Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері

Ауру балалар немесе олардың ата-аналары әртүрлі шағымдармен келіп жатады, бірақ олардың ішінде ең негізгісі болып: тәбетінің төмендеуі, іштің ауырсынуы, диспепсиялық бұзылыстар (лоқсу, қыжылдау, көңіл айну, құсу, іштің өтуі) болып табылады.

Тәбетінің төмендеуі – көптеген аурулардың ішінде жиі кездесетін симптом. Тәбеттің төмендеуі асқазан ауруларында, ішек, бауыр және ұйқы безі ауруларында, сонымен қатар көңіл-күйдің бұзылысында, физикалық және психикалық шаршағанда, зорлап тамақтандырғанда, қозғалысы аз өмір салтында және т.б. жағдайларда кездеседі. Кейде тағамның сырт көрінісі, неден дайындалғаны, кулинарлық орындалу тәсілі де баланың тәбетіне әсер етеді. Тәбеттің жоғары болуы әдетте сирек кездеседі, ол көбіне жыныстық жетілу кезеңінде, физикалық дамудың жылдауында және аурудан айыға бастағанда кездеседі.

Іштің ауырсынуы – асқорыту ағзалары ауруларына ең тән және көптеген ақпарат беретін симптом. Іштің ауырсынуы қай ағзаның зақымдалуына байланысты ауырсыну орны, аурудың ұзақтығы, тағамды қолдану мерзіміне қарай ажыратылады. Егер ауырсыну эпигастрия маңайында болса ол өңештің, асқазанның, 12-елі ішектің, оң жақ бүйректің, жоғары орналасқан соқыр ішектің зақымдалуының белгісі болып есептелінеді. Ауырсыну сол жақ қабырға астында болса ол асқазанның, ұйқы безінің, көк бауырдың, сол жақ бүйректің, бауырдың сол жақ бөлігінің зақымдалуының белгісі. Іштің сол жақ төменгі бөлігінің (подвздошная область) ауырсынуы сигма тәріздес ішектің, сол жақ бүйректің зақымдалуын сипаттайды. Еш тарқамайтын, ұзаққа созылған ауырсыну эпигастрияның диафрагманың өңеше өтетін тесігінің (грыжасының) белгісі. Іштің әртүрлі ауырсынуы ішек қуысының бітелуі, перитонит, паренхималық ағзалардың жыртылуының белгісі, көп жағдайда іш кепкенде және асцит кезінде кездеседі. Ерте ауырсыну, оның тамақтанып отырғанда пайда болуы өңеш ауруларына тән, тамақтанып болған соң, 30-40 минут өткеннен кейін ауырсыну – асқазан ауруларына тән. Мұның диагноз қою үшін маңызы зор. Кеш ауырсынулары, тамақтанғаннан кейін 1-2 сағат өткен соң пайда болса, ауырсыну сезімі гастродуоденитке, 12-елі ішек жарасына тән. Тамақтанып отырғанда немесе тамақтан кейін бірден іштің ауырсынуы және ол үлкен дәретпен қосарланып келетін болса, ол тоқ ішектің зақымдалуын сипаттайды. Іштің ауырсынуы ұстама тәріздес және анда-санда болса ол ұйқы безінің зақымдалуына немесе өт қабының тас ауруына тән. Ішектің қуысының жедел бітелуі, жараның тесілуі, жедел панкреатитте «пышақ кескендегідей» ауырсыну болады. Кіндік түбінің сыздап ауырсынуы аш ішек ауруларында кездеседі, керісінше интенсифті ауырсыну тоқ ішек ауруларына тән болады.

Қыжылдау – семсер тәріздес өсіндінің тұсында немесе төстің артында жылулық және күйдіру сезімінің пайда болуы. Қыжылдау эзофагиттің, сонымен қатар диагфрагманың өңешке өтетін тесік (грыжа) белгісі болып табылады.

Лоқсу - деп кенеттен, еркінен тыс асқазаннан ауыз қуысына ауаның шығуы немесе ауамен бірге тамақтың қосыла шығуын айтады. Емізулі жастағы сәбилерде лоқсу жиі болады. Себебі олар тамақтанып жатқанда ауа жұтып қояды. Ересек балаларда лоқсу мөлшерден тыс тамақ ішіп қойғанда, тамақтанып болған соң, физикалық күш түскенде, пайда болады. Ұзаққа созылған лоқсу өңеш ауруларында (дивертикула және т.б.) асқазан және 12-елі ішек ауруларында кезедседі. Шіріген жұмыртқамен лоқсу асқазанда тамақтың ұзақ уақыт тұрып қалуының белгісі.

Жүрек айну - эпигастрия маңайында немесе тамақта жағымсыз сезімнің пайда болуы. Көңілі айнығанда балаларда әлсіздік, бас айналу, бозару, терлеу, кейде естен тану сияқты белгілер бірге жүреді. Көңіл айну құсудың алдында пайда болады, бірақ өз алдына симптом ретінде де кездеседі. Кейде шартты рефлекс ретінде сипатталады.

