- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
Организмдегі кез келген патологиялық үдеріс қанның өзгерістерімен өтеді, қан ауруларында негізгі өзгеріс, қан түзу жүйесінің өзінде болатын аурулар жатады. Қанның патологиясы әр жастағы балаларда кездеседі. Балалардың өмірі үшін ең қауіптісі геморрагиялық және тромбогеморрагиялық аурулар болып табылады.
Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
Қан жалпы дене салмағының 6-11% құрайды. Қан жүйесі, сұйық қан мен қан түзу (сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көкбауыр) мүшелерінен тұрады.
Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
Жасы |
Эритроциттердің мөлшері (1012/л) |
Гемоглобин г/л |
Гематокрит % |
нәрестелер |
6,1-5,3 |
165± 30 |
51± 9 |
1 айда |
4,5 |
140± 40 |
43± 12 |
6 айда |
4,0 |
115± 20 |
35± 6 |
1 жаста |
3,8 |
120± 15 |
36± 3 |
2-6 жаста |
4,0-4,8 |
125± 10 |
37± 3 |
6-12 жаста |
4,2-4,5 |
135± 20 |
40± 5 |
12-18 жаста |
4,5 |
140± 20 |
42± 6 |
Ерте жастағы балалардың қанының лейкоцитарлы формуласында лимфоциттер басымырақ болады. Бір айдан бір жасқа дейінгі балаларда лимфоциттердің саны- 60%, ал нейтрофилдердің мөлшері -30% құрайды. Бір жастан кейін қанда нейтрофилдердің саны ұлғайып, лимфоциттер азаяды. 5-6 жаста олардың саны теңеліп, 45%-тен болады. 6 жастан кейін нейтрофилдердің саны біртіндеп өседі де,9-11 жаста 60% құрайды, ал лимфоциттердің саны 30% дейін төмендейді. Балаларда эозинофилдердің саны 1-3%, моноциттер-10% жақын, тромбоциттер-20х10/л-25х10/л, ЭТЖ-6-12мм/сағ болады.
Қан ауруының негізгі симптомдары
Қан жүйесінің ауруларына, көптеген симптомдар тән емес болып келеді, сонда да олардың болуы науқасқа тексеру жоспарын, емді және күтімді дұрыс тағайындауға көмектеседі.
Әлсіздік, тез шаршағыштық, ентікпе перифериялық қандағы эритроциттердің санының азаюы салдарынан болатын, анемияның белгісі болуы мүмкін.
Гемолитикалық анемия мен лейкоз кезінде қанның қызыл түйіршіктерінің жаппай ыдырауынан қызба болады.
Қан аққыштықтың жоғары болуы тері мен шырышты қабатта әртүрлі элементтердің пайда болуымен сипатталады. Оларға қарап өзгерістердің қандай екендігі жайында ойлануға болады.
Қан ауруларында, жиі қан кету байқалады:
мұрыннан;
асқазан-ішек жолдарынан;
жатырдан;
буынға қан кету (гемартроз).
Бұл жағдайлар қандағы тромбоциттердің сандық және сапалық жағынан және қанның ұю үдерісіне қатысатын нәруыздың (белоктың) бірқатар компоненттерінің өзгерістерінің әсерінен туындайды.
Сол жақ қабырға астының ауруы көкбауырдың үлкеюінен, оның капсуласының керілуі кезінде байқалады.
Сүйектің аурулары, лейкоз немесе басқа гемобластоздар кезінде сүйек кемігінің тасуының себебінен пайда болады.
Тапшылықты анемиялар (белок тапшылықты, В12 тапшылықты, темір тапшылықты)-бұл организмге гемоглобиннің құрамына қажетті заттардың жеткіліксіз көлемде түсуі немесе олардың сіңірілуінің бұзылыстары салдарынан дамиды.
Себептері:
дұрыс тамақтанбау;
аш жүру;
ішектің аурулары;
жасанды тамақтандыру;
баланың жиі ауруы;
мешел;
шала туылу.
Аурудың клиникалық белгілері:
енжарлық;
тәбеттің төмендеуі;
тітіркенгіштік;
бастың айналуы;
тері мен шырышты қабаттың бозаруы;
тері мен оның туындыларының трофикалық өзгерістері;
дәмнің қалыптан тыс бұзылуы;
жүйкелік-психикалық дамудың тежелуі;
іш қату.
