Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,

АФЕ-н ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП КҮТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары-физикалық тыныштық жағдайын жасауды, тәртіпті сақтауды, дұрыс тамақтануды ұйымдастыруды талап ететін, балалардағы патологиялық жағдайдың үлкен тобы. Сондықтан, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды күтудегі керекті шараларды оқып- үйрену, емдік үдерістің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады.

Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Жаңа туылған нәрестелердің кеуде қуысында жүрек көлденең әрі жоғары орналасқан, өмірінің алғашқы жылының аяғына қарай ол қиғашынан орналасады. 2-3 жаста оның кеуде қуысында орналасуы тұрақталады: жүрек ұшы алдыға, төмен, әрі солға қарай бағытталған, жүректің оң жақ контурын жоғарғы қуыс венасы, оң жақ жүрекше және төменгі қуыс венасы құрайды. Жүректің сол жақ контуры сол жақ қарыншамен, жоғарыда-өкпе артериясынан құралған.

Нәресте мен балалардың өмірінің алғашқы айларында, кіші қан айналымының гемодинамикасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Олар құрсақ ішілік даму кезінде өкпенің қызмет атқармайтындығымен байланысты. Ұрықтың өкпесі арқылы тек 25-100% қан ағып өтеді, ал қанның қалған бөлігі өкпені айнала, сопақша тесік және ашық артериалды өзек арқылы үлкен қан айналым шеңберіне құйылады.

Сопақша тесік (терезе) бала туылған соң алғашқы 3-5 сағат ішінде өзінің қызметін тоқтатады, ал оның анатомиялық жабылуы бала өмірінің бірінші жылында өтеді. Артериалды өзек алғашқы 8-10 сағаттай қызмет атқарады, оның анатомиялық жабылуы бала өмірінің 2-3 айында болады.

Нәрестенің пульсі ырғақсыз, ұзақтығы бірдей емес, жеке пульс толқындары мен олардың аралықтары да біркелкі емес. Балалардың барлық жасында пульс ересектермен салыстырғанда жиі, бұл олардағызат алмасудың интенсивтігімен және жүректің вагусты инервациясының салыстырмалы түрде кеш дамитындығымен түсіндіріледі.

Балалардың пульс жиілігі

Жасы

1 миннуттағы пульс жиілігі

Нәресте

140

1-12айда

130-125

1-2жас

110-115

3-4 жас

105-110

5-7жас

90-100

8-10 жас

85-80

11-14 жас

85-72

Тума жүрек ақаулары (ТЖА)-бұл жүректің және ірі тамырлардың құрсақ ішілік дамуындағы ауытқулар

Көп жағдайда тума ақаулардың дамуындағы негізгі себептер генетикалық немесе жүктіліктің алғашқы үш айында органогенезге экзогенді факторлардың (вирустар, қызамық, анасының басқа аурулары, алкоголизм, кейбір дәрілік препараттарды қолдану, ионды сәулелердің әсері және т.б.) әсерлері болыпесептелінеді. Нәрестелер мен бала өмірінің алғашқы айларында мына белгілер анықталса, ТЖА бар деп күдіктенуге болады:

  • егер сәбилерде цианоз немесе айқын бозғылттық (бозғылттық цианоздың аналогы болып, гематокрит санының жоғарылауымен сипатталады) білінсе;

  • гипотрофия болса;

  • Нәрестеге жиі суық тисе соның ішінде бронхитпен өтетін аурулар (жылына 3-4 рет);

  • жасына сай физикалық күштемені көтере алмаса (емізу кезінде тез шаршағыштық, қимылдаумен жүретін ойын кезінде, текпешекпен көтерілгенде ентігудің пайда болса);

  • перкуторлы, не электрокардиографиямен, не рентгенмен анықталған жүрек көлемінің ұлғаюын байқасаңыз;

  • жүрек тондарының өзгеруі, жүректе шулардың пайда болуы айқындалса;

  • пульс өзгерсе, сан артериясындағы пульс әлсіз немесе анықталмалса;

  • артериалды қысымы өзгерсе;

  • көкірек клеткасының деформациясы анықталса;

  • жүрек ырғағының өзгеруі байқалса;

  • ЭКГ-да кез-келген патологиялық өзгерістер болса;

  • көкірек клеткасының рентгенограммасында өзгерістер табылса;

  • стигматизация шегінен артық болса, 7-ден аса дизэмбриогенез стигмалар тіркелсе.