- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
10 Тарау.
БАЛАЛАРДЫҢ БҰЛШЫҚЕТ, СҮЙЕК ЖҮЙЕЛЕРІ
Балалардың бұлшық-ет жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ерге жастағы баланың еттерінің морфологиялық айырмашылықтары болады. Олар бірішама созылмалыққа қабілетті. Балалардың бұлшық ет жүйесінің морфологиялық ерекшеліктеріне ет-талшықтарының жіңішкелігі, аралық дәнекер тіндеріндегі, ет жасушасындағы дөңгелек ядроның үлкендігі жатады.
Нәрестелердің ет жүйесі нашар дамыған. Өзінің салмағы бойынша дененің 23 пайызын құрайды. Әсіресе бұлшық ет жүйесінің тез дамуы жыныстық жетілу кезінде байкалады. Нәресітелік сәбилік кезеңде, әсіресе ол кезеңдердің алғашқы айларында еттердің гипертониясы болады. Дені сау балалардың ет гипертониясы денесінің жоғарғы мүшелерінің 3 немесе 4 айлығында азаяды. Физиологиялық бұлшық ет гипертониясы ОЖЖ-мен байланысты болатынын білу керек.
Үлкендерге және үлкен жастағы балаларға қарағанда, баланың өмірінің алғашқы бірінші апталарында нервті-ет аппаратының электрлік қозғыштығы төмен. Нәрестелік кезеңде механикалық қозғышғығы біршама жоғары. Жасөспірімдерге қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың бұлшық еттерінің тонусы нашар дамыған. Баланың жасы өскен сайын бұлшық ет күші де артады. Оң жақ қолы (оңқайларда), сол жағына қарағанда әрқашанда күштірек болады, солақайларда - сол жағы күштірек.
Энергия генетикаға, бұлшық ет жасушаларының гетерогенділігіне байланысты. Энергия күш көзінің 3 жүйесі бар:
-фосфаген жүйесі, креатин фосфатты пайдалануынан туындайтын энергия;
-гликоген-лактат жүйесі;
-глюкозаның, сирегірек май қышқылымен амин қышқылының аэробты тотығуынан туындайтын энергия.
Бірінші жүйе үшінші жүйеден 4 есе күшті, екіншісі орташа. Кейбір бұлшық-ет жасушалары көрсетілген 3 энергия көзінің екеуін қатар пайдаланады. Ұлдар мен қыздардың жасы 10-ға дейін қатар,10-12-лерде қыздар күштілеу, сонан соң ұлдар.
Бұлшық ет жүйесін тексергенде:аурудың шағымдарына, ауырсынуына, қалпына көңіл аударылуы қажет болып табылады. Содан соң бұлшық еттің даму дәрежесі мен ет салмағын тексеру керек. Сонымен қатар оның күшін, қозғалу көлемінің түрін анықтаған жөн. Еттің салмағы пальпация және қарау жолымен жүргізіледі. Қарау кезінде еттің салмағы, рельефіанықталады. Даму дәрежесі білу үшін алынған мәліметті стандарпен салыстырамыз.
Қолдың ортан жілігінің бұлшық еттерінің диаметрін мына формула бойынша анықтауға болады: С-Z-n-А; мұнда С-бұлшық еттердің диаметрі; Z-бұлшық еттердің шеңбері; А-тері асты май қабатының қалыңдығы; n-3,14 коэффициент.
Ерте жастағы балалардың еттерінің тонусын, аяқ-қолдарын енжар бүгу арқылы анықтайды. Ет тонусын енжар қозғалыс кезеңіңде пайда болатын қарсыласу дәрежесі бойынша, ет тінінің тығыздылығын пальпация арқылы анықтап,сараптайды. Қалыпты жағдайда ет тонусы мен салмағы симметриялы жерлерде бірдей болады. Ет тонусын білу үшін баланы аяғынан ұстап, басын төмен салбыратып бірнеше секуңд жайлап көтеру керек. Көтергенде бірден емес, қолмен арқасынан аздап демей отыра көтеру керек.Егер баланың бұлшық етінің тонусы жақсы деңгейде болса, ол жамбас сан және тізе буындарын бүге, аздап шалқайып басып артына қарай қисайтыпсалбырайды.
