- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Ревматизм
Дәнекер тіннің жүйелі ауруларына жататын – ревматизмнің клиникалық көрінісінде негізінен патологиялық үдеріс жүректе жүреді. Ревматизм жиі 7-15 жас аралығындағы, сирек мектепке дейінгі жастағы балаларда кездеседі. Ауру буындардың, (жиі), жүректің зақымданып, ақаудың пайда болуымен, жүйке жүйесі мен басқа да ішкі мүшелердің зақымдануымен жүреді. Аурудың басталар алдында бала 1-2 апта бұрын баспа немесе фарингитпен ауырады және ауру өршумен өтеді.
Аурудың клиникалық белгілері:
қызба (38-39С);
жедел полиартрит;
буындардың қатты ауыруы;
әлсіздік;
тәбеттің болмауы.
Ревматизм кезінде тізе, тізе-табан, шынтақ, қол-алақан буындары зақымданады.
Жүректегі өзгеріс миокардит түрінде, эндокардит, перикардит белгілерімен өтеді. Жүректің барлық үш қабаттары зақымданса – панкардит деп айтады.
Жыл бойына ревматизмнің алдын-алу шаралары
Балалар учаскелік педиатр мен ревматологтың бақылауында болып, кварталына 1 рет тексеруден өтіп отырады. Өткен шабуылдан соң алғашқы 3 жылда міндетті түрде жыл бойына бициллинді-медикаментозды алдын-алу шараларын жүргізеді. Бұл кезде айына 1 рет науқастың бұлшықетіне 1500000 бірлік (ЕД) бициллин-5-ті енгізеді. Ал қақпақшалық ақаумен жүретін біріншілік ревмокардит, созылмалы-әлсіз немесе үздіксіз-рецидивті ағымды хорея, сонымен қатар ақаумен немесе ақаусыз қайталамалы ревмокардит пен және созылмалы инфекция ошағы бар балаларға алдын-алу шараларын 5 жыл жүргізеді.
Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
Жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметі бұзылған балалардың күтімінің нeгізі, мыналар:
тәртіпті сақтау;
тыныштық жағдай жасау;
дұрыс тамақтандыру;
сулы рацион;
дәрілік заттарды қолдану.
Осы жүйенің патологиясы бар балаларға, дәрігер тәртіпті аурудың ауырлығына және жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметінің төмендеу дережесіне қарай тағайындайды:
қатаң төсектік тәртіп (1а), төсектік тәртіп (1б), жартылай төсектік тәртіп (2б).
Қатаң төсектік тәртіпте, бала кереуеттен тұрмау керек, көрсетілетін көмек тек төсекте ғана көрсетіледі. Баланы функционалды кереуетке жатқызған дұрыс, кажет жағдайда оған ыңғайлы қалып бересіз. Бұл көбіне - жартылай отырғызу қалпы. Баланыңжеке бас гигиенасын, тамақтануын төсекте өткізеді. Кіші жене үлкен дәрет алу кезінде астына қойылатын нәжіс пен зәр қабылдағыш (мочеприемник) қолданылады.
Төсектік тәртіп тағайындалған науқас, кереуетте отырып, кереует жанындағы үстелде тамақ iше алады. Үлкен жене кіші дәретке кереует жанындағы дәрет қабылдағышқа (горшокта) отыра алады.
Жартылай төсектік тәртіпте, баланың қозғалуына болады. Алғашкы кезде тағамды, палатадағы үстелде, кейіннен асханада ішуге рұқсат етіледі. Балаға серуендеуге рұқсат етіледі, ол кезде қатты қозғалыс шектеледі.
Наукастың жататын палатасы: кең, жарық, жақсы желдететін, бөлме температурасы 18-20°С-дан аспайтындай болу керек. Кейбір балалар, әcipece тума жүрек ақауы бар балалар оксигенотерапияны қажет етеді. Бұндай науқастарды орталықтандырылған оттегі бepiлeтiн палатада орналастыру керек. Ұзақ уақыт төсекте жатудан, төсекжара (пролежни) пайда болады, сондықтан тepiге ерекше күтім жасау қажет.
Күнделікті теріні су қосылған спирт ерітіндісімен, иic сулармен немесе камфорлы спиртмен сүртіп тұру қажет. Төсектің жұмсақ және ыңғайлы болуы керек ,оны үнемі қайта салып үстіндегі ақжайманың қыртыстарын жазып, ұнтақтардан тазартып отыру қажет. Науқасты дәрігердің рұқсатымен ғана ваннаға жуындырады. Баланың жағдайы ауыр болса, денесін төсекте жылы сумен сүртеді. Баланың киіміжeңiл, көкірек қуысын қыспауы керек.
