік

В) көпқабатты жалпақ

Г) кірпікті

Д) атипиялық.

7.Жатыр мойнының цервикалды каналы қалыптыда қандай эпителимен жабылған:

А) цилиндрилік

Б) бірқабатты жалпақ

В)көпқабатты жалпақ

Г) кірпікті

Д) атипиялық

8.Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:

А) мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін

Б) үлкен еңбектен

В) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін

Г) үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін

Д) үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.

9.Кіші жамбастың барлық тік ортаңғы өлшемдерін қосатын сызық аталады:.

А) шынайы конъюгата

Б) анатомиялық конъюгата

В) жамбастың өткізгіш осі

Г) жамбастың бүгілу бұрышы

Д) шығаберіс жазықтықтың тік өлшемі

10. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай аталады:

А) шынайы конъюгата

Б) жамбастың откізгіш осі

В) анатомиялық конъюгата

Г) жамбастың бүгілу бұрышы

Д)шығабері жазықтықтың тік өлшемі

1. В

2.А

3.А

4.В

5.Б

6.В

7.А

8.В

9.В

10.Г