- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Төсекжараны емдеу
Төсекжараның 1-ші кезеңінде тері бозарып, содан соң көкшіл – қызыл түсті шекарасы анық емес аймақ пайда болады.
Емдік шаралар: антисептикалық ерітінділермен теріні сүрту қажет (10 % камфор спирті ерітіндісі, 1 % салицил спирті, 70 % этил спиртін сумен араластырып және т.б), жеңіл массаж, УФС, резеңке дөңгелек қою керек.
2-ші кзеңінде тері ісініп, күлдіреу пайда болады.
Емдік шаралар: күлдіреген теріге 1-2 % жасыл бриллианттің ерітіндісі мен,
5-10% калий перманганатының ерітіндісін жағады. Жан–жағын антисептикалық ертіндімен тазалайды. УФС өткізіп, резеңке дөңгелек қояды.
3-ші кезеңде қабынған жер күлдіреп жарылып, төсекжараға айналады.
Емдік шаралар: УФС қолданылады, 1% синтамицин эмульсиясы, Вишневский майы, 10% стрептоцид майы, самырсын майынан таңғыштар, резеңке дөңгелек қояды.
4- ші кезеңде терінің, тері асты қабатының және т.б. жұмсақ тіннің некрозы болады.
Емдік шаралар: шіріген жер шектелгенде, өлі тіндерді алып тастап, жараны 0,5 % калий перманганаты немесе 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған таңғыш қояды. Егер ірің болса, антисептикалық ерітінділерімен жуады. Жараның тазаруына қарай ойықтың жазылуын тездететін майлардан таңғыш қояды (солкосерил, апилак т.б ).
Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
Қатал төсек тәртібіндегі балаларға төсекте дәрет сындыруы үшін нәжіс қабылдағыш береді.
Іс - әрекет алгоритмі.
нәжіс қабылдағышты жылы сумен шайып ішіне аздаған су қалдырыңыз;
пациенттің бүйірінен сол қолыңызды сегізкөздің астына салып, жамбасын көтеріңіз. Бұл кезде пациенттің аяғы тізесінен бүгілуі тиіс;
пациенттің жамбасының астына кленка төсеңіз;
оң қолыңызбен нәжіс қабылдағышты, жамбас астына қойыңыз;
пациентті көрпемен жауып, біраз уақыт жалғыз қалдырыңыз;
оң қолмен нәжіс қабылдағышты алып, сонымен қатар сол қолмен пациентке жамбасын көтеруге көмектесіңіз;
нәжіс қабылдағыштағы дәретті көріп, унитазға төгіңіз, нәжіс қабылдағышты ыстық сумен шайыңыз. Егер нәжісінде патологиялық өзгерістер болса (кілегей, қан, және т.б.), нәжіс қабылдағышты дәрігер көргенше қалдырыңыз;
пациентті жуындырып, дәрет алдырыңыз;
нәжіс қабылдағышты залалсыздандырыңыз.
Ауыр халдегі балаларды дәреттендіру
Балаларды, әсіресе ауыр халдегі балаларды әрбір үлкен дәрет сындырғаннан кейін жуындыру қажет.
Іс - әрекет алгоритмі.
баланы екі аяғын тізесінен бүгіп, сандарының арасын ашып, шалқасынан жатқызады;
пациенттің астына кленка төсеп, нәжіс қабылдағыш қойыңыз;
оң қолыңызға корнцангпен қысып домалақтанған мақта тампонын, ал сол қолға антисептикалық жылы ерітінді құйылған құман алыңыз;
құмандағы ерітіндіні жыныс мүшелерінен бастап тік ішеккке қарай құя отырып, мақталы тампонмен жоғарыдан төменге бағыттай жуыңыз;
тік ішектегі инфекция қуыққа және сыртқы жыныс мүшелеріне түсіп кетпейтіндей етіп домалақтанған мақтамен сол бағытта сүртіңіз (жоғарыдан төменге);
клеенкамен нәжіс қабылдағышты алып тастаңыз.
Ауыз қуысының күтімі
Науқас бала таңертең және кешке балалар щеткасымен, тіс пастасын қолдана отырып тісін тазалауы тиіс.
Әр тамақтан соң ауызын жылы сумен шаюы керек.
Халі ауыр балалардың ауыз қуысын әрбір тамақтан соң төсекте шаю қажет.
