- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
Іс- әрекет алгоритмі.
аурудың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп;
сегіз көз астынан көйлектің етегін ұстап, оны шүйдеге дейін ысыру керек;
екі қолын көтеріп, мойнына жиналған көйлек басынан шығарылады;
екі жеңінен шешіп алынады. Егер пациенттің бір қолы зақымданған болса, көйлекті алдымен сау қолдан, сосын ауру қолдан шешеді.
Ал пациентті киіндіргенде, керісінше, алдымен ауру қолдан бастап, сонан соң сау қолынан кигізіп, көйлекті басынан кигізеді.
Халі ауыр сырқаттың төсек жапқыштарын ауыстыру.
Төсек жапқыштарын екі тәсілмен ауыстырады.
1-ші әдіс – бұл әдісті қозғала алатын пациенттерге қолданады.
Іс- әрекет алгоритмі
таза жапқышты ұзына бойынан жартысына дейін орайды;
пациенттің үстін ашып, басынан жастықты алып тастайды;
пациентті кереуеттің бір шетіне қарай бүйірімен жатқызады;
кір жапқышты ұзынан пациентке қарай ысырыңыз;
ал босаған жерге таза жапқышты жабыңыз;
пациентті алдымен арқасына, сосын екінші бүйіріне аударып жатқызады., сол кезде науқас таза жапқышқа жатады. Кір жапқыштарын алып, таза жапқыштарды жаяды.
2-ші әдіс – бұл әдісті ауру белсенді қимыл жасай алмағанда қолданады.
Іс - әрекет алгоритмі.
таза жапқышты ұзындығының жартысына дейін бүктеңіз;
аурудың үстін ашып, денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп, жастығын алыңыз;
кірлеген жапқышты бас және аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, бел тұсынан шығарып алыңыз;
таза жапқышты сырқаттың сегіз көзіне апарып, бас және аяқ жағына қарай жайыңыз;
пациенттің үстіне көрпе жабыңыз.
Кір төсек жапқыштармен, киімдерді бөлек-бөлек қақпағы бар пластмассадан жасалған ыдыстарға немесе клеенка қаптарға салып, арнайы бөлмеге апарады. Уақытылы дұрыс ауыстырылмаған жапқыштар, киімдер, төсекжараға алып келеді.
Төсекжараның алдын алу
Төсекжара – бұл терінің, тері асты қабатының және басқада жұмсақ тіндердің дистрофиялық, некроздық өзгерісі. Төсекжара сырқаттың ұзақ уақыт қимылсыз бір қалыпта жатуынан, жергілікті қан айналым мен нервтік трофиканың бұзылуынан болады. Көбіне әлсіз, азған ауыр халдегі науқас балаларда сегізкөз, құйымшақ, жауырын, шынтақ, өкше, шүйде, жамбас, сан буыны тұсында пайда болады.
Науқастың дұрыс күтімі болмай, төсек жапқыштары мен киімдері ылғал, жиырылған, кір болуыда төсекжараның дамуына алып келеді.
Іс - әрекет алгоритмі.
әр 2 сағат сайын төсекте пациенттің денесінің орналасу күй-жайын өзгертіңіз;
төсек жабдықтардың жағдайын қадағалаңыз, төсекте қиқым – сиқым болмауы керек, төсек жапқыштары бүктеліп қалмауы тиіс;
уақытылы кірлеген киімін, төсек жапқыштарын ауыстырыңыз;
сегізкөз, құйымшақ астына жастық тысына кигізілген немесе жаялыққа оралған резеңке дөңгелек, ал өкше, жауырын, шынтақ, шүйде тұсына мақта – дәкеден жасалған дөңгелек қойыңыз. Дөңгелекті, сегізкөз оның тесігінен жоғары тұратындай етіп қойыңыз;
төсекжараға қарсы матрас қолданыңыз;
терісін таңертең және кешке жылы сумен жуып, немесе мақталы тампонды камфор спирті ертіндісі немесе сірке қышқылы ертіндісіне ( 1 см суға 1 ас қасық сірке қышқылы) батырып сонымен сүртіңіз.
УФС, жеңіл массаж жасаңыз. Олар қан айналымын жақсартады.
