- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
АФЕ-н ЕСКЕРЕОТЫРЫП, КҮТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Балалар патологиясы, әсіресе емізулі жастағы балалар патологиясы ішінде, тыныстау жүйесінің аурулары ең алғашқы орындардың бірін алады.Емізулі жастағы балалар, ересектермен салыстырғанда, пневмониямен жиі ауырады және ол ауыр ағымда өтеді. Оның басты себебі ерте жастағы балалардың организмнің морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне, олардың иммунды реактивтілігінің жағдайына, жанама аурулардың қосарлануына, сонымен қатар сыртқы ортаның әсерімен байланысты.
Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
жоғарғы тыныс жолына (мұрын, мұрынның қосалқы қуыстары, евстахиев түтікшесі, мұрын- жұтқыншақ);
төменгі тыныс жолына (көмей, кеңірдек, бронхтар) болып бөлінеді.
Мұрын нәрестелерде кіші, ересек жастағы балалармен салыстырғанда конфигурациясы басқаша, мұрын жолы тар, кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, айтылған ерекшеліктер мұрынның тез ісінуіне алып келеді. Бір жасқа дейінгі балалардың мұрындарының қосалқы қуыстары нашар дамыған. Маңдай қуысы және басты қуыс 1 жастан кейін дами бастайды, 6 жастан асқан соң ол тез дамиды. Нәрестелерде гайморов қуысы ұрықтық жағдайда болып, 2 жастан бастап ұлғаяды.
Жұтқыншақ салыстырмалы түрде кең көрінеді. Евстахиев түтікшeci де қысқа және кең. Сол себепті мұрын және жұтқыншақта болған қабынулар бұл аймақта жеңіл таралады. Кейін ол орта құлақтың қабынуына - отитке алып келуі мүмкін.
Көмекей нәрестелерде құйғы (воронка) тәріздес болады. Өсе келе оның пішіні цилиндр тәріздес және шеміршектері майысқақ болады. Дауыс саңылауы тар, шынайы дауыс байламдары қысқа, сондықтан балалардың дауысы жіңішке келеді.
Кеңірдек цилиндр түтікшеге ұқсайды. Нәрестелерде ол кең және 15 жаста оның диаметрі екі есе ұлғаяды. Жас сәбилердің шеміршектеріне жұмсақтық, майысқақтық тән.
Сәбилердің бронхтары тарлау, олардың шеміршектері жұмсақ, қабырғасындағы бұлшықет талшықтары мен дәнекер тіні нашар дамыған, кілегейлі қабаты қан тамырларына бай. Оның ішкі қабаты бронхиалды бөліндімен жабылған.
Өкпе бөліктер мен сегменттерден тұрады. Оң жақ өкпе 3 бөліктен: жоғарғы, ортаңғы және төменгі, ал сол жақ өкпе 2: жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрады. Оның функционалдық бірлігі –ацинус. Әрбір ацинустан респираторлы бронхиолдар өзінің бастамасын алып, олардан шығатын альвеолалармен альвеоларлы жол құрады. Баланың өмірінің алғашқы екі жылында жаңа альвеолалардың құрылуы интенсивті жүреді және бұл үдеріс 8 жасқа қарай аяқталады.
Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
-
Бала жасы
1 минуттағы тыныс жиілігі
Нәресте
40-60
2 аптадан-3 айға дейін
40-45
4-6 ай
35-40
7-12 ай
30-35
2-3 жас
25-30
5-6 жас
25
7-12 жас
20-18
Өткір респираторлы вирусты инфекциялар (ӨРВИ) балалық шақта жиі кездесетін тыныс алу жүйесінің ауруы болып табылады.
ӨРВИ-дың локалды көрінісіне ринит, фарингит, ларингит жатады. Балаларда бронхиттерде көбіне ӨРВИ-дың белгісі болып табылады.
Өткір пневмония - бұл өкпе ұлпасының жіті қабынуы.
Этиологиясы: пневмококктар, стафилококктар, кейде вирусты-бактериальды.
Инфекция негізінен бронхогенді және лимфогенді жолдармен таралады.
Клиникалық белгілері:
шағымдары: жөтел (құрғақ, ылғалды), мұрынның бітуі, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің нашарлауы, енжарлық;
сыртқы белгілері: ентігу, бозару, периоралды цианоз;.
көкірек қаңқасының пальпациясы: патологиялық өзгерістер жоқ.
перкуссия: перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы.
аускультация: тынысы әлсіз немесе қатаң, құрғақ немесе түрлі калиберлі ылғалды сырылдың болуы. Аускультация кезінде белгілі бір жерде крепитацияның естілуі пневмонияға тән белгі болып табылады.
Плеврит – бұл плевраның қабынуы. Ол плевра бетінде фибринді жабындының немесе плевра қуысында сұйықтықтың жиналуымен сипатталады. Плеврит көбінесе екіншілік болып келеді, өйткені ол өткір және созылмалы өкпе ауруларының салдарынан дамиды.
Құрғақ плеврит пневмонияның асқынуы болып табылады және көбіне ересек балаларда кездеседі.
Патологиялық үдірістің орналасқан жеріне байланысты қабырғалық плевриттер: сүйектік, бөлік аралық, өкпе ұшының, диафрагмалық, медиастенальды болып бөлінеді.
Қабырғалық (сүйектік) плевриттің клиникасы:
құрғақ, ауырсынумен жүретін жөтел;
зақымдалған жақтың көкірек қаңқасында ауырсынудың болуы;
ауру сау жағына қарай аударылғанда ауырсынудың күшеюі;
пальпациялағанда зақымдалған жақта ауырсыну сезімінің болуы;
аускультацияда тыныстың әлсіреуі, ауырған жақта плевра үйкелісі шуының
естілуі.
Экссудаттық плеврит плевра қуысының әртүрлі бөлігінде сұйықтықтың жиналуымен сипатталады.
Экссудаттық плевриттің клиникалық белгілері:
құрғақ, ауырсынумен өтетін жөтел;
тахипноэ;
цианоз;
көкірек қаңқасының ассиметриясы;
• қабырға арасының кеңеюі мен ісінуі;
• тері асты май қабатының қалыңдауы;
зақымдалған жақтың пальпациясында ауырсыну белгісінің болуы;
перкуссияда, зақымданған жерде тұйық дыбыстың естілуі (Эллис-Соколов-Домуазо сызығының пайда болуы);
аускультацияда тыныстың бәсеңдеуі немесе тыныстың естілмеуі байқалады, плевраның үйкеліс дыбысы, плевриттің басталып келе жатқан кезінде және сұйықтықтың азайған кезінде естіледі.
