Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі

Ішкі сөл бөлу бездерінің гармондары көптеген ағзалардың қызметін, зат алмасу, физикалық және ақыл-ес дамуды, өсу, жыныстық дамуды қадағалайды. Ішке сөл бөлу бездерінің қызметі бұзылғанда көптеген аурулар дамиды. солардың ішінде жиі кездесетіні қан диабеті, қалқанша безінің гиперферекциясы (тиреотоксикоз) және гипофункциясы (гипотиреоз), семіздік. Салауатсыз өмір салты (гиподинамия, гипоксия) дұрыс тамақтанбау (майлы тағамды көп қолдану, керісінше клетчаткасы бар тағамдарды аз қолдану), сонымен қатар иммунды жүйенің әлсіреуі балаларда эндокрин ауруларының жиі кездесуіне алып келеді.

Қант диабетінде диетаны дұрыс ұстаған жөн. Емдік тағам (диета №9) мынадай жағдайларды ескере отырып құрылады: баланың салмағы, жасы, физикалық күш, аурудың ауырлығы, қандағы қанттың мөлшері, емдеу тактикасы, глюкозадан басқа көмірсуды қалай көтереді. Қант диабеті ауруы ұстанатын диетаға қойылатын жалпы талап, тағамның құрамында аз мөлшерде көмірсу және май болуға тиісті, белокқа бай болу керек, тәтті тағамдарға тиым салынады. Олар: әсел, қант, шоколад, халва, тәтті нан, тәтті жемістер және сусындар, сонымен қатар нанды шектеу, картоп ұнды тағамдар.

Дәрігердің тағайындағанын қатаң ұстап қана қоймай, күнделікті не ішіп-жегенін күнделікке жазып отыру керек. Қант диабетінің емі инсулин болғандықтан, инсулин укол арқылы енгізілетіндіктен ата-анасын немесе ересек балалардың өздеріне ине салуды үйретеді. Мейірбикенің міндеті болып дәрігердің тағайындаған дозасын дұрыс есептеп шприцке құю болып табылады. Инсулин әсер ету бірлігі (ӘБ) немесе халықаралық бірлікте (ХБ) есептелінеді. Инсулин арнайы 2 шкаласы бар шприцте енгізіледі, біреуінде препараттың мөлшері белгіленген (10 белгі 0,1 және әр қайсысы 10 майда бөліктен 0,01 мл), ал екінші шкалада 40 бөлік дәрінің әсер ету бірлігі (1бөлік 1 ӘБ сай) белгіленген.

Қазіргі кезде 100 ӘБ тен тұратын шприцтер бар. Инсулин тері астына енгізіледі, укол салатын жерді әрдайым ауыстырып отыру керек (жауырын асты, іштің сыртқы жағы, қолдың сыртқы жағы, шынтақтың ішкі жағы, санның алдыңғы және сыртқы жағы), себебі инсулиннен кейін асқыну-липодистрофия дамуы мүмкін. Инсулин енгізудің алдында оны дене қызуына дейін жылытып алу керек, теріні спиртпен сүрткеннен кейін ол ұшып кетуі керек, дәрі жай ғана енгізіледі әдетте тамақтың алдында 15-20 минут бұрын салынды.

Қант диабетімен ауыратын бала күтімінің ерекшелігі:

• иммунитеті төмен болғандықтан, қабыну процесіне бейім келгендіктен, қант диабетімен ауыратын баланың күтімі гигиена ережелерін ерекше ұстаумен сипатталады. Әсіресе шырышты қабат гигиенасы, тері және зәр шығару жолдарының гигиенасын қатаң ұстау қажет:

• инсулин бірдей тереңдікте және бірдей жылдамдықта салынады;

• инсулин тағайындалған дозада және дәл белгіленген уақытында салынуға тиісті;

• мейірбике қандағы және зәрдегі қанттың мөлшерін қадағалап тұруы керек. Қант диабетімен ауыратын баланың күтімі және емі дұрыс жүргізілсе, еңбекке жарамдылығы жақсы сақталады. Мұндай диагнозы бар балаға аптасына қосымша 1 күн демалыс беріледі. Таңертеңгілік гимнастика жасауға рұқсат беріледі, дене шынықтырудың дайындық тобына қатысады, бірақ спортпен шұғылдануға, жарыстарға қатысуға рұқсат етілмейді.

Диабетпен ауыратын әрбір балаға «диабеттің паспорты» беріледі. Онда баланың аты, жөні мекен жайы, диагнозы, инсулиннің дозасы және салу мерзімі, соңғы зәрмен қанның құрамындағы қанттың мөлшері жазылады. Паспортты бала әрдайым өзімен бірге алып жүруі керек. Кенеттен есінен танып қалған жағдайда паспорт бойынша ауруға қандай көмек көрсету керек екенін анықтауға болады.

Семіздік кезіндегі баланың күтімінде ең бастысы диета ұстау. Сонымен қатар физикалық күш және емдік физкультурада тағайындалады. Аштықпен семіздікті емдеуге болмайды, себебі ол өсіп жатқан организм, оған пластикалық заттар; белок, май, көмірсу, витаминдер және минералды заттар өте қажет.

Семіздік кезіндегі бала күтімінің негізгі ережелері:

• диетотерапия (стол №8). Бұл диетада кәдімгі стандартты диета мен салыстырғанда, белок, май, көмірсу және тәуліктік калория әлдеқайда төмен. Бала көбіне клетчаткаға бай тағамды көп қабылдайды.

• тағамның мөлшері кәдімгі жалпылама тәртіп бойынша. Аурудың қарны ашпауы керек, себебі көп мөлшерде инсулиннің бөлінуіне әкеледі. соның салдарынан көмірсу көп мөлшерде сіңіріледі де, олар майға айналады. Тамақтанудың саны 1-2 - ге көбейтіледі;

• уқалау, емдік және спорттық ойындар, гимнастика тағайындалады;

• тамақтанғаннан соң, арасында қосымша бір нәрсе жеуге рұқсат етілмейді;

• соңғы тамақ ұйықтаудың алдында 2 сағат бұрын беріледі;

• тамақтану кезінде кішірек ыдыстарды қолданған жөн, балада қанағаттық сезімін тудыру үшін;

• егер семіз бала күндіз ұйықтайтын болса, онда тамақтану ұқының алдында емес, соңында болуға тиісті;

Тиреотоксикоз кезінде бала тыныштықты, жан–жағындағылардың сабырлығын, психологиялық камфортты талап етеді. Күндіз бала кемінде 1-1,5 сағат демалуы тиіс. Күндізгі демалыс кезінде кітап оқуға тиым салынады. Ащы өткір иісті, қақтырылған, қайнатпа сорпаларды, қуырылған етті тағамдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Сүт тағамдары мен вегетариандық тағамдар қолданған жөн. Дәрігер-эндоркринологтың барлық талаптарын орындау керек. Баланы физикалық және психикалық күш түсіруден қорғаштап, керісінше су процедуралары жүргізіледі. Мұндай ауруы бар балалар эндокринолог дәрігерде тізімде тұрады. Егер аурудың белгілері айқын білінбесе, бала мектепте оқи береді.

Мұндай жағдайда баланы дене шынықтыру сабағынан, кластан тыс сабақтардан, бастады, қажет болған жағдайда қосымша демалыс күн беріледі.