Құсу – бұл күрделі рефлекторлы акт, құсу орталығының қозу салдарынан пайда болады.Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым құсу оңай болады. Құсу тек асқорыту жүйесі ауруларының белгісі емес, басқа да көптеген аурулардың (жұқпалы, эндокринді) белгісі. Бұл жерде құсықтың сипаттамасының маңызы зор. Өңештің тарылуында және дивертикуласында құсық қорытылмаған тамақ тәріздес болып келеді. Жедел гастрит кезінде құсу бірнеше рет және тамақтан соң пайда болады. Созылмалы гастритте құсу аш қарынға пайда болады және құсықта кілегей көп ашыған иісті болып келеді. Ұстама тәріздес ауырсынудан соң құсұ, содан кейін жеңілденіп қалу асқазан жара аурулары бар балаларда кездеседі.Ұйқы безінің аурулары және гепатобилярлық жүйенің ауруларының кезінде құсу жеңілдік әкелмейді, құсықта қанның пайда болуы асқазан-ішектен қан кетудің белгісі. Іштің қатты ауырсынуымен жүретін ұзақ құсу ішек қуысының бітелуін білдіреді.

Іш өту - қалыпты жағдайдағыдан гөрі жиі үлкен дәретке отыру және нәжістің қоймалжыңнан су тәріздіге дейін өзгеруі. Іш өту ішек қуысындағы заттардың жылдам айдалуынан, ішек сөлінің көп бөлінуінің салдарынан пайда болады. Іш өтудің себептері әртүрлі: инфекциялық фактор, дисбактериоз, гельминттер, спецификалық емес қабыну процесстері, ісіктің пайда болуы, аллергия, авитаминоздар және т.б.

Іш қату - соңғы үлкен дәреттен соң 48 сағат бойы аурудың өз бетінше үлкен дәретке отырмауы. Балаларда іш қату тамақтануды бұзу салдарынан болады. Өсімдік талшығы аз, бірақ ақуызы мол тағамдарды қолдану да, іш қатуға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар бұлшық ет гипотониясы, соның ішінде іш бұлшық еттерінің гипотониясы, аз қозғалу да, іш қатудың себептері болып саналады. Қант диабеті және гипотиреозбен ауыратын балалар іш қатуға бейім.

Аэрофагия – көп мөлшерде ауа жұту, бұл жағдай баланы тамақтандыруда көбіне сәби ашқарақтанып емшек емгенде, сүт безінде сүттің болмауында немесе аз болуында, жасанды тамақтануда бөтелкеде сорғыш толығымен толмаған жағдайда, жалпы бұлшықеттің гипотониясында кездеседі.

Жедел герпесті стоматит - 6 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Инфекция ауа-тамшылы жолмен беріледі. Инкубациялық кезеңі 4-5 күнге созылады.

Аурудың клиникалық белгілері:

• ауыз қуысының кілегей қабаты жарылып, эрозия пайда болып везикулалар шығады;

• қызба;

• жалпы мазасыздық;

• әлсіздік;

• бастың ауыруы;

• тері және бұлшықет гиперестезиясы;

• тері қабаттарының бозғылттығы;

• жүрек айну және құсу;

• жұтынуда ауырсыну;

• гиперсаливация;

• ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;

• еріннің кебуі.

Жедел эзофагит - өңештің кілегей қабатының жедел қабынуы.

Себептері:

• инфекциялар (дифтерия, тұмау, саңырауқұлақты қабыну, цитомегалия герпес, туберкулез, сифилис);

• физикалық әсерлер (термиялық күйік, зондтау кезінде микрожарақат);

• химиялық әсерлер (қышқылдың сілтілі, спиртті күйіктер);

• тамақтық аллергия.

Жедел эзофагиттің клиникалық белгілері:

• өңеш арқылы ыстық немесе суық тағамның өтуінің сезілуі;

• төс артында ауырсынудың болуы, оның төс аймағында, арқаға берілуі;

• дисфагия;

• кекіру;

• қыжылдау;

• гиперсаливацияның күшеюі;

• қан араласқан құсық;

• ауыр жағдайда – шок болуы мүмкін.

Жедел гастрит – асқазан кілегей қабатының жедел қабынуы.

Аурудың себептері:

• инфекциялық фактор;

• химиялық тітіркендіргіш заттар және медикаменттер;

• тамақтық аллергендер.

Клиникалық көріністері:

• баланың мазасыздануы;

• тәбетінің төмендеуі;

• көңіл айну (тошнота);

• көңіл-күйінің жалпы өзгеруі;

• эпигастрии аумағында және кіндік түбінде сыздап ауырсыну;

• біртіндеп ұстама тәріздес ауырсыну;

• жеңілдік әкелетін құсулар;

• құсықта асқазан ішіндегі заттар, кілегей кейде қан болады.

• іші өтеді;

• дегидратация және интоксикация симптомдары;

• іші кебеді.

Созылмалы гастрит, гастродуоденит - созылмалы қайталамалы асқазан кілегей қабатының (12 елі ішектің) дистрофиялық қабынуы.

Себептері:

• алиментарлық фактор;

• психикалық фактор;

• жағымсыз әдеттер;

• дәрі-дәрмектерді қабылдау;

• тағамдық аллергия.

Клиникалық белгілері:

• тамақтанып болған соң 1,5-2 сағат өткеннен кейін немесе ашқарынға, кейде түнде сыздап ауырсынуы;

• қыжылдау;

• ауамен немесе қышқылмен кекіру;

• құсу;

• шаршағыштық;

• бастың ауырсынуы;

• тершеңдік.