Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.

Мекеме

Ауданы шаршы метр

Жартылай ажырықта (бокста) 1 орында палата, шлюзсіз //-// 1 орынға, шлюзбен 2,3,4 орынға палата

Дәрігер кабинеті (ординаторская)

Егу бөлмесі

1 жасқа дейінгі балалар бөлімшесіндегі мейірбике кезекшілік орыны (пост) 1 жастан жоғары балаларға ас тарқату орыны (буфет), ыдыс жууға және залалсыздандыруға арналған жуу жабдығымен

Асхана (3 жастан жоғары балалар) ойнауға арналған бөлме жылжыма мен кресло тұратын орын

Жылытылған дәліз (50% орын саны)

Санитарлық заттар: жуынба (умывальник) (қыздарға бөлек, балаларға бөлек) аяқ жуатын шара (6 орынға бір жуынба)

Әжетхана (қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек) 1 жастан жоғары балаларға арналған шомылғы (жеңіл душтық торымен 2 шомылғы 1 жасқа дейінгі балаларға палатада орналастырылады).

Түбекке ажыратылған бөлме

Қыздарға арналған тазалық орыны

Бөлім меңгерушісі кабинеті

Аға мейірбике бөлмесі

//-//-шаруа бикесі

//-//-қызмет көрсетуші

Физиотерапиялық кабинет

Қызметкерлерге арналған әжетхана Аналарға арналған әжетхана

Орын:

Балаларды киіндіру және жылы заттарды сақтау, түбектерді жуу және зарарсыздандыру, жаялықтарды жуып кептіруге арналған жай

Кіршең киімдерді уақытша сақтайтын және іріктейтін жай

Бөлімшені тазалайтын құралдарды сақтайтын жай

//-//-//- таза киімдер

//-//-//-емшек сүтін зарарсыздандыру

Тасымалданылатын физиотерапевтік аппаратураларды сақтайтын жай

Аналарға арналған бөлме

22

9

12

6 бір орынға

10

18

10

4

25

18

25

4

2,5-бір орынға

4+4

6+6

12

8

5

12

10

10

8

15

1,5

1,5

8

8

8

4

4

15

6

6-бір орынға

Нәрестелердің аналарына орынды, емдеу бөлімшесінен тыс жерден, ал бір жасқа дейінгі балалардың аналарына палатаға жақын жерден беру керек.Емдеу бөлімінің арнайы жұмысы балаларды оқшаулау, оларға аурухана ішілік ауруларға қарсы алдын-алу шараларын ұйымдастыру. Ол үшін палаталарда әртүрлі перделер, бокстар және жартылай бокстар қарастырылған. Бөлімшелер бактерицидтік шамдармен қамсыздандырылған. Аурухана мен қолданылатын құралдар барлық уақытта залалсыздандырылып отырады.

Қызметкерлер мен науқасқа келушілер бөлімшенің санитарлық-гигиеналық ережесін сақтап отырғаны лазым.

Жансақтау бөлімшесінің палаталары орталықтандырылған оттегі беру, мөлшерленген сұйықтықтарды көк тамырға енгізу құралдарымен, медициналық жиынтықтармен, электрсорғы, уланған жағдайда жедел көмек бесаспабымен, токсикоздарды емдеу заттарымен қамтылуы керек.

Емдеу бөлімінің штаттық кестесі:

  • бөлімше меңгерушісі;

  • дәрігерлер;

  • аға және кіші мейірбике;

  • мейірбикелер;

  • шаруашылық жұмысы мейірбикесі.

Ірі ауруханалардың бөлімшелерінде тәрбиеші педагогтар жұмыс істеп, балаларға демалыс пен оқу уақытын реттейді. 6 жастан бастап балалар мектеп бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіліп, ауруханадан шыққан соң бағалалары қойылады

Науқастарға арналған палаталар.

Әр палатада 2-6 науқас болады. Әдепкіге сай, бір орынға 6,3-7,5 шаршы метр ауданға жер бөлінуі, терезе мен еден көлемі арақатынасы 1:6 болуы тиіс. Балаларды палаталарға жасына және ортақ сырқаулы болуына қарай ажыратып бөледі.

