- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
-
Ауырлықтың дәрежесі
Гемоглобиннің мөлшері
Жеңіл
110 г/л төмен
Орташа ауыр
90 г/л төмен
Ауыр
70 г/л төмен
Гемолитикалық анемия-эритроциттердің көптеп ыдырауынан дамитын анемия.
Себептері:
тұқым қуалаушылық факторлар (эритроциттер мембранасының бұзылысынан);
жүре пайда болған факторлар (иммундық үдірістің бұзылыстарынан).
Гемолитикалық анемияның клиникалық белгілері:
әлсіздік;
шаршағыштық;
физикалық дамуының тежелуі;
көптеген стигмдер;
анемия;
сарғаю;
спленомегалия.
Гемофилия-бұл тұқым қуалайтын, қанның ұюының тежелуінен қанның көп кетуімен сипатталатын ауру.
Аурудың негізгі себебі:
гемостаздың тұқым қуалайтын бұзылыстары.
Гемофилияның клиникалық белгілері:
қан кету;
гематома;
гемартроздар.
Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
Күтімнің жалпы ережелері:
тәртіпті сақтау-қан кетудің себебіне қарамастан балалар қатаң төсектік тәртіпте болуға тиісті. Басқа тәртіпке тек дәрігердің тағайындауынан соң ауыстырылады;
тамақтану- тек қана палатада жүргізіледі;
ауруды тасымалдау- қолмен, каталкамен (тербеткішпен) немесе кресло-каталка арқылы болады;
балаларға өткір, кесетін, қадалатын заттар бермеу керек;
бөлмені жуғанда құрғақ етіп сүрту керек, себебі бала тайып жығылуы мүмкін. Құлаған кезде, қосымша буындарға немесе ішкі мүшелерге қан құйылуы мүмкін.
Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін дәрігергедейінгі көмек:
ауруды психикалық тыныштандыру;
басын кішкене артқа қарай шалқайтып, жартылай отырғызу керек;
мұрын қырына, дәкеге немесе шүберекке мұз орап немесе салқын суға батырып алу қажет;
мұрын желбезегін екі саусақпен қысып ұстап тұру керек (5-6 минут);
• кейде мұрын желбезегін қыспай тұрып, баланы жартылай отырғызып, басын 5-6 рет алдына және төмен қарай еңкейткен жақсы нәтиже береді;
● осы атап өткен шаралар көмектеспеген жағдайда, баланың мұрын
жолдарына тампонада жасалынады, тыныс жолдары, сутегі асқын тотығына
малынған турундамен толтырылады, шүйде тұсына мұз қояды. Тампон
мұрында 36-48 сағаттан көп тұрмауы қажет;
● мейірбике балаға 10%-дық кальций хлориді ертіндісін қасықпен (жасына қарай- шай немесе ас қасық) ішкізеді;
дәрігерге тез арада хабар беру қажет.
Ауыз қуысынан қан кеткенде көрсетілетін көмек:
қан көп мөлшерде кеткенде ауруды ет бетінен жатқызу керек, себебі ауру
қанға тұншығып қалуы мүмкін;
жұлынған тістің орнынан қан кеткенде оған тампон қояды да, оны тіспен
қатты қысуын сұрайды;
дәкеден жасалған білтені 3%-дық сутегі асқын тотығына малып алады.
Құлақтан қан кеткенде көрсетілетін көмек:
конус тәрізді бүктелген дәкені құлаққа енгізеді;
құлаққа дәкеден жасалған таңғыш тағады.
Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін көмек:
ауруды тыныштандыру керек;
жартылай отыру жағдайын жасаңыз;
мұздың майда түйіршіктерін жұтқызып немесе мұздай суды аз мөлшермен ішкізу қажет.
Асқазан- ішектен қан кеткенде көрсетілетін көмек:
қатаң төсектік тәртіп;
іштің жоғарғы жағына мұз салынған қапшық қояды;
тамақтануға тиым салынады, кейде майда мұзды жұтқызады.
Жатырдан қан кеткенде көрсетілетін көмек
қатаң төсектік тәртіп;
іштің төменгі жағына 1 немесе 2 мұз салынған қапшық қояды;
екі шаттың арасына қоятын төсеніштің жағдайын қадағалау керек. Кеткен қанның мөлшерін анықтау үшін, оларды таразыға салып өлшеу керек;
аурудың тәулігіне 2-3 рет дәрет сындыру қажет.
Бүйректен қан кеткенде көрсетілетін көмек:
қатаң төсектік тәртіп;
зәр қабылдағышқа дәретке отыру;
мейірбике зәрдің түсін бақылайды.
Буынға қан құйылғанда көрсетілетін көмек:
қатаң төсектік тәртіп;
қолмен көтеріп, каталкамен тасымалдау;
буындардың иммобилизациясы, қозғалыссыз жағдай жасау үшін лангета қойып, бинтпен орап тастау керек.
Қаны аз балалардың күтімі:
● таза ауада қыдыру;
● дұрыс тамақтану;
● қан кету салдарынан болған анемияда, қысып тұратын таңу таңғыш
қолдану, қанап жатқан тамырды қысу, мұрынның тампонадасын жасау;
● Қан кетіп жатқан жерге гемостатикалық губка немесе фибринді пленка қою.
