Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру

Емшек жасындағы балалар физиологиялық ерекшелігіне байланысты патогенді микроорганизмдерді тез қабылдайды. Сондықтан осы жастағы ауру балаларды күтуде қатаң тазалықпен асептиканы сақтау қажет.

Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Тері екі негізгі қабаттан тұрады-эпидермис және дерма. Бөліп тұратын базальды мембрананың дамуының әлсіздігіне байланысты аурулар кезінде эпидермис дермадан тез бөлінеді, бұл балаларда эпидермолиздің- теріні басқанда көпіршіктің пайда болуы балаға терінің осы ерекшелігімен түсіндіріледі. Тері-қорғаныс ағзасы. Бұл функция балаларда әлсіз, тері тез жарақаттанғыш, жиі инфицирленеді. Балалар терісінің әлсіздігі мүйізді қабаттың кератинденуінің кемдігінен, оның жұқалығынан, жергілікті иммунитеттің әлсіз дамуынан болады. Нәрестелер мен ерте жастағы балаларда терінің температурасының реттелуі қалыпты емес, оны балалардың дене көлемінің салыстырмалы түрдегі үлкендігіне, қан тамырларының жақсы дамуымен түсіндіруге болады. Сондықтан балалар қызу мен тоңуға бейімдірек.

Тері туындылары:

Шаштар. Ұрықтық түктер туылған соң түсіп, тұрақтыға айналады. Бірінші 2 жылда шашпен кірпік тез өседі.

Тырнақ нәрестелерде соңғы фаланганың дисталды соңына келеді, бұл жетіліп туылудың критерийлерінің бірі болып табылады.

Май бездері барлық теріге таралған. Нәрестелерде май бездері кистаға айналуы мүмкін. Бастың шаш бөлігінде май бездерінің жоғары секрециясынан сүтті қабықтар пайда болуы да ықтимал.

Тер бездері балаларда ересектермен бірдей. Тер бездерінің шығару түтікшелері 5 айдан бастап дамып, 7 жасында толық жетіледі. Маңдай мен бастағы тер бездері ерте жетіледі. Көкірек пен арқада тер бөлінеді.

Емшек жасындағы бала күтімінің ерекшеліктері

Емшек жасындағы балаларда күтім міндетті түрде дәрігердің бақылауымен орта буынды медицина қызметкерлерімен жүргізіледі, олар келесі ережелерді сақтауы тиіс:

• жұқпалы аурулармен ауыратын, дене қызуы көтерілген, іріңді процесстері бар мейірбикелер жұмысқа жіберілмейді;

• емшек жасындағы балалар бөліміндегі қызметкерлерге жүннен жасалған киім-кишек киюге, алқалар, сақиналар тағуға, және иіс сулармен, ашық түсті косметиканы қолдануға болмайды;

• емшек жасындағы балалар бөліміндегі медицина қызметкері бір реттік, ақ түсті, жақсылап үтіктелген халат пайдалануы қажет, сонымен бірге бас киім, төрт қабатты маска, шұлық және аяқ киім киюі керек. Міндетті түрде жеке бас тазалығын сақтауы керек.

Емшек жасындағы балалар мен нәрестелердің тері мен шырышты қабаттарының күтімі:

• таңертеңгілік жуыну;

• шомылдыру.

а) таңертеңгілік жуыну

Мақсаты:

• дене гигиенасын сақтау;

• баланың тазалыққа қажеттілігінің ерекшелігін ескеру;

• тазалық әдістерін түзу.

Қажетті құрал-саймандар:

• қайнаған су;

• стерилді өсімдік майы;

• мақталар мен жіпшелер;

• өңделген материалға арналған науа;

• құндақтауға арналған таза киімдер;

• резеңкелі қолғаптар;

• дезинфекциялық ерітінділер;

• лас заттарға арналған қапшық.

Міндетті шарт: мұрын және есту жолдарын өңдегенде қатты заттарды қолдануға тиым салынады.

