Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Тесттер

1. Емдік-профилактикалық мекемеге жатпайды:

а) балалар ауруханасы

б) балалар емханасы

в) диспансер

г) орта мектеп

д) балалар санаториясы

2. Балалар ауруханасының негізгі қызметі:

а) өткір және созылмалы ауруларды емдеу

б) профилактикалық егулерді өткізу

в) мамандардың мектептерде балаларды қарауы

г) 1 жасқа дейінгі балаларды бақылау

д) жұқпалы аурулардың алдын-алу

3. Балалар емханасы мына жасқа дейінгі балаларды қарайды:

а) 0-ден 15 жасқа

б) 5-тен 8 жасқа

в) жүкті әйелдерді

г) жыныстық жетілу кезеңіндегі

д) 40 жасқа дейінгі ер адамдарда

4. Балаларды келесі диспансер түрі қарамайды:

а) эндокринологиялық

б) туберкулезге қарсы

в) әйелдер консультациясы

г) онкологиялық

д) психотерапиялық

5. Науқас баланы қабылдайды:

а) бас дәрігердің бөлмесінде

б) лабораторияда

в) қабылдау бөлімінде

г) егу бөлмесінде

д) операция жасайтын жерде

6. Балалар ауруханасында науқас балаға мына құжат толтырылады:

а) ауру тарихы

б) баланың даму тарихы

в) өлімі туралы куәлік

г) тууы туралы куәлік

д) алмастыру картасы

7. Балалар емханасының негізгі құжаты:

а) мектепке берілетін анықтама

б) баланың даму тарихы

в) демалыс орнына берілетін анықтама

г) ауру тарихы

д) неке қию туралы куәлік

8. Балалар санаториясында қандай құжат беріледі:

а) санаторлы – курортты карта

б) жедел хабарлама

в) стационардан шығу туралы қағаз

г) диспансерлі науқастың картасы

д) тууы туралы куәлік

9. Диспансеризация қай бұйрық бойынша жүргізіледі:

а) 770

б) 605

в) 610

г) 105

д) 680

10. Диспансерлі науқасқа қандай форма арналады:

а) № 58

б) № 30

в) № 63

г) № 25

д) № 112

Ситуациялық есеп

Есеп №1: 2 айлық бала күндіз дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, мұрынынан су ағып ауырып қалды.

Сұрақ: Анасы баласын кімге қаратуы тиіс?

Есеп №2. Қабылдау бөлімінде науқас баланы қарап болып, дәрігер мейірбикеге баланы тіркеу керектігін айтты.

Сұрақ. Мейірбике қандай құжаттарды толтыру керек?

Есеп №3. Бала 3 жаста «Бронхиалды демікпе» диагнозымен «Д» тіркеуде тұр. Балаға санаторлы ем қажет.

Сұрақ.Қандай құжат толтырылуы керек?

Есеп №4. Балаға Манту сынабы істелінді, қорытындысы – оң.

Сұрақ. Баланы бағыттамамен қайда жіберу керек?

Есеп №5. Балалар бөлімінде жел шешекпен ауыратын бала анықталды. Оны осы қабаттағы бокске ауыстыру қажет

Сұрақ. Қандай шаралар жүргізу қажет?

3 Тарау.

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫ –ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚТӘРТІБІ

Дезинфекция бұл эпидемияға қарсы негізгі шаралардың бірі. Оның негізі ауруханаларда ауру қоздырғыштардың таралуының алдын-алу және оларды жою болып табылады.

Дезинфекция эпидемиологиялық ошақта алдын-алу үшін бөлінеді:

• ағымды;

• қорытынды.

Алдын-алу дезинфекция – бұл ауруханада ауру қоздырғыштардың таралуының алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар жиынтығы.

Алдын-алу дезинфекция келесі тәсілдермен жүргізіледі:

• күніне 4 рет палатаны желдету:

• күніне 2 рет 15 минут палатаны кварцтеу (УКС):

• жұмсақ заттарды таза ауада сілкіп қағу немесе шаңсорғышпен сору:

• арнайы дайындалған ерітінділермен күніне 2 рет еденді, терезені, жиһазды, ойыншықтарды сүрту.

Хлорлы әк – бұл ақ түсті майда ұнтақ, бұл затты құрғақ, жарық түспейтін жерде сақтайды. Бұл ұнтақпен науқастың бөлімділері (нәжіс, қақырық) залалсыздандырылады.

Ағымды дезинфекция – бұл инфекциялық ошақтан кейін, инфекцияның таралуын төмендету үшін жүргізілетін шаралар.

Мысалы, 1-ші қабаттағы соматикалық бөлімшенің №4 палатасында пневмониямен емделіп жатқан бала сальмонеллезбен ауырды, ағымды дезинфекция 1-ші қабаттың аумағында өтуі тиіс.

Дезинфекция 3 жолмен жүргізіледі:

химиялық - жоғарғы концентрациялы 1% хлорлы әк ерітіндісі немес 2% хлорамин ерітіндісі тәрізді дезинфекциялық ерітінділермен ойыншықтарды, жиһаздарды, терезе, еден т.б өңдеу.

физикалық - суда заттарды (ыдыс-аяқ) қайнату. Суға сода немесе сабын қосуға болады (10-20 гр/1 литр суға).

механикалық - төсек-орынды, киімдерді жуу, шаңды, кірді ылғалды шалшықпен сүртіп тазалау.

Қорытынды дезинфекция – аурудың қоздырғышын инфекциялық ошақта толығымен жою.