Баланың палатасында және жанында орналасқан бөлмелерде қатаң емдік-қорғау тәртіп пен тыныштықты сақтау қажет. Мейірбикелер баланың төсектік тәртібінің сақталуын, егулер мен тексерулерге тасымалдануын, баланың жалпы жағдайын, пульсын, тыныс алу жиілігін қадағалаулары керек.
Тағам керекті заттарға бай, құрамында В және С тобындағы витаминдер көп болып, тұзды шектеу керек. Ішілген сұйықтық пен диурездің көлемін мiндeттi түрде тіркеп отырады. №10 диета тағайындалады, майлармен, белоктарды (нәрақуыз) шектейді. Тағам тәулігіне 4-5 рет, ұйықтар алдында 3 сағат бұрын беріледі.
Пульс пен қан кысымын өлшеу. Пульсті, білек, самай, ұйкы артериясынан eкi саусақ арқылы анықтайды. Пульсті 1 жасқа дейінгі балаларда самай артериясынан, 1,5 жастан кейін білек артериясынан 6ip минут ішінде, ұйықтаған кезде анықтайды. Егер пульс 6ipiнeн кейін 6ipi бірдей уақытта соғатын болса, бұндай пульсты ырғақты (ритмды) пульс деп атаймыз. Пульс толқындары арасындағы уақыт әртүрлі болса, онда ырғағы бұзылған немесе ырғақсыз (аритмиялық) пульс деп атайды. Ырғақсыз (аритмиялық) пульс анықталса, дереу дәрігерге хабарлау керек. Анықталған пульс, температура парағына тіркеледі.
Жедел көмек көрсету
Ентікпе кезінде, баланың тыныс алуын жеңілдету үшін, оның ыңғайлы отыруына көмектесу керек. Бұл үшін баланың артына, бірнеше жастық қойылады немесе функционалды кереуеттің бас жағын көтеру керек. Ентікпесі бар балаға таза ауаның келуіне максималды түрде жағдай жасау керек немесе оттегі берілуі қажет. Баланың денесін қысып тұрған киімдерден, көрпелерден босатқан жөн.
Естен тану - бас миының жедел қан айналым жетіспеушілігі. Ол кенеттен қысқа уақытқа естен танумен сипатталады.
Бала есінен таңса, дәрігер келгенге дейін, оны горизонталды немесе басын төмен түсіріп жатқызады. Баланың еркін тыныс алуын қамтамассыз ету үшін:
киiмдepiнің жағасын ағытады;
беліндегі белдікті босатады;
таза ауаның кіруіне жағдай жасайды;
бетіне, көкірегіне суық су шашады;
нашатыр спиртін иicкeтeдi;
денесін жылдам уқалайды;
грелкамен жылытады;
көрпемен жабады.
Коллапсжедел жүрек жетіспеушілігінен пайда болып,қан қысымныңтез темендеуінен, әсіресе ми мен жүректіңқанмен қамтамассыз етілуінің бұзылыстарыменөтеді. Дәрігер келгенге дейін, баланың аяғын көтеріп, денесін орап, грелкамен жылытып, горизонталды қалыпта жатқызады. Әр 30-60 минут сайын тepi астына кофеин енгізу маңызды, енгізуге қажетті заттарды, көк тамырға құятын системаны жылдам дайындау қажет!.
Жүрек аймагындағы ауырсынубалаларда сирек кездеседі. Ол миокардтың қан айналымының жеткіліксіздігінің көрінісі болуы мүмкін. Жүрек аймағында ауырсынудың болуының себептерінің ішінде, психикаға көп күш түсу мен жүрек жүйесінің реттелуінде бұзылыстардың болуының мәні зор. Негізгіжүргізілетіншаралар, балаға қолайлы жағдай туғызуға бағытталу керек. Бұл мақсатта валериан, пустырник тұнбаларын, волокардин тамшысын (тамшы саны баланың жасына байланысты) пайдаланады.
Пароксизмалды тахикардия - бұл кенеттен басталып, әрі кенеттен аяқталатын тахикардия ұстамасы тәрізд аритмия (ырғақсыздық). Жүректіңжиырылу жиілігіқалыпты жағдайдан 2-3 есе жоғары болып, минутына 180-200-ге дейін жетуі мүмкін. Ұстаманы басу үшін кезеген нервті тітіркендіретін әдістерді қолданады: көз алмасын, ұйқы артериясының аймағын, іш ортасының үстінен басады, жасанды жолмен құстырады.
