- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Бүйрек, бел аймағында, омыртқа жотасының екі жанында, іш құрсағында орналасқан. Олар екі негізгі қызмет атқарады:
-жасушадан тыс сұйықтықпен ағзаның қышқылдық негіздік жағдайын реттейді;
- организмнен улы заттарды немесе метаболизм өнімдерін шығарады:
Балаларда несепағар ересектерге қарағанда үлкен және оның иілімдері көп. Қуықтың эластикалық және бұлшықетті тіндері жақсы дамымаған. Ересек адамға қарағанда балаларда қуық жоғары орналасқан,сондықтан жақсы анықталады. Қуықтың кілегей қабаты жақсы дамыған. Нәрестелерде қуық сиымдылығы 30мл, 12-15 жаста - 300-400мл. Ер балаларда зәр шығару каналының ұзындығы 5-6см (ересектерде 14-18см), қыз балаларда қысқа 1-2см, диаметрі кең.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының негізгі симптомдары:
- Диурез – зәрдің түзілуі мен шығу үдерісі.Тәулік бойына шығатын жалпы зәрдің көлемі 1000 -1800 мл аралығында.
- Олигурия- зәрдің шығуының тәулігіне 500 мл-ден аз болуы.
-Анурия- зәрдің қуыққа мүлдем түспеуі.
- Ишурия- зәрдің іркілуі.
- Полиурия- тәуліктік диурездің ұлғаюы (кейде 20 л дейін )
- Поллакиурия- зәрдің бөлінуінің жиілеуі (тәулігіне 6 реттен көп).
- Странгурия – зәр шығару кезінде ауырсынудың болуы.
- Энурез – зәрді ұстай алмауы.
- Никтурия – диурездің тәулік бойы немесе түнге қарай бұзылуы.
Өткір нефрит – бүйрек шумақтарының қабынуымен сипатталатын ауру.
Себептері:
- иммунды бұзылыстар;
- жедел жұқпалы аурулар (баспа, фарингит).
Клиникалық белгілері:
- зәрдің түсінің «ет жуындысы» тәрізді өзгеруі;
- бетте, көздің астында ісіктердің пайда болуы;
- артериальды қысым жоғарылайды;
- сирек энцефалопатия дамып, есте сақтау мен көру қабілетінің төмендеуі.
Созылмалы нефрит - бүйрек паринхимасының екі жақты қабынуымен, бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Ауру асқынулармен ұзақ жылға созылады. Аурудың бірнеше үлгілерін ажыратады. Гипертоникалық типтегі нефрит – артериалдық қысымның жоғарылауы және зәрдің өзгеруімен сипат алады (протеинурия, цилиндурия).Нефротикалық типтік нефрит - ісіктер, айқын протеинуриямен, қан сары суында холестерин деңгейінің жоғарлауымен сипатталады.
Пиелонефрит- бүйрек паренхимасы мен түбекшелерінің қабынуы. Ауру екі жақты дамиды және жедел немесе созылмалы түрде өтеді.
Өткір пиелонефрит - зәр шығару жолдарының қабынуы, урологиялық аурулардың нәтижесінде зәрдің ағуының бұзылуы, жүктілік, қант диабеті фонында дамиды. Ауру жедел қалтыраумен, дене қызуының жоғарылауы, бел аймағының ауырсынуымен және зәр шығарудың жиілеуі және ауырсынуымен басталады.
Созылмалы пиелонефрит - жедел пиелонефриттен соң дамиды. Асқынулармен зәр шығарудың бұзылыстарымен, бел аймағының ауырсынуымен өтеді.
Зәр шығару жолдарының тас аурулары – зәр жолдарында тастардың пайда болуымен сипатталады. Жиі ауру минералдардың алмасуының бұзылуы, негіздік қышқылдық жағдайдың өзгерістерінен, тамақтану мен ішін судың ерекшеліктерінен, витаминдердің тапшылығынан, әсіресе А және Д витаминдерінің урологиялық аурулардан, зәр шығару жолдарының инфекцияларынан кейін дамиды.
Ауру көріністері - бүйректің түйілуі,гематурия , зәрмен тастардың шығуы. Ауру ұзақ уақыт белгісіз өтуі мүмкін кейде бел аймағының тартылып ауырсынуы, зәрде әртүрлі тұздардың кристалдары анықталады.