Іс- шараның орындалуы

• бетке жылы су құю, көзді стерилді мақталы тампонмен жуу;

• оны қайнаған суға батыру;

• көзді сүртуді сыртқы бұрыштан ішкі бұрышқа қарай бағыттау;

• сау балалардың ауыз қуысын сүртпейді, себебі шырышты қабаттары тез жарақаттанады;

• баланың мұрын жолдарын жиі - жиі тазалап тұруға тура келеді. Ол үшін мақталы жіпшелерді қолданады;

• жіпшені стерильді вазелин майына батырып, абайлап айналдыра отырып мұрнына енгізеді, шамамен 1,0-1,5см. Әр мұрынға жеке жіпше қолданылады;

• сыртқы есту жолдарын тазалау сирек жүргізіледі, оларды құрғақ жіпшелермен сүртеді;

• емшек жасындағы балалардың тырнағын арнайы ұшы иілген қайшылармен немесе қысқыштармен алады;

• зәр және нәжіс шығарған соң баланы ережеге сай жуындырады. Қыз балаларды алдынан артына қарай жуындырады, себебі несеп, жыныс жолдарының зақымдануы болуы мүмкін. Жуындыру қолмен, жылы (37-38%) ағынды сумен жүргізіледі. Балаларды табақ ішіндегі суда шайындыруға болмайды.

Б) балаларды шомылдыру

Мақсаты:

• дене гигиенасын сақтау;

• бала, таза болуы үшін қажет;

• тазалық әдістерін түзу;

• баланы шынықтыру.

Қажетті құрал-саймандар:

• шайынуға арналған кішкентай ванна;

• ваннаға арналған жаялық;

• сулы термометр;

• жұмсақ жайма;

• балалар сабыны немесе перманганат калийдің 5% ерітіндісі;

• үлкен жұмсақ сүлгі;

• құндақтауға арналған таза жаялықтар немесе киім;

• стерилді өсімдік майы немесе арнайы ұнтақтар;

• резеңке қолғаптар;

• дезинфекциялық ерітінділер;

• лас заттарға арналған қапшық.

Міндетті шарты:

• ең алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылған соң жүргізеді;

• шомылдыру кезінде үй температурасы 22-24о С болуы тиіс;

• термометр көмегімен су температурасын анықтап алу қажет.

Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік түскеннен соң және кіндік жарасы эпителизацияланғаннан кейін жүргізеді (7-10 күн). Алғашқы 6 айда – күн сайын, ал екінші жарты жылдықта–күнара шомылдырады. Өмірінің алғашқы жылында шомылдыру ұзақтығы 10 минуттан көп болмауы керек.

Іс шараның орындалуы:

• бір қолмен баланың басы мен арқасын абайлап ұстап, екінші қолмен мойын, кеуде және бөксе аймақтарын ұстайды;

• әсіресе мойын, шынтақ, шап, құлақ артқы қыртыстарын жуады;

• соңынан баланы арқасына айналдырып таза су құяды;

• кейін баланы алдын ала дайындалған жаялыққа орап, оның денесін сүртіп, массаж жасап, терінің қыртыстарын стерилді маймен өңдейді;

• баланы киіндіріп, төсекке жатқызады;

• балаларды алғашқы жарты жылдықта жартылай жатқызып, екінші жартысындағы балаларды отырғызып шомылдырады.

Емшек жасындағы баланы әр тамақтандыру алдында орауымыз қажет. Орау үстелі және клеенкалы матрас әр баланы орап болған соң 0,5-1% хлорамин ерітіндісімен сүртіледі. Орау кезінде балалардың денесінде іріңдік көріністер болмауы керек. Қажет болған жағдайда барлық манипуляцияларды кереуетте өткізуге болады.

Бір айға дейінгі балаға арнайы киім – кешек жиынтығы болады және олар күнделікті жуылып, қайнатылып отыру керек. Жұқа жейдені (распошонка) арқасына қаратып кигізеді, ал жылысын – кеудесіне айқастыра кигізеді. Жылы жейденің жеңі ұзынырақ болады, сондықтан оның шетін тігудің қажеті жоқ.

Баланы орау кезінде жаялық қолтық астына дейін жетуі керек. Шат арасына төсеніш қойып, баланы жұқа жаялықпен орайды. Содан кейін 30х30см клеенканы қойып, баланы жылы жаялықпен орайды.