Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Тесттер

1.Халі ауыр баланың төсек-орынын ауыстырады:

а) күнделікті

б) кірлеуіне байланысты

в) 2-3 күнде 1 рет

г) 7-10 күнде 1 рет

д) айына 1 рет

2. Халі ауыр баланың терісін күнделікті тазалау қажет:

а) 5% калий перманганаты ерітіндісімен

б) 1:50 фурациллин ерітіндісімен

в) 96 % этил спиртімен

г) 10 % нашатыр спирті ерітіндісімен

д) 10 % камфор спирті ерітіндісімен

3. Халі ауыр баланың терісін күнделікті сүрту керек:

а) 5% калий перманганаты ерітіндісімен

б) 1:50 фурациллин ерітіндісімен

в) 70 % сумен араласқан этил спиртімен

г) 10 % нашатыр спирті ерітіндісімен

д) түймедақ тұнбасымен

4. Көзді тазалау кезінде қабақты сүртеді:

а) көздің ортасынан бұрышына дейін

б) өз еркімен

в) көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай

г) көздің сыртқы шетінен ішкі шетіне

д) төменгі қабақтан жоғарғы қабаққа

5. Ауыз қуысын тазалау үшін қолданады:

а) 5 % калий перманганаты ерітіндісімен

б) 0,5 % калий перманганаты ерітіндісімен

в) 1 % самицилл спирті ерітіндісімен

г) 3 % сутегі асқын тотығы ерітіндісімен

д) 70 % сумен араласқан этил спиртімен

6. Көзді жуу үшін қандай ерітінді қажет:

а) 5 % калий перманганаты ерітіндісімен

б) 2 % сода ерітіндісі

в) 1 % самицилл спирті ерітіндісімен

г) 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен

д) 70 % сумен араласқан этил спирті ерітіндісі

7. Төсекжараның пайда болу реттілігін көрсет:

а) көпіршіктің пайда болуы

б) терінің гиперемиясы

в) тері некрозы

г) ойық жараның пайда болуы

8. Төсекжараның пайда болуына алып келмейді:

а) терінің нашар күтімі

б) аурудың төсегінің ыңғайсыздығы

в) төсек жапқышты жиі ауыстыру

г) ұзақ төсектік тәртіп

д) гигиеналық ваннаны сирегірек өткізу

9. Ауру баланың таңертеңгі туалетіне жатпайды:

а) көз туалеті

б) ауыз қуысының туалеті

в) құлақтың туалеті

г) 3 % сутегі асқын тотығы ерітіндісін сыртқы құлаққа тымызу

д) мұрын туалеті

10. Ауыз қуысын шаюға қолданбайды:

а) натрий гидрокарбонаты ерітіндісі

б) калий перманганаты ерітіндісі

в) ривакол ерітіндісі

г) фурациллин ерітіндісі

д) жылы су

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Ауру баланың төсегін ауыстыру кезінде мейірбике баланың сегізкөз,құйымшақ, жауырын, шынтақ аймағындағы терісінің қызарғандығын байқады

Сұрақ. 1. Не туралы ойлауға болады?

2. Баланың терісін немен тазалау қажет?

Есеп №2. Қыз бала 10 жаста, операциядан кейін төсектік тәртіп тағайындалды.

Сұрақ: Төсекжараның алдын-алуды қалай жүргізу қажет?

Есеп №3. Бала 5 жаста. Ұзақ уақыттан бері ауруханада жатыр.Бала әлсіреген қарау кезінде мейірбике баланың тілінде ақ жабынды және сыртқы құлақта құлықтың барын байқады.

Сұрақ. Мейірбике қандай гигиеналық шаралар жүргізу керек?

5 Тарау.

ОРТА ЖӘНЕ КІШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Дәрігер-педиатр жұмысының нәтижесі көп жағдайда мейірбикелердің көмегі мен мамандандырылғанына байланысты.

Мейірбикелік шара-аурулар күтімін ұйымдастыру және шұғыл шара қолдануды талап ететін ғылыми тәсіл болып саналады.

Емханалық жағдайдағы мейірбикенің қызметтік міндеттеріне кіреді:

• жанұядағы баланың физикалық және ақыл-өрістік дамуын қалыптастыру үшін алдын-алу шараларын жүргізу;

• үйде медициналық көмек көрсету, сонымен қатар дәрігердің тағайындауы бойынша іс-шаралар жасау;

• жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронаж жасау;

• жаңа туған нәрестеге патронаж жасау;

• ауру және сау балаларды бақылау, ата-анасының дәрігер тағайындаған емді дұрыс орындауын қадағалау, жанұяның (тұрмыстық, мәдени гигиеналық, психологиялық) жағдайын зерттеу;

• мектепке дейінгі мекемелерге тіркелмеген балалардың егуін кестесіне сай жүргізу;

• балалар емханасында дәрігер қабылдауында көмектесу, антропометрия жасау, анықтама қағаз беру, жолдамалар, еңбекке жарамсыздығы жөнінде қағаз беру, статистикалық талондар толтыру және т.б.

• диспансерлік есепте тұратын балаларға жүйелі дәрігерлік тексеруді ұйымдастыру;

• ата-аналармен санитарлық-жұмыс жүргізу, баланың тамақтануы және денсаулығын жақсарту жөнінде кеңес беретін қағаздарды тарату және т.б.

