Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Жүрек зақымданудың басты синдромдары.

Туа болған жүрек ақаулары

Туа біткен жүрек ақаулары жүрек және күре тамырлар ішіндегі гемодинамикасының бұзылуымен сипатталады. Бұлжағдай екі негізгі синдромға байланысты. Шлюз- қан ағымына кедергі жасап, шунт- жүрек бөліктерінің немесе аорта мен өкпе артериясы арасындағы патологиялық қатынасы арқылы қан айналысының бұзылуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар дианозды дәлелдеу үшін қан айналу кіші шеңберінің қан тасуы не қан азаюы (гипер-гиповолемия) синдромының бар екенін атап көрсету керек.

Ұзақ уақытқа созылған қан айналу кіші шеңберінің гиперволемиясы екінші реттегі өкпелік гипертензияның пайда болуына себептеседі. Бұзылған гемодинамиканы қалпына келтіру үшін сол және оң жүрек бөліктерінің асқын жүктемесі не гипертрофиясы міндетті түрде байқалады.

Туа болған жүрек ақаулары 3 топқа бөлінеді:

І.Артерио-венозды, сол жақтан оң жаққа бағытталған қан ағысы бар жүрек ақаулары:

1. Қарынша аралық пердесінің ақауы;

2. Ашық артериальды өзек;

3.Жүрекше аралық пердесінің ақауы.

ІІ. Венозды – артериальды, оң жақтан сол жаққабағытталған қан ағысы мен артериальды гипоксемиясы бар жүрек ақаулары:

1. Фалло тетрадасы;

2. Магистральды ( күре) тамырдардың транспозициясы;

3. Сол жүректің гипоплазиясы.

III. Қан ағымына кедергі бар (шлюз синдромы) жүрек ақаулары:

1. Өкпе артериясының стенозы;

2. Аорта стенозы;

3. Аорта коарктациясы.

Шунт синдромымен (артериовенозды, не венозды – артериальды қан ағысы) сипатталатын жүрек ауруларына ентікпе, жүрек қағу, қажығандық, дене дамуының артта қалуы, кардиомегалия, систолалық не систоладиастолалық шу, жүрек тұсындағы систолалық діріл тән. Қарынша аралық пердесінің ақауында систолалық шу тұрпайы, төстің сол жиегінің бойында естіліп (punctum maximum) ІҮ-ші қабырға аралығына, бүкіл жүрек аймағына беріледі. Қарыншалардың екеуінің де гипертрофиясы болады.

Ашық артериальды өзек төстің сол жиегінің ІІ-ІІІ-ші қабырға аралығында естілетін үздіксіз, қатты тұрпайы систола-диастолалық шуылмен сипатталады. Жүрекше аралық пердесінің ақауына төстің сол жиегінің ІІ-ші қабырға аралығында естілетін шамалы систолалық шуылға, жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы тән. Барлық ақаулар өкпе артериясының тұсындағы ІІ-ші тонның акцентімен сипатталады. Өкпедегі қан тасуы болғандықтан балалар бронх-өкпе ауруларына бейім болады. Ұзақ уақытқа созылған қан тасуы ентікпенің күшеюіне, цианоздың, оң қарыншаға артық жүктеме түскеннен кейін аортадағы (төс маңында) жүрек өркешінің пайда болуына әкеледі.

Венозды – артериальды қан ағысы, керісінше өкпедегі қан азаюмен (гипоксемия) сипатталады. Сондықтан мұндай жүрек ақауларына ерте (туғаннан бері немесе 3-4 жасқа дейін) диагноздың пайда болуы тән. Созылмалы гипоксия салдарынан саусақтарда және тырнақтарда "дабыл таяқшалары" мен "сағат шынысы" түрінде деформациясы, компенсаторлық полицитемия, полиглобулия байқалады. Сонымен қатар науқастарға ентігу-көгеру (тұншығу) ұстамалары тән. Бұл топқа жататын ақаулар жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясымен, өкпе артериясының тұсындағы ІІ-ші тонныңәлсіреуімен сипатталады. Систолалық шуыл төстің сол жиегінің жанында естіледі (Фалло тетрадасы) немесе болмауы мүмкін. Шлюз синдромы бар жүрек ақауларына аорта не өкпе артериясының тұсында естілетін систолалық шу, систолалық діріл, жүрек аймағындағы ауырсыну, брадикардия тән.

