- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
Балаларға емдік алдын алу көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты үш негізгі қызметтік звенодан тұрады: балалар емханасы-балалар ауруханасы-балалар санаториі (шипажайы). Бұдан басқа балаларға медициналық көмек ауруханалардың арнайы бөлімшелерінде және ересектер емханасында, босану үйлерінде, кеңес беру, диагностика орталықтарында және т.б. орындарда көрсетіледі.
Балалар ауруханасы – дәрігерлік бақылауды қажет ететін 14 жасқа дейінгі балаларға интенсивті немесе арнайы көмек көрсететін емдеу, алдын-алу мекемесі. Балалар ауруханасының бірнеше түрлерін ажыратады: профилі бойынша- көп профилді және арнайы; ұйымдастырылу жүйесі бойынша -емханамен біріккен және бірікпеген; қызмет көрсету көлемі бойынша сол немесе басқа категориялы аурухана. Одан басқа әкімшілік бөлінуі бойынша: аудандық, қалалық, клиникалық, облыстық, республикалық балалар ауруханасы болып бөлінеді.
Қазіргі заманға сай балалар ауруханасының негізгі мақсаты – науқас баланың денсаулығын қалпына келтіру. Бұл мақсаттарға жету үшін әрбір науқасқа кезеңдік көмектің 4 тапсырмасын шешу керек:
ауруды диагностикалау;
шұғыл көмек;
негізгі емдеу курсы;
реабилитация.
Балалар стационарының негізгі міндеттері:
балаларға жоғары арнайы көмек көрсету;
тәжірибе диагностика, емдеу, алдын-алу әдістерін қолдану;
кеңес беру жұмысы;
әдістемелік жұмыс.
Әрбір балалар ауруханасында болады:
қабылдау бөлімі;
емдеу бөлімі;
емдеу-диагностикалық бөлімі;
зертхана;
патологоанотомиялық бөлімі;
көмекші бөлімдер (дәріхана, тамақ блогы, медициналық статист кабинеті, архив, әкімшілік – шаруашылық бөлімі).
Балалар ауруханасының штаттық кестесі:
бас дәрігер;
шаруашылық бөлімі бойынша бас дәрігер орынбасары;
бөлімше меңгерушілері;
дәрігерлер;
аға мейірбике;
мейірбике;
кіші мейірбике.
Олардың міндеттері жоғары мамандандырылған көмекті науқас балалрға көрсету.
Ірі балалар ауруханасында балалармен тәрбие жұмысын жүргізетін педагог болады.
Қабылдау бөлімінің жұмысы
Науқас келіп түскенде болжамды белгілеме қойып, сырқауды бағалап, жедел медициналық көмек көрсету.
Қабылдау бөлімі:
• вестибюлден;
• қабылдап қарап тексеру бокстарынан;
• 1 орындық изоляциялық бокстардан;
• санпропусник;
• дәрігер бөлмесі;
• егу-таңу бөлмесі;
• тездетілген анализ жасау лабораториясы;
• қызметкерлерге арналған бөлмелер;
• әжетхана.
Қабылдау бөлімінің қызметкерлері аурулардың түсіп-шығуын қадағалап отырады (түскен науқастарды, шыққан науқастарды, басқа ауруханаға ауысқандарды, қайтыс болғандарды тіркеу), науқасқа емдік тексеру жүргізу, жедел медициналық көмек көрсету, тиісті бөлімшеге жолдама беру, санитарлық өңдеу, жұқпалы науқастарды изоляциялау, емізулі балалармен нәрестелерді есептеу.
Жансақтау бөлімі қабылдау бөлімінің жанында орналасады, сондықтан да ауыр жағдайда келіп түскен науқастарды жансақтау бөліміне жатқызады. Барлық қажетті құжаттар жеке ем-дом көрсетілген уақытта толтырылады.
Балалар ауруханаға жедел медициналық жәрдем машинасымен жеткізіледі немесе балалар емханасының дәрігерінің жолдамасымен ата-аналарымен бірге немесе жолдамасыз (өз бетінше) келуі мүмкін.
Жолдамамен келген балаларды ауруханаға жатқызу үшін басқа да құжаттар керек: бала сырқауының даму тарихының көшірмесі, лабораториялық және құралдармен тексеру көрсеткіштері, жұқпалы науқастармен қарым-қатынаста болмағандығы жөнінде анықтама.