Аурухана жағдайындағы мейірбикенің міндеті әр алуан, сондықтан ол мамандандырылған болуға тиісті. Мейірбике дәрігердің тағайындауларын әрдайым ұқыпты және ешқандай сөзге келмей орындауға тиіс, ал кешкі және түңгі кезде, кезекті дәрігердің тағайындауын орындауға міндетті:

• бөлімшеге түскен ауруды қабылдау, оларға ішкі тәртіпті және тағайындалған күн тәртібін айтып түсіндіру, сонымен қатар сол тәртіптің орындалуын қадағалау;

• емдеуші дәрігердің немесе кезекші дәрігердің ауруларды аралауына қатысу, дәрілерді дер кезінде жеткізу;

• операцияларға, процедураларға, түрлі тексерулерге ауруды мерзімінде және сапалы етіп дайындау;

• кіші мейірбикенің жұмысын қадағалау;

Педиатрия бөлімшесіндегі мейірбикелер білуге тиісті техникалар және қажет болған жағдайда орындай алуға тиісті шаралар:

• баланы зонд арқылы тамақтандыру, зонд енгізу және асқазанды жуып –шаю;

• клизмалардың барлық түрлерін (тазалау, сифонды, емдік және т.б.) орындау;

• газ шығаратын түтікшені енгізу;

• жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу (1 жастан асқан балаларға);

• қыша қою, банка, жабысқақ қою;

• дәрі-дәрмектерді тарату;

• дәрілік ерітінділерді көзге, мұрынға, құлаққа тамызу;

• компресс жасау;

• тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, тамыр ішіне дәрі енгізу;

• қан қысымын өлшеу;

• тамақтан, мұрыннан жұғынды алу;

• зерттеу мақсатымен биологиялық материал жинау (зәр, нәжіс, тер, құсық, қақырық және тб.);

• физиотерпиялық емдер жүргізу;

• шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету.

Мейірбике:

• күзеттің мүлтіксіз жағдайына мейірбике жауап береді;

• палаталардың санитарлы жағдайына;

• медициналық және шаруашылық инвентардың бұзылуына;

• дәрілер сақтау ережелерінің орындалуына жауап береді;

• дәрілік заттарды, байлап таңу, күтімге қажетті заттарды, талап ету қағаздарын толтырады;

• балаларды рентген, эндоскопия, радиологиялық және т.б. тексерулерге алып барады.

Мейірбикенің жұмысы бөлімше меңгерушісінің бекітуімен жасалынған кесте бойынша түзіледі кезекшілік кезінде мейірбике дәрігердің рұқсатынсыз бөлімшеден кетіп қалуына құқы жоқ.

Кіші мейірбике:

• жағдайы ауыр ауру балаларды тамақтандырады;

• сонымен қатар ата-аналары әкелген тағамдардың сапасын тексереді;

• ауа–райы қолайлы жағдайда балаларды серуендеуге алып шығады.

Ауруханадағы негізгі құжат, ауруханадағы аурудың медициналық картасы (ауру тарихы) болып есептеледі. Мейірбике ауру тарихында аурудың түскен мерзімін, ауру денесінің биттеп кетпегенін белгілейді. Дәрі-дәрмек тағайындау парағына таратылған дәрілер, дене қызуын белгілейтін параққа-тәулігіне неше рет үлкен дәретке отырғанын, таңертеңгілік және кешкілік дене қызуын белгілейді, аптасына бір рет ванна қабылдау және төсек орнынжоғалса жоғалуында мейірбике жауап береді.

Ем-шара бөлмесіндегі мейірбике күрделі манипуляциялар жасайды: ол жоғары дипломды мамандар орындайтын шараларды жүргізуге көмектеседі (қан құю, пункция жасау, контрасты заттар енгізу және т.б.).

Аға мейірбике-орта және кіші мейірбике жұмыстарын ұйымдастырушы қызметін атқарады.

Аға мейірбике жауапты:

• бөлімшедегі санитарлы–эпидемиологиялық тәртіп үшін жауап береді;

• ұйымдық-әдістемелік кеңес беру (орта және кіші мейірбикелерге олардың міндеттерін түсіндіру);

• бөлімше меңгерушісімен бірге қызметкерлер жұмысының ауқымын, жұмыс кестесін, демалыс кестесін белгілейді;

• есеп беру жұмыстарын атқарады.

Оқу тәрбиелік мекемелерінде мейірбике көптеген жұмыстар атқарады, олар бала бақша, мектеп, шынықтыру лагерлері, балалар үйі, интернат. Дәрігер мен мейірбике баланың психикалық және физикалық дамуын қадағалайды, егулерді қадағалайды, тамақтануын ұйымдастыруға көмектеседі. Ауру баламен оның ата-анасымен әрдайым араласып отырғандықтан, мейірбике аурудың емін қажетті қолайлы жағдайлар тудыру қажет.

Дәрілік деонтологияның халықаралық кодексіне сай мейірбикеге 2 талап қойылады.

1.Білімділік

2.Адамдарға жақсы қарым-қатынас жасау.