Хлорлы әк ерітіндісінің бастапқы ерітінідісін дайындау:

1 кг құрғақ хлорлы әкті 10 л сумен, ағаш таяқ көмегімен араластырып, 1 тәулікке қалдырамыз (қоямыз). Бұл 10% түссіздендірілген хлорлы әк ерітіндісі немесе бастапқы (аналық) деп аталады. Сақталуы – 7 күн.

Хлорлы әк ерітіндісінің жұмысқа қажет ерітіндісін дайындау. Жұмысқа қажетті ерітінді бастапқы ерітіндіден дайындалады.

05%-10% хлорлы әк ерітіндісінің 500 мл + 9,5 л су.

1%-10% хлорлы әк ерітіндісінің 1 000 мл + 9 л су.

2%-2 000 мл 10% хлорлы әк ерітіндісі + 8 л су.

Хлорамин керек кезінде ғана дайындалады:

1%-10 г хлорамин + 990 мл су .

3%-30 г хлорамин + 970 мл су .

5%-50 г хлорамин + 950 мл су.

Дезинфекциялық ерітінділерді пациенттер ала алмайтын жерде сақтайды. Егер дезинфекциялық ерітінді теріге немесе шырышты қабатқа түсіп кетсе, онда қайнаған сумен тез жуу керек.

Педикулез – биттену, бұл тазалықты сақтамаудың белгісі. Сонымен қатар адамның жеке гигиенасының бұзылуы мен емханадағы санитарлы-гигиеналық тәртіптің де сақталмағандығының белгісі болып табылады.

Педикулезге қарсы қарауды медбике қабылдау бөлімінде жүргізеді.

Педикулез болған жағдайда, дәрігерлік тактикада, науқастың жағдайына қарай әртүрлі болады:

• егер баланың жалпы жағдайы ауыр болмаса, қабылдау бөлімінің арнайы бөлмесінде науқасты педикулезге қарсы тазалаудан өткізіп, сосын палатаға тасымалдайды;

• егер жағдайы ауыр болса, алдымен негізгі ауруды емдеп, содан соң, науқастың жағдайы жақсарғанда ғана педикулезге қарсы тазартуды жүргізеді.

Стерилизация – бұл медициналық құрал-саймандармен, таңу материалдарындағы микроорганизмдермен, олардың спораларын толығымен жою. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген зат, толығымен залалсыздандырылмаса, басқа адамдардың инфекцияны жұқтыруына алып келеді.

Стерилизация дұрыс жүргізілмеген құрал-саймандарды қолдану гепатит, ЖИДС, стафилококкты және т.б. инфекциялардың дамуына алып келеді.

Процедура бөлмесінде вирусты гепатитпен ауырған науқастарға арнайы бөлек шприцтермен, инелер қояды, олар басқа шприцтермен инелерден бөлек стерилизация алдындағы тазалаудан және стерилизациядан өтеді. Сонымен қатар процедура бөлмесінде вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы тиіс. Барлық катетер мен сүңгілер орталықтандырылған стерилизациядан өтеді. Стерилизация алдында олар стерилизация алдындағы зарарсыздандырудың 3 кезеңінен өтеді. Жарамен, қанмен байланысты барлық заттар, инъекциялық препараттар және шырышты қабатқа қолданылып, оның бұзылуына алып келетін барлық медициналық құрал-саймандар стерилизацияланады. Стерилизация стерилизация алдындағы зарарсыздандырудан кейін өтеді.

Бумен стерилизациялау (автоклавтау) – қысыммен жіберілетін су буының көмегімен өтеді.

Стерилизация тәртібі:

•1320С қысым-2атм, уақыты-20 минут заттар (мақта шаригі, шприцтер, жаялықтар, пинцеттер) стерилденген қораптарда, биксттерде, крафт-пакеттерде, екі қабатты жұмсақ бөздік орауда салынады.

• 1200С қысым1,1атм, уақыты 45 минут бұл стерилизациялау тәртібі резинадан жасалған заттарға арналған (катетерлеу, зондтар, резеңке қолғаптары). Резеңке қолғаптар жабыспау үшін ішкі және сыртқі жағына тальк себеді. Әр жұп резеңке қолғапты үлдірікке орайды. Автоклавтағы стерилизация тәртібін, стерилизацияланатын заттардың ішіне, салынған термометрмен бақылайды. Әр бикске 2-3 термометр салады. Термометрі бар қорапты стерилизатордың әр жеріне орнатады. Стерилизацияның сапасын бензоидты қышқылдың көмігемен тексереді. Ол үшін булы стерилизаторға бензоидты қышқыл кристалдары бар флаконды салады, ол 1320С, қысым 2 атм. ериді.

Ауамен стерилизациялау – құрғақ ыстық шкафта 1800С болатын ыстық ауамен 60 минут ішінде өткізіледі. Ауамен стерилизациялаудан – хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық құрал-саймандар, шприцтер өтеді. Стерилизациядан өтетін құрал-саймандарды крафт-пакеттерге, лотоктарға орналастырады. Стерилизацияның әсері ыстық ауа біркелкі тарағанда ғана болады.

Химиялық әдіспен стерилизациялау – бұл заттарды ерітінділерге стерилизация уақыты жеткілікті етіп салып қою, сонан соң 2 рет стерилді сумен шаю. Бұл әдіспен стерилденген заттардың сақталу мерзімі, егер олар стерилденген матада оралып, стерилденген ыдыста сақталса-3 тәулік. Бұл әдіс полимерлі материалдардан жасалған заттарға қолданылады.