Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы

Мейірбике бүйрек және зәр жолдарының ауруларындағы негізгі симптомдар мен шағымдарын, бүйрек патологиясы кезіндегі дизуриялық өзгерістерді білуі керек.Орта медицина қызметкерлері аспаптық және лабораториялық зерттеулер жайында түсініктері болуы керек. Олардың міндеттеріне науқас баланы бүйрек пен зәр жолдарының зерттеулеріне дайындау жатады, алынған нәтиженің сапалы болуы, науқасты зерттеуге дұрыс дайындауға байланысты.

Мейірбике бүйрек патологиясы бар балалардың қандай қиындықтармен кездесетіндігін ескеріп, мұқият болуы керек. Бұл науқастар мінезі өзгеріп, тұнжырау жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдайда мейірбике науқас баланың көңілін аулап, өзіне күтім жүргізу шараларын үйретуі керек. Науқастарға жүргізілетін шараларды дұрыс, ұқыпты жүргізуі керек. Медицина қызметкері білуі қажет:

- балаларға дер кезінде, дұрыс туалет жүргізу;

- науқас балаға дұрыс жуыну тәртібін үйрету;

- тұрақты зәрлік катетерге дұрыс күтім жасау;

- дренаждау қапшығын босатып отыру.

Бақылау сұрақтары

1. Бүйрек және зәр бөлу жолдарының АФЕ?

2. Бұл жүйенің зақымдануының негізгі симптомдары мен синдромдары?

3. Науқас балаларды күту мен бақылаудың ерекшеліктері?

4. Бүйрек ауруы кезіндегі дистотерапия?

5. Бүйрек ауруы бар су-тұз тәртібі?

6. Балаларда зәр жинаудың ерекшеліктері?

Тесттер

1. Туылған кезде бүйректің салмағы гр:

а) 5-7

б)10-12

в) 10-25

г) 20-30

д)30-35

2. Нәрестелерде бүйрек шумақтары құралады:

а) куб тәрізді эпителиден

б)жалпақ эпителиден

в) милы қабат шумақтарындағы жалпақ эпителиден

г) куб тәрізді эпителидің қалдықтарынан

д) дұрыс жауап жоқ

3. Нәрестелерде бүйректің түтікшелі аппараты:

а) ересектерге қарағанда ұзын

б) қысқа әрі кең

в) Қысқа және тар

г) ересектердегідей

д) дамымаған

4. Алғашқы зәр түзеледі:

а) фильтрация нәтижесінде

б) реабсорбция нәтижесінде

в) Секреция нәтижесінде

г) аталған процесстер нәтижесінде

5. Соңғы зәр түзеледі:

а) шумақта

б) проксималды түтікшеде

в) дисталды түтікшеде

г) жинағыш түтікшеде

д) Генле шумағында

6. Бүйрек ауруларында ісіктер орналасады:

а) денеде

б) аяқ-қолда

в) бетте, аз мөлшерде денеде және аяқ-қолда

г) аз мөлшерде бетте, көп аяқ-қолдан

д) денеде және аяқ-қолда

7. Олигурия-бұл:

а) тәуліктік зәр көлемінің ұлғаюы

б) тәуліктік зәр көлемінің азаюы

в) зәрдің болмауы

г) зәр тығызыдығының төмендеуі

д) зәр тығызыдығының жоғарлауы

8. Никтурия-бұл:

а) зәр тығызыдығының төмендеуі

б) зәр көлемінің төмендеуі

в) түңгі диурездің күндізгіден асып түсуі

г) түнде зәрді ұстай алмауы

д) күндізгі диурездің түңгіден асып түсуі

9. Протеинурия-бұл:

а) зәрмен белоктың шығуы

б) зәрде қаннның пайда болуы

в) зәрде бактериялардың болуы

г) зәрде лейкоциттермен болуы

д) зәрдің сілтілік реакциясы

10. Гематурия-бұл:

а) зәрдегі бактериялардың

б) зәрде лейкоциттер

в) зәрде қанның болуы

г) зәрде цилиндрлердуі

д) зәрде белоктың анықталуы

Ситуациялық есептер

Есеп №1. 11 жасар балада сол жақ бел аймағында «кескен» тәрізді ұстамалы ауырсыну пайда болған. Ауырсыну сол жақ қабырға астына берілген. Науқас мазасыз төсекте мәжбүрлі, өзіне қолайлы жағдай іздейді.

