- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
Ішкі сөл бөлу бездерінің гормондары көптеген ағзалардың, зат алмасуды, физикалық және ақыл-ой дамуын, бой жыныстық бой жыныстық дамуды қадағалайды. Ішкі сөл бөлу бездерінің қызметі бұзылса, аурулар дамиды. Солардың ішінде ең көп таралғаны: қант диабеті, қалқанша безі қызметінің артуы (тироетоксикоз) және кему (гипофункция) болуы, семіздік. өмір салтын дұрыс құрмау (гиподинамия, гипоксия), тағамды ұйымдастырмау (майлы, рафинадталған көмірсуға бай тағамдарды көп мөлшерде қолдану), сонымен қатар иммунды жүйенің бұзылысы эндокринді аурулардың балалар арасында өсуіне әкеледі.
Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
Гипофиз (бадамша без) – ақуызбен сипатталатын гормондарды шығаратын ең маңызды ішке сөл бөлетін без. Ол барлық ішке сөл бөлетін бездердің қызметін реттеп отырады және бүкіл эндокрин жүйесін біртұтас етіп біріктіреді:
• АКТГ - адренокортикотропты гормон (глюкокартикоидтардың) синтезін және бөлінуін ынталандырады;
• ТТГ- тиреотропты гормон (қалқанша безінің ) өсуін және қызметін ынталандыру;
• СТГ - соматротопты гормон (өсу гормоны);
• гонадотропты гормон (гонадолардың қызметін ынталандырады);
• вазопрессин (ағзада судың тоқырауын тудырады);
• окситоцин (жатырдың тегіс бұлшықеттерін жиырады, лактацияның ынталандырады, диурезді молайтады).
Қалқанша без - келесі гормондарды шығарады:
• тироксин;
• трийодтиронин;
• тиреокальцетонин.
Олардың қызметі қалыпты бой өсіру, скелетті жетілдіру, бас миының бөліктерін саралап, сана сезімнің дамуын реттеу, терімен қосымша бөліктер құрылымының қалыпты дамуын реттеу.
Қалқанша маңы бездері – паратиреоидты гормондар бөліп шығарады, ол кальций алмасуын реттейді.
Бүйрек үсті бездері:
• глюкокартикоидтарды - қабынуға қарсы әсері бар;
• минералдыкортикоидтарды – тұз алмасуға әсер ететін;
• катехоламиндерді – қан тамыр тонусына әсер ететін, жүрек, жүйке-жүйесі және т.б. қызметіне әсер ететін гормондарды бөліп шығарады.
Ұйқы безі:
• инсулин;
• глюкоген;
• соматостатиндерді бөліп шығарады.
Жыныстық бездер – эндокрин және туу қызметін атқарады. Жыныстық жүйенің дамуын реттейді, екіншілік жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Қант диабеті – инсулиннің нақтылы немесе салыстырмалы жетіспеушілігінің салдарынан туындайтын зат алмасуға, соның ішінде көмірсу алмасуына әкелетін, гипергликемия тудыратын ауру.
Себептері:
• тұқым қуалаушы бейімділіктің болуы;
• гендік бұзылыстарының болуы;
• гапло типтердің болуы;
• вирусты этиология.
Клиникалық белгілері:
• шөліркеу;
• жиі және көп мөлшерде бөлінуі;
• никтурия;
• терінің шырышты қабатының құрғауы;
• кейбіреулерде – полифагия (тәбеттің көтерілуі);
• салмақ тастау;
• қайталамалы іріңді инфекция;
• терінің қышынуы аяқ-қолдарының сырқырауы;
• жүйке жүйесінің функционалды өзгерістері (ұйқысының бұзылуы, қозу).
Семіздік – қартаюмен аналогты өзгерістермен жүретін полиэтиологиялық ауру. Болуға тиісті дене салмағынан 15 % - ға артық салмағы барлар семіздікке шалдыққаннан болып есептеледі.
Себептері:
• алиментарлы фактор;
• эндокрин аурулары;
• наркоз;
• тұқым қуалаушы бейімділік.
Клиникалық белгілері:
• дене салмағы ұлғаюының артуы;
• вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуы (бастың айналуы, тершеңдік, шаршағыштық);
• тері асты майының бір тегіс емес таралуы;
• пигментация;
• стриялар.
Гипотиреоз– қалқанша безі қызметінің белсенділігінің жетіспеушілігі синдромы.
Себептері:
• туа біткен;
• жүре пайда болған.
Туа біткен гипотиреозда аурудың симптомдары алғашқы 6 айлық өмірінде пайда болады.
Клиникалық белгілері:
• бала салмақ қосқанмен, оның бойы және жалпы дамуы тежеледі;
• психикалық дамуының тежелуі;
• бет пішінінің топастануы;
• мимикасыз бет;
• қабағының түйілуі;
• балалар енжар болады;
• көп жата береді;
• айналасына селқос, дауысы дөрекі, қырылдап шығады;
• мұрны қысқа, тілі үлкен, ауызынан шығып тұрады;
• іші қатып қала береді.
Жүре пайда болған гипотиреоз біртіндеп дамиды:
• баланың физикалық және психикалық мүмкіндігі төмендейді;
• салмағы өседі;
• бойының өсуі тоқтайды;
• бет әлпеті өзгереді;
• бетінің терісі қалыңдайды, бозарады, құрғайды, қабыршақтанады, бозарады, құрғайды, қабыршақтанады, қабағы ісінеді:
• бала терлемейді;
• шаштарға құрғайды және түсе бастайды;
• іші қатып қалуға бейім болады;
• жыныстың дамуы тежеледі, етеккір бұзылыстары дамиды;
• балалар аз қозғалады, ұйқышыл, әр уақытта шаршаулы, еске сақтау қабілеті төмен, оқуы нашарлайды.
Тиреотоксикоз – қалқанша безі қызметінің өршуі. Барлық жастағы балаларда кездеседі, 14-15 жас аралығындағы қыз балалар жиі ауырады.
Себептері:
• жедел инфекциялық аурулар;
• созылмалы инфекциялық аурулар;
• психикалық жарақаттар – қайғы, қорқыныш, ыза.
Клиникалық белгілері:
• бастың ауыруы;
• ұйқысының қашуы;
• ұмытшақтық;
• тершеңдік;
• қолдарының қалтырауы;
• жүрек соғысының жиілеуі;
• бала ашушаң болады;
• салмақ тастайды;
• кейбір кезде дене қызуы ұзақ уақыт 37,1-37,50С болады;
• қалқанша бездері қызметінің қозуы қалқанша безінің ұлғаюы және бадырақ көздікпен сипатталады.