Палаталардағы кереуеттер балаға қай жағынан болса да, жақындауға ыңғайлы етіп орналастырылады. Көптеген балалар мекемелерінде палаталар тереземен бөлінген, бұл балаларға қарап тұруға қолайлы.

Жаңа туылған нәресте палаталарында кереуеттен басқа, қымтау үстелі, таразы, шомылғы, оттегімен қамту, ыстық және суық су, бактерецидтік лампа болады.

Емізулі жастағы балаларды палаталарға аурудың ағымына, халінің ауырлығына қарай іріктейді. Жаңа туылған және шала туылған нәрестелер бөлек жатқызылады. Пневмониямен, іріңді-септикалық аурумен туылған балаларға арнайы ажырықтар (бокс) берілген. Жұқпалы ауру жоқ балаларды ғана бір палатаға жатқызуға болады.

Қатаң санитарлық ережені (ауыстырылған аяқ киім, халат, бетперде және т.б.) сақтай отырып, ауру болып туылған және шала туылған балалармен, тек медицина қызметкерлері ғана қатынаста бола алады. Аналар балаларын, тек емізетін кезде көре алады. Қажет жағдайда анасы баласына күтім жасауға келуіне болады.

Қазіргі таңда босану үйінде анасы босанып болған соң, баласымен бірге бір палатада жатады. Балалар бөлімінің бокстарының негізгі қолдану көрсеткіштер ана мен бала арасындағы қатынасқа мұқият болу, балалардың араласпауы, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу үшін үнемі сақ жүру жатады. Бұл үшін палаталарда ажырықтар мен жартылай ажырықтар қарастырылады.

Ашық ажырықтарда науқастар қоршаумен бөлінген, ол кереует арасына орналастырылады. Ашық ажырықта оқшаулау тиімсіз болып келеді және ауа тамшылы инфекция таралуынан қорғамайды. Жабық ажырықтар – өз алдына палаталары болады, төбеге дейін айнамен бөлінген. Әрбір ажырық - жарықталған, әжетханасы, балалар үшін керекті медициналық керек-жарақтары болуы қажет. Бұл оқшаулаудың қолайсыз жері, ажырықтың бөлімше дәлізіне шығатын есігінің болуы. Тиімдірек изоляция түрі – жабық, дара немесе мельцерев ажырықтары.

Оның құрылымы бала емделіп біткенше, басқа науқас балалармен қарым-қатынасты болдырмауды қарастырады.

Науқас бала белгіленген ажырыққа көшеден келіп түседі, ал басқа ауруханаға ауыстырғанда немесе шығарғанда, сондай жолмен шығарылады. Жаңа түскен науқастарды мельцерев ажырығына мұқият дезинфекция жүргізген соң орналастырады.

Жеке бокс:

  • бокс алдынан;

  • палата немесе қарау бөлмесі;

  • ыстық және салқын сулар түйіндері;

  • қол шайғыш, ванна және унитаз;

  • қызметкерлерге арналған шлюзден тұрады.

Науқастарға бокстан ішкі дәлізге шығуға болмайды. Мейірбике немесе дәрігер ішкі дәлізден шлюзге кіріп, есікті жабады. Палатадан шыққан соң барлық әрекеттер қарсы реттілікпен жасалады (қолын жуады, бөлмеге өтеді). Науқастарға тағам арнайы айна арқылы беріледі.

Егер бокста желшешекпен ауыратын науқас жатса, ішкі дәлізге баратын есік қатты жабылып, есік терезелері қағазбен жабыстырылады. Қызметкерлер боксқа ауладан кіреді.

Диспансер – емдеу – профилактикалық мекеме, мұнда тексерулер жүргізіледі, белгілі бір аурумен ауыратын балалар үнемі қаралып, емделіп тұрады. Диспансерлердің мынадай түрлерін ажыратады: туберкулездік, онкологиялық, психоневрологиялық, дәрігерлік-физкультуралық т. б.

Осыған ұқсас қызмет түрлерін балалар ауруханасының арнайы орталықтарында ала алады:

•кардио-ревматологиялық;

• гастроэнетерологиялық;

•пульмонологиялық;

• генетикалық;

• гематологиялық және т.б.