Сұрақ: Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету?

Есеп №2. 7 жасар бала зәр шығару кезінде жиі ауырсынумен зәр бөледі. Бірақ өз бетінше кіші дәретке шықпайды.

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай көмек көрсету керек?

Есеп №3. Баланың жасы 10-да. Щағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмеңдеуі, дене қызуы 38°С. 8 күн бұрын жедел респираторлы аурумен ауырып, жүрегі айныған, бір рнт құсқан және басы ауырған. Жағдайы орташа. Терісі ақшыл, беті ісінкі, өкпесінде везикулярлы демалыс, жүрек тондары бәсендеу, жүрек ұшында систолалық шуыл. А/Қ 130-170мм с.б.. Бүйрек тұсын қаққанда (покалачивание) ауырмайды, зәрі күңгірт түсті, микроскопияда зритроциттер көру аймағында 20-25, лейкоциттер 5-10, гиалинді цилиндрлер-біреуден, белок 0,033%0

Сұрақтар:

1.Осы симптомокомплекстер бүйректің қандай ауруына тән және оған қандай симптомдар дәлел?

2.А/Қ-ның шығу механизмін дәлелдеңіз?

Жауаптар:

1.Бұл симптомокомплекс жедел гломерулонефрит симптомо комилексіне тән, дәлелдеу симптомдары, 8 күн бұрын жедел респираторлы аурумен ауырғаны. Терісінің ақтығы, орташа жагдайы, басы ауырып, жүрегі айнып, бір рет құсқандығы, бетіндегі ісіктік, жүрек тонының анық болмай, жүрек ұшында систолалық шудың естілуі, А/Қ-ның жоғарылығы, кіші дәретінің өзгеріп микроскопиядағы эритроцитурия, протеинурия, гиалинді цилиндрі.

2. А/Қ жоғарылауы ЮГА-нътң тітіркеніп ренин бөлінуінен.

Есеп №4. 4 жасар қыздың ауруы мұрын көмекей қабынуына байланысты пайда болған әлсіздіктен, тәбетінің нашарлауынан басталды. Шағымдары: толғақтанып ішінің ауыруы, жағдайы орташа, қыздың түрі ақшыл, көзінің асты қарайған, дене қызуы 38,5 °С. 1 рет құсқан. (Өкпесі, жүрегі өзгеріссіз. Пальпациялағанда , ішінің барлық жері ауырады, оң жақ бүйрек тұсы ауырады. Никтурия, зәрі күңгірт, белок-0,099%о, лейкоциттер көру аймағында 3-0-4, эритроциттер 1-2

Сұрақтар:

1.Қандай бүйрек ауруының симптомокомплексіне сай келеді, дәлелдеңіз?

2.Тағы да қандай қосымша лабораториялық анализдерді тағайындау керек?

Жауаптар:

1.Жедел пиелонефрит симптомокомплексіне сай. Дәлелдер: 4 жасар қыз бала мұрын-көмекей қабынуындағы интоксикация симптомдары, толғақты іш ауру, жағдайы орташа, қыз бозғылт,көзінің асты көгерген, қызуы 38,5 °С, бір рет құсқан палпациялағанда іші, оң жақ бүйрек тұсы ауырады, никтурия, дәреті күңгірт, белогы 0,099%о, лейкоциттер көру айма-ғында 3-0-4, эритроциттер і-2

2.Диурезді өлшеу, Зимницкий сынағы, А/Қ-ын өлшеу, қандағы мочевинамен кретининді анықтау, Нечипоренко сынағы, зәрді бактерияға себу, УДЗ( УЗИ), Аддисс-Каковский сынағы, жалпы қосымша зәр анализдері.