- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
Тыныс алу жүйесінің ауруыбар баланыңкүтімнің ережесі:
бала жататын палата кең, ашық, оңай желдетілетін болуы керек;
азынақ өтпе жел (сквозняк)болмау керек;
палатаны күніне 5-6 рет желдету;
күнделікті ылғалды тазалау жүргізу;
науқастың жеке бас гигиенасын сақтауын қадағалау;
емдік-қорғау мекемесінің тәртібін қатаң сақтау;
емдік тамақтану мен су рационын ұйымдастыру;
тыныс мүшелерінің қызметін бақылау.
Ентікпе кезінде баланың денесін көтеріңкіреп қою қажет. Бұл жағдайды функционалды кереуеттің көмегімен немесе баланың арқасына 2-3 жастық қою арқылы жасауға болады.
Құрғақ жөтелде балаға жылы сусын беріледі, мысалы, сүт немесе шай.
Егер балада жөтел қақырықтың бөлінуімен болса, онда оның жақсы шығуына көмектесетін шаралар қолданылғаны жөн. Сол шаралардың бірі болып постдуралды дренаж саналады.
Постдуралды дренаж жасау әдісі:
•Ауруды әдеттегіден тыс күйде орнықтырады.
•Егер үдеріс өкпенің жоғарғы бөлігінде болса, баланы сау жағымен жатқызады.
•Үдеріс өкпенің төменгі жағында орналасса баланың басын төмен түсіріп, ішімен жатқызады. Сол жағдайда көкірек қаңқасына уқалау, сипалау және арқаның бұлшықеттерін жайлап соққылау арқылы массаж жасаған жөн. Бұл процедураны күніне 2-3 рет 20-30 минут уақыт жүргізеді.
Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде дәрігерге дейінгі көрсетілетін көмек:
тыныс жолдарын сілекейден тазарту;
баланың өкпесінде іркіліс болдырмау үшін, оның денесінің орналасу қалыпын
ауыстырып отыру керек, ал ерте жастағы балаларды жиі қолға алу;
дәрігер шақырылады;
дәрігер келгенге дейін «ауыздан ауызға» әдісімен жасанды вентиляция жасау;
болмаса ылғандандырылған оттегі беріледі;
өкпеге жасанды вентиляция жүргізген дұрыс.
Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
науқастардың шағымдарын жинай білу;
тыныс мүшелерінің ауруларының басталуы мен дамуын бақылай алу;
пациентті үнемі бақылап отыру;
тыныс жүйесінің ауруларының алдын - алу принциптерін ажырату;
тамақтану ерекшеліктерін толығынан меңгеру;
өкпе патологиясы бар науқастарды күту және бақылау ерекшеліктерін білу;
пациенттерді жеке түкіргішпен қамтамассыз ету;
науқас балаға түкіргішке қақырықты дұрыс жинау ережесін үйрету;
дренажды қалыптың әдістерін дұрыс қолдана білуге үйрету;
дәрілік заттарды науқастың уақтылы қабылдауын бақылау.
Балалар ауру кезінде күйгелектік күйге түсіп, ызақор, ашуланшақ болуы немесе қобалжып, үрейленуі мүмкін.
Сондықтан мұндай жағдайларда мейірбике шыдамдылық пен ұстамдылық танытып, науқасқа көмек көрсетіп, тыныштандыруы керек.
Бақылау сұрақтары
Мұрынды қалай тазалайды?
Ентікккенде, жөтелгенде қандай көмек көрсету керек?
Постуралды і дренаж қалай жүргізіледі?
Гриппен ауыратын балалардың күтімі қандай?
Круп кезінде қандай дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі?
Тыныс жолдары және мұрын жолдарына бөгде зат түскенде қандай көмек көрсету керек?
Өкпенің жасанды вентиляциясын қалай жүргізеді?