Аортальды шлюз жүрек ұшы түрткісінің күшеюімен, сол қарыншасының гипертрофиясымен сипатталады. Аорта стенозы кезінде келесі симптомдарды анықтауға болады: терінің боздығы, әлсіз пульс, аорта тұсындағы систолалық шу, ІІ-ші тонның әлсіреуі. Ал аортаның коарктациясы басты белгілерімен ерекшеленеді: аяқтарда пульстің күрт әлсіреуі және артериальды қысымының төмендеуі, дене бітімінің диспропорциясы (дененің жоғарғы жартысы атлетикалы болса, төменгісі- нашар дамыған). Сонымен қатар өкпедегі іркіліс көріністері (ентікпе, сырылдар) тән.

Өкпе артериясының шлюзі эпигастральды пульсациясымен, жүрек түрткісінің күшеюімен, цианозбен сипатталады.

Өкпе артериясының стенозы кезінде жоғарыда айтқан симптомдарымен қатар төстің сол жиегінің жанында ІІ-ІІІ-ші қабырға аралығында тұрпайы систолалық шу, жүректің оң бөліктерінің гипертрофиясы, өкпе артериясының тұсында ІІ-ші тонның айтарлықтай әлсіреуі анықталады. Аорта стенозымен немесе коарктациясымен салыстырғанда, өкпелі артерияның стенозы өкпедегі қан азаюымен ерекшеленеді, сондықтан балаларда цианоз, көгеру ұстамалары болуы мүмкін.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары.

Жүре болған жүрек ақаулары негізінен ревматизммен ауырған мектеп жасындағы балаларда қалыптасады.

Қосқақпақшалы клапанның жетіспеушілігі. Бұл жүрек ақауына қан айналысының айтарлықтай бұзылуы тән емес.Клиникалық белгілері: сол жақтағы жүрек өркеші, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, сол жаққа ығысуы, жүректің сол шекарасының ұлғаюы, жүрек ұшында І-ші тонның әлсіреуі,

ІІ-ші тонның өкпе артериясы тұсындағы акценті. Систолалық шу жүрек ұшында, V-ші нүктеде естіледі, бала сол бүйіріне жатқанда күшейеді.

Митральды стеноз.Бұл ақауға кіші шеңбердегі қан айналысының бұзылуы тән. Сондықтан ентікпе, қалжырау, ернінің көгеруі, бетінің қызыл шырайының көгергені және бронх-өкпе ауруларына бейімділігі пайда болады. Жүрек ұшының түрткісі әлсірейді, "мысық пырылы" симптомы анықталады. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары жоғары және оң жаққа ұлғайған. Жүрек ұшында күшейген "тарсылдаған", қысқа І-ші тон және диастолалық шу естіледі. Өкпе артериясының тұсында II-ші тонның акценті, екіге бөлінуі анықталады.

Аортальды клапанның жетіспеушілігі. Науқас балалар жүктеме кезінде ентікпеге, жүрек қағуына, кейде жүрек тұсындағы ауырсынуына шағымданады. Терісінің боздығы, ұйқы артерияларының пульсациясы байқалады. Пульсі биік, жүрдек. Артериальды минимальды қысымы төмендеген, ал максимальды қысымы қалыпты немесе шамалы жоғарылаған. Жүрек ұшының түрткісі күшейген, сол жаққа және төмен ығысқан, шекаралары сол жаққа ұлғайған. І-ші тон әлсіреген, жүрек негізінде және Ү-ші нүктесінде нәзік, су сылдырлағандай диастолалық шу естіледі.

