Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Epidemiologialy_1179_zertteulerdegi_statistikal...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
395.21 Кб
Скачать

9.2 Өміршеңдік уақытының кестесі

Өміршеңдік уақытының кестесін құруға бірнеше әдістер қолданады.

Екі әдісті көрейік,біріншісі көптеген жиынтықтарды қолданылады, екінші – аз санды зерттеуде қолданылады.

Катлера-Эдерера әдісі:

12-кесте.

Уақыт интервалдары

Бақыланып жатқан объектілердің саны интервалдын басталуына

Болған оқиғалардың саны берілген интервалдық уақытта

Алынып тасталған дар саны берілген интервалдық уақытта

Берілген оқиғалардың интервалда берілгені

Тірі қалғандар бөлігінің итервалдағы көрінісі

Кумулятивтік бөліктегі тірі қалғандар

і

ni

di

Wi

qi

pi=1-qi

Si=pipi-1…p1

Зерттелген объектілердің саны-бұл объектілердің саны, тексеру кезінде тірі болғандар интервалы.

Зерттеу бөлігі, і интервалындағы интерва , бұл объектілердің арақатынасы, і интервалына оқиға келіп түскенде объекттің санын мына интервалдан үйренеміз:

(44)

мұндағы, Wі интервалындағы болған мәліметтер саны.

Тірі қалғандар бөлігі яғни і интервалындағы оқиғалар болмаған, бірлік азайтылған зерттелушілер бөлігі, і интервалында түскендер үшін:

(45)

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Өміршеңдікті талдау әдісі.

  2. Цензурыровты мәліметтер дегеніміз не?

  3. Өміршеңдік уақытының кестесін құру үшін қолданылатын әдістер?

  4. Тіршілік уақыты дегеніміз не?

10. Құбылыстардың және белгілердің арасындағы өзара байланыс

Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың немесе белгілердің бір бірімен байланысын статистикалық талдаудан өткізуге тура келеді. Сонымен қатар факторлы және нәтижелі белгілердің арасьш- дағы байланысты да анықтау қажет.

Бұл әдіс әр адамның дене өсуін бағалауда пайдаланылады және әр адамнын функционалды көрсеткіштерге түрлі сыртқы факторлардын әсерін ғылыми түрде дәлелдеу үшін керек.

Өзара байланыс екі түрге бөлінеді:

  1. Функциоиалдық.

  2. Корреляциялық.

Функционалдык байланыс белгілердің бір-бірімен өзара қатынасын көрсетеді. Бұл белгілердің әрқайсысының мөлшеріне басқа белгілер мөлшерінің нақты сәйкес келуі талап етіледі. Мысалы, шеңбердің радиусы үлкейген сайын оның көлемі де үлкейеді: суда тұздық мөлшері көбейсе оның ащылығы да көбейеді. Негізгі функиионалды байланыс - физикалық, химиияық құбылыстарға тән.

Корреляциялық байланыс - бір белгінің әрбір орта мөлшерінін мағынасы басқа бір белгімен өзара байланысу арқылы бірнеше мағынаға сәйкес келеді (нәрестенің бойы мен салмағының арасындағы өзара байланыс. әйелдердің бала туу жиілігі мен отбасының табысы арасындағы өзара байланыс, т.б.). Көбінесе, корреляциялық байланыс әлеуметтік-мединалық, биологиялық, медицинадық өзгерістерге тән. Сонымен қатар корреляциялық байланыстың ерекшелігі – ол тек бақылау санын есептегенде, яғни статистикалық жинақты зерттегенде анықталады. Корреляция коэффициентінің мөлшеріне сәйкес (0-ден 1-ге дейін) белгілер арасындағы байланыстың күші мен бағытын білуге болады.

Корреляциялық байланыс бағыты бойынша: тікелей, кері болып 2-ге бөлінеді.

Корреляциялық байланыстың күшін анықтау нұсқасы:

  1. Күшті ±1,0 ден ±0,7 дейін;

  2. Орташа ±0,7 ден ±0,3 дейін;

  3. Әлсіз ±0,3 тен ±0,1 дейін;

4. Жоқ - 0.

