Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы

Мейірбике науқастарды түрлі зерттеулерге толық дайындауы керек, асқазанды шаю, түрлі клизмалар қою, зерттеуге нәжіс жинауды білуі керек. Мейірбикенің міндетіне медициналық іс-қағаздарды толтыру, қажет болса науқасты тексеруге ертіп бару жатады.

Асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастарда келесі мәселелер болуы мүмкін:

• дұрыс тамақтану принципін білмеу;

• адекватты тамақтану принципін білмеу;

• диеталық тамақтану принципін білмеу;

• өз еркімен асты немесе сұйықтарды қабылдай алмау;

• зәрді немесе нәжісті ұстай алмау кезіндегі қорқыныш сезімі;

• зәрқабылдағыш немесе судна қолдану кезіндегі жайсыздық;

• дәмсіз тағам қабылдау.

Мейірбике асқорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың диетотерапия принциптерін білу керек. Тағам максималды зиянсыз болуғана жөн, механикалық, термиялық және химиялық тітіркендіргіштер алынып тасталады, тамақтану режиммен жүргізіледі. Мейірбике науқасқа жасалынатын күтім жайлы айтуы керек. Өздігінен тамақтана алмайтын науқасты тамақтандыру үшін мейірбике, науқас әдетте қандай көлемде ас қабылдайтынын біліп, ішетін сұйықтарының температурасын өлшеу керек, тамақтан кейін ауызын шаюды ескертеді.

Мейірбике ақыл кеңестер ескертеді: осы науқасқа қандай күтім пайдалырақ болатынын, қандай тамақтарды қабылдауға болатынын, осы режимді сақтамаса қандай асқынулар дамуы мүмкіндігін айту.

Мейірбике асқазанның, ішектердің, бауырдың, ұйқы безінің басқа да аурулары кезіндегі тамақтану принциптерін, айтудың үйінен әкелінген тамақты және оның тамақтануын қадағалау, күтімнің кез-келген түрін жасай білуі қажет.

Мейірбике асқорыту жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі шағымдарын, симптомдарын, күтімнің принциптерін, емдеуді, асқазан-ішек ауруларын қарау және профилактика жүргізу тәсілдерін тегіс меңгергені жөн.

Асқорыту жүйесінің ауруы бар науқастардың мынандай: тамақ жеудің, сұйық ішудің бұзылыстары боады. Бұлар организмде зат алмасуын, тұрақты гомеостаз, өмір сүруге қажетті энергия бөліп шығарудын өзгерістерін туғызады.

Науқасты толық тексере отырып, мейірбике оның медициналық мәселелерін анықтайды, мейірбикелік диагноздары анықталады олар: тәбеттің бұзылыстары, жүрек айну, құсу, қыжыл, кекіру, ауыз қуысының ысуы, тамақты жұтыну кезіндегі қиындық, диарея, іш қату, іш тұсының белгілі мінездемесі бар ауырсынуы, іштің желденуі, асқазан-ішек қансырауы. Сонымен қатар психологиялық және әлеуметтік жағдайлар: нәжіс ұстай алмау, үлкен дәретінің иісіне жиі құсу да, анықтайтын мейірбикелер диеталық тамаққа қажеттілігі бар ауруларға отбасының назарының болмауының жоқтығын. Диеталық тамақтандыру санаторлы-курортық ем қабылдауға мүмкіншілігінің болмауы.

Мейірбике осы мәселелер ішінде ең маңыздысын таңдап, оны науқаспен келісіп күтім тағайындайды. Ол өзінің алдына ұзақ немесе қысқа мерзімді мақсат және жоспар қояды. Мейірбикелік көмекке ол жоспардың эффектілігін бағалауда жатады

Тесттер

1. Асқазан-ішек трактісінің ауруларының симптомдарына жатпайтыны:

а) ішінің ауруы

б) жүрек айну

в) құсу

г) зәр шығарудың бұзылуы

д) іш қату

2. Кекіру мен құсудың айырмашылығы неде:

а) іш кебу

б) құсықтың түсімен

в) өңеш бойында күйдіру сезімі

г) құсықтың көлемімен

д) тамақтың құрсақ бұлшықеттің көмегінсіз өңеш арқылы шығуы

3. Жүрек айнуда балаға не ішкізеді:

а) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

б) марганцовка әлсіз ерітіндісі

в) 2-3 тамшы нашатыр спирті бар жарты стакан су

г) жалбыз тамшылар

д) 2-3 мл 1% новокаин ерітіндісі

4. Балалардың асқазан-ішек трактісі жедел ауруының ең жиі белгілері:

а) ішінің ауырсынуы

б) іш өту

в) іш қату

г) ықылық

д) қыжыл

5. Копростаз кезінде жедел көмек:

а) ішайдатқы дәрі беру (магния сульфат)

б) сифонды клизма

в) іш қуысына жылы компресс қою

г) активті көмірді ішкізу

д) іштің массажы

6. Балалардың метеоризмін де нені қолданады:

а) активті көмір

б) смекта

в) түймедақ тұнбасы мен клизма

г) 2 тамшы нашатыр спирті бар жарты стакан су

д) газ шығарушы түтік қою

7. Инфекциялы емес іш өту кезінде қолданады:

а) сүт және сүт өнімдері

б) В витамині көп тағамдарды тағайындау

в) майлы тамақ

г) қуырылған тамақ

д) өсімдік талшығына бай тағамдар

8. Нәжістің сұйық болуы мынаған байланысты:

а) нәжістің тек ішекке жиналуы

б) артық тамақ жеу

в) асқазаннан қан кету

г) термиялық күйік

д) тоңып қалу

9. Жедел гастриттің себебіне жатпайды:

а) артық тамақ жеу

б) құрамы нашар тамақ қабылдау

в) тамақтың режимінің бұзылуы

г) сүт қабылдау

д) токсикоинфекция

10. Балаларда ықылық тудырмайды:

а) тоңып қалу

б) артық тамақ жеу

в) сүт тағамдары және кейбір препараттарды қабылдау

г) қорқып қалу

д) токсикоинфекция