- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
Асқазан-ішек ауруларын емдегенде жақсы нәтижеге жету үшін дұрыс күтім қажет. Оның негізгі міндеттері:
• емдік-қорғаныс режимін дұрыс орындау;
• емдік тамақтандыруды ұйымдастыру және су рационын дұрыстау;
• асқорыту ағзаларының қызметін қадағалау.
Ауыр жағдайдағы аурулар қатаң төсектік режимде болады. Тамақты және сусынды бас жағын 30-350 болатындай биіктікке көтеріп жатқызу керек. Тамақты аз мөлшерде қасықпен, ал су мен сусындарды ішкізгіш (поильник) арқылы береді. Мойнын және кеудесін орамалмен жабады. Жартылай төсектік және жалпы режимге көшкенде балалар тамақты асханада ішеді. Асқазан-ішек трактісінің симптомдарына ерекше көңіл бөлу керек. Құсудың алдында баланың көңлі айниды, сондықтан баланы тыныштандырып, 2-3 тамшы мүсәпір спирті тамызылған 1/2-1/3 стакан су беру керек. Егер құсқан жағдайда баланы дұрыстап отырғызып, кеудесін орамалмен жауып, аузына таза лоток немесе еденге таза шылапшын әкеліп қою керек. Әлсіз, төсек тартып жатқан баланың басын бір жағына қисайтып, орамал төсеп лотокты жақындатады. Құсып болған соң аузын жылы сумен шайып, аузын орамалмен тазалап сүртеді. Құсуды басу үшін балаға салқын су ішкізеді, мұз түйіршіктерін сорғызады, бірнеше тамшы мята тамшыларын немесе 2-3мл 1% новокаин ерітіндісін ішкізеді. Құсықты дәрігер келгенше сақтап қояды, қате болған жағдайда таза ыдысқа құйып зертханаға жөнелтеді.
Лоқсудың алдын алу үшін тамақты асықпай аз мөлшерде, әбден шайнатқызып ішкізу керек.
Қыжылдау кезінде балаға 1/3-1/2 стакан сүт немесе сілтілі минерал суын-боржоми, сарыағаш ішкізеді. Тамақтанып болған соң 20-30 минут бала вертикалді жағдайда болуға тиісті. Қыжылдауды тудыратын тағамдар: қана нан, өткір, ащы және қуырылған тамақтар. Сондықтан оларға қолдануға рұқсат етілмейді. Іш кебуді болдырмау үшін активті көмір немесе арнайы дәрілер эспумизан, бәбиносты тағайындайды. Тағамда қара нан, картоп, сүт және капуста шектеледі.
Іш қату кезіндегі көмек нәжістің түріне байланысты. Атониялық іш қату кезінде тағамнан тез сіңірілетін азық-түліктер (ботқа, пюре, қаймақ т.б.) алынып тасталады, өсімдік талшығына бай тағамдар беріледі (капуста, қара өрік, жармалы нан).
Ондай балалар көп қозғалуы керек. Ішіне массаж жасап, дәрі-дәрмек беріп (өт айдайтын, ферментті, қозғалысты күшейтетін дәрілер), ішегін күнделікті бір мезгілде босату рефлексін қалыптастыру қажет. Кейбір балаларға ішті босататын шөптен жасалған дәрілер тағайындалып,сирегірек тұзды препараттар (20% магний сульфаты 1 шай қасықтан ) беріледі. Спастикалық іш қату кезінде, таза ауада серуендеу, дене шынықтырумен айналысу, күнделікті бір мезгілде отыру қалыптастырылады. Талшыққа бай тағамдарды қолдануға жол бермеу керек. Жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрілер қолданылады (валериана). Өз бетінше 3-4 күн және одан көп жағдайда үлкен дәретке отыра алмаса, тазалау клизмасын жасауға болады. Іші өткен балалар өзіне ерекше көңіл аударуды талап етеді. Сусыздануды болдырмау үшін, іші өте бастаған күннен бастап жиі-жиі сұйықтық ішкізу керек. Тұзды ерітінділерді аузына тамызу, ішкізу арқылы, пероралды регидратация жүргізеді. Ондай ерітінділер қолда болмай қалған жағдайда, қолдан қайнаған суға тұз бен қант араластырып дайындауға болады. 1литр қайнаған суға:
Натрий хлориді (кәдімгі ас тұзы) 3,5г
Натрий бикарбонаты (ас содасы) 2,5г
Калий хлориді 1,5г
Қант немесе глюкоза 20,0г
салынады.
