- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
Балаларда тамақтандырудың үш түрін ажыратамыз: табиғи, аралас, жасанды. Емшекпен тамақтандыру дегеніміз баланы ана сүтімен емізу. Тек ана сүтінде балаға қажетті заттардың бәрі бар. Барлық сүт қоспалары ана сүтін алмастырмайды. Сондықтан әрбір медициналық қызметкер анаға емшек сүтінің пайдалылығын түсіндіре білуі керек. Ана сүтінде ақуыз, май, көмірсу, микро-, макро- элементтерден басқа, арнайы және арнайы емес иммундық қорғанысты факторлар да бар. Сондықтан ана сүтін емген бала, патогенді микроорганизмдерден қорғаныста болады.
Нәрестені емшекке ең бірінші, перзентхананың босану залында өмірінің алғашқы жарты сағатында береді.
Емшек емізудің бірнеше ережелері бар:
• қол мен емшекті таза қайнатылған сумен міндетті түрде жуу керек;
• сүттің бірнеше тамшысын сауып тастау керек, микробтарды алып тастау үшін;
• емізу кезінде бала дұрыс тыныс алу үшін, оның мұрын жолдары таза болуы керек;
• емізу ұзақтығы 15-20минут;
Егер анасында лактация жетіспесе, баланы сүт қоспаларымен тамақтандыруға алмастырады. Шала туылған балалардың жұту рефлексі болмаса немесе тыныс алуы тоқтаса, зонд арқылы тамақтандырады. Зондты асқазанда 2-3 күнге дейін қалдыруға болады немесе оны әрбір тамақтандыру алдында енгізіп отыру керек.
Жасанды тамақтандыру дегеніміз–бала тек сүт қоспаларымен тамақтандырылады.
Аралас тамақтандыру дегеніміз- бала ана сүтінен басқа, қосымша сүт қоспаларымен тамақтандырылады.
Тесттер
1. Кіндікті өңдеу заттарына жатпайды:
а) 3% сутегі тотығы ертіндісі
б) 70% этил спирті
в) стерилді мақта тампоны
г) науа
д) жуынғыш
2. Нәрестелерді шомылдыратын судың температурасы қандай болады:
а) 36,5-370С
б) 24-250С
в) 43-450С
г) 18-250С
д) 30-320С
3. Балаға бірінші гигиеналық ванна өмірінің қай күнінде жүргізіледі:
а) 7-10
б) 18-20
в) 1-2
г) 4-5
д) 30
4. Емшек жасындағы баланың күтімінің негізі:
а) тазалықты және асептиканы сақтау
б) дәрігер жұмысы
в) науқастың туысқандарын қарау
г) бас мейірбикені тыңдау
д) жұмысты дұрыс жүргізу
5. Нәрестелерде мұрын жолдарын тазалауда қолданылмайды:
а) мақта оралған сіріңке
б) мақтадан дайындалған жіпше
в) стерилді бинт
г) салфетка
д) бет орамал
6. Емшек жасындағы балалардың ауыз қуысын тазалайды:
а) күнделікті
б) тазаламайды
в) керек жағдайда
г) бірінші күннен бастап
д) күнәра
7. Емшек жасындағы балалардың тырнақтарын алуда қолданылады:
а) қайшы
б) пышақ
в) қысқыш
г) алмаз
д) егеу
8. Памперсті қай жастан бастап қолдануға болады:
а) 2-3 айда
б) 1 айда
в) 1 апта
г) өмірінің алғашқы күндерінен
д) 9-10 айда
9. Шала туылған балаларды тамақтандырады:
а) зонд арқылы
б) парентеральды
в) бөтелкемен
г) ас қасықпен
д) шай қасықпен
10. Емшек жасындағы балаларды тамақтандыру ұзақтығы:
а) 10 минут
б) 20 минут
в) 40 минут
г) 5 минут
д) 60 минут
Ситуациялық есептер
1-ші есеп.
Бала 2-ші жүктіліктеп, 2-ші болып туылған.Жасы 1 жас 7 ай.Жүктіліктің екінші жартысында шешесінде токсикоз- лоқсу, жүрек айну, құсу болған. Туғанда стимуляцияланған. Туылған соң 3 минуттан кейін жылаған, салмағы 3 кг, бойы 50 см. Туылғаннанбастап жасанды қоспалармен тамақтанады. Көргенде "ма-ма", "па-па"дегенді айтады, салмағы 6800, бойы 68 см, отырмайды, жүрмейді, аяғында әлсіз тұрады, бала тынымсыз, терісі құрғақ, табиғи бүгілімдерінде майда бөртпелер, теріден жоғары, қышиды, басқанда жоғалады.
Сұрақтар:
1. Баланың психо-функциональдық дамуын бағаланыз.
2. Терідегі элементті атаңыз.
Жауаптар:
1. Психо-функциональдық дамуы төмен, қалыңқы
2. Ірілі -ұсақ сулы бөртпелер.
2-ші есеп.
3 айлық қыздың анасы дерматологқа мойнының айналасы қызарғанына, қышыма бөртпелерге шағымданды. Көргенде: баланың еңбегі үстінде қалың «қайызғақ» табиғи бүкпелері қызарып, шабыртқан, тамағының астында нүктелі, суланған, эрозиялы, жамбыздалған гиперемия. Бала ісіңкі, денесі бос-болбыр, толық.
Сұрақтар:
1. Қандай аурулардың симдромдарына келеді
2.Патологиялық симдромдарды атаңыз, себептерін айтуға тырысыңыз
Жауаптар:
1. Диатез болуы мүмкін.
2. Қышымалы бөртпе "гнейс" шабырту, гиперемия, жамбыздану, эрозия, ісіңшілік.
Себептері: тұқымқуалаушылық, жасанды тамақтандыру, ауқаттық аллергия, инфекция.
3-ші есеп.
7 айлық балаңы көргеңде тәбеті нашар, әлсіз, терісі құрғақ, бозғылт, тері эластикасы нашар, аяқ-қолдарымен, ішінде май қабаттары жоқ, жасуша торшалары және иммунитеті төмен. Салмақ дефициті 23 пайыз.
Сұрақтар:
1. Қандай патологияны ойлайсыз, негіздеңіз?
2. Осы патологияның мүмкіңдік себептерін атаңыз?
Жауаптар:
1.Балада дистрофиялы гипотрофияның 2-ші дәрежесі: салмағының 23 пайыздық дефицитіне, тәбеті нашарлап әлсізденуге, бозғылт терінің құрғақтығына эластикасы мен тургорының және иммунитетінің төмендеуіне негіздеп қоюға болады. 2. Бұрындағы іш өтулер,дұрыс тамақтандырмау, күту дефектісі.
