- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіп – бұл барлық медицина қызметкерлерімен қатар пациенттердің де емдік мекемелерде тазалықты сақтап, жұқпалы аурулардың эпидемиясының алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар жиынтығы.
Бұл шаралардың ережелері:
• жолдамада дәрігер баланың жұқпалы аурумен байланысты болғандығы жөнінде міндетті түрде жазуы керек;
• қабылдау бөлімінде, дәрігер анамнез жинай отырып, міндетті түрде қайтадан эпидемиологиялық анамнезде сұрақтар қою қажет. Егер баланың эпидемиологиялық анамнезінде айтарлықтай өзгеріс болмаса да, қабылдау бөлімінің дәрігері жұқпалы ауруды жіберіп алмауы үшін оны қараудан өткізеді.
• қабылдау бөлімінде жүргізілген санитарлы тазалау науқастың стационарда өткізген күнінің барлығында сақталады.
Ауруханада баланы анасы немесе мейірбике аптасына 1 рет қарайды. Әр аптада, науқас гигиеналық ванна қабылдайды. Бөлімшеде уақытылы төсек-орын жапқыштары, киім-кешек ауыстырылуы керек. Ауыстыру жиілігі – науқастың патологиясымен, жасымен, оның жалпы жағдайымен байланысты. Науқастың киім-кешегін, төсек жапқыштарын 1 сағатқа 2% кір жуғыш ұнтағына салып қояды. Жиһаздар мен заттар полиэтиленді пленкамен жабылуы тиіс және әр науқастан соң, 1% хлорамин ерітіндісімен немесе 0,5% хлормен әк ерітіндісімен әр 15 минут сайын 2 рет, сосын таза сумен сүртіледі. Сонымен қатар әр пациенттен кейін кушеткадағы жабу ауыстырылады. Медицина қызметкері тамақты дайындау және тарату, ал науқас тамақты дұрыс қабылдаудың ережелерін ұстай білуі тиіс. Тағам, тамақ блогында дайындалып, бөлімшеге әкелген соң, оны 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Асханаға әр порция арнайы терезе арқылы таратылады. Қолданылған ыдыс-аяқтар болған соң, арнайы өңдеуден өтеді. 15 мин. 2% ас содасы ерітіндісінде немесе 30 минут суда қайнатылады. Науқастар тек қайнаған су ішуі тиіс. Бөлімшенің барлық қызметкерлерімен, науқастар жеке бас гигиенасы талаптарын ұстануы қажет. Мейірбике әрбір кезекшіліктің алдында душ қабылдап, таза киім киюі керек. Халат, қалпақ, аяқ-киімін арнайы шкафта қалдырады. Нәрестелер, емізулі балалар бөлімшесінде, жұқпалы аурулар палатасы мен бокстарда бетперде (маска) тағу керек. Бетпердені әрбір 4 сағатта ауыстыру керек.
Тесттер
1. Дезинфекция дегеніміз:
а) ауруды тудыратын қоздырғыштардың ауруханада таралуының алдын-алу және оны жою
б) автоклавтау
в) құрал-саймандарды зарарсыздандыру
г) диагностика әдісі
2. Аурудың алдын алу үшін дезинфекцияны өткізу кімнің міндетіне кіреді:
а) дәрігер
б) орта және кіші медицина қызметкерлерінің
в) бас дәрігер
г) бөлімше меңгерушісі
д) СЭС
3. Ауаны зарарсыздандыру үшін өткізіледі:
а) дезинфекция жүргізу үшін қолданылатын заттарды себу
б) ультракүлгін сәулелерін қолдану немесе желдету
в) өткізбейді
г) қабырға мен еденді дезинфекциялау
4. Жиhаздарды сүртеді:
а) күніне 1 рет
б) күніне 2 рет
в) күніне 3 рет
г) күніне 4 рет
5. Жұмсақ заттарды мына жолмен өңдейді:
а) қағу
б) жуу
в) стерилизациялау
г) автоклавтау
6. Ағымды дезинфекцияның әдісіне жатпайды:
а) физикалық
б) химиялық
в) механикалық
г) дұрыс жауабы жоқ
7. Стерилизация дегеніміз не:
а) ауруханада ауру тудыратын қоздырғыштардың таралуының алдын-алу және оны жою
б) автоклавтау
в) құрал-саймандар таңғыш материалдағы микроорганизмдермен олардың спорларын толығымен жою
г) диагностикалау әдісі
8. Ыстық ауамен ауаны стерилизациялауды қандай температурада өткізеді:
а) 1500 С
б) 1800 С
в) 1000 С
г) 1200 С
9. Педикулезге науқасты қарауды қай жерде өткізеді:
а) бөлімшеде
б) палатада
в) боксте
г) қабылдау бөлімінде
10. Науқастың төсек жаймасын жуу кезінде, оларды қанша уақытқа суға салып қояды:
а) 2 сағат
б) 3 сағат
в) 1 сағат
г) 40 минутқа
