Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы

Мейірбике негізгі диагнозға сүйене отырып, науқасты күтудегі өз жоспарын құруы керек. Мейірбикелік жоспарды құру-өте қиын мәселе, өйткені қан жүйесінің ауруы кезінде пациенттің организміндегі қызметтің барлығы бұзылады:

  • тыныс алу (анемия);

  • тамақтану (лейкоз кезінде тәбеттің төмендеуі);

  • дем алып, ұйықтау (буын мен көк бауырда ауырсыну);

  • қозғалу (гемофилия кезінде буындардың қиын қозғалуы).

Орта медицина қызметкері ағартушылық жұмыстарын да атқаруы тиіс: ауру балаларға немесе олардың аналарына қандай тәртіп қолайлы екенін, қандай тамақты ішу керектігін, кеңестерді сақтамаса, қандай асқынулар болуы мүмкіндігін айтып отыру қажет.

Қан аурулары кезінде қанды және олардың компоненттерін тамшылап құю кеңінен қолданылады. Сондықтан мейірбике қанды вена ішіне құйған кезде, қандай асқынулар болатындығын және сол жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін білуге міндетті. Ол диагностикалық және емдік шараларға қатысып, аурудың жан-ұясындағы адамдарға күтім мен гигиеналық дағдылар элементтерін үйретуі қажет.

Тесттер

1.Мұрыннан қан кетудің себептеріне жатпайды:

а) мұрынның пішіні

б) жарақаттану

в) қан қысымының жоғарылауы

г) инфекцияның әсері

д) қан аурулары (гемофилия)

2. Мұрыннан қан кету ұзаққа созылғанда балаға көрсетілетін шара:

а) алдыңғы тыныс жолдарына тампон енгізу

б) тыс қою

в) тігу

г) мұзды мұйық қою

д) жгут қою

3. Асқазаннан және аш ішектен қан кеткенде балада болуы мүмкін:

а) мелена, «кофе тұнбасы» тәріздес құсық

б) диарея

в) жөтел

г) ентігу

д) ісік

4. Бүйрек ауруымен ауыратын балалардың күтімінде мейірбике көңіл аударуы керек:

а) зәрдің түсіне

б) терісінің түсіне

в) көздің түсіне

г) бойына

д) салмағына

5. Жатырдан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмекке жатпайды:

а) мұрынның алдыңғы жолдарына тампон енгізу

б) қатаң төсектік режим

в) ішінің төменгі жағына мұзды қапшық қою

г) күніне 2-3 рет дәрет сындыру

д) кеткен қанның мөлшерін анықтау үшін екі шаттың арасына қойылатын төсеніштің салмағын өлшеу

6. Ауыздан қан кетудің себептеріне жатпайды:

а) саусақтағы күбіртке

б) тісін жұлу

в) механикалық жарақат

г) ауыз шырышты қабатының қабылуы

д) ірі қан

7. Мұрында тампонның тұру ұзақтығы:

а) 36-48 сағат

б) 12-18 сағат

в) 2-4 сағат

г) 54-64 сағат

д) 30-40 минут

8. Қан тоқтататын дәрілерге жатпайды:

а) эуфиллин

б) С витамині

в) дицинон

г) амин-капрон қышқылы

д) К витамині

9. Асқазан ішек жолдарынан қан кеткенде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмекке жатпайтыны:

а) асқазанды шаю

б) төсекке шалқасынан жатқызу

в) тыныштық жағдайын жасау

г) іштің жоғарғы жағына мұзды мұйық қою

д) мұздың майда түйіршіктерін жұтқызу

10. Қан кеткеннен кейін дамитын өткір анемияда қолданбайды:

а) шина қою

б) қан тоқтатқыш бұрау қою

в) қысып байлап тастау

г) мұрынға тампон жасау

д) қан кетіп жатқан тамырды қысып ұстау

Ситуациялық есептер

Есеп №1. Гемофилиямен ауыратын баланың тісін жұлғаннан кейін 1 сағат бойы қан тоқтамаған.

Сұрақ. Қан кетуді тоқтату үшін қандай шаралар қолданылады?

Есеп №2. Ойнап жүрген бала мұрынын жарақаттап алды. Мұрынның екі тесігінен де жиі тамшылап қан кетіп жатыр.

Сұрақ. Дәрігерге дейінгі қандай көмек көрсетілуі керек?

Есеп №3. Текпешектен түсіп келе жатып бала құлаған, тізесін жарақаттап алған. Тізе буыны ісік, терісі қызарып кеткен.

Сұрақ. Дәрігерге дейін қандай көмек көрсету керек?

Есеп №4.Төменгі гемограмма бойынша баланың жасын анықтаңыз: Эр-6,0х1012/л, Нв-210 г/л, т.к-1,0, ретикулоциттер-28%, миелоциттер-1 %, таяқша ядролы—6%, сегмент ядролы-61 %, эозинофилдер-2%, лимфоциттер-23%, моноциттер-7 %, ЭІПЖ-2 с/мм, анизоцитоз ++.

Эталоны:Жасы 1 күндік нәресте.

Есеп №5.6 жасар баланың анасы төбетінің нашарлығына, физикалық өсуінің қалыстығына шағымданды. Жүктілікте токсикоз болды. Анасы тоқыма фабрикасында жұмыс істейді (сынап , анилинді бояулар) Қыз уақытына жетпей, шала 2300 гр салмақпен туылды. Терісі пигментацияланған, полидактилия, синдактилия, терісі мен кілегей қабаттары бозғылт, перифериялық лимфа түйіндері білінбейді. Объективті: жағдайы ауыр, қыз арық, боө көрінетін кілегей қабаттары да ақшыл. Аускультацияда: жүрегі солға үлкейген, тондары доғал, жүрек ұшында-систолалық шуыл. Бауыры мен көкбауыры өспеген. Қан анализі: 1,2х1012/л, Нв-52 г/л, т.к-0,9, тромбоциттер – 30х109/л, лейк – 2,1х109 /л, эозин-1%, таяқша ядролы-1%, сегмент ядролы - 16%, лимфоциттер-82%, ЭТЖ-52 с/мм.

Сұрақтар:

  1. Қандай синдром?

  2. Осы зардапқа соқтырған факторлар?

  3. Тағы да қандай анализдерді анықтау керек?

Жауаптар:

  1. Анемия сондромы.

  2. Ананың екіқабат кезіндегі улы заттардың зардабы.

  3. Сүйек миының пунктатып тексеру.