Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SRS_Informatika_Referat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.52 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«ИНФОРМАТИКА» МОДУЛІ

СӨЖ

Тақырып: Ақпаратты басқаруда денсаулық сақтау жүйесіндегі этикалық және құқықтық қағидалар

Тексерген: Баракова А.Ш.

Орындаған: Құрмашева А.Ж.

Топ: ЖМ14-039-1к

Алматы 2015 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:

1)Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру;

2)Бірыңғай электронды құжатайналым жүйесі туралы;

3) Медициналық көмек саласындағы адам құқықтары;

ІІІ. Қорытынды:

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе:

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.

Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.

Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.

Информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады.Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информаатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы - ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді,негізгі деңгейлері:

  1. Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер

  2. Мекемелер деңгейі – поликлиника,стационарлар,диспансерлер,жедел-жәрдем орталықтары

  3. Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Жалпы,әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген және ,дәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында.

Бұл тақырыпта медициналық ақпараттық жүйелердің ішінен қарастырылатын деңгей базалық деңгей болып отыр, яғни базалық деңгейдің бағыттары, түрлері және тағы басқалар қарастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

      1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.       2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.       3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет "электрондық үкімет" шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері

      Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:       1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;       2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;       3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;       4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;       5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;       6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;       7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету:

      1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі.       2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.       3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн туындайды.       4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.       5. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медицина персоналының қол жеткізуіне жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатында ғана рұқсат берілуге тиiс.

Электрондық құжатайналымның бітрұтас жүйесі

Электрондық құжат айналымы  жүйесі  іс жүргізу қызметі мен әкімшілік құжатайналымын автоматтандыру  және облыс әкімдігі бөлімшелерінің ұйымдастыру-басқару қызметіне ақпараттық қолдау үшін арналған.  Кұрылымдық кабельді желі құрылып, электрондық құжатайналымды енгізу бойынша жұмыс ұйымдастырылған.  Кызметкерлерінің жұмыс орны IBM компаниясының  «Lotus Notes» бағдарламасымен қамтамасыз етілген.   Қызметкерлердің электрондық пошта мекен-жайлары іске қосылған. Әр қызметкер жеке электрондық мекен-жайға ие және кез-келген пайдаланушымен  электрондық құжат алмасып, қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие.

Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылы ішінде 53,68 тонна қағазды үнемдеуге мүмкіндік берді.  

Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі (БЭҚАЖ) 2006 жылы жеделділікті жоғарылату мен басқару шешімдерінің сапасын арттыру және мемлекеттік органдарды іс қағаздардың қағазсыз технологиясы мен электрондық құжатайналымын қолдануға ауыстыру  мақсатында ензілді. Қазіргі таңда БЭҚАЖ 93 орталық және 1711 аймақтық мемлекеттік органдарында қолданылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]