Ет күші. .Үлкен балаларда бұлшық еттің күші динамометр көмегімен тексеріледі. Ерте жастағы балалардың ет күшін субъективті сезімдермен шамалай отырып, балалардағы ерікті қозғалыстарын қарай анықтайды. Мысалы, ойыншықты тарып алу қимылы. Ет жүйесін тексеру үшін келесі аспаптық тәсілдер қолданылады, осы тәсілдермен көбіне ет жүйесінің механикалық және электрлі қозғыштығын анықтайды. Бұл тексеру тәсілі бала 4-5 жастан асқаннан кейін қолданылады. Ерте жастағы балалар тексеруден қорқады, соңдықтан дұрыс қозғалмайды.
Бұлшық ет күшініңозгеруі.
Бағалайтын балл:
О-бұлшық ет жиырылмайды;
1-жиырылу бар, бірақ қозғала алмайды;
2-табиғи арсыласуға ғана қолданылатын қозғалыс (ауырлық түскендегі қозғалыс);
3-өзінше, күштенбей, қарсылықсыз қозғалу;
4-аздаған қарсылықпен қозғалу;
5-қалыпты күштілік.
Соңғы жылдары ет жүйесін тексергенде биохимиялық тәсілдер кең таралуда. Ет жүйесінің туыла біткен дерттері кезінде амин қышқылының денгейі ұлғаяды. Ет жүйесінің әр түрлі ақауларында бірқатар өзгерістердітабуға болады: жүйке жүйесінің зақымдалуларында, невритте немесе полиомиелитте, баланың аяқ-қолдарын ұзақ уақытқа гипспен орап қойғанда жеке еттердің немесе ет топтарының атрофиясы байқалады. Кейбір ет топтарының тонустарының төмендеуі немесе күшеюі патологиялық құбылыс. Барлық ет жүйесінің жалпы гипотрофиясы-рахитте,хореяда, туа біткен миопатияда, прогрессивті ет дистрофиясында байқалады.Невриттерде,полиомиелитте бұлшық еттердің жекеленген гипотрофиясы болады.
Еттің жалпы гипертониясы -орталық нейронның зақымдалу нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайды энцефалитте, туылғаннан соң зақымдалғаннан кейін байқаймыз. Ми қыртысының жетілмеуінде, ми шеменінің салдарынан да еттің жалпы гипертониясы білінеді. Ерте жастағы балаларда гипертония және гипотония қоректену мен қорыту жедел немесе созылмалы бұзылғанда және бірқатар инфекция кезінде (сіреспе, менингит) байқалады. Нәрестелердегі гипертония физиологиялық құбылыс.
Жекеленген гипертония іш қуысының қабынуларында (перитонитте), миозит кезінде іш көкетінің кернеуі болады. Бұлшық ет ауырсынулары шынықпаған балаларда физикалық салмақ түсуден кейінде көбіне ми қабықтарының қабынуларынан желке еттерінің сіреспесі пайда болады.
Тризм -жақ еттерінің қарысуы. Ол сіреспеде кездеседі. Аағашқы 2-3 айлығында балалардың мимикасы ассиметриялы болады. Осыдан сол кейінірек симметриялы болады.
Сүйек жүйесі.