Бүйректің түйілуі – бүйрек түбекшесінен зәрдің ағуына кедергі болған кезде дамиды.
Себептері:
-бүйрек тастары;
- несеп ағар арқылы тығыз кристалдардың конгломераттарының өтуі;
- несеп ағардың иілуі.
Аурудың клиникалық белгілері:
- бел аймағында бірден, ашып ауырсыну;
- зәрдің бөлінуінің жиілеуі, ауырсынуы;
- ауырсыну кезінде жүрек айну,құсу,іштің кебуі;
- дене қызуының жоғарылауы, қалшылдау;
- зәрде лейкоциттердің жоғары мөлшерде болуы.
Цистит- қуық қабырғасының жұқпалы қабынуы. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыз балаларда жиі кездеседі.
Себептері:
- созылмалы іш қату;
- экссудативті диатез;
- гиповитаминоз;
- суықтау;
- вульвит, вульвовагинит.
Клиникалық белгілері:
- зәр шығарудың жиілеуі, ауырсыну зәр бөлудің соңында болады;
- терминалды гематурия;
- іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы;
- қуықты пальпация жасағанда, оның ауырсынуы;
- зәрдің жүруінің өткір тоқтауы;
- гематурия, протеинурия;
- энурез және күндізгі зәрді ұстай алмау.
Бүйрек және зәр жолдарының ауруларында балаларға күтім жүргізу
Мейірбике мұқият бақылауы керек:
- науқастың жалпы жағдайын;
- тамыр соғысын;
- артериалды қысымды өлшеу;
- аурудың көру жағдайын бақылау.
Егер науқас бала басының ауыруына немесе көздің көру қабілетінің төмендеуіне шағымданса, бала мінезінде өзгерістер байқалған болса мейірбике дәрігерге хабарлауы керек. Қажет болған жағдайда ол баланың диурезін анықтайды. Мейірбике зәрді тәулік бойы шыны ыдысқа жинап, шыны цилиндрге құйып өлшейді. Ішкен және шығарылған сұйықтық көлемін күніге жазып отырады.Ауруға №7, 7а диета тағайындалып, сұйықтық күніне 700-800 мл-ге дейін шектеледі. Бүйрек жетімсіздігінің белгілері дамыған кезде нәруыз (белок) мөлшерін шектейді. Өткір нефритте алғашқы күндері тұзды,етті толығымен алып тастайды. Диета 1-1.5 айға тағайындалады. Мейірбике науқас бала мен анасына диетаның сақталуын қадағалауды түсіндіреді. Сонымен қатар мейірбике дәрігердің тағайындаған белгілеулерінің орындалуын, науқас балалардың ішкен және шығарған су мөлшерлерін белгілеп отырады.
Уремия кезінде жүрек айну, құсу, ауыз қуысынан аммиактың иісінің шығуы, терінің құрғауы мен қышынуы байқалады. Мейірбике тәуліктік диурез, артериальды қысымға бақылау жасап, жалпы күтім жүргізеді. Ағзадан азотты қалдықтарды шығару үшін мейірбике дәрігердің тағайындауымен науқасқа тазалау клизмасын жасап, асқазанды жуады.
Мейірбике науқас баланың тазалығын, күнделікті жуынуын қадағалайды.Төсекте жатқан науқастарды тәулігіне 2 рет жуындырады. Ол үшін науқастың астына клеенке төсеп, сегізкөз аймағына дәретсауыт (судна) қойып, екі аяғын бүгіп ашады да, ол аралықты ыдыспен алынған суды құяды. Бір уақытта залалсыздандырылған мақтаны қысқышпен алып, жыныс жолдарынан тік ішек аймағына қарай жуады, әрбір жуғанда мақтаны ауыстырады. Бұл шара кезінде нәжістің жыныс мүшелеріне түспеуін бақылау керек. Жуындыру соңында оны құрғақ мақтамен сүртеді. Сақтандыру тәртібі мен диетадан басқа уросептиктер, калии перманганаты қосылған сумен ванналар немесе түймедақ тұнбасы қолданылады. Кіші дәретке отыру кезінде ауырсыну болса анальгинмен жылы микроклизмалар жасайды.