Үшқақпалы клапанның жетіспеушлігі. Сирек кездесетін жүрек ақауы. Клиникалық белгілері: әлсіздік, ентікпе, эпигастральды және мойын веналарының пульсациясы, жүректің оң шекарасы ұлғайған. Төс сүйегінің төменгі бөлігінде оң қолтық аймағына берілетін систолалық шу естіледі.

Жүректің жетіспеушілігі синдромы.

Қан айналыс бұзылуы деген ұғым ағзалар мен тіндердің қалыпты қызметіне қажетті қанның мөлшерімен жүрек қамтамасыз ете алмайтын патологиялық жағдайды түсіндіреді. Жүрек жетіспеушілігі жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді. Жедел жүрек жетіспеушілігі бірнеше сағаттың ішінде дамыды, жүректің және басқа ағзалардың ауруына байланысты, емдеу әсерінен немесе оны тудыратын себептерді жойғанда, баланың жағдайы тез қалпына келеді. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бірте-бірте дамиды, ұзақ уақытқа созылады. Емдеу әсерінен клиникалық белгілер біршама азаяды, бірақ емді тоқтатқанда немесе жүрек ауруы одан әрі асқынғанда,қайта үдейеді. Жүрекжетіспеушілігінің көріністері негізінен сол не оң қарыншаның гемодинамикасының бұзылуына байланысты болады.

Балаларда жүрек жетіспеушілігінің көптеген симптомдарының ішінде ерте пайда болатын, ең тұрақтысы ентікпе болып табылады, әсіресе дене жүктемесі кезінде. Жатқан кезде ентікпенің күшеюі сол қарыншаның жетіспеушілігін білдіреді. Сонымен қатар жетіепеушілікке тән келесі белгілер: мазасыздық, кейістік, ұйқының бұзылуы, кейде жүрек айну, тәбеттің бұзылуы.

Ентікпемен қатар ауру балаларда терісінің көгеруі пайда болады. Цианоз негізінен дененің дистальды бөліктерінде анық білінеді, бала жылағанда, емгенде күшейеді. Оны емізу қиынға түседі, себебі тынысты ұстап қалу мүмкіндігі болмағандықтан сәби емгенде қайта-қайта демалады. Тұрақты симптомдарға үнемі тахикардия және тахипноэ жатады. Бала ұйықтағанда да жүрек қағуы және беткейлі тыныс алу сақталады.Қан айналу кіші шеңберінің іркілісі үдегенде, ентікпе күшейіп, аралас болады, сондықтан балаларда "ыңқылдаған" не "қырылдаған тыныс және жөтел пайда болады. Өкпеде дыбысты емес,ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.

Қан айналу үлкен шеңберінде іркіліс үдегенде, шеткі ісіктер, гепатоспленомегалия,құсық,үлкен дәреттің бұзылуы пайда болады. Ерте, жасырын ісіктерді уақытында анықтау үшін баланың салмағын, диурезін үнемі қадағалау керек. Біраз уақыттың ішінде дене массасының көбеюімен қатар бала жағдайының нашарлауы (ентікпенің күшеюі) жасырын ісіктер туралы ойға алып келеді.

Жүрек жетіспеушілігінің одан әрі дамуы кезінде анық ісіктер пайда болады. Емшектегі балаларда олар төменгі аралық пен сегізкөз аймағында, ұмасында, көз айналасында орналасады. Ал үлкен балаларда ісіктер балтырында, аяқ басында, бел аймағында және ішінің төменгі болігінде пайда болады.

Жүрек жетіспеушілігі кезінде жүрек өзгерістері үдейеді. І-ші тон айтарлықтай әлсірейді, ІІ-ші тон өкпе артериясының тұсында күшейеді, аритмиялар пайда болады. Сонымен қатар бұрын болған тондардың ыдырауы не екіге бөлінуі анағұрлым анық білініп тұрады. Ал шулар, керісінше әлсірейді. Жүрек шекаралары ұлғаяды.

Миокард, эндокард, перикард зақымдану синдромдары.