Дененің негізгі құрылымын қаңқа құрайды және қаңқа дененің сипаты мен көлемін айқындайды. Қаңқа сүйектерден тұрады. Әрбір сүйек күрделі сүйек тінінен, сүйек қабығынан, сүйек миынан, лимфа мен қан тамырларынан және нервтерден құралған. Балалық шақта сүйек регенерациясы мен өсу жылдамдығы үлкендердікінен жоғары. Мұны мынадан байқауға болады: сыңған сүйектің жазылуы үлкендерге қарағанда (әсіресе егде адамдарда) балаларда қысқа уақытта жүреді. Баланың сүйек тінінің зақымдануға қарсылығы жоғары. Балалардың сүйек тінінің гистологиялық құрылысы, үлкендердікімен салыстырғанда белгілі ерекшіліктерімен сипатталынады. Нәрестелердің сүйегін микроскоппен зерттегенде оның торлы жуан талшықтылығы көрінеді, ал ересектердікі қабыршақты құрылысты. Баланың құрсақтан тыс өміріңде сүйек бірте-бірте құралады. Остеокластар ескі қабыршақтар мен белдеуліктерді бұзады, ал олардың орнында оның қатысуымен остеобластардан сүйектің болашақ жасушалары пайда болады. Олар дұрыс орналасады. Гаверсов каналы біршама кең, олардың желісі көбірек дамыған. Бұл жағдай бала сүйегінің қан тамырларының молдығына байланысты. Сүйек қабығы қалың, әсіресе оның ішкі қабаты жақсы кескінділген. Сүйектердің қайта құрылуы бала жеткілікті көп жүре бастағанда айқын анықталады (функционалды қалыптасуы). Балалардың 2-3 жасында-ақ торлы құрылымда, талшықты сүйектің қабыршақ құрылымы дұрысырақ құралған сүйек тінінен ақырындап ауыса бастағанын айқын көруге болады.
Ұрықтың даму кезінде болашақ сүйек мезенхимальды жасушалары өседі. 5-6 аптада мезенхима шеміршекке айналады, сүйектену нүктесі пайда болады. Жалпы сүйектің дамуы үш жолдан өтеді; мезенхимальды, шеміршекті және сүйекті.
Бала туған уақытта сүйектену нүктесі тоқпан және үлкен жіліншік, асық, өкше, текше (куб тәрізді) сүйектерде және омыртқалардың денесінде ғана болады. Басқа сүйектену нүктелері бала туғаннан кейін дамиды. Дәрігер-педиатр жеке негізгі сүйектену нүктелерінің пайда болу уақытын, бас сүйегінің жіктерінің, еңбегінің жабылуын білу қажет. Нәрестелердің қоспа сүйектері болмайды. Балалардың алғашқы жылында қоспа сүйектерден пайда болатыны: os.hamatum, os.capitatum, 2-ші жылында os.triquctrum, 4-6 жасының арасындаos. Lunatum, os.multangum magus et minus 6-7 жылдығында os.naviculceae. Өмірінің 2-ші жылдығында кәрі жіліктің дистпльды эпифизінің ядросы пайда болады. Сәл көбірек, 2-3 жасында, алақан сүйектерінің басының ядросын және иық сүйегінің дөңестерін байқауға болады. 5-8 жас аралығында кәрі жілік басының ядросы мен шынтақ сүйегінің төменгі жағының ядросын табуға болады.
Сүйек түзілу мен қайта қалыптасудың 3 сатысын бөледі:остеогенездің I сатысы интенсивті анаболикалық процесс, сүйектегі белоктың негізгі-матрикстің құрылуы, 90-95 пайызы коллагендер. Сондықтан балаға белок, А, К,С, В витаминдері, матрикстің түзілуін реттейтін гормондар, тироксин СТГ, инсулин, кейінірек андрогендер қажет.
II сатысында остеоидтардың кристалдану орталығы, сосын оның минерализациялануы пайда болады. Бұл сатыда шешуші рольді кальций, фосфор, микроэлементтер(фтор, марганец, магний, цинк, мыс) Д витамині атқарады. Модулятор гормондар-паратгормон. Матрикстің минералмен қанығуы сілтілік фосфатазаның белсенділігіне байланысты. Кандағы рн өте маңызды. Бұл екі саты да бұлшық еттен түсетін статикалық және механикалық күштерге байланысты. Соңдықтан остсогенез массажда, гимнастикада, адекватты қозғалыстарда жақсы қалыптасады.
