Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Epidemiologialy_1179_zertteulerdegi_statistikal...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
395.21 Кб
Скачать

8.8 Экспериментальды эпизоотология

Бұл әдіс арқылы зерттеуші эпизоотиялық процестің дамуын байқай алады. Мұнда қоздырғыштың қабылдағыш, сондай-ақ иммунды ағзада болғаннан кейінгі жағдайын байқау мүмкіндігі туады және эпидемия аралығындағы қоздырғыштың сақталу мүмкіндігін немесе паразит пен ие популяциясының өзара әрекеттестігінің әртүрлі жақтарын зерттеуге болады. Эпизоотологиялық эксперименттің айқын мысалы ретінде лабораториялық жануарлар ағзасындағы бруцеллез инфекциясының әрқилы патогенезін зерттеуді айтуға болады.

8.9 Математикалық үлгілеу

Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиологиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады.

Аналитикалық эпидемиологиялық әдістерді пайдалану барысында эпидемиялық процестің даму механизмі ойша елестету арқылы жүзеге асады, ал үлгі қисынының дұрыстығы экспериментальдық әдістері және «физикалық» үлгілеуді қолдану арқылы дәлелденеді.

Эпидемиялық процестің даму механизмінің тек жеткілікті байқалуына қарай математикалық үлгілеуге мүмкіндік туады. Мұның алдын алу шараларын ұйымдастыру кезінде мәні зор.

Эпидемиологияда математикалық үлгілеудің екі әдісі бар:

  1. Нысанды-математикалық үлгілеу – бұл нақты эпидемиялық процестің сипаттайтын сандық материалдарды есептеу арқылы математикалық формулаларды пайдалану негізінде эпидемиялық процестің болашақтағы көрінісін болжау болып табылады. Нысанды-математикалық үлгілеу (болжау) элементтері ретроспективтік эпидемиологиялық талдауды жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде осы мақсат үшін арнаулы компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Бағдарламалар сандық көрсеткіш түрінде, графикалық түрде болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің болашағы зор, өйткені эпидемиялық процестің жан-жақты көрінісін көп факторлы талдау арқылы зерттеуге болады.

  2. Сандық үлгілеу дегеніміз – математикалық формулалардың параметрлері ретінде нақты қауіп-қатер факторларын пайдалану. Бұл әдіс ғылыми зерттеуде пайдаланылады. Соңғы кезде осы екі әдісті қатар пайдалануға арналған жетілдірілген компьютерлік бағдарламалар жасалады. Болашақта бұл әдіс күнделікті эпидемиологиялық тәжірибеде қолданылады деген үміт бар.

8.10 Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер

Эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштердің төрт тобын бөлуге болады:

- зерттелетін популяцияның (топтың) қалып көрсеткіштері;

- зерттелетін фактордың сипаттамалары;

- негізгі фактордың әрекетін модульдейтін басқа факторларды сипаттайтын көрсеткіштер (зиянды әдеттер: шылым шегу, дәрі қабылдау, есірткі заттарға бейімділік және т.б., өндірістік жағдайлар: жұмыс сипаты, тұрғылықты орны және т.б.);

- "шатастыратын" факторлар (әлеуметтік тиістілігі, жынысы, жасы, нәсілі және т.б.).

Эпидемиологиялық зерттеулер үшін негізгі бастапқы мәліметтерге науқастылық пен талданатын эффектінің тарамдалуы жатады.

Популяцияда науқастылық аурудың даму қаупінің көрсеткіші болып табылады. Ол популяциядағы нақты уақыт периоды бойында анықталған жаңа науқастану жағдайлар санымен анықталады.

Талданатын эффектінің тарамдалуы – нақты топта зерттеушіні қызықтырған белгісі (ауруы) бар адамдарды немесе қандай белгі (ауру) пайда болғанына қарамастан адамдардың таңдама жиынтығын сипаттайды.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістерін атаңыз.

  2. Кагортты зерттеудің негізгі сипаттамасын атаңыз.

  3. «Оқиға-бақылау» әдісінің негізгі артықшылығын атаңыз.

  4. Табиғи эксперименттің ерекшелігі неде?

  5. Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]