Миокардит- жүрек етінің қабынуы. Миокардит пайда болуына ревматизм, инфекциялық аурулар себептеседі. Жаңа туылған балаларда емшек жасындағы сәбилерде миокардит ауыр өтеді, көпшілік жағдайда жүрек жетіспеушілігімен асқынады. Мектеп жасындағы балаларда ауру жиілінеді.

Бір жастағы сәбилерде мазасыздық, тахипноэ, кенеттен айғай байқалады. Терісі бозарады, қол-аяқтары көгерген, суық. Бел, іш аймақтарында тері ісінкіреген, қоймалжың, ер балаларда ұмасы ісінеді. Жүрек шекаралары айтарлықтай ұлғаяды, тондары, әсіресе іші тон әлсіреген, тахикардия. Жүрек ұшында не Ү-ші нүктесінде шамалы систолалық шу естіледі. Өкпенің тұсында сол қарынша жетіспеушілігіне байланысты майда көпірішкті дыбысты емес сырылдар естіледі. ЭКТ-де Т–тісшесінің төмендеуі, S-Т төмен ығысуы, өткізгіштіктің бұзылуы-турлі блокадалар, экстра-систолалар анықталады.

Ересек балаларда көбінесе ошақты, шектеулі миокардит кездеседі. Жүрек жетіспеушілігінің дамуы тән емес. Балалар әлсіздікке, бас айналуына, жүрек тұсының ауырсынуына, жүрек қағуына немесе ретсіз қағуына шағымданады. Жүрек шекаралары өзгермейді. Систолалық шу, тахикардия немесе брадикардия, түрлі аритмиялар, әсіресе экстрасистолия, ІІ тонның күшеюі анықталады.

Балалардағы миокардиттің біршама жеңіл өтуіне қарамастан, оның артынан елеулі өзгерістердің (тұрақты аритмия, жүрек жиырылу қабілетінің бұзылуы) қалатандығын ескере отыру керек.

Эндокардит- жүректің ішкі қабағының және клапандарының (вальвулит) қабынуы.

Эндокардтың зақымдануына негізінен ревматизм немесе инфекциялық ауру себептеседі.

Ревматикалық эндокардит ангинадан соң немесе созылмалы тонзилиттің қайталануынан кейін пайда болады. Ауру интоксикациядан, дене қызуынан басталады, кейін жүректен тыс симптомдардың қосылуы мүмкін -артралгия, артрит, тері бөртпелері немесе хорея түрінде неврологиялық өзгерістер -гиперкинездер (еріксіз қозғалыстар),бұлшық ет гипотониясы(оны қолды қысқанда немесе "босаң иық" симптомы арқылы анықтауға болады).

Сонымен қатар жүрек жағынан өзгерістер пайда болып, миокардит белгілері анықталады. Екінші-үшінші аптадан кейін митральды клапанның зақымдануы қосылады. Бұл кезде нәзік, үрлеген ұяң, тұрақсыз, I тонмен ұштасатын, систоланың жартысын немесе үштен екі бөлігін алып тұратын систолалық шуды естуге болады. Аортальды клапанның қабынуы(вальвулит) төстің сол маңайындағы II-ІV қабырға аралығында өте тынық, нәзік протодистолалық шудың пайда болуымен сипатталады.Ем бергеннен кейін қабыну өзгерістері жойылады немесе сирек кезде шудың тұрақтануы, күшеюі байқалады. Мұндай жағдайда бірнеше айдан кейін балаларда жүрек ақауы(қосқақпалы немесе аортальды клапанның жетіспеушілігі) қалыптасады.