Егер (+) болсатікелей байланыс дейміз.

Егер (-) болса, оны кері байланыс дейміз.

Корреляциялық байланыстар: кестелік, графикалық, корреляциялықкоэффициентер арқылы бейнеленеді.

Корреляциялық коэффициент есептеудің екі тәсілі бар. Олар:

  1. Квадратты тәсіл (Пирсон тәсілі).

  2. Рангілі (сандық, реттеу) тәсіл (Спирмен тәсілі)

Квадратты тәсілді қолданудың жолдары мыналар:

  1. егер белгілер сан жағынан көп болса;

  2. егер белгілер арасында байланыс күшін нақты түрде анықтау қажет болса.

Пирсонның тәсілі бойынша корреляциялық коэффициентті есептеу формуласы былайша белгіленеді:

(46)

мұндағы, - корреляциялық коэффициент, «х» және «у» өзара байланысын анықтайын белгілер, dx және dy әрбір ауыспалы вариантаның, өзінің орта арифметикалық өлшемінен ауытқуы (Мх және Му).

Пирсон тәсілі бойынша корреляциялық коэффициентті есептеу әдісі мен тәртібі:

  1. ауыспалы («х» және «у») белгілерден вариациялы қатар құру;

  2. әрбір вариациялы қатардың орта өлшемін анықтау;

  3. «х» және «у» қатары үшін орта өлшеміне әр вариантаның (dх және dу) ауытқуын табу;

  4. ауытқулардың көбейтілгеннен (dхdу) кейінгі қосындысын табу керек (∑(d xdу));

  5. әрбір ауытқуды квадратқа алып және қатар бойынша қосындысын табу керек ( );

  6. көбейтіндісін тауып шығару керек ( );

  7. корреляция коэффициентінің формуласына шыққан нәтижелерін қоңдырып есептеу керек:

(47)

Есептелген нәтиже 0 мен 1,0 арасында (+) немесе (-) белгімен болуы мүмкін. Ол байланыстың бағыты мен күшін көрсетеді.

Рангтық корреляция тәсілін қолдану жөніндегі нұсқаулар:

  1. Егер байланыс күшінің деңгейін нақты түрде білу қажет болмаса, ондай мәліметтерді болжамдап алуга болады.

  2. Егер белгілер (n 30) сан жағынан және сапалық белгілер болса, (атбутивті белгі) деп аталады.

  3. Рангілі тәсілі бойынша корреляциялық коэффициента есептеу формуласы:

(48)

мұндағы, - рангілі корреляция коэффициенті, d - рангтардың айырмашылығының ауытқуы, п - бақылау саны.

Рангілі корреляция коэффициентін есептеу жолы:

1. Салыстырылатын белгілерден қатар құру, қатарды «х» және «у» деп белгілейміз. Бірінші қатардың «х» белгісін өсу немесе төмендеу бойынша ретттік санмен белгілеу (1,2,3,4.......), екінші қатардың (у) машинасын бірінші қатардағы мағынасына сәйкес келетіндей қарсысына қою керек.

  1. Әрбір белгінің өлшемін рантілі номермен (реттік санмен) белгілеу керек, оны «х» жене «у» дейміз. Рангылы қатарда белгінің бірдей мөлшері болса, осы мөлшердің реттік нөмерлерінің косындысының орташа саны деп алуға болады.

  2. «х» және «у» арасындағы ранглардың айырмашылығын анықтау d=xi-yi;

  3. Әрбір рангының айырмасын квадратқа алу (d2).

  4. Рангының айырмасының квадраттарының қосындысын табу (∑ d2).

Табылған нәтижелерді формулаға қондырып есептеу керек.

Корреляция коэффициентінің қатесін есептеу формуласы:

  1. Пирсон тәсілі бойынша есептелген корреляция коэффициен­тінің катесін мынадай формуламен табады:

(49)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]