Остеогенездің III сатысы -бұл сүйектің қайта құрылу, тұрақты қайта жаңару процесстері, қалқанша бездері жанындағы бездердің гормондарымен реттеледі де басты нутриенттермен, витаминдерге әсіресе Д витаминіне байланысты.
Эмбриональдық өмірінің 45 күңдігі шамасында тістерінің негізі қалана бастайды. Нәрестелерде тіс болмайды. Бала өмірінің алғашқы жылының 2-ші жарты жылдығында тіс жара бастайды, ол бірте-бірте шайнауға үйренеді. Алғашқы тісі 6-8 айлығында жарыла бастайды: ең бірінші төменгі тістері, содан соң жоғарғы ортаңғы және шеткі тістері шығады. Жылдың аяғында төменгі шеткі күрек тістері шығады. Осылай өмірінің 2-жылының басында 8 тісі болуы тиі., Баланың 2 жасында барлық 20 сүт тістерінің жарылып шығуы анықталады. Баланың 6-24 ай өміріндегі болатын сүт тістерінің санын есептеу үшін бала өмірінің ай санынан 4-ті алып тастау қерек.Мысалы, 10 айлық балада 10-4=6 тісі болуы керек. 20 айлық жасында 20 – 4=16 тісі болуы керек.(9- сурет)
9-шысурет. Сүт тістерін жарып шығу мерзімдері.
Баланың 5-6 жасында тұрақты үлкен азу тістері шығады. 7-8 жасынан бастап сүт тістерін қалай жарса, сол ретпен түсіп алмасуы жүреді.
Тіс жару физиологиялық акт. Бұл ешқандай дерт тудыруы мүмкін емес. Аурушаң, әлсіз балаларда әсіресе невропаттарда баланың жалпы дімкәстігі, сырқаттығы, беймазалығы, ұйқысыздығы, қысқа уақытқа дене қызуы көтерілуі, жеңіл диспепсиялық құбылыстар пайда болуы, салмақ қосылуының тежелуі, тері бөртпелері пайда болуы мүмкін. Баланың тіс жаруы кезінде оның инфекцияға және басқа да қоршаған орта әсерлеріне тұрақтылығы, қарсылығы сәл төмендеп әлсірейді.
Балалардыңбас сүйегі қорабының үлкендердікінен айырмашылығы, оның бет сүйегіне қарағанда көлемдіректігі. Бұл кішкентай балаларда жақтарды ығыстыратын тістерінің болмауына және мұрынмен оның қосалқы қуыстарының толық жетілмегеніне байланысты. Кішкене балалардың бас сүйегінің ерекшіліктері-көптеген бірнеше сүйектерден тұрады. Бас сүйегі қорабында екі бүйірлік еңбек орналасқан: шүйде, самай. Төбе сүйектері арасындағы артқы немесе кіші маңдай, төбе, самай сүйектері аралықтарындағы алдыңғы немесе үлкен еңбек. Баланың кіші еңбектері қалыпты жағдайда туылған уақытта немесе алғашқы күндерінде жабылады(қатады), 25 пайызы нәрестелерде туылған кезінде жабылмаса, алғашқы ширек жасында қатаяды. Маңдай мен төбе сүйектері арасындағы үлкен еңбек жылдың аяғында, ең ары кеткенде 1,5 жасыңда қатаяды, бас сүйегінің жебе тәрізді жігі,желке жіктері 3-4 айлығында қатая бастайды. Дегенмен олардың жұмсақтығы әлі де көптеген мерзімге созылады.