Инфекциялық (бактериальды, септикалық) эндокардит көбінесе созылмалы интоксикация синдромынан біртіндеп басталады. Балалар дене қызуына (субфебрилитет 37-38°С) жүрек тұсындағы ауырсынуына, қажығандыққа, тершеңдікке, буындардың, бұлшық еттердің ауруына шағымданады. Инфекциялық эндокардит кезіндегі температуралық реакциясының ерекшіліктеріне тәулік ішінде едәуір өзгеруі (балалардың терісі боз, "топырақ"түстес, сұрғылт реңімен. Сарғылт-топырақ түсті "сүт қоскан кофе"сияқты рең сирек кездеседі. Сонымен қатар балтыр, білек, мойын аймақтарында, тұлғаның бүйірлерінде, қабақтарына, коньюктива мен ауыз қуысы кілегей қабықтарында геморрагиялық (петехиальды) бөртпе пайда болады. Буындардың зақымдануы тән емес. Ұзақ уақыт созылған интоксикация, нейротрофиялық өзгерістер саусақтардың ұшының деформациясына (сағат шынысы мен дабыл таяқшалары) әкеледі.

Жүректің зақымдануы екі симптомокомплекс түрінде анықталады. Бірінші -қосқақпалы, аортальды немесе үшқақпалы клапанның тұсында кәдімгі вальвулит белгілерінің пайда болуы. Ревматикалық эндокардиттен олар аурудың басында пайда болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар клапанның зақымдануы бірден анық білініп тұрады. Себебі бактерильды эндокардит кезінде клапандағы жаралы -некротикалық процессі салдарынан қақпақшалары тез тесіледі және бүлінеді. Екінші түрі тромбоэмболиялық көріністермен сипатталады. Себебі – клапандағы жаралы-некротикалық өзгерістердің салдарынан көп бактериялары бар қабыну вегатациялар пайда болады. Олардың кейбіреулері клапаннан бөлініп, қанмен бүкіл организмге тарап кетіп,аурудың асқынуына (терідегі тромбоваскулит, бүйрек пен көкбауырдың және өкпенің инфаркты, орталық нерв жүйесінің және сүйек жүйесінің тамырлар зақымдануы) әкеледі. Тромбоэмболиялық көріністердің пайда болуы қан айналысының бір шеңберімен шектеледі. Мысалы, митральды және аортальды клапанның эндокардиті кезінде олар тек үлкен шеңберде анықталады. Ал үшқақпақты клапанның зақымдануында тромбоэмболиялар тек өкпемен шектеледі.

Қаңда гипохромиялық анемия, сол жаққа ығысқан нейтрофилез, жоғары ЭТЖ анықталады. Аурудың нәтижесі болып қладан ақауларының қалыптасуы табылады.

ІІерикардит. Оңашаланған ауру ретінде перикард қабынуы өте сирек кездеседі. Негізінен перикардит миокардитпен немесе эндомиокардитпен үйлеседі. Перикард қуысындағы сұйықтықтың мөлшеріне қарай ол құрғақ немесе экссудативті болады.

Аурудың басталуы әдетте жедел, жоғары безгекпен сипатталады. Аурудың басында баланың мінез-құлқысы өзгереді:мазасыз, орын таба алмай әбігерленеді, мәжбүрлі шынтақ-тізелі қалпын алады немесе алға еңкейіп отырады. Жүрек тұсындағы ауырсынуы (кардиалгия) құрғақ перикард үшін тән, бала терең дем алғаңда, қалпы өзгергенде қүшейеді. Емшек жасындағы балаларда ол айқын, жүрек қағуымен, терінің кенеттен бозаруымен білініп тұрады. Құрғак перикардит кезінде перикард үйкеліс шуы естіледі. Ол тұрпайы, тырнаулы немесе нәзік, "жібек судыры" сияқтыболады, жүрек жиырылуы фазаларына байланысты емес. Жүрек ішіндегі шулардан үйкеліс шуы жайғасу орны мен үдемелігі бойынша тұрақсыздығымен және өзгергіштімен ерекшеленеді. Сұйықтық көп жиналғанда, жүрек шекаралары ұлғаяды, жүрек ұшының түрткісі анықталмайды. Жүрек үндері әлсіз, алыстан естілгендей болып көрінеді. Мойын веналары ісінеді. ЭКГ-де тісшелердің құлашы (вольтаж) күрт төмендеген, S-Т интервалы жоғары қарай ығысады.