- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Тесттер
1. «Диабеттің паспортында» не белгіленбейді:
а) жанұялық жағдайы
б) аты-жөні
в) мекен жайы
г) диагнозы
д) инсулиннің дозасы
2.Инсулинді қай жерге салуға болмайды:
а) тілдің астына
б) іштің маңайы және жауырын астына
в) иыққа
г) санға
д) жамбасқа
3.Бір жерге бірнеше рет қайталап инсулинді салғанда қандай асқыну болуы мүмкін:
а) липодистрофия
б) баздану
в) ыстықтық
г) қышыма
д) аллергиялық бөртпелер
4.Гипергликемияның пайда болған белгілеріне жатпайды:
а) дауысының дөрекіленіп қырылдауы
б) ауада ацетон иісінің болуы
в) көз көруінің нашарлауы
г) жиі дәретке отыру
д) әлсіреу
5.Гипогликемияның пайда болу белгілеріне жатпайды:
а) қалқанша безінің ұлғаюы
б) көңіл-күйдің өзгеруі
в) көп терлеу
г) көздің қарауытуы және екеуленуі
д) дірілдеу
6.Тиреотоксикоз кезінде балаға қажет емес:
а) тыныштық
б) психологиялық колифорт
в) мектепте қосымша сабақ
г) сүт тағамдарын қолдану
д) физикалық күш түсірмеу
7.Семіздікпен ауыратын балаға қатаң диета тағайындау кезінде шектелмейді:
а) жемістер мен көкөністер
б) ұн тағамдары
в) тәтті тағамдар
г) картоп
д) майлы тағамдар
8.Инсулин салғанда медбике не үшін жауап береді:
а) инсулиннің дозасы
б) инсулин схемасы
в) қан және зәрдегі қан мөлшері
г) инсулиннің түрін таңдау
д) инсулиндердің әр түрлерінің бір-біріне сәйкестігі
9.Гипотиреоз кезінде қандай белгі балаларда кездеспейді:
а) шапқыншылық
б) жай қозғалу
в) ұйқышылдық
г) есте сақтаудың төмендеуі
д) үнемі шаршағыштық
10. Балаларда гипотиреоздың белгісі болып табылмайды:
а) агрессивтік
б) аз қозғалғыштық
в) ұйқышылдық
г) есте сақтаудың нашарлауы
д) үнемі шаршап жүру
Ситуациялық есептер:
Есеп №1.8 жасар бала дәрігерге шөлдегіштігіне, жиі дәреттенетініне, әлсіздігі мен шаршағыштығына шағымданды. Ауырғанына 1 ай. Басында шөлдеуі тамақтан кейін, келе-келе түнде де көп ішетін болды. Тәулігіне 3-5 литрге дейін су ішеді. Онан басқа, бала тамақты көп жейді, арықтаған, жиі және көп дәреттенеді, энурез.
Сұрақтар:
1.Қандай ауларды ойлауға болады?
2.Қандай лабораториялық зерттеулер қажет?
3.Тағы да қандай мағлұматтарды жинау керек?
Жауаптар:
1.Қант диабеті.
2.Қандағы зәрдегі глюкозаны және кетонды денелерді анықтау.
3.Тұқым қуалаушылық, тамақтанудың бұзылуы(тәттіні,майлынышамадан тыс көп жеу), өткендегі инфекциялық аурулар психикалық және физикалық жарақаттар.
Есеп№2.Жеті жасар қыз дәрігерге ашуланғыштығына, шаршағыштығына, ұйқысының бұзылуына, жүрек қағысына шағымданды. Объективті: эмоциональды, жылағыш, денесі қимылдағыш, түрі қорыққан тәрізді. Саусақтарында тремор, гипергидроз, жүрек тондары күшейген, тахикардия, қалқанша безі III дәрежелі деңгейінде өскен.
Сұрақтар:
1.Қандай синдром?
2.Қалқанша бездің III дәрежесі үлкейген симптомдарын атаңыз?
Жауаптар:
1.Гипертиреоз синдромы.
2."Семіз мойын", көзге үлкейген қалқанша без жақсы көрінеді, тахикардия, тондарының күшеюі, пульстың қысымының көптігі, өкпелік артерия тұсындағы акцент.
Есеп №3. Эндокринология бөлімшесінде қант диабетімен ауыратын науқас естен танып, құлады.
Сұрақ: Балаға қандай көмек көрсету керек?
Есеп №4. Қант диабетімен ауыратын балаға ата-аналары торт және тәтті сусындар алып келді.
Сұрақ: Бөлімше мейірбикесінің тактикасы қандай болуы керек?
Есеп№5. Семіздікпен ауыратын бала арнайы жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шектейтін диетаны қажет етеді.
Сұрақ: Балаға қай диета көрсетілген?