Нәрестелердің омыртқа жотасында үлкендердікіндей, иілімдер жоқ. Ол түзу болады, дұрысырақ айтқанда, арқа жағы дөңестеу болады. Бала басын ұстағаннан соң ғана, мойын лордозы пайда болады, сәл кейінірек 6 айлығында (отыра бастағанда) кеуде кифозы, жүруді үйрене бастағанда - бел лордозы қалыптаса бастайды. Алғашқы уақытта бұл иілімдер тұрақсыз, баланың горизонтальды қалпында тегістеледі.
Баланың кеуде қуысының бірқатар ерекшіліктері болады: нәрестелерде 1,5-2 жасына дейін кеуде қуысы жалпақ және қысқа көрінеді. Жасы өсе кеуде қуысы ақырғы түріне келеді. Баланың алғашқы жылында қабырғалары омыртқа жотасынан тік шығады да, горизантальды бағытта жатады. Жасы өсе төске бекітілген қабырғалардың алдыңғы шеті үлкендердікі сияқты төмен қарай еңкіш бағытталған болады. Кеуде қуысының мұндай құрылысы кішкентай балаларда тыныс алуды қиындатады. Балалардың алғашқы айларында аяқтарының қисайғаны байқалады, бірақ бұл физиологиялық құбылыс. Балалардың, өмірінің алғашқыайларындағы майтабандық қалыпты құбылыс. Орта және мектеп жасындағы балалардың жамбас сүйегінің жыныстық айырмашылығы болмайды. Тек қана 6-7 жасында, сәл кейінірек қыз балаларда жамбас сүйегі жалпая түседі. Ересек әйелдердің жамбасы ер адамдардікінен кең.
Сүйек жүйесін тексеру тәсілдері.Бұл жүйені де, басқа жүйелер тәрізді анамнез жинаудан, көруден және сипалап қараудан бастайды да, рентгенография, эхография тәрізді қосымша аспаптық әдістермен жалғастырады.
Анамнез. Ауру баланың шағымын сұрағанда сүйек пен буын ауруының қашан басталғанын, қалай ауыратынын, аурудың немен байланысты екенін анықтау керек. Буын қимылының азайып, молаюын тексере келіп, ол өзгерістің түскен салмаққа немесе ауа-райының өзгеруіне байланыстылығын білуіміз қажет. Сұрау кезінде ауру баланың ауырып өткен инфекциясын тексерген жөн. Әсіресе: баспа, скарлатина, ревматизм тәріздес балалар жұқпалы ауруларының баланың буын-сүйектеріне тигізетін зардабы көп болады. Сонымен қатар анамнез жинаған уакытта науқас бала қандай емдер қабылдады және ол емдердің қандай әсері болғанын анықтау керек.
Сүйек жүйесін қарау. Қарап тексеру баланың жатқан, тұрған қалпында, аяғын созып, қолын бос түсіру кезінде жүргізілгені дұрыс. Баладан арлы-берлі жүруін, отырып-тұруын, аяқ-қолын жазып, бүгуін сұрайды. Ал кішкентай балалардың сүйек-буын жүйесінің жағдайын бағалау үшін баланың ойнағанын бақылау керек. Алдыңғы жағынал қарау; аяқ-қолдарының, кеудесінің, мойнының, басының қалпын және сипатын, түрін көруді қамтамасыз етеді. Артынан қарағанда; жауырын деңгейіне, омыртқа жотасының түріне, мықын үшбұрыштарының симметриялығына көңіл аудару қажет. Сондай-ақ баланы қырынан қараған да маңызды. Бұл қалпынан; жамбас еңісін, аяқ жағымен жамбастың өзара қарым-қатынасын, омыртқа иілімдерін, аяқ-қол буындарының бүгілу мен жазылу бұрыштарын анықтауға болады. Сүйек-буын жүйесі келесі ретпен тексеріледі: бірінші басы, сонан соң денесі, кеуде бөлімі, омыртқа жотасы, аяқ-қолдары (жоғарыдан төмен қарай).