Бұл мекемеде мейірбикелер маңызды рөл атқарады. Олар науқасты есепке алып ауруханаға немесе емханаға бірыңғай статистикалық таллон толтырады. Әрбір науқасқа, дәрігерге көмектеседі. Науқастың үйіне барып хабар алып, санитарлық – ағарту жұмыстарын жасайды.

Балалар емханасы

Бөлімшелік мейірбикенің қызметтік міндеттеріне кіреді:

• жанұядағы баланың физикалық және ақыл-өрістік дамуын қалыптастыру үшін алдын-алу шараларын жүргізу;

• үйде медициналық көмек көрсету, сонымен қатар дәрігердің тағайындауы бойынша іс-шаралар жасау;

• жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронаж жасау;

• жаңа туған нәрестеге патронаж жасау;

• ауру және сау балаларды бақылау, ата-анасының дәрігер тағайындаған емді дұрыс орындауын қадағалау, жанұяның (тұрмыстық, мәдени гигиеналық, психологиялық) жағдайын зерттеу;

• мектепке дейінгі мекемелерге тіркелмеген балалардың егуін кестесіне сай жүргізу;

• балалар емханасында дәрігер қабылдауында көмектесу, антропометрия жасау, анықтама қағаз беру, жолдамалар, еңбекке жарамсыздығы жөнінде қағаз беру, статистикалық талондар толтыру және т.б.

• диспансерлік есепте тұратын балаларға жүйелі дәрігерлік тексеруді ұйымдастыру;

• ата-аналармен санитарлық-жұмыс жүргізу, баланың тамақтануы және денсаулығын жақсарту жөнінде кеңес беретін қағаздарды тарату және т.б.

Балалар емханасында қолданылатын есеп формалары:

• Баланың даму тарихы.

• Статистика талоны.

• Жедел хабарлама.

• Диспансерлік қадағалау картасы.

• Алдын-алу егулік картасы.

• Емхана дәрігернің күнделігі.

Балалар емханасындағы негізгі құжат «баланың даму тарихы» болып табылады. Олар тіркеу бөлімінде сақталады, онда кіші және орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

Балалар шипажайы – ауру балалар арасында емдік-реабилитациялық және жалпы сауықтыру кешендері мен табиғи физикалық факторларды диетотерапиямен бірге қолдана отырып, ем-домда ФК физиотерапияны жүргізетін, мектеп бағдарламасымен қатар демалыс та бір мезетте жүретін стационарлық емдеу-профилактикалық мекеме.

Балалар шипажайлары арнайы курортты зоналарда ұйымдастырылады. Шипажаймен қатар жергілікті шипажайлар, шипажайлы-орманды мектептер беріледі. Олар қала сыртындағы аймақта жағымды микроклиматтық, ландшафтармен орналасады. Балалар шипажайда 24 күннен 2-3 айға дейін болады.

Балалар үйі – бұл да өзіне тән қызметтерімен емдеу-профилактикалық мекеме болып саналады. Дәлірек айтқанда, жетім балаларға, физикалық және психикалық даму бұзылыстары бар балаларға, ата-аналары өз құқығынан айырылған балаларға баспанаға берілген, тәрбиелеу және медициналық көмек көрсетуші мекеме. Аталмыш үйге 3 жасқа дейін жолдамамен қабылдайды.

Денсаулық сақтау бөлімі –үй 30-дан кем болмауы керек және 100 орыннан көп болмауы керек. Балаларды емізулі, еңбектейтін, орта және үлкен топтарға бөледі.

Балалар мектеп алды мекемелерге бөлінеді:

Балбөбек денсаулық мекемесі – 2 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп, медициналық көмек көрсетуші орын.

  1. Бала-бақша 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға ортақ тәрбие жүргізетін мекеме. Мектеп алды мекемелердің біріктірілген типі бар: 1) балбөбек; 2) бала-бақша – мұнда бүлдіршін топтағы және мектеп алды кезеңіндегі балалар тәрбиеленеді.