
- •. Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер
- •8.1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау
- •8.2 Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •8.3 Эпидемиологиялық жазба әдістері. Статистикалық зерттеу әдісі
- •8.4 Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •8.5 Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент
- •8.6 Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент
- •8.7 Табиғи эксперимент
- •8.8 Экспериментальды эпизоотология
- •8.9 Математикалық үлгілеу
- •8.10 Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •9. Өміршеңдікті талдау
- •9.2 Өміршеңдік уақытының кестесі
- •10. Құбылыстардың және белгілердің арасындағы өзара байланыс
- •Спирмен тәсілі бойынша рангтік корреляция коэффициентінің қатссін мынадай формуламен табады:
8.3 Эпидемиологиялық жазба әдістері. Статистикалық зерттеу әдісі
Бұл әдіс басқа да тәсілдермен бірге эпидемиологияда өте кең пайдаланылады. Мақсат – эпидемиологиялық жағдайды, атқарылатын эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.
Эпидемиологиялық текеру мен қадағалау барысында әртүрлі мәліметтер жиналады, олардың маңызына дұрыс баға беру көп жағдайда қиынға түседі. Осыған байланысты математикалық статистиканы қолдану арқылы көптеген материалдардан барынша толық мәлімет алып, олардың дұрыстығын бағалауға болады.
Жиналған материалды статистикалық тексеруден өткізу әртүрлі құбылыстарға дұрыс баға беру үшін қажет, оның эпидемиялық процестің уақыт, кеңістік бойынша әртүрлі топтардағы (жасы, еңбек өтілі, кәсібі және т.б.) көрінісін, даму барысын бағалауда маңызы зор. Статистикалық толық қорытынды әдетте санмен (абсолюттік және салыстырмалы) сипатталады. Олар санды кесте, графикалық бейне, диаграмма, картограмма және басқа түрде көрсетіледі.
8.4 Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
Эксперименттің эпидемиологиялық қадағалаудан айырмашылығы – эпидемиялық процеске жасанды түрде араласуында. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуде пайдаланылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды. Мысалы, оның эпидемияға қарсы және алдын алу шараларына қатысты жақтарын зерттеуге болады.
Сондықтан эпидемиологиядығы эксперимент дегеніміз, жұқпалы ауруларды тудыруға қатысы бар деп күдіктенген факторлардан құтылу арқылы эпидемиялық процеске жасанды түрде араласу, яғни зерттеушінің қауіп-қатер факторларының жағымсыз әсерін дәлелдеуі. Егер эпидемиологиялық текеру мен қадағалау эпидемиялық процестегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетсе, эксперимент көбінесе оның себептік-салдарлы байланысын айқындайды.
8.5 Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент
Аналитикалық эпидемиологиялық эксперимент зерттеудегі себептік-салдар байланысы туралы болжауларды бақылаудағы экперимент арқылы дәлелдейді. Ол үшін екі топ құрылады: бірінші топ адамдар алдын алу (емдеу) препаратының әсеріне ұшырайды немесе олар үшін қауіп-қатер факторының әсерін құрту және эпидемияға қарсы да кешенді шаралар іске асырылады. Екіншісі де барлық белгілермен бірінші топқа ұқсас, бірақ оларда осы айтылған шаралардың әсер ету мүмкіншілігі болмайды. Бұдан кейін осы екі топтағы сырқаттанушылықты салыстырады.
Бақылаудағы эксперименттің нәтижесі қауіп-қатер факторларының әсерін дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар онда эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының сандық және сапалық жағын, диагностикалық әдістерді, емдеу, алдын-алу препараттарын және тағы басқаларды бағалауға мүмкіндік туады, яғни олардың әлеуметтік тиімділігі бағаланады.
Алға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты бақылаудағы эпидемиологиялық эксперименттің бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, бақылаудағы эпидемиологиялық экспериментте белгілі бір препараттардың, әдістердің диагностикалық бағалылығын, эпидемияға қарсы шаралар кешенінің тиімділігін анықтауға болдады.
Мақсат пен міндетке байланысты эпидемиологиялық арнаулы бағдарламалары жасалынады, іске асыру әдістемелері белгіленеді, объект пен зерттелетін топтар таңдалады және нақты орындаушылары белгіленеді.