Басын қарағанда оның аумағын, түрін анықтайды. Дұрысырақ мәліметті сантиметрлік таспамен ғана тексергенде алады.Бастың көлемінің үлкейгеніне (макроцефалия), кішірейгеніне (микроцефалия) көңіл аудару керек. Қалыпты жағдайда бас домалақ, ал патологияда- квадрат тәріздес, төртбұрыш, жалпақ, сопақ. Сүйектерде жұмсақталу (краниотабес) әсіресе желке аймағында, төбе, самай сүйектерінде бар ма, жоқ па соларға көңіл аударылуы керек. Үлкен еңбекті қолмен ұстал көріп көлемінанықтайды, өшпеуді қарама-қарсы екі шеттің арасынан жүргізеді. Сипап сезе отырып еңбек деңгейінің түсіп кеткенін немесе көтерілгенін, жұмсақтанғанын,бас сүйек жіктерінде жұмсару немесе ажыраубар ма, осыларды бағдарлайды.
Кеудені қарау жан-жағынан жүргізіледі. Оның тұр-сипатын анықтап, деформациясына көңіл аудару қажет.Оныңкөлемі бойынша баланың тұлғасын анықтауға болады: қалыпты жағдайда-эпигастральдік бұрыш 90 градусқа тең, гиперстециялықта -ол жазық, ал астениялық тұлғада -қысынқы. Эпигастральды бұрышты анықтау үшін екі қолдың алақан қырларын кеуде менқабырға доғаларынан құралғанбұрыш бағытымен сәйкестендіріп қояды.
Кеудені ұстап-сипап қарау арқылы сүйекті қабырғаның шеміршекті жеріне өтер тұсындағы бәсең байқалатын жуандауды (тасбиықты) табуға болады. Ұстап сипап-сезу, саусақ ұштарының қабырға бойымен алдынғы қолтық асты сызығымен төске қарай жүргізіледі. Омыртқа жотасын қарағанда оныңтабиғи иілімдеріне көңіл аударылады (лордоз, кифоз). Сколиозда баланың артынан қарағанда бір иығы екінші иығынан төмен және бір қолы денесіне жанасып,ал екінші қолы бос болып тұрады, мықын үшбұрышының орналасу ассиметриясын да көруге болады.
Баланыңқолдарын қараған кезде иық сүйегінің қысқалығына көңіл аударылады. Ұстап көру арқылы эпифиз аймағында кәрі жіліктін жуандауын ''білезіктерді" табуға болады. Жас сәбидің аяқ жақтарын қараған кезде жамбас қыртыстарының, санныңішкі жағындағы тері қыртыстарының симметриялығына көңіл аударып, жетік тексергеннің маңызы зор.Сондай-ақ бала аяғының бірдейлігіне, оның қисаюларын, Х -тәріздес, О -тәріздес, майтабандығын тексереді.
Буын жүйелерін қарау, сүйек жүйесін қараумен қатар жүргізіледі. Буынды қарау кезінде аурудың түр-сипатының бұзылғанын анықтайды. Буын аймағы терісінің реңіне көңіл аударылады. Буын көлемісантиметрлік таспамен өлшенеді: оң жақтағы және сол жақтағы аяқ-қолдардың буындары симметриялы болуы тиіс. Ұстап-сипап сезу жайлап жүргізілуі керек, әсіресе буында ауырсыну болатын болса. Буын үсті терісінің қызуын, сезімталдығын және қалыңдығын, жылжымалылығын анықтайды. Сондай-ақбуынның ісінгенін және ондағы ауырсыну нүктесінің бар-жоғын көреді.