Натрий бикарбонаты мен калий хлориді болмаған жағдайда, оларсыз да ерітінді дайындауға болады. Қант пен тұзды әбден ерітіп алу керек. Күнделікті жаңа ерітінді дайындау қажет. Ерітінді беті жабылған, таза ыдыста сақтау керек.
Баланың жасына сай әрбір сұйық нәжістен кейін 2-3 жасқа дейінгі балаларға 50-100мл., 2-3жастан жоғары балаларға 100-200мл сұйықтық беру керек. әрбір дәреттен соң баланы жуындыру қажет. Сыртқы тесіктің жан-жағын вазелинмен немесе балалар кремімен сылайды. Әр баланың жеке горшогы болады, олардың нәжісін әрдайым дәрігерге көрсетіп, зертханаға жиі тексеруге жіберіп тұру керек. Жұқпалы аурудың диагнозы дәлелдегенде баланы жұқпалы аурулар ауруханасына немесе бөлек боксқа орналастырылады. Ағымды дезинфекция жасалып, аурудың горшогын залалсыздандырады. Мұндай аурулардың күтімі мен қадағалауының маңызы өте зор. Мысалы: қарамай тәріздес нәжіс пайда болса, ол асқазан-ішек трактісінен қан кетудің белгісі. Баланың көңіл-күйі жақсы болса да, оны қатаң төсектік режимге көшіру керек.
Асқорыту ағзаларының жедел және созылмалы ауруларында жиі кездесетін симптом, ол іштің ауырсынуы. Мұндай жағдайда баланы төсекке жатқызған жөн. Ауырсыну ұстамасы кезінде баланың мінез-құлқының қалай өзгеруіне, оның төсектегі болмысы қандай екеніне көңіл аударылады. Дәрігер қарап тексергенге дейін жылы құйылған қапшық немесе ауырсынуды басатын дәрілер берудің қажеті жоқ, себебі ол диагноз қоюды қиындатады және дәрігерді шатастыруы мүмкін.
Гастроэнтерология бөлімшесіндегі мейірбикенің атқаратын жұмысы.
Мейірбике ауруды түрлі тексерулерге дайындауға міндетті түрде араласады. Ол асқазанды шаю, түрлі клизмаларды қою, зертханаға нәжісті жинау шараларын орындай алуы керек. Сонымен қатар медициналық құжаттарды толтыру, керек болған жағдайда пациентті тексеретін жерге сүйемелдеу мейірбикенің міндеттеріне жатады.
Асқорыту жүйесі ауруларында мынадай жағдайлар кездесуі мүмкін:
• дұрыс тамақтану принциптерін білмеу;
• диеталық тағамның принциптерін білмеу;
• өз бетінше тамақтана алмау;
•нәжісін ұстай алмай қалу қорқынышы;
• судна мен дәрет жинағышты қолдану кезіндегі ыңғайсыздық;
• дәмсіз тағамдарды ішу мәжбүрлігі;
• көп жатқанда төсек жараның пайда болуы.
Асқорыту жүйесі ауруларына тағайындалатын диетотерапия принциптерін мейірбике білуге тиісті. Тағам мейлінше жағымды болуға тиісті, механикалық, жылулық, химиялық тітіркендіргіштерге тиым салынады және тағам ұсақталған болуы керек. Пациентке мейірбике алдын-ала күтімнің тәртібін айтып кетуі керек. Өз бетінше тамақтана алмайтын ауруды тамақтандыру үшін, оның тағамды қандай кезекпен қабылдайтынын біліп, ыстық сусынның температурасын өлшеуі керек және тамақтанып болған соң, аузын шаюды ұсыныс жасауы керек. Мейірбике ағартушылық жұмыс атқаруы керек.
