- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Ситуациялық есептер
Есеп №1. Қабылдау бөлімінде халі ауыр науқас баланы педикулезге тексерген кезде – сірке табылды.
Сұрақ: 1.Мейірбике не істеуі керек?
2. Науқасқа санитарлы тазалауды қай кезде жүргізген жөн?
Есеп №2. Бөлмені санитарлы тазалаудан өткізу керек. Бөлімшеде хлорамин ұнтағы бар.
Сұрақ: 1. Жұмысқа қажетті хлорамин ерітіндісін қалай дайындау керек?
Есеп №3. Бөлмені кіші мейірбике санитарлы тазалаудан өткізуге дайындалып жатыр. Бөлімшеде дайын хлорамин ерітіндісі бар, бірақ оның дайындалған уақыты белгісіз.
Сұрақ: Кіші мейірбике не істеуі керек?
4Тарау.
СЫРҚАТ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ
Ерте және мектеп алды жасындағы балалар, халі ауыр сырқаттар жеке бас гигиенасын толығымен атқара алмайды. Сондықтан мейірбике халі ауыр пациенттермен, ерте және мектеп алды жасындағы балаларға ескертусіз ақ жеке бас гигиенасын күту үшін көмек көрсетуі тиіс. Ауыр халдегі балалар мен жас сәбилерді күту мейірбикенің тікелей міндеті болып саналады.
Ауру балалар таза болып жүруі тиіс. Медицина қызметкерлері балалардың шашын тарап, тырнағын алып, киінуіне көмектесуі қажет.
Ересек жастағы балаларды жуындырғанда, нәжіс пен зәр қабылдағышты ұсынғанда, айналасындағылардан қысылады.
Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
балаға қысылуға себеп жоқ екендігін түсіндіру;
пациентті пердемен бөліп, басқа балаларды палатадан шыға тұруларын сұрау керек;
нәжіс немесе зәр қабылдағышты ұсынған соң, ауруды жалғыз қалдырған жөн.
Жалпы күн тәртібіндегі мектеп алды жасындағы балалар өздері таңертең және кешке жуынып, тістерін шайып, құлақтарын жууы керек.
Жуынып болған соң бетімен қолын құрғақ сүлгімен сүртеді. Алғашқы тіс шыққаннан бастап әр тамақтан соң тісті сумен тазалап, жуу қажет.
Бала екі жастан бастап тісті тіс щеткасымен тазалап, балаларға арналған пастамен жуады. Мейірбике ерте және мектеп алды жасындағы ұзын шашты қыз балалардың шашын жеке тарақпен тарап, күнделікті, таңертең және кешке сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қарай жуады.
Аптасына бір рет тырнағын тексеріп, 7-10 күн сайын гигиеналық ванна ұйымдастырады.
Сол күні төсек жапқыштары мен киімдерін ауыстырады. Ал қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырыпта отырады.
Төсек орын гигиенасы
Кереует, никелденген болуы тиіс, өйткені оны дизенфекциялап, ылғал тазалаудан өткізу жеңіл. Сонымен қатар, ағаш кереуеттерде, баланың жасына сәйкес көлемде болса пайдаланылуға рұқсат етіледі.
Кереуеттің бас жағы қабырғаға қарайды. Көрші кереуетттердің аралығы 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Кереуеттің торы жақсы тартылған, тегіс болғаны дұрыс, оның үстіне матрас төсеп, үстіне ақ жайма жайылады. Ақ жайма жиырылып немесе бүктеліп қалмауы үшін шеттерін матрастың астына тығады.
Құс жүнімен мақтадан жасалған жастықтарға таза тыс кигізіледі. Көрпенің мақтадан жасалғаны дұрыс, себебі ол жақсы желдетіліп, дезинфекцияланады. Көрпенің сыртынан тыс қаптайды.
Халі ауыр науқастар функционалды кереуеттерге жатқызылады. Функционалды кереуеттің 2- і қабырғасы, 2 бүйір торы, төсеніші, кереует үсті үстелі, және кәрзенкесі болады.
Төсеніш бас, жамбас, аяқ бөлімдерінен тұрады, олар қозғалмалы. Бүйір торы алынбалы-салынбалы, сондықтан ерте жастағы балалардың қауіпсіздігі үшін қолдануға және тамырға препараттар енгізу үшін бинтпен баланың қолын немесе аяғын бекітуге болады.
Кереует үсті үстелі екі аяғы бар тақтадан тұрады және кереуеттің үстінде отырған науқастың алдына орнатылады. Сонымен қатар баланың дәрет алатын ыдысына арналған кәрзенкеде бар. Әр кереуеттің қасында тумбочка тұрады. Оған бала өзінің киімдерін, ойыншықтарын, кітаптарын салады. Бөлімшеде төсек-орын жапқыштармен, киімдерді әр 7-10 күнде, гигиеналық ваннадан соң ауыстырады. Қажеттілігіне қарай жиі ауыстыруға болады. Ересек балалар, жағдайы қанағаттандырарлық болса, өздері киінеді, ал ерте жастағы балаларға мейірбике көмектесуі тиіс.