Баланытексеру кезінде әртүрлі ауруларға тән сүйек, буын жүйелерінің ақауларын табуға болады. Туылғаннан кейін алғашқы күндері баланың баспен туылуына байланысты бас деформациясын анықтауға болады. Туылуы кезінде еңбектері мен бас сүйектері жіктерінің жұмсақтығы салдарынан оның сүйектерінің жылжуларыболады. Бұл өзгерістер алғашқы 2-4 күні бойында байқалады. Ал содан кейін барып бастың жіктері орнына келеді. Нәресте ауыр туылғанда зақымдалудан бас сүйегінде кефалогематома пайда болады, ол жағдайда сүйек қабығы астына қан құйылады. Баланың бас сүйегінің шамадан тыс жалпақ болып туылуы, іштен туа пайда болған сифилистің негізгі белгісі. Сонымен қатар мезгілінен бұрын бас сүйегінің жіктерінің катуы, бас сүйектері өсуінің бұзылу белгісі.
Микроцефалия-бас миының жетілмеуінен және бас сүйегінің жіктерінің бұрын жасылу салдарынан пайда болады.
Макроцефалия- рахит, ми шеменінде кездеседі. Егер баланың 1,5 жасынан кейін үлкен еңбегі жабылмаған болса, онда бала рахитпен немесе миксидемамен ауырғаны.
Еңбектің баска да қасиеттері қалыпты жағдайда еңбек "тыныс алады". Баланың тыныс алуымен, тамыр соғуымен еңбектің бүлкілі байқалады. Еңбек бұл жағдайда бас сүйектерімен бір деңгейде қалады. Үлкен еңбек бала айқайлағанда, қызба дерттерде, бас ішінің қысымы артқанда, ми шеменінде, бас сүйегі ішілік қысым төмендегенде, жүрек әрекетінің әлсіреуінде сусыздануында, ағыл-тегіл құсып, іші өткенде түсіп кетеді. Еңбек көлемі рахитта және ми шеменінде үлкейеді. Нәрестенің бас сүйек аралық жіктері сипағанда жақсы сезіледі. Олардың жеңіл пергамент сияқты майысып, жұмсаруын бала рахитпен ауырғанда байқалады.
Баланың тістері, ертелі-кешті жарылып шығады.Тістердің шығуы рахит, анемия т.б. салдарынан болып саналады. Тістердің дұрыс орналасуы және тістердің бұзылуы рахит кезінде, эндокриндік бұзылыстарда, авитаминоздарда, туберкулезде, сифилисте, тетанияда кездеседі.
Іштен туа біткен сифилисте үстіңгі күрек тістерінің кесу қиыры бойында жарты ай сияқты ойындылары болады. Бұл тістер қалғандарынан аз не көп болуы мүмкін. Олар «Гетчинсон» деген атақпен белгілі.
Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдерінен басқа да бүйірлік иілімдері (қисаюлары) сколиоз болуы мүмкін. Сколиоз бен кифоздың жағымсыз дәрежелері рахитта, "мектептік" кифоз, скалиозда, сонымен қатар әлсіз мускулды балаларда, спортпен, дене шынықтырумен айналыспайтын балаларда болуы мүмкін.
Физиологиялық лордозға тән емес жерлерде патологиялық лордоздардың себептері рахит, омыртқа жотасының туберкулезі. Омыртқа туберкулезінде деформация болмаса да бала қозғалыс кезінде де омыртқа тұсын қорғаштайды, сондықтан бүкірліктің себебі баланы омыртқадағы ауырсынудың мазалауы. Омыртқажотасының ауырсынуын перкуссия тәсілімен деанықтауға болады.
Рахит кезінде баланың қабырғалары жұмсарғанда бұлшық еттерінің серпінділігі, тонусы азаяды. Диафрагма бекітілген жерлердің тартылуы байқалады. Көрсетілген себептерден қабырғалар етегінде тұрақты сала құралады. Оны Гаррисон саласы деп атайды. Рахит кезінде, кеуде қуысы да өзгеріске ұшырайды: "құс төсі"тәріздес, кеуде қуысы екі жағынан қысылып төсі алдына қарай қайық тұмсығы сияқты шығыңқырап тұрады. Рахит кезіндегі кеуде қуысының өзгеруінің екінші бір түрі -"етікші кеудесі", төстің қылыш тәріздесөсінді аймағы ішіне қарай кіріңкіреп немесе түсіңкіреп тұрады. Кеуденің әр түрлі өзгеруін баланың да ағзаларының туа біткен немесе жүре біткен ақауларында кездестіреміз. Көбіне кеуденің төс сүйегі шығыңқы немесе ішке қарай майысуы мүмкін, бұл рахитпен байланысты.