Ірі балалар ауруханаларында науқас балаларды қабылдауды арнайы маман, кіші ауруханаларда – кезекші дәрігер жүргізеді. Науқас баланы қабылдау қатаң тәртіппен жүргізіледі: тіркеу, дәрігерлік қарап-тексеру, қажетті емдік көмек, санитарлық өңдеу, бөлімшеге орналастыру.
Мейірбике науқастардың түскенін журналға тіркеп, стационарлық науқастардың медициналық картасының Ф №003/у (ауру тарихы) паспорттық бөлімін толтырады. Дене температурасын өлшеп, толық мәліметті дәрігерге хабарлайды.
Дәрігер қарап болған соң, мейірбике дәрігердің санитарлық өңдеу жөнінде тағайындауларын орындайды. Санитарлық өңдеуі, гигиеналық ванна және душ қабылдау, педикулез анықталған жағдайда бастың шаш бөлігін өңдейді. Санитарлық өңдеу жүргізген соң жұқпалы ауруға күдікті балаларды бокс-изоляторға жатқызады. Инфекциялық ауру туралы «жедел мәлімет» толтырылады, тамақтан, жедел улану, егуге реакция берген жағдайда (Ф№058/у) мәлімет тез арада санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығына жіберіледі.
3 жасқа дейінгі балаларды ата-анасының біреуімен жатқызады. Бүкіл аурухана орын санының 20%-ы аналарға арналуы тиіс. Балаларды қабылдау бөлімінен, аурухананың емдеу бөлімшесіне тасымалдау бірнеше жолмен жүргізіледі. Тасымалдау түрін дәрігер тағайындайды. Көңіл-күйі жақсы, өзі жүре алатын балалар бөлімшеге өздері медициналық қызметкерлермен бірге барады, кішкентай және емізулі балаларды қолмен көтеріп апарады. Ауыр науқастарды зембілмен тасымалдайды. Барлық қоларба-зембілмен таза жаймамен, ал жылдың суық мезгілінде жамылғымен жабылуы тиіс. Жаймалаларды әр науқастан соң ауыстырып тұрады, ал жайманы желдетеді, буындарына қан кетіп гемофиялиямен ауыратын кей балаларды орынтақ-қоларбада тасымалдайды.
Ауыр жағдайдағы науқастарды палатада қоларба-зембілден мейірбике төсекке ауыстырып жатқызады: бір қолын жауырын астынан, ал екінші қолын жамбас астынан ұстайды, осы кезде бала екі қолымен мейірбикенің мойнынан қысып ұстайды. Егер науқасты екі адам ауыстыратын болса, біріншісі жауырын асты мен белінен, ал екінші адам жамбас пен тізесінен ұстайды.
Аурухана – ауруханада қойылған емдік-тәртіп науқас балалардың дұрыс ем алуына арналып жасалған деп түсінуге болады.
Аурухана тәртібі баланың толық ем алуына, жаңа талаптарға сәйкес психологиялық бейімделуіне арналып жасалған.
Барлық емдік бөлімшелерде, науқас балалар күн тәртібін қатаң сақтайды; ол мына элементтерді қамтиды:
• таңертең тұру;
• дене қызуын өлшеу;
• емдік-диагностикалық процедуралар қабылдау;
• тамақтану;
• дем алу және серуендеу;
• ата-аналарымен кездесу;
• бөлмені тазалау және желдету;
• ұйықтау.
Стационардағы емдік бөлімше палаталардан тұрады. 1 жасқа дейінгі балалар бөлімшесінде 30 орын (койка), ал 1 жастан асқан балалар бөлімінде 24 орыннан болады. Палаталық секциялар ашық болмауы керек, қабырғалары айнамен жабылуы керек.1 жасқа дейінгі балаларда ажырықталған және жартылай ажырықталған палаталар болуы тиіс. Әрбір айырма бөлмеде 1-4 орынға дейін, 1 жастан жоғары балаларға 1 палатада 4-6 орыннан көп болмауы керек.
Ажырық бөлме жүйесі және бөлімшелер кездейсоқ жағдайда жұқпалы аурулардың (инфекция) таралуының алдын алуға қолайлы. Егер де балалар аурудың инкубациялық кезеңінде жатқызылса, онда ауру белгілері болмауы мүмкін.