Іс-әрекет алгоритмі:
науқасты отырғызыңыз;
мойынымен кеудесіне алжапқыш жабыңыз;
антисептикалық ерітіндіні беріңіз;
иегінің астына лоток ұстап тұрыңыз;
науқасқа ауызын шаю керектігін айтыңыз.
егер бала өзі ауызын шая алмайтын болса, медбике оның ауыз қуысын өзі тазалауы тиіс;
алмұрт тәрізді баллонға антисептикалық ерітіндіні алыңыз;
баланың басын бір жағына бұрыңыз, сонда ерітінді тыныс алу мүшелеріне түспейді;
мойынымен кеудесіне алжапқыш байлап, иегі астына лоток қойыңыз;
ауыздың бір шетін шпательмен ашып, баллонның ұшын ауызға кіргізіңіз;
баллонды қысып аққан сумен оң және сол жақтарын шайыңыз;
қажеттілігіне қарай ауыз қуысын сүртуге болады;
балаға ауызын ашуын сұраңыз, кіші жастағы балалардың ауызын шпательмен ашыңыз;
пинцетке қыстырылған мақтаны антисептикалық ерітіндіге батырып, тілін сүртіңіз, мақтаны ауыстырып отырыңыз;
таза мақтаны тағы антисептикалық ерітіндіге батырып тісін ішкі және сыртқы жағынан сүртіңіз;
Соңында баладан ауызын таза сумен шаюын талап етіңіз.
Көз күтімі
Бала таңертең және кешке көзін жууы тиіс. Ерте жастағы балалардың көзінен бөліну болса, таза мақта тампонын антисептикалық ерітіндіге батырып алып көздің сыртқы шетінен ішіне қарай сүртеді. Көз ауруы кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша көзге тамшы тамызып немесе май жағу керек. Процедураны өткізер алдында мейірбике қолын сабынмен жуып, спиртпен сүртеді.
Көзге тамшы тамызу тәсілі:
стерилденген тамшуырға (пипетка) дәрілік затты алыңыз;
сұқ саусақпен төменгі қабағының терісін тартып, ал екінші қолмен тамшуырдан дәрілік затты тамызыңыз. Бұл кезде науқас қарама – қарсы жаққа қарауы тиіс;
біраз уақыттан соң екінші тамшыны тамызыңыз;
баладан көзін жұмуын сұраңыз;
көзден аққан дәріні мақтамен сүртіп алыңыз;
қолданған тамшуырды жылы сумен шайып, арнайы қапқа салады.
Көз майын арнайы шыны күрекшемен жағады. Бұл үшін көздің төменгі терісін тартып, майды жағып, пациентке көзін жұмуын сұрайды. Саусақпен ақырын қабақты сыртынан уқалайды.
Құлақ күтімі
Күнделікті таңертең бала құлағында жууы тиіс. Егер құлық сыртқы құлақ қуысында қатса, оны алып тастау керек. Ол үшін құлаққа бірнеше тамшы 3% сутегі тотығының ерітіндісін немесе стерилденген вазелин майын тамызып, содан соң шиыршықталған мақтамен құлақ қуысын айналдыра тазартып, құлықты алып тастайды.
Мұрын күтімі.
Егер бала өзі мұрынын тазалай алмаса, оған мейірбике көмектесуі керек. Ол үшін мұрын қуысына кезек – кезек шиыршықталған мақтаны, вазелин майына батырып алып, айналдыра отырып енгізіп тазалайды. Бұл кезде баланың басын артқа қарай шалқайтып, 2-3 минуттан соң қатқан бөліндіні алып тастайды.
Шаш күтімі.
Шашты күніге тарап отыру қажет, ал аптасына бір рет педикулезге қарап тексеріп, балаларға арналған иіс сабынымен немесе шампунмен жуу керек.
Халі ауыр балаларды кереуетте жуындырады. Жуындыру үшін:
легенді кереуеттің бас жағына қойыңыз;
баланың иығына клеенка жабыңыз;
баланың басын кішкене көтеріп, артқа шалқайтыңыз;
шаштың үстіне жоғарыдан құманнан жылы су құя отырып шашты сабындатып жуыңыз;
шашты шайыңыз, сонан соң оны сүлгімен сүртіп тараңыз.