Кеуденің (жүрек тұсы) дөңестеу көрінуі (жүрек жотасы), жүректің іштен туған ақауларына байланысты. Бала плевритке шалдықса, кеуденің кеселденген аймағы, томпайып шығыңқы келеді. Ауру бала дем алған кезде кеуденің ауруға шалдыққан тұсы тыныс алуына қатыспай, тыс қалуы ықтимал. Бала сүйегі, көбіне рахитпен ауырып болғаннан кейін зақымдалады. Тек кеуде сүйектері ғана емес, жілік сүйектері де зақымдалып, қисайып бекиді. Жүректің және өкпенің қейбір созылмалы кеселдерінде саусақтың тырнақ ұшына дейін, өзгеруі мүмкін. Олар "дабыл таяқшалары" тәрізді шамадан тыс жалпайып кетеді немесе «сағаттың айнасы» тәрізді тырнақтар көкшілденіп томпайып өзгереді. Рахит кезінде білек сүйектерінің төменгі шеттері "білезік" тәрізді жуандайды. Тап осындай өзгерістер қол мен аяқ саусақтарында болуы мүмкін "меруерт жіптері". Егер бала қолына сүйеніп ұзақ ұйықтаса, онда сүйектерінің жұмсақтығына байланысты иық сүйегінің қисаюы болады. Осындай қисаюлар аяқтарында да болады, әсіресе бала жүре бастаған кезінде О-тәріздес немесе X- тәріздес болып қалыптасады.Буындағы ауырсыну, олардың бұзылып өзгеруі, ісінуі спецификалы немесе спецификалы емес полиартриттерде, гонореялық, дизентериялық артриттерде байқалады.
Бастың, беттің бөлімін көргенде үстінгі, астыңғы жақсүйектерінің тістесу жағдайын, тістерінің санын - жағдайын қарайды.
Тістену мен тістің өзгеруінің патологиялық белгілері:
-гапофантия (олигофантия);
-тістің уақытынан бұрын, не кеш шығуы;
-күрек тістің шығуы, қозғалмалы диастемалар;
-эмальдар дисплазиялары, ерте кариес;
-үстінгі және астыңғы жақтар-жоғарғы микроагнатия-ретроагнатия, микроагнатия, төменгі агнатия (микрогения), астынғы прогнатия.
Прогнатазм-астынғы жақтың үстіңгі жақтың артына кетуі.
Сүт тістерінің сипаттамасы:
-кішкентайлығы;
-ақшыл -көк түстілігі;
-вертикальды тік тұруы;
-қисықтық жиегі;
-тіс пен қызыл иектің арасынан бөлінуі;
- шайнау, кесу шеттерінің жасықтығы; тістердің бостығы.
Кариестің басты себебі-аукаттық көмірсулар ауыздығы бактериалардың қарым-қатынасының бұзылуы, немесе эмальдағы стрептококктар. Оның профилактикасы-жүктілік кезеңдегі дұрыс тамақтану, жүкті әйелге, туылған балаға фтор, кальций беру, тәттіні (сахароза) азайту, шырындар беру, шайналысқа ауырлық жасамау.
Сүт тістерінің мерзімінен бұрын түсуі ауырметалл тұздарының парымен буланғанда, сәулелік терапиядан соң гипофосфотазиядан, қант диабетінен, лейкозбен ауырғанда немесе иммунодефициттен болады. Цингада барлық тістер бір мезетте түсіп қалады.
