- •. Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер
- •8.1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау
- •8.2 Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •8.3 Эпидемиологиялық жазба әдістері. Статистикалық зерттеу әдісі
- •8.4 Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •8.5 Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент
- •8.6 Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент
- •8.7 Табиғи эксперимент
- •8.8 Экспериментальды эпизоотология
- •8.9 Математикалық үлгілеу
- •8.10 Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •9. Өміршеңдікті талдау
- •9.2 Өміршеңдік уақытының кестесі
- •10. Құбылыстардың және белгілердің арасындағы өзара байланыс
- •Спирмен тәсілі бойынша рангтік корреляция коэффициентінің қатссін мынадай формуламен табады:
8.6 Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент
Денсаулық сақтау мекемелерінің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды атқару барысында эпидемиологиялық процестің табиғи дамуына жасанды араласуын бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент деп атайды. Бұл әдістің ғылыми маңызы шамалы, өйткені атқарылатын шараларды іске асыру барысында салыстыру тобы құрылмайды.
Осыған байланысты оны эпидемиологиялық бақылау әдісімен бірге қолданған жөн. Бұл әдіс сырқаттанудан сақттандыруды немесе сырқаттанушылықтың төмендегенін көрсетеді, сонымен қатар диагностикалық жабдықтар мен әдістердің кемшіліктерін және т.б. істелген шаралардың (әдістің немесе жабдықтың) тиімділігін айқындайды. Осы жерде нәтижені негізгі екі тарапта бағалау ұсынылады:
Пайдаланудағы айырмашылығына байланысты атқарылатын шаралардың сапасына қарай немесе пайдаланбағанына қарай әр жердегі сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;
Әртүрлі уақыт кезеңіндегі сол жердегі дәл осы көрсеткіштерді талдау.
8.7 Табиғи эксперимент
Жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың көбеюі немесе әртүрлі себептерге байланысты тоқтауы мақсаттық талдау кезінде жаңадан болжау (кейде ғылыми болжау) жасауға негіз болдады. Мысалы, жіті ішек инфекциялармен, вирустық гепатиттермен, кейбір гельминтоздармен сырқаттанушылықтың өсуі (немесе төмендеуі) табиғи апаттармен (су тасу, құрғақшылық, т.б.) байланысты болады. Мысалы, Қазақстанның бір өңірінде (Жамбыл облысының Сарықұм ауданы) қырым геморрагиялық қызба ауру бұрқ ете түсті (аз уақыттың аралығында жүзден артық адам аурады). Мұңдай жағдай көктемнің ерте басталуына байланысты табиғи ошақтағы вирустың резервуары болып саналатын кененің көп мөлшерде өніп-өсуі себебінен болады.
Осы табиғи ошақтағы қой-ешкінің ерекше кенеленуі салдарынан, осы жерде тұратын халықтың (малшылардың) малмен тығыз байланысы әсерінен (қойды кенеден тазалау әрекеттері) және ауырған адамдардың өте жұқтырғыш келетінін білмегендіктен медицина қызметкерлерінің науқасты емдеу, тексеру барысындағы жіберген қателіктерінің салдарынан үлкен эпидемия пайда болады.
Ертеректе тұрғылықты халық кененің тіршілік ететін ошақтағы белсенділігі басталмай тұрып, малдарын басқа жаққа (жайлау) алып кету керек екендігін білген. Бірақ дәл осы жылы мұңдай сақтық шаралар ұмыт қалған, осының салдарынан жоғарыда айтылған эпидемия болады.
Осы жағдайда «табиғи» эксперимент іске асты: адамдар ауырды, олардың арасында өлім-жітім аз болған жоқ. Бұл эпидемияның болу себебін болжау онша қиындыққа соққан жоқ.
Эпидемиялық процесті «физикалық» үлгілеу кезінде жұқпалы ауруды зерттеу барысында табиғи жағдайды эпидемиялық процеске ұқсас жасанды құбылысты іске асыру мүмкіншілігін пайдалануға болады. Эпидемиологиядағы эксперименттің осы түрін физикалық үлгілеу деп атайды. Мысал ретінде адам организміне ішек таяқшасын немесе бактериофагты енгізу арқылы ішек инфекциялары қоздырғыштарының таралуын зерттеуді айтуға болады.
Тарихта көп жағдайда зертеушілер экспериментті өздеріне жасаған, осындай эксперимент жасап, әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғышын жұқтырған адамдар аз емес. Мысалы, О.О.Мочутовский бөртпе сүзек қоздырғышы бар қанды өзіне енгізген; Г.Н.Минх қайталама сүзек қоздырғышын өзіне егізген; И.Г.Савченко тырысқақ вибрионын өз денесіне енгізіп, бацилл тасымалдаушылықты көрсеткен.
